Материалдар / инклюзив есебі 3 сынып агылшын тили 2023-2024 о0у жылы 2 жартыжылдык есеби

инклюзив есебі 3 сынып агылшын тили 2023-2024 о0у жылы 2 жартыжылдык есеби

Материал туралы қысқаша түсінік
инклюзив есебі 3 сынып агылшын тили 2023-2024 о0у жылы 2 жартыжылдык есеби
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Мамыр 2024
69
0 рет жүктелген
225 ₸ 250 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ


Түзете-дамыту бағдарламасы бойынша оқытылған

3 «Ә» сынып оқушысы Хабиболла Нұралымен

II жарты жылдықта жүргізілген

жұмыс есебі


Ағылшын тілі пәні бойынша 2023-2024 оқу жылына жоспарланған түзете-дамыту бағдарламаларына сәйкес жеке жұмыс жүргізілді. Ағылшын тілінен 3-сыныпқа арналған оқу бағдарламасына сай, Smiles -3 оқулығымен «Art & Music», «Explorers & Inventors», «Water, water everywhere» және «Having fun» бөлімдері бойынша түзетудің негізгі мақсаттарынан шығарылған міндеттерге бағытталған жұмыстар жүргізіліп, тапсырмалар берілді.

Нұралының диагнозына сәйкес, берілген мысалдардан қателіктерді табу, сәйкестендіру картасын толтыру, бос орынды толтыру, адасқан сөздерді орнына қою, тақырыпқа сәйкес мәлімет іздеу ,жұмбақтар шешу, тізбекті жалғастыру, жауабын табу, т.б. тапсырмалар беріліп тұрды. Сонымен қатар тақырыпқа сәйкес жеңіл тапсырмалар беріліп, жан-жақты талдау жүргізіліп, жазу, оқу, сөйлеу дағдыларын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Нұралы жоғарыда көрсетілген бөлімдермен танысқанда көшіріп жазатын тапсырмалар, суреттің атын орнына қоятын тапсырмалар, дұрыс әріпті, дұрыс буынды бояйтын және орнына жазатын жеңіл жаттығулар жасады. Күнделікті сабақ барысында белсенділігі орташа . Сөздерді дұрыс және қатесіз дыбыстауда қтналады, жаттығу жазуда кішкене қиналады. Жеңіл тапсырмаларды дұрыс орындаған кезде өз жұмысына қанағаттанушылық сезімін білдіреді, жаттығуды өздігінен орындай алмаған кезде мойымай, көмек сұрап, ұстаздың нұсқауы бойынша толық жазып шыға алады. Барлық тапсырмаларды толығымен тиянақты орындауға тырысады. БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын орындауда жеке түсіндіруді қажет етті, дер кезінде көмек алып отырды.

Қорытындылай келе, Нұралымен жеке жұмысты көбірек жүргізу керек , жеңіл, деңгейіне сай тапсырмалар берілгенде оң нәтиже береді. Алдағы сыныптарда да жұмыстар көбірек жүргізіле береді.





Пән мұғалімі: Омарова Б.Х.



Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!