Материалдар / ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚОЛДАУ ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚОЛДАУ ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада инклюзивті білім берудегі "қолдау" ұғымы мен оның түрлері туралы ғылыми түсініктер берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
476
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нурашева Эльмира Нурашкызы

педагогика ғылымдарының магистрі, әдіскер

36 ЖОББМ жанындағы инклюзияны қолдау кабинеті

Семей қ., Шығыс Қазақстан облысы


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚОЛДАУ ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ


Сапалы білімнің барлық білім алушыға қолжетімді болу шартын қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін түрлендіру процестерінің бірі инклюзивті білім беру болып отыр.

Инклюзивті саясатты дамыту барлық бала мектепте оқуға тең құқылы принципінің негізінде дамытуды, оқушылар мүмкіндіктерінің әр түрлілігін қолдауды қарастырады. Оқушылардың білім берудегі әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға, оқыту үдерісіндегі барынша мүмкін нәтижелерге жетуге бағытталған кез келген іс-әрекет қолдау болып табылады. «Қолдау» білім алушыларға білікті психологиялық көмек көрсету мәселелерінің аумағында пайда болды.

Қолдау терминін енгізу бұл ғылыми-лингвистикалық тәжірибенің нәтижесі емес, осы анықтаманы дәстүрлі – көмек, сүйемелдеу немесе қамтамасыз ету сөздерімен алмастыру бұл құбылыстың мәнін толық ашпайды. Мұнда қолдау көрсететін және қолдау көрсетілетіннің өзара әрекеттестігінің күрделі процесі жөнінде айтылады және оның нәтижесінде қолдау көрсетілетін объектінің дамуының артуына әкелетін әрекеттер жатады.

Енді осы түсінікке зерттеушілердің көзқарастары бойынша тоқталсақ. Мәселен, С. И. Ожеговтың түсіндірме сөздігіне сәйкес бұл термин қандай да бір құбылыспен бірге жүретін әрекетті білдіреді [1]. М. Р. Битянова қолдауды «баланың эмоционалдық қолайлылығы, оның табысты дамуы мен оқуына бағытталған психологтың білім беру ортасындағы кәсіби әрекеттерінің жүйесі» ретінде анықтаған [2]. Ал, Ю. Слюсарев «қолдау» түсінігін адамның өзіндік ресурстарын белсендіретін және өзін-өзі дамыту механизмдерін іске қосатын тұлғаның өзіндік санасының дамуы мен өзін-өзі дамытуына бағытталған психологиялық көмек көрсету ретінде қолданған [3].

Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінде қолдаудың әр түрлі модельдері әзірленіп, оның инфрақұрылымдары қалыптастырылуда. Оған психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік орталықтар, мектептегі қолдау қызметтері, кәсіптік бағдарлау орталықтары, психологиялық-педагогикалық қолдау, психологиялық-педагогикалық қолдаудың ресурстық орталықтары, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, сенім кабинеттері және т.с.с. жатады.

«Әлеуметтік-педагогикалық қолдау» терминіне тоқталу үшін, алдымен «әлеуметтік» және «педагогикалық» қолдау түсініктеріне анықтама берсек. И. А. Липский «тұлға дамуын педагогикалық қолдау кешенді сипатта болады: әлеуметтік саладағы адамдардың өзара әрекеттестігінің механизмдерін көрсетеді, бір мезетте уақыттық, кеңістіктік және институционалды формаларда болады, жүйелі-құрылымдық, процессуалдық және әрекеттік сипаттамалар арқылы көрініс табады» деп есептейді [4]. Педагогикалық қолдаудың мақсаты сүйемелденетін адам тұлғасын институционалды рәсімдеудегі арнайы педагогикалық жүйелер арқылы жүзеге асырылатын мақсатқа бағыттап дамыту болып табылады. Педагогикалық қолдау тұжырымдамасы мүдделі бақылау, кеңес беру, жеке өзінің қатысуы, баланың белсенділігінде көрінетін оның барынша дербестігін мадақтау процесі ретінде қарастырылады. Н.Б. Крылова педагогикалық қолдауды оқушының жанында бола алу, соңынан еру, оның жеке білім беру маршрутында, оқудағы жеке қозғалыстарында бірге жүру деп түсінеді [5].

Әлеуметтік-педагогикалық қолдау анықтамасына берілген дәлелдемелерді талдай отырып, келесі анықтаманы беруге болады: әлеуметтік-педагогикалық қолдау – бұл баланың қоғаммен өзара әрекеттестігі жағдайында баланы психологиялық дамыту және нәтижелі оқыту үшін әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар жасауға бағытталған маманның кәсіби әрекетінің белгілі бір жүйесі. Яғни, маманда тек диагностика, кеңес беру, түзету әдістерін меңгеріп қан қоймай, мәселелік жағдайларды жүйелі талдау, оларды шешуге бағытталған әрекеттерді бағдарламалау және жоспарлау қабілеті болу керек [6]. Қиын жағдайдағы баланың дамуын әлеуметтік-педагогикалық қолдау қарым-қатынастарды қолдау, яғни оларды дамыту, түзету, қалпына келтіру ретінде қарастырылуы мүмкін. Сонымен, әлеуметтік-педагогикалық қолдаудың мақсаты баланың жасына сай қалыпты дамуды қамтамасыз ету болып табылады [7].

Е. И. Казакова психологиялық-педагогикалық қолдау «балаға, оның отбасына және педагогтарға көмек көрсету, оның негізінде өзекті проблеманың шешу жолын таңдауда дамыту субъектінің барынша бостандығы мен жауапкершілігін сақтау; педагогтар, психологтар, әлеуметтік және медициналық қызметкерлердің күшін біріктірумен қамтамасыз етілетін мультипәндік әдіс; проблеманың диагностикасы мен оны шешудің субъектілік әлеуеті, мүмкін болатын шешу жолдарын ақпараттық іздеу, әрекеттер жоспарын құру мен оны іске асырудағы алғашқы көмек арасындағы үйлесімді бірлік; даму субъектінің өзі әрекеттері үшін жауапты болатын бағдарлық аумақты құруда көмек көрсету» деп түсіндіреді [8].

Э. М. Александровская психологиялық-педагогикалық қолдау – бұл білім беру үдерісінің жағдайында туындаған проблемаларды шешуде белгілі бір даму кезеңінде көмек көрсетуге бағытталған технология, балаға көмек берудің ерекше түрі деп атады [9].

Психологиялық-педагогикалық қолдауды ерекше білім беруге қажеттілігі (ЕБҚ) бар балалар, оған жататындар: танымдық белсенділігі жоғары немесе төмен деңгейі бар балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, оңалту курсынан өтіп жатқан балалар, жағдайы төмен отбасы балалары, қауіптілер тобының балалары, яғни өмірде қиын жағдайға тап болған балалардың барлығы қажет етеді.

Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары:

- бала дамуындағы кез келген мәселені шешудің кешенді, пәнаралық тәсілдері;

- білім беру үдерісіндегі баланың дамуын қолдаудың үздіксіздігі;

- қолдау үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамсыздандыру;

- қолдау әрекетін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жобалау;

- даму мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау шараларына ата-аналарды, педагогикалық және балалар ұжымын белсенді тарту болып табылады [10].

Жалпы білім беру мектебі оқушыға оның қажеттілігіне сәйкес қолдау түрін ұсынуға міндетті. Бұл қолдау қысқа мерзімді, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді негізді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді қолдау оқуда шамалы және уақытша қиындықтары бар, логопедпен, психологпен түзету сабақтарының қысқа мерзімді кезеңін қажет ететін оқушыларға көрсетіледі. Орташа мерзімді қолдау арнайы дайындалған педагогтар мен мамандардың кешенді қолдауын қажет ететін және дамуындағы ерекшеліктерге байланысты оқуда тұрақты қиындықтарға кездесетін оқушылар үшін ұйымдастырылады. Оқушылар дамуындағы мәселелер төменгі сынып сатысында жойылмаса, олар білім алуды арнайы сынып жағдайында және оқытудың келесі сатыларында жалғастырулары мүмкін. Бұл кезде оқушыларды ұзақ мерзімді қолдау жүзеге асырылады.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка – Москва, 2010.

  2. Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. – Москва: Совершенство, 1998.

  3. Слюсарев Ю. В. Психологическое сопровождение как фактор активизации саморазвития личности : автореферат диссертации кандидата психологических наук. – СПб., 1992.

  4. Липский И.А. Педагогическое сопровождение развития личности: теоретические основания // Теоретико-методологические проблемы современного воспитания: сб. науч. тр. – Волгоград : Перемена, 2004.

  5. Крылова Н.Б. Очерки понимающей педагогики. М.: Народное образование, 2003.

  6. «Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 524 бұйрығымен бекітілген.

  7. Битянова М. Р. Психология в школе: содержание и организация работы. М., 2000.

  8. Казакова Е. И. Система комплексного сопровождения ребенка: от концепции к практике. СПб., 1998.

  9. Александровская Э.М., Кокуркина Н.И., Куренкова Н.В. Психологическое сопровождение школьников Учебное пособие для вузов. М.: Академия, 2002.

  10. Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!