Материалдар / ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп психологтарына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Тамыз 2018
746
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абдрахимова Жадыра Жолдасбековна

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша

педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,

«Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық – педагогикалық

тұрғыдан қолдау» кафедрасының аға оқытушысы


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ


ҚР «Білім туралы» Заңында: ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың білім алуы үшін арнайы жағдайлар туғызу деп арнайы оқу бағдарламалары және оқыту әдістемесін қоса, ерекше білім алу қажеттіліктері бар тұлғалардың (балалардың) жалпы білім беретін оқу және білім алу бағдарламаларын меңгерулеріне мүмкіндік беретін техникалық және өзге де құралдар, әрекет ету ортасы сонымен қатар, медициналық, әлеуметтік және өзге де қызметтер түсіндіріледі.

Инклюзивті балаларға білім алу жағдайын туғызудағы маңызды ерекшелік түрлі ресурстық салалар бойынша (материалдық-техникалық (сәулетті де қоса) қамтамасыз ету, кадрлық, ақпараттық, бағдарламалық-әдістемелік және т.б.) бөлінген.

Осы лауазымдық нұсқаулық ҚР «Білім туралы» заңына, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, жалпы орта және қосымша білім беру жүйесінің педагог қызметкерлерінің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына (ҚР БҒМ 2009 жылғы шілдедегі қосымшалармен және өзгерістермен №338 бұйрығы), Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға(ҚР БҒМ 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 524 бұйрығы) сәйкес әзірленген.

Білім беру саласында психологиялық-медицина-педагогикалық консультациялар анықтаған мүмкіндіктері шектеулі балалар саны 154870, бұл барлық бала 4 659 500 санынан 3,32 % құрайды. Есепке алынған мүмкіндіктері шектеулі балалардың 27,9 % арнайы білім беру ұйымдардында оқып, түзетушілік көмекпен қамтамас етілген. Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша 17030 мүмкіндіктері шектеулі бала арнайы білім беру ұйымдардында оқытылып жатыр, 6883 - жалпы мектептегі арнайы сыныптарында, 8583 - арнайы білім ұйымдарында түзетушілік көмек алуда, 64854 жалпы мектептегі әдеттегі сыныптарда.

Ұйымдастыру. Ерекше оқытуды қажет ететін балалар үшін білім алуды ұйымдастыру дегеніміз – бұл білім беру ұйымында инклюзивті білім беру үшін нормативтік-құқықтық базаны құру, сыртқы ұйымдармен желілік байланысты ұйымдастыру, тамақтану және медициналық қызмет көрсету.Білім беру үдерісінде ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды қолдау үшін қажетті қаржылық, ақпараттық материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

Нормативтік-құқықтық база - баланың білім алу мүмкіндігіне сәйкес келетін білім алу құқығының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету және инклюзивті білім беру кеңістігіне қосылған барлық өзге де балалардың құқықтарын жүзеге асыру. Сондықтан нормативтік базадан өзге, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын бекітетін, басқа да балалардың тиімді білім алуын қамтамасыз ететін жекелеген актілерді жасап шығарудың қажеттігі туындайды. Маңызды нормативті құжат ретінде ата-аналармен келісімшартты қарастыруға болады. Бұл келісімшартта барлық инклюзивті кеңістік субъектілерінің құқықтары мен міндеттері жазылып, баланың ерекшелігі және мүмкіндігіне сәйкес (білім беру үдерісі кезінде туындайтын жаңаларына да қоса) білім беру маршрутын өзгертудің құқықтық механизмдері де қарастырылады.

Сыртқы ұйымдармен желілік байланысты ұйымдастыру. Білім беру мекемесі мен «сыртқы» әлеуметтік серіктестер арасында (аумақтық психологтік-медико-педагогикалық комиссиясы, әдістемелік кабинет, инклюзивті білім беруді дамыту бойынша ресурстық орталық, арнайы мектептер, әлеуметтік қорғау ұйымдары, денсаулық сақтау ұйымдары, қоғамдық ұйымдар) өзара әрекеттесу немесе қолдау көрсету жүйесі ұйымдастырылуы тиіс. Аталған ұйымдармен келісімшарттар негізінде қарым-қатынастар орнату қажет. Бұл жағдайды жүзеге асыру баланың ерекшелігін ескере отырып, білім алу маршрутын құруға және оның білім алуы мен тәрбиеленуі үшін көбірек толық әрі ресурстық ұтымды, анағұрлым қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Медициналық қызмет көрсетуді және тамақтануды ұйымдастыру. Анықталған санаттағы балалар үшін тамақтану мен медициналық қолдауды ұйымдастыру маңызды болып табылады. Денсаулық сақтау білім беру үдерісінің маңызды міндеттерінің бірі, сондықтан, ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушыларды медициналық қолдау арнайы білім алу жағдайын құрудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Медициналық қолдаудың негізгі бағыттары - есту, көру, тірек-қимыл аппараты ауруларын және өзге де ауруларды ерте диагностикалау оқушыларды диспансерлік қадағалауда ұстаудың қажеттілігін және алдан-алу шараларының жүйесін ұйымдастырудың қажеттілігін көрсетеді. Диагностикалық, алдын алу немесе оңалту іс-шаралары білім беру ұйымы базасында, сонымен қатар келісімшарт негізінде медициналық ұйымдармен де ұйымдастырылуы мүмкін. Кейбір балалардан ерекше тамақтану талап етіледі. Мектепте тамақтануды ұйымдастыру мүмкіндігі, үйден алдыру мүмкіндігі, тамақтану үшін ерекше орынды ұйымдастыру және тамақ қабылдау үшін арнайы құрылғылар қарастырылуы тиіс.

Қаржылық қамтамасыз ету. Қаржылық-экономикалық жағдай мектепке ПМПК ұсынымхатында көрсетілген және осы ұсынымхаттар негізінде құрылған бейімделген білім беру бағдарламасын, соның ішінде ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды оқытуды, тәрбиелеуді және медициналық қолдауды жүзеге асыратын мамандарға ақша төлеу үшін негіздеме, талаптарды орындауға мүмкіндік жасау үшін қамтамасыз етуі тиіс. Қаржылық-экономикалық жағдай жеке білім беру бағдарламаларында жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етуі қажет.

Ақпараттық қамтамасыз ету. Мектептің ақпараттық білім беру ортасы технологиялыық құралдардың жиынтығынан, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың мәдени және ақпаратпен өзара алмасу қызметтерінен тұрады.

Материалдық-техникалық (сәулетті де қоса) қамтамасыз ету.

Материалдық-техникалық жағдайлар келесілерді сақтауды қамтамасыз етуі тиіс:

- балалардың қажеттілігін ескере отырып, білім беру үдерісінде санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау (су, канализация, жарықтандыру, ауа, жылу режимі және т.б.);

- білім беру мекемесінің инфрақұрылымы объектілеріне мүмкіндігі шектеулі оқушылардың кедергісіз қол жеткізулері үшін мүмкіндік;

- балалардың қажеттілігін ескере отырып, санитарлық-тұрмыстық жағдайлар (арнайы жабдықталған киім ілетін орындардың болуы, санитарлық құрылғылардың, жеке гигиена орындарының және тағы басқа);

- әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар (мектепте лайықты жабдықталған кеңістіктің болуы, баланың жұмыс орнының болуы және т.б.);

- ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың қажеттілігін ескеріп, өрт және электр қауіпсіздігін сақтау;

Мүмкіндігі шектеулі балалардың мектепте білім алуын материалдық-техникалық қамтамасыз ету жалпы талаптарға ғана емес, сонымен қатар, тұтас ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар тобының және әр санаттың жекелеген қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Осыған байланысты, материалдық-техникалық қамтамасыз ету құрылымында келесі талаптардың түрлері көрініс табуы тиіс:

1. Мүмкіндігі шектеулі балалар білім алатын кеңістікті ұйымдастыру.

2. Оқытудың уақыттық тәртібін ұйымдастыру.

3. Мүмкіндігі шектеулі баланың жұмыс орнын ұйымдастыру.

4. Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуында техникалық құралдарға ыңғайлы жолмен қол жеткізуін қамтамасыз ету (көмектесетін құралдар және технологиялар);

5. Әр санаттағы мүмкіндігі шектеулі балалар үшін техникалық оқыту құралдарымен қамтамасыз ету (ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқытудың арнайы компьютерлік құралдарын қоса).

Педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету.

Бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету инклюзивті тәжірибені жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы барлық оқушылардың толық және тиімді білім алуларына бағытталуы тиіс.

Бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету үш құжатта көрініс табады: 1) негізгі білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын ұсынылған жалпы білім беретін бағдарламалар тізімі негізінде мектепте құрастырылатын түзету жұмыстарының бағдарламасында, 2) бейімделген жалпы білім беретін бағдарламада, 3) баланың жеке ерекшелігін ескере отырып, құрылған бейімделген білім беру бағдарламасында.

Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау.

Білім беру ұйымдарында ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды бүкіл оқу кезеңінде кешенді психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету қажет.

кадрлық қамтамасыз ету. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда кадрлармен қамтамасыз ету жағдайларына қойылатын талаптарға:

- білім беру мекемесінің ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін түсінетін құзыретті педагогикалық және жетекші қызметкерлермен қамтамасыз етілуі;

- білім беру мекемесіндегі педагогикалық және өзге де қызметкерлердің ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды оқыту саласында біліктілік деңгейінің болуы;

- педагогикалық қызметкерлердің арнайы педагогика, арнайы психология және клиникалық балалар психологиясы саласында кәсіби дамуының үздіксіздігі жатады.

Білім беру мекемесі қызметкерлерінің кәсіби дамуының үздіксіздігі қызметкерлердің бес жылдан кем емес ғылыми және ересектерге қосымша білім беру мекемелерінде жеткілікті көлемде қосымша кәсіби білім беру бағдарламаларын меңгеруімен қамтамасыз етілуі тиіс.

Арнайы білім беру жағдайларын құрудың қадамдар.

1. Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жазылған медициналық қорытындылары болуы керек.

2. Жергілікті балалардың физикалық және (немесе) психикалық дамуларындағы ерекшеліктерді және (немесе) мінез-құлықындағы ауытқушылықтарды дер кезінде анықтау мақсатында балаларға кешенді психологиялық, медико-педагогикалық зерттеу жүргізеді, білім беруде арнайы жағдайларды құру бойынша ұсынымхаттар дайындап, бекітеді, сонымен қатар мұның алдында берілген ұсынымхаттарды нақтылайды немесе өзгертеді.

3. Ұйым консилиумы арнайы білім беру жағдайларын құрудың сипатын, ұзақтылығын және тиімділігін анықтайды. ПМПК-ның ұжымдық қорытындысын шығарады. Мұнда баланың психофизикалық дамуының құрылымына жалпы сипаттама беріліп, мамандар ұсыныстарының қорытындысы ұсынылып, бейімделген білім беру бағдарламасы мен арнайы жағдайлар жасау бойынша ұсыныстар жазылады.

4. Педагогикалық қызметкерлер бірігіп түзету жұмысының бағдарламасын құрастырады, оны мектептің Педагогикалық кеңесінің талқылап, шешім қабылдауы үшін ұсынады. Жұмыс барысында түзетулер, толықтырулар арқылы бағдарламалар жүзеге асырылады.

5. Түзету жұмыстарын жүзеге асыруда мектеп мамандарының біріккен іс-әрекеті маңызды болып табылады. Ол білім беру үдерісінде түрлі сала мамандарының мүмкіндігі шектеуі балаларды жүйелі қолдауды қамтамасыз етеді.

6. Жалпы білм беретін, арнайы және ғылыми мекемелердің кешенді өзара әрекет етуі үшін жағдайлар жасау. Бұл кадрлық ресурстардың жетіспеушілігінің орнын толтыруға, үнемі әдістемелік қолдауды жүргізуге, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға негізгі, бастауыш және жалпы білім беру бағдарламасын меңгертуде кездесетін сұрақтарға жедел түрде жауап алуға, түзету педагогикасы саласында ғылыми негізделген және шынайы инновациялық құралдарды қолдануға мүмкіндік береді.

7. Түрлі санаттағы ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін олардың ерекшеліктеріне байланысты арнайы жағдайлардың әрбір құрауышы білім берудің қажетті деңгейі мен сапасын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Бұл санаттағы балалардың түрлі сапада әрі көлемде әлеуметтенуіне мүмкіндік береді.

8. Осылайша, қандайда бір мүмкіндігі шектеулігі жіне ерекше қажеттілігі бар бала үшін білім беру үдерісін жүзеге асыруда жеке тұлғаға бағытталған жағдайлар құруда білім беру жағдайларының жалпы ерекшелігі көрініс табады. Бұл әрдайым белгілі бір баланың мүмкіндіктері мен ереккшеліктеріне сәйкес жеке және өзгертілген болуы тиіс.

Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:

  • балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;

  • оның жағымды қасиеттеріне сүйену;

  • оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену және т.б.;

Қорыта айтқанда, Инклюзивтік білім беру практикасының қалыптаса бастауы мектепті дамыту бағдарламасын, оның жарғысын өзгертуді, жаңа стратегиялық міндеттерді шешуге әкімшіліктің дайындығын талап етеді. Ондай болмаған жағдайда жаңадан пайда болған жеке жағдайлар оқшауланған түрде болады. Педагогтардың білім беру үдерісінің тұлғалық-бағдарлық және түзете дамыту технологияларын меңгеруге қажетті уәждері болмайды. Сондықтан ұйымдық мәселелерді шешу жалпы білім беру үдерісіне қосылған мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды сүйемелдеу қызметінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Оған мектепте «кедергісіз» білім беру кеңістігін ұйымдастыру бойынша бірізділік қадамдарын анықтайтын жергілікті нормативтік актілерді әзірлеу, бірыңғай стратегияда әрекеттенетін пәнаралық мамандар командасын қалыптастыру, әрбір маманның атқарымын, олардың өзара әрекеттену тәсілдерін анықтау жатады. Аталған факторлар жалпы білім беру үдерісіне қосылған мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділігін төмендетеді, ал бұл балалардың сапалы білім алу құқығын бұзады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектептің білім беру үдерісіне қосу үшін мектепте құрылған ұйымдық негіздер мен талаптардың барабар көрсеткіштері:

- білім беру үдерісіне қатысушылардың қарым-қатынасындағы жоғары педагогикалық мәдениет (шиеленістің, өзара наразылықтың, кемсітушіліктің, балалар қоғамының жіктелуінің болмауы),

- оқушылар мен ата-аналардың білім беру үдерісіне қанағаттанулары;

- оқушылардың ауруының төменгі деңгейі.




Пайдаланған әдебиеттер тізімі


1. Т.П. Дмитриева. «Білім беру мекемесінде инклюзия бойынша үйлестіруші қызметін ұйымдастыру». Инклюзивті білім беру. 3-ші басылым.- Москва: Мектеп кітабы, 2010.- 85 б.

2. В.Л.Рыскина, Е.В. Самсонова. Инклюзивті білім беру саласында шетелдік және ресейлік зерттеулер. - Москва: Форум, 2012 .–180 б.

3. Э.И.Леонгард, Е.Г.Самсонова, Л.И. Иванова. Инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайларын жақсарту. 7-ші басылым.- Москва: МГППУ, 2011.-280б.

4. Білім беру мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы білім алу жағдайларын ұйымдастыру: Әдістемелік нұсқаулық / Жауапты ред.С.В.Алехина.— М.: МГППУ, 2012.— 92б .

5. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың 8 санат бойынша білім алуын ұйымдастыру. Әдістемелік нұсқаулық. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰББА, 2016. – 64 б.

6. Н.Я. Семаго. Мүмкіндігі шектеулі бала үшін білім беру маршрутын анықтаудың технологиясы. 2-ші басылым.- Москва: Мектеп кітабы, 2010.- 210

7. Жалпы білім беру мекемелерінде естуінде бұзылыстары бар балалар үшін арнайы жағдайлар жасау. Инклюзивті білім сериясы. – М.2012

8. Жалпы білім беру мекемелерінде көру қабілеті бұзылған балалар үшін арнайы жағдайлар жасау: Әдістемелік жинақ/ Жауапты. ред. С.В. Алехина// Е.В.Самсонова. — М.: МГППУ, 2012. — 56б.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!