Инклюзивті білім
беру
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын
аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен
ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне
толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.
«Бала адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды,
өзінің бар жүрек жылуын басқа адамға беруді ұжданы талап етеді.
Балаға ой еңбегінің шаттығын, табыс қуанышын
беріңіздер».
Осы
жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді:
инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде
мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу
және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне,
жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға,
ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық
және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім
беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік
саясат.
Инклюзивті білім беру-
дамуында сәл ерекшеліктері бар балалардың дені
сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция
процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті
оқыту біріктірілген оқушы дені сау балалар сыныбында,тобында оқиды
және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады. Арнайы топтардағы
балалар бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке
істерді өткізу үшін біріктіріліп жұмыс жүргізеді. Мамандардың
бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар
көрсетеді.
Инклюзивті оқыту –
ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін
мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек,
инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір
дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік
қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі
бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы
бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру
жағдайын қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу
құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы»,
«Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік
және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Арнайы
әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында,
Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті
білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға
мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне
белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Ерекше білімді қажет ететін оқушыларды оқыту,
балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту
мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Оқыту мен сабақ
беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше
қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да
өзгереді.
Инклюзивті оқыту –
барлық балаларға мектепке дейінгі оқу
орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға
мүмкіндік береді; оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым
іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен қарым-қатынасына
қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Даму мүмкіндігі
шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру мақсатында, типтік
арнайы білім бағдарламасы жасалды. Онда балалардың мұқтаждықтары
ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері
қарастырылған. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі
қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа
бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ
беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше
қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті
оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім
алуға мүмкіншілік алады. Өйткені, олар бір-бірімен қарым-қатынас
жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді.
Инклюзивті оқыту- негізгі
принцептері:
1.
Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен
жетістіктермен анықталады.
2.
Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3.
Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы.
4.
Барлық адам бір-біріне қажет.
5.
Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге
асады.
6.
барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет
етеді.
7.
Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай
алатын әрекетін жүзеге асыру.
8.
Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде
қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру, өмір талабы болып табылады.
«Бәріне бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім - барлығы үшін» деген
ұстанымды қолдаймыз.
Әрбір ата-ана өз баласын дамуын қалыпты балалар
қатарынан көргісі келеді. Инлюзивті білім беруді
.