“Инфекционист-дәрігер Ақбота Әбішбаева”

Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Инфекционист-дәрігер Ақбота Әбішбаева”

Материал туралы қысқаша түсінік
Пандемия кезіндегі еңбек еткен дәрігерлерді, еңбектерін білуіміз крек. “Инфекционист-дәрігер Ақбота Әбішбаева”
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы КГП на ПХВ «Высший медицинский колледж»

ШЖҚ КМК «Жоғары медициналық колледж» Управления здравоохранения города Алматы





















Баяндама





Тақырыбы: Инфекционист-дәрігер Ақбота Әбішбаева










Жетекшісі: Қонақбаева А.С.

дайындаған: 2-курс 19-2 топ студенті

Пердебаева Ж.К.













Алматы 2021





Ел басына қиын күн туғанда ақ халатты абзал жандар барынша жанқиярлық танытып, өздерінің жоғары құрметке лайық екендіктерін дәлелдеді. Әрине, бес саусақ бірдейемес, дегенмен, дәрігерлердің арасында өз ісіне шынайы берілген, білікті де білімді мамандар аз емес. Солардың бірі ретінде инфекционист АқботаӘбішбаеваны айтуғаболады. АқботаӘбішбаева-Нұр-Сұлтандағы туберкулез диспансеріндегі коронавирус стационарында індетпен күресіп жатқан дәрігердің бірі. Вирусты жұқтыру қаупіне қарамастан, балаларынан жырақта өз қызметін тастамай, кәсіби міндетін табандылықпен атқарып келеді. Медицина саласында қызмет етіп жүргеніне он жылдан асты.Өз өмірін қатерге тігіп, науқастың жанында жүр. Әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырғаны анықталғандар 1 жарым миллионнан асты. Қайтыс болғандар 100 мыңға жетті. Олардың арасындадәрігерлер де көп. Мыңдаған дәрігер қазір күні-түніжұмыс істеуге мәжбүр. Кейбірі үйге бармайды, туыстарын көрмейді. Өз өмірін қатерге тігіп, науқастың жанында жүр.






Жалпы медицина саласындағы әйелдер қауымы қазіргі қиын қыстау кезеңде жұмысы мен үй шаруасын ұштастырып жүр. Ауруханаға түскен кез келген науқасты вирус жұғу қаупі жоғары екеніне қарамастан, жылы жүзбен қарсы алатын нағыз мейірбан жандар. Иә, дәрігердің міндеті-науқасты емдеу. Сол себепті ақ халатты абзал жандарымыздың міндетін кіршіксіз орындап жүргеніне көзіміз жетті. Қазақта «Әйел-отбасының ұйытқысы» деген дана сөз бар. Алайда сол үйінде ошақ басында отбасының қасында отырудың орнына ауыр індетпен күресіп,халық денсаулығын қорғауға бел буды.Келіптүскеннауқасболсын, емдеп жатқан дәрігерлер болсын психологиялық тұрғыдан қиналды. Әсіресе бас кезінде. Өйткені COVID-19 туралы алғашқы жаңалықтарды естігеннен-ақ жұрт дүрлікті. Одан біздің елімізге де жетті. Қанша жерден медицина маманы болса да, жақындарының жағдайы үшін алаңдады. Науқастың сынама нәтижесі теріс болып шықса, науқаспен бірге қуанып,қуанышына ортақтасты. Ал, керісінше сынама нәтижесі оң болса, қайғысына ортақтасып, олардың ауруын емдеп жазып, қолынан келгенше көмегін аямады.





«Денсаулық сақтау басқармасының ұйғарымымен изоляторға қызмет етуге барлық медициналық мекемелерден дәрігерлер, медбикелер мен тазалықшылар жіберілді. Жұмыс күні таңғы жиналыстан басталды. Яғни бір күндік жоспар пысықтап алынды. Қай маманның қай бөлімде, қандай іс-шаралар өткізетіні айтылып, вируспен күресболғандықтан, тазалық ережелерін сақтады. Сондықтан алғашқы күндерден-ақ гигиеналық талапты қатаң сақтауға шарт қойылды. Тазалықшылардың жұмысы да жіті бақылауда болды. Инфекционист дәрігерлер науқастардың жағдайын барынша жасап, медбикелерге нұсқауларды тәптіштеп жазып, сол бойынша ем-дом жүргізілді. Вирус жұқтырған науқастармен жұмыс істегендіктен, арнайы киім беріледі. Оны шешпей киіп жүру қиын болды. Ауа жетпей, тұншығасың. Өзіме сол жағынан ғана ауырлау болды. Ал басқасының бәрі – күнделікті жұмыс. Тәулік бойы қызмет етуден шаршадық деп мүлдем айтпас едім. Тек сол қажытқан тұсы – психологиялық ахуал мен киім»- деп Ақбота Әбішбаева өз ойымен бөліскен болатын.





Медицина саласын екінің бірі таңдай бермейді. Дегенмен, қызығы мен шыжығы қатар жүретін қызықты мамандық деп айтуға болады. Суретте 2020 жылдың маусымында АқботаӘбішбаева өзінің инфекционист екеніне қарамастан, тапқырлығының арқасында әріптестерімен бірге коронавирус жұқтырған науқасты босандырып алған. Өзінің арманы туралы сұраққа ақ халаты абзал жан: «Вирустың ортасында жүргенімізді ойламауға тырысамыз. Психологтар науқастарға да, бізге де онлайн кеңес береді. Күйеуім де астанада әскериқызметте. Күйеуімнің жұмысының жатақханасында бір бөлмеде тұрамыз. Бұрын үйіміз болса деп армандайтын едік. Қазір үй, көлік деген жайына қалды. Қазір індет бітсе екен деп тілеймін. Басқа арманым жоқ»-деп жауап берді.

Қорыта келе, депутат Қарақат Әбденнің сөзімен аяқтағым келеді: «Біз көбіне өзімізге бейтаныс адамдардың әрекетіне таңданамыз. Басқа елдерден батырларды іздеп табамыз. Егер жан-жағымызға қарасақ, нағыз батырлар біздің арамыздағы дәрігерлер, медбикелер мен басқа да медицина қызметкерлері екенін көреміз».


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2021
252
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі