Материалдар / Инерция құбылысы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Инерция құбылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Құлсары қаласы,Жылыой ауданы. Тақырыбы: "Инерция құбылысы" 7 сынып. Инерцияның өмірдегі пайдасы мен зияны, спортта рөлі қандай екенін түсінеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2022
384
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Инерция құбылысы


Бөлімі:

Денелердің өзара әрекеттесуі

Педагогтің аты-жөні:

Сәттібекқызы М

Күні:

24.11.2022

Сыныбы:7 абв

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Инерция құбылысы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.2.1 – инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Көптеген оқуышылар істей алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Кейбір оқушылар істей алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийлері


Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



5 мин.







5 мин.























15мин

«Миға шабуыл». Мәтін беріледі.










Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.

Ынтымақтастық ортасын құру.

Жағымды ахуал туғызу.

«Сәйкестендіру картасы» арқылы алдыңғы білімдерін ұштастыру.

ҚБ «Мадақтау»( тамаша, жарайсың)

«Суреттер сөйлейді» тақырыпты ашу.

Белсенді оқыту. Түсіндіру және сипаттау.

1-тапсырма. «Миға шабуыл». Мәтін беріледі.

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Демалыс кезінде мен анаммен қалаға баратын болдым.Ертеңіне жолға шықтық, автобусқа отырдық. Автобус жүрмей біраз тұрып алды.Бір кезде «О, біз жүрдік!» деп қуандым.Терезеден далаға, қарсы үйлерге қарап отырмын. Тоғайлар, үйлер, малдар керісінше артқа қарай зымырап барады. «Қандай қызық!»деп ойладым.Біраздан соң терезеге қар түйіршіктері тарсылдап тие бастады.Олар тайғанап барып қисық сызықты траекториямен төмен қарай кетіп жатты. «Неге бұлай?» деп тағы ойладым.Енді қарасам автобус саяжайға жетіп қалыпты.Күтпеген жерден жүргізуші тежегішті басты. Сол кезде бәріміз де соғылып, жантайып қалдық. « Неге осылай болады екен?» деген ойлар мені мазалады.

Әлеуметтік орта, ынтымақтастық ортаға енеді



Оқушылар ойланып, ойын жинақтап, сәйкестендіреді



















Оқушылар мәтінге түсінік береді

Ынталандыру

















Оқушылар суреттерді сипаттайды






























Слайд, сұрақтар

Оқулық






























Сабақтың ортасы.



7мин

«Бұл сұрақ болса, онда жауабы қалай болады?» әдісі ( Сұрақтарға жауап)

2-тапсырма. «Музыкалы қорапша» әдісі. ( Сұрақтарға жауап)

1. Көлік оңға немесе солға бұралғанда ондағы жолаушы қалай қарай қисаяды?Неліктен?

2. Не себепті желдеткіш ток көзінен ажыратылған соң, біразға дейін айналып тұрады?

3. Екі дененің массаларын өзара қалай салыстыруға болады?

4. Инерттілік дегеніміз не?

5. Масса бірлігі ретінде не қабылданған?

А деңгейі

  1. Денеге еш нарсе әрекет етпесе, ол қалай қозғалар еді?

  2. Инерция деп нені айтады?

  3. Дененің инерттілігі оның бойындағы заттың мөлшеріне тура пропорционал ма?

 В деңгейі

  1. Биіктіктен секіріп түскенде адам неге тізесін сәл бүгіңкірейді?

  2. Жылдам келе жатқан көліктің алдынан алдынан кесе-көлденең өту қауіпті болатыны неліктен?

  3. Суы бар шелекті тік калпын сақтап айналдырғанда, ішіндегі су төгілмейді.Неліктен?

С деңгейі

  1. Өмірде, әлемде инерцияның пайдасы мен зияны.

  2. Массалары 1 кг және 3 кг екі арбаша өзара әсерлескен кезде, үлкен арбаша 15 см/с жылдамдыққа ие болады. Кіші арбаша қандай жылдамдыққа ие болады? Арбашалар жылдамдықтарын салыстырып, олардың мәнін массаға тәуелділігін анықтаңыз.

3-тапсырма. Тәжірибе жасау

«Қалайша тиынды стақанға түсіруге болады?» Үстел үстінде суы бар стакан. Стаканның бетінде карта. Карта үстінде тиын тұр. Тиынды қолмен ұстамай қалайша стақанның ішіне түсіруге болады?

Жауабы: Картаны саусақпен жылдам, әрі бар күшпен шертіп қаламыз. Бұл кезде тиын жылдамдық алып үлгермейді, яғни жылдамдығын сақтау құбылысы - инерцияның әсерінен стакан ішіндегі суға түседі.

«Қалайша қағазды аламыз?»

Тәжірибе: Ұзын парақ қағаздың үстінде суы бар банка тұр.Банканы орнынан жылжытпай қалайша қағазды алуға болады?

Жауабы: Қағаз парағының бір жақ шетінен ұстап, жылдам тартып қалу керек. Инерцияның әсерінен банка мен оның ішіндегі су жылдамдық алып үлгермейді, яғни қозғалысқа түсіп үлгермейді.

Оқушылар өлең тоқтағанда қорапша кімде қалады,сол оқушы сұраққа жауап береді.Қорытынды жасайды.









































Оқушылар тәжірибе жасап, түсінік береді, қорытынды жасайды


Дескриптор

-Сұрақтарға жауап береді



Жалпы балл -2







- Тиынды стаканға түсіре алады;

- Банканың астындағы қағазды қалай қозғалтпай алу керектігін біледі.

Дененің инерттілігін нақты біледі,анықтамасын айта алады

Күнделікті тұрмыста және өмірдегі дене жылдамдығы мен массасы арасындағы байланысты анықтайды.

Дескриптор: Білім алушы

- Екінші арбаша жылдамдығын анықтайды;

- Дене жылдамдығы мен массасы арасындағы байланысты анықтайды.





-Тиынды стақанға түсіре алады;







-Банканың астындағы қағазды қалай қозғалтпай алу керектігін біледі.



Слайд

Сызғыш

Ақ парақ











































Су,стақан,

Карта.







Қағаз, тиын

Сабақтың соңы.

8 мин

Жеке жұмыс. «Ой қозғау» әдісі

Үй тапсырмасы

Жеке жұмыс. «Ой қозғау» әдісі

  1. Массасы 59г кірпіштің көлемі 50 см3. Кірпіштің тығыздығын анықтап, оны килограмм бөлінген куб метрмен (кг/м3) өрнекте.


Жауабы: m=59г=0,059кг

V=50 50*

т/к: -?

mV=0,059кг*50* =2.95

  1. 120 км/сағ тұрақты жылдамдықпен келе жатқан машина жарты сағатта қанша жол жүреді?


Жауабы:120км/сағ40м/с

t= 0,5 сағ1800 с

т/к: S=?

S=t=40*1800=72000 м72 км

  1. Ту-154 ұшағы бір минутта 15000м қашықтықты ұшып өтеді. Осы ұшақтың жылдамдығын км/сағ – пен өрнекте.


Жауабы: S=15000 м

t= 1 мин60 с

т/к: -?

 S/ t=15000м/60с250 м/с



Оқушылар

-ХБЖ-ға келтіреді;

-Формулаларын жазады;

-Мәндерін табады




Дк экран

Дәптер







Стикерлер























































1. Көлік оңға немесе солға бұралғанда ондағы жолаушы қалай қарай қисаяды?Неліктен?



2. Не себепті желдеткіш ток көзінен ажыратылған соң, біразға дейін айналып тұрады?



3. Екі дененің массаларын өзара қалай салыстыруға болады?



4. Инерттілік дегеніміз не?



5. Масса бірлігі ретінде не қабылданған?



А деңгейі

1.Денеге еш нарсе әрекет етпесе, ол қалай қозғалар еді?

2.Инерция деп нені айтады?

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!