Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
Материалдар / Информатикадан оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытатын бақылау тапсырмалары
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Информатикадан оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытатын бақылау тапсырмалары
Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар мен мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
1437
2 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Информатикадан оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытатын бақылау тапсырмалары
Жоба авторының аты-жөні: Манашев Темирлан
Мектеп: Алматы облыстық №15 мектеп-интернат
Сынып: 9-сынып
Ментор: Байғазы Арай
Алматы – 2018
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Сыни тұрғыдан ойлау ұғымы
ІІ ТАРАУ. ИНФОРМАТИКАДАН СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТАТЫН БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытудағы бақылау тапсырмаларының тиімділігі
Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында бақылау тапсырмаларын жасау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Бүгінгі күні адамзат тіршілігінің негізгі тұғырнамасы білім болып табылады. Ел президенті Н.Назарбаев өз Жолдауында Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады дей келіп, білім саласында түбірлі өзгерістерге әзірліктің қажет екенін баса айтты. Қазіргі таңдағы білім саласында, жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын, дүние - танымы жоғары, білімдік бәсекеге қабілетті жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Осыған орай, маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіндіктерді қажет етеді. Ондай мүмкіндік тек білім арқылы келеді. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Сондықтан мұғалімдердің алдында өзіндік дәлел-уәждері нанымды жеткізе алатын, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы қалыптастыру міндеті тұр.
ҚР Президенті Н.Назарбаев өзінің Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру сапасын жақсарту керектігін, сонымен қатар заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңыздылығын айта келіп: Орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуі тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты талдау машығын игеру болуға тиіс, - деген болатын.
Оқушыға білім беріп қана қоймай, ол өзгеріп тұратын нарық жағдайына тез бейімделе алатын, түрлі ақпараттарды өзі іздеп тауып, оны тиімді пайдалана алатындай етіп тәрбиелеу қазіргі заманның маңызды талабы. Қазіргі кезде орта білім беру саласы мұғалімдерінің назары оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту идеясына бағытталған.
Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Психолог-ғалым В.Г. Крутецкий: Ойдың сыншылдығы – бұл адамның өзінің және басқалардың ойларын белсенді бағалау дағдысы, барлық ұсынылған ережелер мен қорытындыларды нақты және жан-жақты тексеру, - дейді. Сыни тұрғыдан ойлау – шыңдалған ойлау, ойлау туралы ойлау деп сипаталған ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Бірақ бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға немесе жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайында өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Бұл әдістің ерекшелігі – оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуда бақылау тапсырмаларының рөлі ерекше. Бақылау тапсырмалары оқушыларды сыни ойлауға, шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Сыни ойлауға бағытталған тапсырмалар – келешек ұрпақтың еркін дамуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасайды. Осыған байланысты бақылау тапсырмаларының түрін дұрыс таңдай білу қажеттілігі туады. Баланың бойындағы қабілетін ашу, одан әрі жетілдіру - сыни ойлау негізінде зерттеушілік білігін және оңтайлы шешімін қабылдауға ынталандыру болып табылады.
Зерттеу мақсаты – информатикадан оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытудағы бақылау тапсырмаларын жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық құндылығы:
информатика пәнін оқытуда оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту нақтыланды;
информатикадан оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытудағы бақылау тапсырмаларының тиімділігі негізделді;
сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында информатикадан оқушылардың білімді бақылау тапсырмалары жасалды.
І-ТАРАУ. СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
1.1 Сыни тұрғыдан ойлау ұғымы
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген АҚШ ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит, Чарльз Темпл. Бұл жоба атақты ғалым зерттеушілер Ж. Пиаже мен Л.С. Выготскийдің даму теорияларын басшылыққа алады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасының мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген құбылыс пен заттарға, әрекет пен мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, көптеген пікірдің ішінен біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Қазақстанда сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы 90 жылдарда мұғалімдер үшін әйгілі бола бастады. Мазмұны жағынан бұл бағдарлама оқыту әдістері бағытының бірі болып табылады. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы – RWCT ағылшынша Readinq and Writinq for Critical Thinkinq. RWCT жобасында сабақ құрылымы анық көрсетілген және оқушылардың әрекеттері үшін нақты стратегиялар беріледі.
Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, Сорос-Қазақстан қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасымен жұмыс істеу үшін осы ұғымның сырын түсініп алуымыз керек. Көптеген зерттеуші ғалымдар сын тұрғысынан ойлау ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді. Сындарлы ойлау ой дамытудың негізі әрбір тұлғаның терең білімділігі мен тәжірибесінде. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Сыни ойлауға ғалымдар әр түрлі анықтамалар береді. Солардың ішінде психолог ғалым В.Г. Крутецкийдің берген анықтамасы: ойдың сыншылдығы – бұл адамның өзінің және басқалардың ойларын белсенді бағалау дағдысы, барлық ұсынылған ережелер мен қорытындыларды нақты және жан-жақты тексеру дейді. [1].
Сыни ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:
Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.
Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қаблеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.
Сыни ойлау және оқыту мұғалімдер идея мен тәжірибенің әртүрлілігін түсінгенде және қолданғанда пайда болады. Сыни ойлауға оқыту – жеңіл міндет емес. Оны белгілі кезеңде орындап, кейін ұмытып кетуге болмайды. Сыни ойлауға апаратын қатаң реттелген қадамдар тізімі жоқ. Дегенмен сыни ойлауды дамытатын оқу шарттары бар екенін естен шығармау керек. Олар төмендегідей:
1. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
2. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
3. Оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділіктерін мадақтау.
4. Оқушыларға мысқылсыз еркін атмосферада жұмыс істейтіндіктеріне кепілдік беру.
5. Сыни ойлау тәжірибесі үшін уақыт пен мүмкіндіктер қамтамасыз ету.
6. Кез келген оқушының сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенімдік білдіру.
7. Сыни ойлауды бағалау.
8.Тиімді сыни ойлауға қатысу үшін оқушылар өздеріне деген сенімдерін және өз пікірлері мен идеяларының құндылықтарын түсінуін арттыруға, оқыту үрдісіне белсенді қатысуға, басқалардың пікірлерін сыйлауға, пікірді қолдауға және құрастыруға дайын болулары керек.
Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалай алуы, өзін-өзі құрметтеудің жоғары деңгейі, мен бейнесінің айқын қалыптасуы үшін сыни ойлаудың болуы шарт. Оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек .
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері төмендегідей:
1. Ұтымдылық, яғни ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылып, нақты жауатарды іздеудің орнына сұрақтар қояды;
2. Сыңаржақтың болмауы: барлық қорытындыларды бағалайды, болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастырады;
3. Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындайды;
4. Тәртіп: тиянақты, нақты және жан-жақты болады, барлық дәлелдерді есепке алып, барлық көзқарастарға көңіл бөледі;
5. Өзіндік сана-сезім: өздерінің эмоциясы мен көзқарасының, сенімі мен болжамдарының субъективті екенін сезінеді.
Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегияларды қолданады. Мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады [2].
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың:
1. Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу.
2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.
3. Проблеманы шеше білу.
4. Пікір таласты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады.
Сыни ойлауды дамыту жобасын жүзеге асыру бағдарламасының құрылымы үш фазадан тұрады. Олар өздерінің қызметтеріне байланысты аталады: қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс. Бұл сатыларды басқаша сабақтың құрылымдық кезеңдері деп те атауға болады. Өйткені СТО жобасымен жұмыс істейтін мұғалімдер өздерінің сабақ жоспарларын осы үш саты бойынша құрады. Әр кезең стратегиялар арқылы жүзеге асады. СТО жобасында 80 ге жуық стратегиялар бар. Оларды мақсатты, тиімді қолдана білу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне тоқталып өтейік.
Бірінші кезең – қызығушылықты ояту.Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру, өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы аршылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаныңекінші кезеңі мағынаны тану(түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды еске сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді дұрыс ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден бір кепілі.
Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құрауға дағдыландырады.
Тақырып туралыой толғаныс – бағдарламаныңүшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады[11].
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалім үйрену процесінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады. Яғни, мұғалім бүкіл қайнаған істің ортасында білім алу (үйрену) ісін ұйымдастырушы деуге болады.
Осылайша сыни ойлауды дамытуда қолданылатын стратегиялар оқушыларға мынандай мүмкіндіктер береді:
- айқын мақсат қоя білу;
- белсенді қатысуды қолдау;
- жақсы дискуссияның болуына себеп тудыру;
- өзінің жеке сұрақтарын құрастыру мен қоюға деген ынталарын жандандыру;
- өзінің жеке пікірі мен ойын білдіруге көмектесу;
- оқуға деген оқушылардың мотивацияларын қолдау;
- басқалардың пікірлерін де сыйлау керек деген атмосфера құру;
- кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттерін дамыту;
- өзгеруге стимул болады;
- сыни ойлауды дамытуды жоғары деңгейде қамтамасыз етеді.
Сыни тұрғыдан ойлаудың стратегиялары мен әдіс-тәсілдері түрлі білім саласындағы әдістер мен білімдерді біріктірудің тиімді тәсілін ұсынады. Олар жүйеленгендігімен және текскрілгендігімен құнды. Сыни тұрғыдан ойлауды оқудың барлық сатыларында – орта және жоғарғы оқу орындарында дамыту керек. Нәтижесінде оқушыларыдың білімді меңгеру деңгейі, оқу сапасы көтеріледі, ең негізгісі – оқуға деген ынтасы артады.
Оқушылар іс-әрекетінде мынадай өзгерістер байқалады:
1.Бірлесіп жұмыс істеуге, шешім қабылдауға, өзі білмегенін үйренуге, білгенін ортаға салуға үйретеді.
2.Ұжымдық, жұптық, топтық жұмыс істеу дағдылары қалыптаса бастайды.
3.Білімді өз бетінше іздеуге, салыстыра болжауға, ойын еркін жеткізе білуге дағдыланады.
4.Оқушылар сабақтың басынан бастап білімді игеруге белсене кіріседі, қызығушылығы артады.
5.Сабаққа енжар қатысып отырған оқушыларда ерекше белсенділік пайда болады.
6.Өзін-өзі бағалауға
7.Саралауға
8.Ғылыми жұмыспен айналысуға
9.Өз пікірін қалыптастыру Мен деген рөлін көтеру.
Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, сыни талқылап, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек. Мұғалім ең алдымен оқушыдаөзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ат салысу керек. Өйткені бұл тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке үйлесуге апаратын сара жол.
ІІ-ТАРАУ. ИНФОРМАТИКАДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДАҒЫ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
2.1 Информатикадан оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытудағы бақылау тапсырмаларының тиімділігі
Бақылау — бұл бір уақытта теоретикалық зерттеу объекті және мұғалімнің практикалық іс-әрекетінің аймағы. Бақылау арқылы жаңа оқыту әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін шығаруға, оқытудың жеткен, жүзеге асырылып жатқан және жобаланған деңгейлерімен өзара қатынас жасауға, әртүрлі мұғалімдердің жұмыстарын салыстыруға, оқушының жетістіктерін және білімінің кемшілік тұстарын анықтауға, сондай-ақ, оқыту органының басшылығына басқару туралы және басқа да маңызды амалдарды шешуде объективтілі ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Оқу үдерісінің ажырамас бөлігі бақылау үдерісі болып табылады. М.В.Гамезо бақылаудың мынадай анықтамасын береді: бақылау – ол тексеру, сонымен қатар әрқашан оқыту мақсатында тексеру мен бақылауды көздеу[4].
П.И.Пидкасистыйдың ойынша бақылау оқу үдерісінің барлық кезеңінде орын алады, бірақ бақылау үдерісі белгілі бір тақырыптар немесе бір бөлімді өткен кезінде жоғарғы мәнге ие болады. П.И.Пидкасистыйдың айтуы бойынша бақылау үдерісінің мәні оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін және ол білім сол бағдарлама бойынша, сол пән бойынша мемлекеттік білім стандартымен сәйкес пе соны анықтау [5].
Информатиканың пәндік ерекшелігіне қарай оқушылардың теориялық білімі және практикалық жұмыс істеу дағдыларын бөліп алуға болады.
Теориялық білімді бақылау үшін ауызша сұрау, жазбаша бақылау, тестілеу сияқты дәстүрлі бақылау түрлерін, ал практикалық дағдыны бағалау үшін практикалық жұмысты қолдануға болады.
Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю. К. Бабанский, Н. А. Сорокин бақылауды күнделікті, оқтын-оқтын, қорытынды деген пікірлер айтады. Ал Г. И. Щукина - күнделікті, тақырыптық, оқтын-оқтын, қорытынды және емтихан деген көзқарастарын білдіреді. Е. А. Дмитриев -күнделікті, тақырыптық және қорытынды, нәтижесі деген тұжырымға келген.Профессорлар Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаевтың ''Педагогика'' оқулығында ол тақырыптық, тараулар бойынша, оқтын-оқтын және қорытынды бақылау деп бөлінген.
Бұл бақылау түрлерінің барлығы дұрыс құрылуы мен ұйымдастырылуы, дәл кезінде қолданылуына қарай оқушылардың білімін бақылап қана қоймай, олардың жеке қабілеттерін, мысалы, таным белсенділіктері мен сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін аша түсуге мүмкіндік береді.
Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асырауға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен манызға ие болады. Күнделікті бақылап отыру тапсырмалары оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуды жүйелі жүргізіп отыруға мүмкіндік береді.
Тақырыптық бақылау - оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады. Оқушылар тақырыпты меңгеруде бүгінгі алған білімдерін бекіту үшін бұрынғы бар білімдерін естеріне түсіріп, екеуін байланыстыра отырып талқылап, саралап сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін шыңдай түседі.
Қорытынды бақылау - барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Қорытынды бақылау кезінде оқушының осы уақытқа дейінгі алған білімін жүйелеп, қорытындылап, өзін-өзі көрсете білуі, оның сыни тұрғыдан ойлау қабілетінің даму деңгейін де көрсетеді [8].
Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар:
ауызша баяндау (әңгіме, жеке-дара, топтық, фронтальдық сұрақ);
жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру);
практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу);
машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану);
өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою).
Тестілік бақылау (бір дұрыс жауабын таңдау тапсырмалары (жабық тест), ашық тест, сәйкестікті анықтауға арналған, тапсырмаларды дұрыс тізбектеп орналастыру).
Бақылаудың бұл әдістерінің барлығы оқушының өз ойын еркін жеткізуіне, басқалардың пікірімен санасуына, таным қабілеттерін арттыруға,сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалап бақылау әдістеріне бөлінеді.
Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша 20-25 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Олардың ішінен бір сұраққа ғана дұрыс жауап беріледі.Қалған сұрақтар варианттары: дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді''[5].
Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда, тапсырмалар түрі деп ұғынылады (жазбаша бақылау жұмысы, тесталық жұмыс, зертханалық-тәжірибелік жұмыс, зачет, шығарма, диктант т.б.) немесе оқушылар әрекетінің түрі болып (баяндама, хабарлама, оқушы әңгімесі, мұғалім сұрағына жауап беру т.б.) саналады.
Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі - мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.
Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады. Ал бұл мотивтер сыни ойлауда ең бастысы болып табылады.
Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.
Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялы оқыту барысында жақсы нәтиже береді. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай пайымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.Оқушылардың сыни ойлауы осындай тапсырмаларда қалыптасып, көрінеді.
Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін сыни тұрғыдан ойлай отырып бағалай алады[10].
Информатикадан оқушылардың білімін бақылау үшін бақылаудың дәстүрден тыс түрлері рефераттар, конкурстық жобалар, әр түрлі интеллектуалдық ойындар қолданылады.
Интеллектуалдық ойын – бұл күрделі, көпқырлы құбылыс. Ол оқыту әдісі ғана емес, білімді бақылау әдісі болуы мүмкін. Ойын барысында оқушыларда белгілі бір мәселені шешу қабілеті, өз бетінше ойлау қабілеті, білімге деген құштарлығы оянады. Оқушылар ойынға қызығушылық таныта отырып, қойылған мәселені шешуге барынша ынтасымен тырысып, өз фантазияларын одан әрі дамыта түседі.
Информатикадан дәстүрден тыс бақылау әдістері оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылауда жиі қолданылады және олардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға үлкен үлес қосады.
Информатика курсында бірқатар тақырыптар (Компьютердің құрылғылары және т.б.) оқушылардан көп терминдерді меңгеруін талап етеді, сондықтан да білім бақылаудың бастапқы кезеңінде түрлі тапсырмаларды қолданған ыңғайлы.
Таныс термин ойыны. Берілген терминдердің ішінен компьютердің құрылғысы болып табылатын терминдерді жазып көрсету керек.
Оқушылардың білімін бақылауда интеллектуальдық ойынның бір түрі болып табылатын кроссвордтарды қолдануға болады. Оның ерекшелігі оқушының ойлау қабілетін дамыту, оқушыларды белсенді ойлау іс-әрекетіне жетелеу және шығармашылығын дамыту. Кроссвордты шешу барысында оқушы өз білімін өзі бақылай алады, ал мұғалім әр оқушының жұмысын бағалай алады.
Венгерлік кроссворд, оны толтыру толтыру ережесі мынадай: тордан мәтіндік редакторға қатысты терминдерді табу керек, әріптер көрші ұяшықтарда тігінен немесе көлденеңінен орналасуы мүмкін. Кроссвордтағы барлық әріптер қолданылуы керек.
Компьютердің құрылғылары тақырыбы бойынша ақпараттық диктант.
Құрылғылардың аттары қағазға жазылып қара жәшікке салынып қойылады. Оқушылар диктант жазып болғаннан кейін қара жәшікті ашып, бірін-бірі тексеріп, бақылау парағына сәйкесінше бағаларын қояды.
Ең көп кім? ойыны. Белгілі бір уақыт аралығында оқушыларға өтілген тақырыптың терминдері бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар оған тез арада жауап беріп үлгерулері керек. Бұл ойында тек қана өтілген тақырыпты ғана емес, сонымен қатар алдыңғы өтілген сабақты да қайталатып шығуға болады.
Судоку. Ашық тұрған торкөздерді код, морзе, ақпарат, бит сөздерімен толтырыңыз. Торларды толтырғанда кез-келген қатар, баған және кез келген ерекшеленген шаршыда (қара сызықпен көрсетілген) бірдей сөздер болмауы керек.
Артық термин. Берілген терминдердің ішінде біреуі артық. Соны табу керек.
Анаграмма. Сөзтізбектің немесе әріптердің орнын ауыстыру және жаңа сөз алу. Сөздер берілген. Әріптердің орнын ауыстырып, информатикаға және компьютерге байланысты сөзді алу керек. Анаграмма - әріптері ауысқан сөзден басқа сөз алу.
Чайнворд. Берілген әріптерден горизанталь (оңнан солға немесе солдан оңғА) , вертикаль (төменнен жоғары немесе жоғарыдан төмен) және ирек бағыттарды қолдана отырып, информатикаға және компьютерге байланысты сөзді табу.
Осылайша информатика пәні бойынша оқушылардың білімін бақылауда интеллектуальдық ойын элементтерін қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі, сонымен қатар оларды шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелейді, ең бастысы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін ары қарай дамыта түседі.
Осы мыңжылдықтың кәсіби құзіреттілігі - мәселені шеше алу қабілетінің синониміне айналады.
Адамның кез келген ойлау әрекеті дайын жауабын білмейтін сұрақты алдына қойған кезінен бастау алады. Сол сияқты кез келген бақылау тапсырмасы да осылай басталады, бұл оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытудың бірден бір тиімді жолы.
2.2 Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында информатикадан оқушылардың білімді бақылау тапсырмаларын жасау әдістері
Информатиканы оқыту процесінде, ойлау – бұл ақыл-ой үдерісі, қабылданғанды түсіну үдерісі екендігін пайымдау және ескеру қажет. Бұл бірдей қабылданған нәрсе түрліше түсінілетінін білдіреді, яғни ойлау үдерісі кезінде білімі, көзқарасы, өмірлік тәжірибесі, және т.б. көптеген факторлардың әсерінен қабылданғанның барлығы талдау арқылы түсінілетінін білдіреді.
Оқушылардың сыни ойлау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту үшін жүргізілетін жұмыстарда бірнеше қағидаларды басшылыққа алу қажет:
Балаға мәселені шешу жолын ұсынуға асықпаңыз;
Әрқашан миға шабуыл ұйымдастырудың мүмкіндігін іздеңіз;
Салыстыруға болатындардыңбарлығын салыстырыңыз;
Жіктеңіз;
Шығармашылықты көтермелеңіз;
Оқушылардың сабақтарда сыни ойлауын ынталандырыңыз;
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы қарым-қатынаста, сол сияқты оқу процесінде болатын білімді қалыптастыруда да тең әріптестік ұсынады. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша жұмыс жүргізуде мұғалім басты ақпарат көзі болуын қояды, технолгияның тәсілдерін қолдана отырып оқуды қызықты, әрі бірлескен ізденіске айналдырады.
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. Блум таксономиясы атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.
1.Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:
1) Білім;
2) Түсіну;
3) Қолдану;
4) Талдау;
5) Синтез (жүйелеу, жинақтау);
6) Бағалау.
2.Блум таксономиясы бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі.
І. Білу.
Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей.(Слайдпен жұмыс)
Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
Оқушы:
Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);ъ
Нақты фактілерді біледі;
Жұмыстың орындалу ретін біледі,
Негізгі ұғымдарды біледі;
Ережелерді, қағидаларды біледі.
Тапсырмалар түрі:
Не? Қашан? Қандай? Қайда? Формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.
Мысалдар:
- Компьютер қашан пайда болды?
- Алгоритм деген не?
- Блок схема қалай жазылады?
ІІ. Түсіну.
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.(Слайдпен жұмыс)
Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
Трансляция –оқу материалын бір тілден екінші тілге ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
Интерпретация –оқу материалын өз сөзімен түсіндіру, қысқаша баяндау;
Жорамалдау –оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
Оқушы:
Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;
Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;
Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;
Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.
Тапсырмалар түрі:
Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.
Мысалдар:
- Х пен У арасындағы айырмашылық қандай?
- Түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз;
- Зерттеуiңiздi кесте түрiнде көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз;
- Алгоритмнің орындалуын өз сөзiңiзбен әңгімелеп берiңiз.
ІІІ. Қолдану.
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.(Слайдпен жұмыс)
Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Оқушы:
- Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;
- Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;
- Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.
Тапсырмалар түрі:
Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; есепті бірнеше тәсілмен шеш, берілген болжамды тексер.
Мысал:
Оқушыларда алгоритм туралы түсiнiк бар (Білім), олардың түрлері белгiлi (Түсiну), ендi олар сызықтық теңдеуді шешу алгоритмін айтып беруi керек.
ІV. Талдау.
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.(Слайдпен жұмыс)
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.
Оқушы:
-Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;
-Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,
-Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;
-Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.
Тапсырмалар түрі:
Құрылымы қандай? Салдары неде? Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.
Мысалдар:
- Сызықтық және тармақталған алгоритмдерді салыстырыңдар.
-Қайталау алгоритмдерінің құрылымы қандай?
- Модельдерді қолданылу аймағына қарай топтастырыңыз.
- “Ер туған жерiне, ит тойған жерiне”деген мақалды қалай түсiнесiз?
-Президенттің желтоқсан айындағы АҚШ-қа жасаған сапарының себебi қандай?
- Жердiң сатылуы туралы мәселенiң қазiргi күнi талқылануы нелiктен?
V. Синтез (жинақтау, жүйелеу).
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.(Слайдпен жұмыс)
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
Оқушы:
-Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;
-Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;
-Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығрамшылықпен қолданады.
Тапсырмалар түрі:
Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.
Мысалдар:
1.Эссе, шығарма, өлең, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама жазу.
2. Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (Тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау).
3. Ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну.
VІ. Бағалау.
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.(Слайдпен жұмыс)
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.
Оқушы:
-Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;
-ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;
-жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.
Мысал:
Сiздiң ойыңызша бұл дұрыс/бұрыс, маңызды ма/емес пе, жақтайсыз ба/ қарсысыз ба? деген пiкiрталас, полемика мен дау-дамай туғызатын сұрақтар арқылы жүзеге асырылады.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Информатикадан сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыруға арналған тапсырмаларды қарастырайық.
Компьютер мазмұндық желісіне қатысты жабық түрдегі тест мысалын қарастырайық.
1. Компьютер – бұл...
сандық ақпаратты өз бетімен өңдеуге арналған құрылғы
ақпаратты сақтауға арналған құрылғы
ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, түрлендіруге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы *
ақпараттық қор көздерін басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалық жасақтамалар жиынтығы
2. Компьютердің жұмыс істеуі үшін қажет ең аз құрылғылар жинағына ... жатады.
басып шығарғыш, жүйелік қорап,
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)