Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Информатика сабағында оқушылардың танымдық ойлау қабілетін дамыту
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Қазақстан Республикасының 2015-жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» жобасының «Білім беру мазмұны мен деңгейлері» - деп аталатын 4-тарауының 3.1. тармағында: Білім беру мазмұнында информатика негіздері мен шет тілін ерте жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудің негізгі бағыттары көрсетіліп белгіленген.
Ақпараттандыру құралдарының көмегімен оқушылардың жеке басын дамытуға байланысты оқытудың жаңа тәсілдерін жасау барысында ғалымдардың қазіргі заманғы әдістемелік зерттеулері нәтижесі бойынша, информатиканы оқыту процесіне әсер ететін себептердің барлығын ескеру қажеттігі туындап отыр.
Дәл бүгінгі күні ғылыми – техникалық даму үрдісінің жоғары дәрежеде жүргізілуі, оқытудың жаңаша, тиімді әдістерін іздестіруді талап етеді.
Оқыту әдістері дегеніміз – бұл оқыту міндеттерін шешуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың біріккен іс - әрекетінің жүзеге асу тәсілдері. Оның негізгі атқаратын қызметі, білімді жәй бере салу емес, мектеп оқушысының танымдық қабілеттерін қалыптастыру мен сабаққа деген ынтасын ояту болып табылады...
Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс - әрекеттері арқылы шығармашылықты дамыту көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Онда проблемалық оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту талданып, проблемалық оқытуға индуктивтік – гипотезалық – дедуктивтік тәсілді ұсынған.
Оқу процесін даралауға оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға бағыттау, оқушының өзіндік танымдық іс - әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жекеше оқытуды дамыту және пәндердің бір – бірімен байланысын көздейді. Білім беруде ақпараттандырудың негізгі мақсаты – ақпараттық білімділік кеңістікті оқу – тәрбие процесінде қалыптастыру болып табылады.
Дербес компьютерді пайдалануда оқушылардың өзіндік оқу – танымдық әрекетін арттырудың тиімділігі оқу материалын дұрыс таңдап алуға байланысты.
Жоғарыда аталған негізгі мақсатты басшылыққа ала отырып, 2 сыныпқа информатика пәнін оқыту үшін «Информатика пәнін оқыта отырып, баланың танымдық қабілетін дамыту» әдістемелік мақсатын алдыма қойдым.
Информатика пәнін бастауыш сыныпта оқытудың бала үшін, оның логикалық, танымдық және алгоритмдік ойлау қабілеттерін дамыту үшін тигізер әсері мол. Өйткені, бала ерте жастан информатика сабағында қолданылатын бірден – бір құрал компьютерден жұмыс істеуге, оқу жоспарына сай тақырыптар реті бойынша, тиімді әдіс – тәсілдерінің негізінде білім игеруге дағдыланады, ой - өрісі кеңейеді. Осы мақсатқа жету үшін 2 сынып оқушыларымен әртүрлі сабақ формаларын қолдандым. Көптеген жағдайда ойын элементтері қолданылады. Әрбір сабақта, баланың компьютер алдында отыру уақыты шектеулі болғандықтан, тест – доминолар, суретті тесттер ойын түрінде беріледі. Бұндай көрнекіліктер арқылы оқушы жаңа терминдер мен танысқан құралдарын сурет арқылы да есіне сақтап, танып, оның қызметін айта алады. Ойын ойнау арқылы сергіту сәтін өткізе отырып, пәнге қызығушылығы артады.
Бастауыш сыныптарда информатика пәнін оқыту өз дәрежесінде баланың пәнге деген қызығушылығын арттырып, істің нәтижесін көруге жетелеп, танымдық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың бірнеше бағыттары көрсетілген. Олардың ішінде оқу процесінде келесі негізгі төртеуінің қажеттілігі басым:
-
компьютерді білімді бақылау құралы ретінде пайдалану;
-
жаңа материалды түсіндіруде иллюстративті құрал ретінде мультимедиа – технологиялар;
-
компьютерлік модельдеуді қолдану арқылы лабораториялық практикумдар жүргізу;
-
өзбетімен білім жетілдіруде дербес компьютерді қолдану.
Сабағымда оқушылардың компьютерлік сауаттылығын, ойлау қабілетін дамытуда Paint графикалық редакторымен жұмыс жасалғандығы өз тәжірибемде мына сабақтан көрінеді. .
-
Сызық құралын пайдаланып, өрмекшінің торын сал.
Мына тақпақты жаз:
Жұмыс істеп ұзақ,
Өрмекші құрды тұзақ,
Болмады бірақ күткені,
О
ған ешкім түспеді.
-
Ғимарат. Тікбұрыш пен дөңгеленген тікбұрыш құралдарының көмегімен салынған ғимарат мынандай түрде болады. Осы саймандарды қолдана отырып, өзің ғимарат сал.
3. Көбелектің сол қанатын ерекшелеп алып, правка-копировать командасын және правка-вставить командасын орындандар.
жаңа пайда болған суретті рисунок-отразить/повернуть командасын орындап, пайда болған терезеден слева направо таңдап, көбелектің оң жағына орналастыр
Сонда толық көбелек суреті шығады.
Суретті өз қалауын бойынша боя.
4. Ағаштың суретін ерекшелеп алып, рисунок-растянуть- наклонить командасына кіріп, наклонить по вертикали 20 градусов, по горизонтали 20 градусов қылып таңдаңдар.
С уретті өз қалауынша боя
5. Шеңбер мен қисық сызықты пайдалана отырып, шәйнектің суретін сал.
Мына тақпақты жаз:
Ішінде-су,
Үстінде-бу.
Тоймай жұпар иісіне,
Ішесің сүйсіне.
Бұл графикалық жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады.
Әр пәннің жеке ерекшеліктеріне орай ізденіп, әдіст – тәсілдерді қолдану арқылы оқушының оқу белсенділігін арттыруда ой түсіндеп, жоспар, тезистер құруға, конспект жазып, баяндама, реферат жасауға оқушыларды үйретуді мақсат етемін. Мысалы сабақтарымда бастауыш сынып оқушыларына «Компьютер әлемі» тақырыбында өздері өлең құрастыру, «Мен және менің компьютерім» тақырыбында шығарма, ертегі желісімен ертегі құрастыру сияқты тапсырмаларды беріп отырамын. Бұл оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушылардың ақыл – ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды: зейінділік, байқағыштық, ойлау, ақынжандылық және сөйлеу дербестігі т.б.
Оқушылардың танымдық іздемпаздылығын, белсенділігін арттырудың тағы бір түрі – пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру. Әрбір тақырыпты түсіндіргенде ағылшын тілімен, математикамен, орыс тілімен, бейнелеу өнері, сызу пәндерімен байланыстыра оқушылардың бір пәннен меңгерген білім іскерлік дағдыларын екінші жақын пәнге қолдана білуін қамтамасыз ету тәжірибемде көптеп кездеседі.
Мысалы: пернетақтаның пернелерімен танысу сабағында ағылшын тілінде салыстырмалы түрде тапсырманы орындайды.
-
Shift
бас әріппен жазу қызметін атқарады
Caps Lock
барлығында бас әріппен жазады
Enter
келесі абзацқа түсу қызметін атқарады
Backspace
қате әріпті немесе символды жояды, курсордың сол жағындағы символды кетіреді,
Delete
курсордың оң жағындағы символды кетіреді,
Бос орын
символдар арасында бос орын тастау қызметін атқарады
Оқушылардың тиімді де орынды пайдаланған көп қолданып жүрген жаңа оқыту технологиясын озық үлгілерінің бірі Ж.Караевтың педагогикалық оқыту технологиясы, Шаталовтың тірек конспектісі негізінде оқыту сапалы білім негізі бола алады. Соған сәйкес сабақтарымда оқушылары сенімін арттыру, пән деген қызығушылығын арттыру, жаңа білімді өзі меңгеретін, өз бетінше ізденетін, пікір таластыру деңгейіне жететін ұрпақ тәрбиелеуде сабақтарыма көптеп қолданамын. Мысалы: 7 сыныпта «Компьютердің құрылысы», 8 сыныпта «Файлдар мен бумалар» тақырыптарында берілген материалдарын түсіндіру барысында қолданамын.
Амалдық жүйенің 3 міндеті:
І Ядро ІІ. Драйвер ІІІ. Интерфейс
Монитор Жүйелік блок Маус Пернетақта
Компьютердің негізгі және қосымша құрылысы
Колонка Модем Сканер
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың бір түрі үйірме жұмысы. Оқушыларға Интернет арқылы қызықты мәліметтерді іздеу, «Ұялы, жаңа ақпараттық технологиялардың тарихы», «Компьютердің зияны мен пайдасы», «Ұялы телефон маған не береді...» сияқты тақырыптарында оқушылардың іздендіруге дағдыландырып ғана қоймай сол ақапараттық технология туралы өздері бірнеше мәлімет алмасады.
Қорыта келегенде, оқыту үрдісінің тиімділігін арттыру оқушылардың оқу әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне сай дидактикалық әдіс – тәсілдерді қолдануды оқытудың дамытушылық қызметін толық пайдаланып танымдық іс әрекетін жетілдіру жолдарын қарастыруды талап етеді.
Жұмыстың түйіні
Жаңа педагогикалық технологияның теориялық негіздері. /Кеңестерде отырыста оқылатын баяндамалар/
Әдістемелік апталықтар, іскерлік ойындар, тренинг, семинар – практикум, дөңгелек үстел
Шеберлік сынып /класс,
үздік сабақ/
Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялардың құрылымымен, ерекшелігімен, түрлерімен, оқу тәрбие үрдісіне ендіру жолдарымен таныстыру
Осы технологияларды оқу тәрбие үрдісінде практика жүзінде үйрену, енгізу жолдары
Қолданған жаңа технология әдістерінің нәтижесі, оның тиімділігі, мұғалім және оқушы еңбегінің нәтижесі мен жемістері