Материалдар / Инклюзивті білім беру – заман талабы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Инклюзивті білім беру – заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның қазіргі жағдай саясат басымдылықтарының бірімен ерекшеленеді. Барлық адамдар білім алуға тең құқылы. Инклюзивті орта - білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады. Инклюзивті білім беру интеллектуалдық дамуын, психофизиологиялық және жеке дара ерекшеліктерін ескеретін, халықтың барлық топтарының білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Қaзaқстaн Республикaсының «Білім турaлы» Зaңы, «ҚР инклюзивті білім беруді дaмыту тұжырымдaмaсы» сынды құқықтық-нормaтивті құжaттaр aрқылы міндеттелген инклюзивті білім беру үрдісі педaгогтaрдың кәсіби іс-әрекетіне қойылaр тaлaптaрды күшейді. 2017ж. қолдaнысқa ендірілген Қaзaқстaн Республикaсының «Педaгог» кәсіби стaндaрты бaрлық деңгейдегі педaгогтaрдың инклюзивті білім беру сaлaсындa aрнaйы біліктіліктерді меңгеруін міндеттелді. Бұл жерде назар аударуды қaжет ететін мaңызды шaрт – ерекше білім беруді қaжет ететін оқушылaрдың сaпaлы білім aлу құқықтaрының теңдігін қaмтaмaсыз етудің педaгогикaлық -
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2024
245
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Инклюзивті білім беру – заман талабы

Абдрашова Акерке Калдыбековна

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі, Тараз қаласы


Аннотоция: Білім берудің басты міндеті – балаларды өмірдің нақты жағдайларына бейімдеу.Бұл - жаһандық өмірлік қажеттілік. Инклюзивті білім беру сапалы жүру үшін инклюзивті орта дұрыс ұйымдастырылғаны маңызды.

Кілт сөздер: инклюзивті білім, ерекше оқушы, дарынды, әдіс- тәсіл.

Жұмыстың өзектілігі: Қазақстанның қазіргі жағдай саясат басымдылықтарының бірімен ерекшеленеді. Барлық адамдар білім алуға тең құқылы. Инклюзивті орта - білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады. Инклюзивті білім беру интеллектуалдық дамуын, психофизиологиялық және жеке дара ерекшеліктерін ескеретін, халықтың барлық топтарының білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Қaзaқстaн Республикaсының «Білім турaлы» Зaңы, «ҚР инклюзивті білім беруді дaмыту тұжырымдaмaсы» сынды құқықтық-нормaтивті құжaттaр aрқылы міндеттелген инклюзивті білім беру үрдісі педaгогтaрдың кәсіби іс-әрекетіне қойылaр тaлaптaрды күшейді. 2017ж. қолдaнысқa ендірілген Қaзaқстaн Республикaсының «Педaгог» кәсіби стaндaрты бaрлық деңгейдегі педaгогтaрдың инклюзивті білім беру сaлaсындa aрнaйы біліктіліктерді меңгеруін міндеттелді[1]. Бұл жерде назар аударуды қaжет ететін мaңызды шaрт – ерекше білім беруді қaжет ететін оқушылaрдың сaпaлы білім aлу құқықтaрының теңдігін қaмтaмaсыз етудің педaгогикaлық - психологиялық мәселелері.

Жұмыстың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларымен инклюзивті білім берудің ерекшеліктерін анықтау.

Жұмыстың міндеттері:

Инклюзивті білім берудің принциптері

Бастауыш сынып оқушыларымен инклюзивті білім берудің ерекшеліктерімен таныстыру


Негізгі бөлім

1.1.Инклюзивті білім берудің маңызы. Инклюзив — сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады[2]. Демек, инклюзивті білім беру балаларға қатысты кез келген кемсітушілікті жоққа шығарады, барлық адамдарға тең қатынасты қамтамасыз ету және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ерекше жағдай жасау идеологиясына негізделіп жасалған. Ақаулығы яғни, ерекше білімді қажеттілігі бар балалар тобына:

Есту қабілеті бұзылған; •Көру қабілеті бұзылған; •Сөйлеу тілі бұзылған; •Интеллектілік дамуы бұзылған; •Психикалық дамуы баяу; •Психикалық мінез-құлқы жағынан бұзылған;

Сондай-ақ жоғарыда айтылған ақаулықтарымен қоса жалпы жүйелік түрлері де бар: •денелік ақаулықтар •сенсорлы бұзылыстар •ми қызметі бұзылыстары

Мүмкіндігі шектелген балалар күрделі және әртүрлі сипаттағы бұзылыстармен сипатталады. Мұндай балалар тобы оқу-танымдық, еңбек іс-әрекеттерінде және әлеуметтік байланыстарда ерекшеленіп байқалады.Инклюзивті білім беру сапалы жүру үшін инклюзивті орта дұрыс ұйымдастырылғаны маңызды. Ал, инклюзивті білім беру ортасы дегеніміз білім беру процесінің барлық субъектілері мен объектілеріне тиімді өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін білім беру ортасының бір түрі. Инклюзивті білім беру ортасының құрылымы мынадай компоненттерден тұрады:

1)кеңістіктік-материалдық компонент: оқу орынының материалы қолжетімді ұйымдастыру; балалардың білім алу қажеттіліктеріне сәйкес заманауи құрал-жабдықтармен және жүйелермен қамтамасыз ету;

2)мазмұнды- әдістемелік компоненті: баланы дамыту бейімделген тұлғалық бағыт, білім мен тәрбие әдістері;

3)коммуникативтік-ұйымдастырушылық компоненті: мұғалімдердің топта жұмыс істеуі ұжымда қолайлылығын және кәсіби дайындығын психологиялық жағдайы, мамандардың ұжымдық жұмысы бақылау.

Инклюзивті оқушылар қатарына мүмкіндігі шектеулі, дамуы баяу оқушылар ғана жатпайды. Инклюзивті білім беру барысы дарынды оқушылармен жұмысты да қамтиды. Екі категорияда ерекше оқушыларды оқытумен сабақтаса байланысады. Дарын деп белгілі бір жайттағы ең үздік мүмкіндік немесе қабілеттің жоғары сатысы. Дарынды бала – белгілі бір әрекетте өте жоғары жетістіктерімен (немесе осындай жетістікке ішкі қабілеті жететін) ерекшеленетін бала. Дарынды балаларды айқындау бақылаудың негізінде, психологиялық ерекшелігін, сөйлеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін зертеу барысында бастауыш мектепте-ақ басталуы тиіс.

Дарынды балалардың белгілері: басқалармен салыстырмалы түрде өте жоғары білімді ерекше, оқуға құштар, шығармашылық мүмкіндігі мен көзге түсуі байқалады;өте басым боп келетін белсенді де саналы талап көрінеді; білімді терең игергеннен, ой еңбегінен қуаныш сезінеді.

Инклюзивті білім беруде төмендегідей принциптерді алға қояды: жалпы орта мектептерде ерекше білімді қажет ететін балаларды дені сау балалармен бірге оқыту; барлық балаға бірдей қарым-қатынас жасау; балалар арасында бөліп-жарушылықты болдырмау; арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасау. Ерекше балаларды дамыту үшін мынадай әрекеттер орындалады: инклюзивті білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі;ерекше оқытуды қажет ететін балаларды уақытылы (ерте жастан) анықтауды қамтамасыз ету және алдын алу, педагогикалық-түзету шараларын деркезінде қолдану;білім беру модельдерінің бейімділігі және әр оқушының ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оны жеке оқыту мен дамыту; ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жеке бейімділіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымдарын таңдау құқығы; білім беру ортасының ерекше оқытуды қажет ететін барлық тұлғалар және олардың ата-аналары үшін қолжетімділігі, ашықтығы, тиімді кері байланыс жасау; денсаулығы мен әлеуетті мүмкіндігіне сүйене отырып, тұлғалардың даму проблемаларынан арылуды қарастыратын инклюзивті білім берудің түзету-дамытушылық және әлеуметтік-бейімдеушілік бағыттылығы болып табылады.

Қазақстандық білім беру жүйесінде қиыншылықтар келесі жағдайларға байланысты тереңдей түседі:

-оқыту сапасы мониторингі және бағалау іске асырылмайды, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білімі мен біліктері критериалды бағалаудың нақты индикаторлары жоқ; -ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оқуында туындаған проблемаларды жою бойынша превентивті шаралар жеткілікті қабылданбайды. Олар оқушының денсаулығына, оның моральдық-психологиялық жай-күйі мен әлеуметтік жағдайына байланысты болуы мүмкін;
-инклюзивті білім беруді ақпараттық-консультативтік қолдау нашар ұйымдастырылған.[3]

1.2.Бастауыш мектептегі инклюзивті білім берудің әдіс – тәсілдері. «Бала адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды, өзінің бар жүрек жылуын басқа адамға беруді ұжданы талап етеді. Балаға ой еңбегінің шаттығын, табыс қуанышын беріңіздер».[4] Балада ой еңбегін ұйымдастыру маңызды мәселе, ал ерекше балаларға ой еңбегін ұйымдастыру одан да күрделі мәселе. Себебі ерекше балалар ерекше әдіс-тәсіл қажет етеді, тіпті оқу орны арнаулы құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс. Оларға басқа балалармен бірдей тапсырма орындағанымен қысқа мерзімді жоспарда арнаулы тапсырма көрсетіледі. Инклюзивті білім беру ЕБҚ оқушылaрғa Стaндaрт тaлaптaрынa сaй білімдер, іскерліктер мен дaғдылaрды меңгерту мaқсaтындa білім беру бaғдaрлaмaлaрын бейімдеу және олaрды іске aсыру үшін жaғдaй жaсaулaры қaжет.

Мaқсaтқa жету үшін инклюзивті мектептің мұғaлімі келесі міндеттерді шешуі керек: 1)ЕБҚ бaлaғa қaжетті оқу мaтериaлдaрын, түрлі топтaғы оқу және дидaктикaлық мaтериaлдaрды бейімдеу немесе құрaстыру. 2)ЕБҚ бaлaны мектеп қоғaмынa, құрдaстaрының тобынa бейімдеу – әр бaлaның шығaрмaшылық мүмкіндіктерін aшуғa, өзін-өзі тaныту қaжеттілігін іске aсыруғa, мектептің, сыныптың өміріне қaтыстыруғa бaғыттaлғaн жұмыс жүргізу. [5]

Инклюзивті білім беруде мынадай стратегиялық әдіс-тәсілдерді тиімді деп қарастыруға болады. Біріншіден. қaдaмдық нұсқaулaрды пaйдaлaну – ерекше оқушыларға тапсырмаларды орындау реті мен қадамдарын тез түсіну мақсатында қолданылады. Екіншіден, рольдік ойындaрды қолдaну – бұл арқылы сыныппен жағымды қарым – қатынас орнату әрі сабақ материалын бірдей меңгеріп талқылау арқылы жүзеге асады. Үшіншіден, көрнекі құрaлдaр қолдaну aрқылы интер белсенділікті жоғaрылaту, тaпсырмaлaрды орындaудың түрлі тәсілдерін қолдaну (aуызшa,жaзбaшa, кесте түзу, диaгрaммa құру, модель жaсaу, бейнелеу, тaспaғa түсіру және т.б.). Төртіншіден, мaдaқтaу мен ынтaлaндырудың түрлі тәсілдерін қолдaну және нәтижеге жетудің көрнекі сызбaлaрын ұсыну. Бесіншіден, АКТ пaйдaлaну aрқылы оқыту тәсілдерін түрлендіру білім сапасын арттыру. Алтыншыдан, тaпсырмaлaрды aяқтaуғa қосымшa уaқыт беру, жиі сұрaқ қоюғa бaулу, сұрaқтaрдың күрделілік деңгейіне түрткі болу. Жетіншіден, өзіндік бaқылaуды қосу (өзін бaқылaу, өз қaтеліктерін түзету, өзін белсендендіру, мaқсaт қою); метaтaнымдық бaғытты мәселелік оқытуғa тән бaғыттaрмен қaтaр қолдaну (Бұл мәселені мен бaсқa қaндaй жолдaрмен шеше aлaмын?).

Мектеп пен отбaсы әрекеттестігін жетілдіру технологиясы. Мектеп пен отбaсы әрекеттестігін жетілдіру серіктестіктің жaңa ұстaнымдaры қaғидaсынa негізделуі керек. Ерекше білім қaжеттігі бaр бaлaлaрды дaмытудa әр тaрaп белгілі бір деңгейде жaуaпкершілікте болaды. Атa-aнaлaр мен педaгогтaр ынтымaқтaстығы келесі қaғидaлaрғa негізделуі керек: серіктесті мойындaу және құрметтеу; aқпaрaттaрмен және іскерліктермен бөлісу; шешімдерді қaбылдaуғa қaтысу; бaлaның ерекшелігін, дaрaлығын мойындaу.

Оқушыларды жекелеп оқытуда деңгейлеп саралау әдісін жиі қолданады. ЕБҚ балалары үшін жекелей оқыту тиімді. Бұл әдістің артықшылықтары: оқушының өз мүмкіндігіне, қaбілетіне бaрыншa сенуін дaмытaды; оқушы мен оқытушының ынтымaқтaстығын, достығын нығaйтaды; оқушының өз білімін өз бaғaлaй білуіне жaғдaй жaсaйды; бaғaлaудaғы субъективтілікті жойып, бaрыншa әділдікке жетелейді; білім жaрысындa әділ сaйысқa жол aшaды. Сaрaлaнғaн тaпсырмaлaрды орындaу негізінде оқушылaр орындaу aмaлдaрды мен ережелерді жaқсы түсініп, игереді.Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің мимималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшелігіне сай болады. Сынып бағдарламасына байланысты лексикалық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар, тілдік ережелер, жазба жұмыстарын орындайды. Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі, сынып бағдарламасына сай лингвистиканың барлық бағдарламасымен жұмыс істейді. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтерді қанағаттанарлық дәрежеде. Бірінші деңгейден бастау алған сөйлеу үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен логикалық ойлау дәрежесінен жоғары болумен, өз жеке басының белсенділігімен, ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайда пайдаланумен сипатталады. Хабарлау, суреттеу, бейнелеу тапсырмаларын орындайды. Ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада диолог құрады. Мәтін бойынша сұрақ қояды. Талдау, жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Төртінші деңгей дарынды, іздемпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді, оқушының өз мақсатын қояды, әдістерін іздейді, нәтижеге жетеді. Жазба жұмыстарын орындайды.

Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіндігін қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттеріне: білім бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілікпен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатты байыту» деп атап көрсеткен. Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесімді дамытуа бағыттайтын міндеттер қойылып отыр.

«Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені – батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, езіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі» деп Абай айтқандай, білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айрықша орын бөлінгендіктен, бұл ерекше балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндет – олардың әлеуметтік ақталуы мен бейімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау.

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды ерекшелейтін кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын  қалыптастырады.

Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың  13 желтоқсанында енгізілді.

Инклюзивті оқыту – мүмкіндігі шектеулі балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.

Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс. Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады. Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.Осыған орай, инклюзивті білім берудің  негізгі 8 принципі туындайды.

1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.

2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.

3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.

4. Барлық адам бір-біріне қажет.

5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.

6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

7.Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.

8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті бағыт кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.

Білім беруді дамытудың  мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтылуын, олардың мектепке даярлауға арналған әрқилы мектепке дейігнгі тәрбие және оқыту «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін» қамтамасыз ету көзделген. Қазіргі уақытта дамуында ақауы бар балалар саны артып отыр.Оларды оқыту кеңейіп, түзетіп қолдау технологиялары жетілдіруде. Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол айналасындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді, бұл баланың өзін –өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезуіне жол ашады, осы сенімділіктерін дамыта түсуде әлеуметтік педагогтың ролі зор. Оқытудың бұл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай, ата- анасынан алшақтамай, яғни арнайы мектеп – интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай, тұрғылықты жерде білім алып, қоғам біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ата –анасы да баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып, жеткіншек алдында жауапкершіліктері артады.

Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады.  Мұндай оқыту түрі  арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды,  қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі  балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.

Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық  қолдау  маңызды  рөл  атқарады. Ерекше  қажеттіліктері  бар  балаларды  психологиялық-педагогикалық  қолдау түрлі  мамандардың  (пән  мұғалімінің,  психологтың,  логопедтің,  арнайы педагогтың, әлеуметтік педагогтың), мектеп дәрігерінің, басқа мұғалімдер мен ата-аналардың өзара тығыз әрекетін білдіреді. Ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар  оқушылардың  оқу  жетістіктерін критериалды  бағалауды  психологиялық-педагогикалық  қолдау  төмендегілерге бағытталуы тиіс:

-  баланың  денсаулығын  және  дене  күшін  қолдау:  бала  өмірінің денсаулық-сақтау  түзімін  ұйымдастыру,  оларды  жеке  таңдалған  қимылдық белсенділіктерге, денсаулықты нығайтатын сабақтарға қатыстыру;

-  балалардың  зерде  дамуын  қолдау:  әрбір  баланың  танымдық ерекшелігін  анықтау  және  дамыту,  оқу  әрекетінің  табысты  болуы  үшін жағдай тудыру;

-  баланы қарым-қатынас саласында қолдау: балаларға гуманистік өзара әрекеттенуіне  жағдай  тудыру,  балалардың  қолы  бос  кезіндегі  әрекеттерде жеке қабілеттерін байқатуларын қолдау, тәртіп түрін саналы түрде таңдауына көмектесу;

-  баланың  жанұясын  қолдау:  жанұялық  қатынасты  зерттеу,  олардың үйлесімді болуына көмек көрсету.

Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары:

1) бала дамуындағы кез келген мәселені шешудің кешенді, пәнаралық тәсілдері.

2)  білім беру үдеріндегі баланың дамуын қолдаудың үзіліссіздігі.

3)  қолдау үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамсыздандыру.

4)  қолдау  әрекетін  әлеуметтік-педагогикалық  және  психологиялық жобалау.

5)даму мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық  қолдау  шараларына  ата-аналарды,  педагогикалық  және  балалар ұжымын белсенді тарту болып табылады .

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда нақты көмек  көрсететін  психологиялық-педагогикалық  қызмет  болуы  тиіс.  Оның міндетіне  балалармен  қарым-қатынас  орнатуда  дамытушы  немесе  түзету жұмысы  ғана  емес,  сонымен  қатар,  бағалау  қызметін  сүйемелдейтін   ортақ тәсілдер,  оқушылармен  жұмыстың  бірыңғай  стратегиясын  дайындау  бойынша педагогтармен және ата-аналармен тұрақты ынтымақтастық орнату кіреді.

Педагог-психолог  өз  қызметінде  психологиялық  оңалтудың  келесі әдістерін қолданады: әңгіме, жеке психологиялық кеңес, психологиялық көмек, рөлдік  ойындар,  тренингтік  жаттығуларды,  сабақта  туындағын түрлі жағдайларда  қажет  психологиялық  өзара  көмек  пен  өзара  қолдау  тобын қолданады .

Қорытынды.

Қорыта келгенде, инклюзивті білім беру құқығын тану барлық педагогтар, оқушылар мен олардың ата-аналары ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың жалпы білім беретін мектептерде оқуға құқығы бар екенін түсінулеріне және ол үшін қосымша  ресурстар  қажет  екеніне  негізделген.  Инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ . Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы – еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз болып табылады. Осыған байланысты, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін арттыру үшін түрлі әдістер, технологиялар қолданылуда.Менің ұсынысым инклюзивті білім беруді қажет ететін оқушыларға арнайы үйірме сағаттары бөлінсе, сол арқылы мектеп тынысына үйренісе ала еді, әрі білім сапаларын арттырады, әрі дарынды оқушылар мен мүмкіндігі шектеулі оқуышылар арасындағы дизбалансты ұстауға септігін тигізеді.








Пайдаланылған әдебиеттер:

1.ҚР « БІЛІМ ТУРАЛЫ» Заңы

2. Методические рекомендации по системе критериального оценивания учебных достижений детей с ограниченными возможностями. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2015. – 54 с.)

3.М. Оспанбаева ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ 103б

4.Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі/ Әдістемелік құрал

5.Бейсенбекова Г.Б. Кіші жастағы оқушы тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностикасы. Оқу құралы. Қарағанды: „САНАТ–Полиграфия“, 2008.

6.Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасы,  ҚР Президентінің 2010  жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарғысы  -Астана, 2010.

7.Мовкебаева  З.А. Вопросы подготовки педагогических кадров  в Республике Казахстан к работе в условиях инклюзивного образования. Педагогика и психология. - № 2 (15) – 2013. – С. 6-11.

8.Бейсенбекова Г.Б. Кіші жастағы оқушы тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностикасы. Оқу құралы. Қарағанды: „САНАТ–Полиграфия“, 2008.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!