Иклюзивті білім
беру-заман талабы
Инклюзивті білімнің ерекше
білімді қажет ететін әр бір адам өмірінде алаты
орынын «Перед классом»
фильмі арқылы қысқаша түсіндіргім
келіп отыр. Бұл фильмде 2 көріністі байқауға болады, бірі ұстазы
оқушыны шектету көрінісі, екіншісі ұстазының қолдау білдірген
көрінісі, осыған орай ерекше білімді қаждет ететін оқушының
қоршаған ортасы өзіне деген сенімділіктерін көтеретіндігін айтқым
келген.
Фильмде «Туретта» синдромына шалыққан
американдық оратор, жазушы, оқытушы
Брэд
Коэннің өмірі сипатталады. Туретта
синдромы-генетикалық орталық жүйке жүйесінің бұзылысы. Бұл бұзылыс
адамның еркінен тыс, үнемі қайталанатын қимыл-қозғалыстар мен
дыбыстар арқылы сипатталады. Ерекше білім қажет етеін оқушының
басқа сынып оқушыларымен сабақ оқу кезіндегі еріксіз шыққан
дыбыстарының басқа оқушыларға кедергі келтіретіндігін айтып, енді
қайталанбайтындығын уәде етуін талап еткен ұстазының эмоционалды
әсерін байқасақ. Кейінгі мектептегі үлкен сауық кешіне кедергі
келтіргенін көрген ұстазы ортаға шақырып, себебеін сұрап кейін
бұлай қайтанбауы үшін не жасау керек екендігін сұрап, өз ойын
айтуға мұрша беруі, сол кездегі ерекше білім беруді қажет ететін
оқушының өзіне деген сенімдігі мен алға қойған арман мақсаттарына
жетуге деген ынтасының тууын көреміз. Сондай қолдаудың нәтижесінде
Брэд Коэнге 6 жасында аталған диагноз қойылғанымен, анасының
қолдауы мен сенімінің арқасында Брэд Коэн 1997 жылы Джоржия
штатының «Жыл
мұғалімі» атанады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ата-анасының
қолдауымен қатар, мұғалімдердің, құрдастарының қолдауы аса маңызды.
Яғни, қазіргі таңда әлем бойынша ерекше білім беруді қажет ететін
оқушылар саны артпаса, кеміп жатқан жоқ. Соған орай, әрбір сыныпта
осындай ерекшелігі бар оқушылар отыруы мүмкін, айтпағым олардың
ерекшелігін ескере отырып, шектетпеу, ығыстырмау, керісінше барынша
қолдау көрсету, қалыпты балалармен бірдей тең көру, біздің ұстаздық
парызымыз деп білемін.
Қазіргі уақытта ерекше білімді
қажет ететін балалармен жұмыс жасаудағы өзекті мәселе
– инклюзивті білім
беру. Инклюзивтік білім мүгедек
балаға өзінің құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді. Көшеде
өзінің жасындағы балалармен ойнап жүрген мектепке дейінгі жастағы
балаға жақын жердегі мектепке емес, ерекше жағдайдағы мектепке
баратыны жөнінде қалай түсіндіруге болады. Инклюзивті білім беру
системасының өзі инклюзивтік қоғамның дамуының тиімді механизмі
болып табылады. Инклюзивті білім беру системасын дамыта отырып,біз
инклюзивтік қоғам,яғни әрбір адам үшін қоғамды дамытуға жол ашамыз.
Инклюзивті білім мүмкіндігі шектеулі балаларға балабақша, мектеп,
институт, мектепке дейінгі және мектеп өміріне толық көлемде
қатысуына мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі
шектеулі балаларды теңдікке, тең құқылыққа ынтыландыру қорына
ие.
Инклюзивті оқыту негізінде
балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық
адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар
оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай
қалыптастырудың идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей қатаң
білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады.
Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін
қанағатттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда
жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін
қалыптастырады.
Инклюзивті оқытудың 3
мүмкіндігі бар:
Инклюзивті оқыту - барлық
балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп
өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс -
әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым - қатынасына қажетті
қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытудың негізгі
принциптері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен
жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір - біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет
етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай
орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын
кеңейтеді.
Жоғарыдағы айтылған
мүмкіндіктері мен принциптерін ескере отырып инклюзивті білім
берудегі педагог-дефектологтың атқаратын жұмысына қысқаша
шолу:
Инклюзивті оқытудағы
оқушылардың жалпы танымдық әрекеттерін дамыту , сабаққа деген
қызығушылақтарын ояту , берілген әрбір тапсырманы , нұсқаулықтарды
дұрыс түсініп орындату мақсатында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын.
Айтар болсақ, «Айырмашылығын тап», «Мария Монтессори технологиясы»,
«Артық затты тап», «Суретшінің қатесін тап», «Не жетіспейді», «
Суреттегі 10 айырмашылықты тап», «Қима суреттер,» «Пазл құрастыру »
мозайка, конструктор, моншақтар, ермексаз
т.б
МӘСЕЛЕН:
«Моншақтармен ойын»
әдісі
Моншақ ойыны екі қолдың да бағдарлауын арттырады. «Көз-қол»
бағдарлауын жетілдіреді. Бұл ойында тек қол іскерлігі ғана емес,
сенсорлық (түс, көлем, пішін) қабілеті де
дамиды.
«Екі қолмен сурет салу»
әдісі - Екі қолдың бір уақытта
қимылдауы, екі қолмен сурет салу -
мидың екі жарты шарын бір мезетте іске жұмылдыру болып
табылады.
«Ермексазбен ойын»
әдіс
Ермексаз баланы жалпы дамытатын әр түрлі қызықты ойындар өткізуге
мүмкіндік береді. Балалар ермексазды қолмен жібітеді, саусақпен
бөліп алады, домалатады, ширатады, ермексазды қалауынша қалыпқа
келтіреді және кез-келген уақытта ермексазды бүлдіріп алам деп
қорықпастан жұмысына өзгеріс енгізеді, ол өз ісіне деген сенімділік
тудырады.
Ермексаз ұсақ моторикасын дамытады, агрессияны басады, шығармашылық
қабілетін, тілін дамытады, қолдың бұлшықеттерін бекітеді. Өте
пайдалы ойынның бір түрі болып табылады.
«Қарақұмық» яғни гречка
ойыны.
Зейінін
шоғырландыруға ықпал жасайды, сәйкесінше ұсақ моторикасын
дамытады.
Сонымен қатар оқушының есте
сақтауын, сөйлеуін, зейін процесін жалпы қабылдау қабілетін
дамытуға ықпалын тигізетін түрлі методикаларды қолданамыз. Қолдан
жасалынған « Құм терапиясын», Монтессори ойындарын,қима суреттер
т.б
Сөздің соңын Неміс
педогог-дефектолог П.Шуманның сөзімен аяқтағым келіп
отыр «Бала кемістігінің
даму деңгейі неғұрлым төмен
болса, соғұрлым мұғалімнің білім
деңгейі жоғары болу керек».
Акишева Балжан
Эрлановна
Е.Ниетқалиев атындағы жалпы
орта білім беретін мектебі мемлекеттік мекемесінің
педагог-дефектологі
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек
ауданы Қамысты ауылы