Материалдар / Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары және инклюзивті білім беру моделі. Инклюзивті білім беру принциптері.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары және инклюзивті білім беру моделі. Инклюзивті білім беру принциптері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Инклюзивті білім беру деген не? Инклюзияның тұжырымдамалық анықтамасы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясынан (БҰҰ, 1948) бастау алады. Декларацияда барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып дүниеге келеді деп айтылған. Кейіннен инклюзивті білім беру тұжырымдамасын ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік банк және т.б. сияқты беделді халықаралық ұйымдар кеңейтіп, семантикалық мағынамен толықтырды. Инклюзивті білім беру – барлық балалардың сапалы білім алуға тең қолжетімділіктің болмауының жаһандық проблемаға айналуына байланысты әлемдегі негізгі трендтердің бірі болып отыр. Мысалы, ЮНЕСКО деректері бойынша барлық мүмкіндігі шектеулі балалардың 10% - ы ғана мектепке барады, тек 5% - ы ғана бастауыш білім алады. Инклюзивті білім беру ...........................
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Наурыз 2023
2169
7 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары және инклюзивті білім беру моделі. Инклюзивті білім беру принциптері.


Инклюзивті білім беру деген не?

Инклюзияның тұжырымдамалық анықтамасы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясынан (БҰҰ, 1948) бастау алады. Декларацияда барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып дүниеге келеді деп айтылған. Кейіннен инклюзивті білім беру тұжырымдамасын ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік банк және т.б. сияқты беделді халықаралық ұйымдар кеңейтіп, семантикалық мағынамен толықтырды.

Инклюзивті білім беру – барлық балалардың сапалы білім алуға тең қолжетімділіктің болмауының жаһандық проблемаға айналуына байланысты әлемдегі негізгі трендтердің бірі болып отыр. Мысалы, ЮНЕСКО деректері бойынша барлық мүмкіндігі шектеулі балалардың 10% - ы ғана мектепке барады, тек 5% - ы ғана бастауыш білім алады.

Инклюзивті білім беру – барлық кемсітуішілік формасына тосқауыл қоятын, оқушының білім алудағы әртүрлі қажеттіліктері мен алуан түрлілігін есепке ала отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған, жалпы білім беруді дамытудың үздіксіз процесі.

Инклюзивті білім беру балалардың физикалық, психикалық, зияткерлік, мәдени-этникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді.

Әр түрлі анықтамаларды синтездеу инклюзивті білім беру сипаттамаларына қатысты келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді (1.1-кесте).

1.1-кесте. Инклюзивті білім берудің сипаттамасы.

Инклюзивті білім беру - БҰЛ…

Инклюзивті білім беру - БҰЛ…..ЕМЕС

... мектепті игілікті ортаға және барлық балалар үшін қол жетімді оқу орнына айналдыру үшін білім беру жүйесінің, білім беру мекемелерінің өзгеруі мен оларды жетілдірудің үздіксіз процесі.

...белгілі бір уақыт кезеңінде жүзеге асырылған бірыңғай жоба

...мәдениетті, білім беру саясатын және тәжірибесін оқушылардың әр түрлі қажеттіліктеріне жауап беретіндей қайта қарау.

...тек мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін мекемелерге қосуға ерекше назар аудару

...білім беру жүйесінің әр баланың қажеттіліктері үшін теңбе-тең орта құрудағы икемділігі.

...оқушыларды мектептің білім беру жүйесіне сәйкес бейімдейтін әрекеттер

... оқудағы кедергілерді жою; оқу процесіне, сондай-ақ академиялық және әлеуметтік табыстарға қол жеткізуге атсалысу. Әрбір жағдайды жекеше және өзгеше қарастыру.

...тек мектепке / сыныпқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге ерекше назар аудару; кез-келген жағдайда қолдануға болатын ережелер мен әрекеттер жиынтығы

...қабылданған шешімдерден, қатынастардан, қолданыстағы практикадан туындайтын кедергілерді жоюға баса назар аудару.

..қаржылық проблемаларды және кедергісіз орта құрумен байланысты проблемаларды жеңу

...әр түрлі қатысушылардың (педагогикалық кадрлар, ата-аналар, қоғам мүшелері, жергілікті көшбасшылар, үкіметтік емес ұйымдар және т. б.) ынтымақтастығына негізделген процесс.

...тек ресми тұлғалар немесе сыртқы сарапшылар енгізетін жоба.

... мектеп ортасында және одан тыс дамитын процесс (қоғамдастық құрған балама білім беру ортасы).

...тек жалпы білім беруде болатын процесс


Инклюзивтік білім беруді құру мемлекетке барлық балалардың жалпы білім алуын жақсартудың маңыздылығына сүйене отырып, аса дарынды балалардан бастап ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға дейін қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында инклюзивті білім беру ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) және жеке дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс ретінде қарастырылады.


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

Инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс.


Инклюзивті мәдениет инклюзивті білім берудің негізгі үш аспектісінің - инклюзивті саясатты әзірлеу, инклюзивті мәдениетті дамыту, инклюзивті практиканы жүзеге асырудың маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.

1.1-сурет. Инклюзияның үш аспектісі


Инклюзивті саясатты әзірлеу:

  • барлығына арналған мектепті дамыту,

  • әртүрлілікті қолдау.

Инклюзивті саясатты дамыту барлық оқушыларды қамтуға тырысатын және барлық оқушыларға арналған тиімді инклюзивті бағдарламасы бар мектепті құруға әкеледі. Мектеп ғимаратты барлық балалардың қажеттіліктеріне бейімдейді. Мектепте енгізілген бағалау жүйесі барлық оқушылардың нәтижелерін адекватты бағалайды. Педагог кадрларды үздіксіз оқыту оқушылар арасындағы айырмашылық негізінде жүргізіледі. Мектептің ресурстары біркелкі бөлінеді және мектептің өзіндік стратегиясы арқылы ата-аналар балалардың білім беру процесінің серіктесі болып табылады. Мектеп деңгейіндегі қосымша қызметтер (психологтың, логопедтің, көмекші педагогтің және т.б. болуы) барлық оқушылардың қамтылуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, мектепті басқаруға барлық педагогикалық кадрларды тарту көзделеді.




Инклюзивті мәдениетті дамыту:

  • мектеп қоғамдастығын құру,

  • инклюзивті құндылықтарды қабылдау

Мектепте инклюзивті мәдениетті құру ынтымақтастық идеяларын бөлісетін, өзінің барлық қатысушыларының дамуын ынталандыратын қауіпсіз, төзімділік танытатын (толерантты), әр адамның құндылығы барлығына қатысты жетістікке негізделген қоғамдастық құруға ықпал етеді. Мұндай мектеп мәдениеті барлық жаңа қызметкерлер, оқушылар, мектеп әкімдігі және ата-аналар қабылдайтын жалпы инклюзивті құндылықтарды қалыптастырады. Инклюзивті мәдениетте бұл принциптер мен құндылықтар бүкіл мектеп саясатына қатысты шешімдерге де, әр сыныптағы оқу тәжірибесіне да әсер етеді. Мектептің дамуы тұрақты және үздіксіз процеске айналады.

Мектеп мәдениеті жүргізіліп жатқан реформалар мен өзгерістердің негізі болып табылады. Мектепте қалыптасатын, білім беру мен оқытудың саясаты мен тәжірибесін өзгертетін инклюзивті мәдениетті жаңа қызметкерлер мен мектеп оқушылары белсенді қолдай алады.



ИНКЛЮЗИВТІ МӘДЕНИЕТ инклюзивті білім берудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және әртүрлілікті құрметтеу және айырмашылықтарға төзімділік құндылықтарын қабылдауды қамтиды. Инклюзивтік мәдениетті ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдарды әлеуметтендіру факторы ретінде ғана емес, сондай-ақ тұтас алғанда бүкіл қоғамның өзгеру негізі ретінде де қарау керек.

Білім беру ұйымдарындағы әрбір адамның өзіндік ерекшелігін, әртүрлілігін құрметтеу, білім берудің кез келген субъектісіне қолайлы, жағымды мектеп қоғамдастығын құру, инклюзивті құндылықтарды қабылдау инклюзивті мәдениетті қалыптастырудың негізін құрайды.

Білім беру ұйымдарында қауіпсіз білім беру ортасын, білім алушылардың оң психо-эмоционалдық көңіл-күйін, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға, мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алуға ерекше назар аудару қажет.


Инклюзивті мәдениет баланың денсаулығындағы ауытқуына емес, оның қажеттіліктеріне назар аударудан басталады.

Инклюзивті тәжірибені дамыту:

  • оқу процесін басқару,

  • ресурстарды жұмылдыру.

Практика мектеп мәдениетін де, инклюзия саясатын да сынып деңгейінде қамтамасыз етуді білдіреді. Оқыту- оқуға барлық оқушылардың қатысуын көздейді. Сабақ әртүрлілікті түсіну мен құрметтеуге бағытталады. Оқушылар өз оқулары үшін жауапкершілікті алуға үйренеді, ал мұғалімдер оқушылардың сабақ тақырыбын түсінуіне көмектеседі. Сабақтарда оқушылар бірге жұмыс істеу арқылы бір-біріне көмектеседі. Мектеп қызметкерлері балалардың қиындықтарына түсіністікпен қарайды. Оқушылар оқу процесінде жетістікке жетеді. Білім берудегі қиындықтар жақсы тәжірибе алу мүмкіндігі ретінде қабылданады. Мектептің барлық мұғалімдері мектеп қызметін жоспарлауға қатысады .

Осы үш аспект мектепте инклюзияны дамыту үшін өте маңызды. Мектепте жүргізіліп жатқан кез келген реформалар мен өзгерістердің барлығы осы үш бағытқа назар аудару қажет.

Инклюзивті оқыту тәжірибесін таңдаған мектеп үшін белгілі бір оқушыны оқытудағы қиындықтардың нақты себебін анықтау өте маңызды. Бұл мектептегі оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы қалыптасқан қарым-қатынаспен, мәдени айырмашылықтармен, оқу жоспарларының, оқыту мазмұны мен әдістері оқушының қажеттіліктеріне, мектеп әкімшілігінің саясатына сәйкес болмауымен, ресурстардың жетіспеушілігіне байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ инклюзивті оқыту тәжірибесінде ресурстық кедергілер бар.

Ресурстық кедергілер-бұл инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін материалдық ресурстар мен қаражаттың жеткіліксіздігі ғана емес. Ресурстық кедергілер қызметкерлер мен мектеп әкімшілігінің кәсіби көзқарасы, білімнің жетіспеушілігі және инклюзияға қатысты нақты мектеп саясатының болмауының салдарынан туындайды.

Білім беру жолындағы осындай кедергілерді еңсеру мектептің физикалық ортасын өзгерту және қаржыландыруды ұлғайту бағытында ғана емес, сонымен бірге мектептің мәдениетін, саясаты мен тәжірибесін өзгертуді де қамтиды.


Инклюзивті білі берудің модельдері

Әлемдік тәжірибеде инклюзияның екі негізгі тәсілдемесі бар:

1) инклюзияның медициналық моделі;

2) инклюзияның әлеуметтік моделі.

Медициналық модель мүгедектікті медициналық феномен ретінде анықтайды («науқас адам», «ауыр физикалық зақымдануы бар адам» және т.б.). Бұл модель патерналистік сипаттағы мүгедектермен жұмыс істеу әдістемесін анықтайды (яғни, қоғамның шектеулі-сүйемелдеуші ұстанымда болуы) және емдеуді, еңбек терапиясын, адамның өмір сүруіне көмектесетін арнайы қызметтерді құруды қамтиды.

Әлеуметтік модельге сәйкес, адам өз ауруының салдарын жеңілдетуге тырысуы мүмкін, бірақ өзін шектеулі сезінуі оның ауруымен емес, қоғам тарапынан жасалған түрлі кедергілердің болуымен байланысты. Әлеуметтік модельді ұстанушылар адамдардың мүгедектігіне назар аударудың орнына, олардың денсаулық деңгейіне көбірек назар аударады. Басқаша айтқанда, мүмкіндіктердің шектеулі болуы қоғам ішіндегі әлеуметтік-экономикалық қысым көрсету ретінде түсіндіріледі, сондықтан мұндай адамдарды қысым көруші топ ретінде қарастыруға болады.


1.2-кесте - Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларға қолдау көрсету және бағалау моделі


ЕБҚ бар білім алушыларды бағалау және қолдау көрсетудің

медициналық моделі

ЕБҚ бар білім алушыларды бағалау және қолдау көрсетудің

әлеуметтік-педагогикалық моделі

«Білім алуындағы қиындықтар мен про- блемалар баланың бойында қалыптасқан және ол: «мүгедек, қабілетсіз, ауытқушылығы бар» деген ұғымға негізделген. Бағалау – медициналық диагнозға, ал білім беру - түзету тұрғысына бағытталған.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылар «жалпы үлгідегі жалпы білім беретін мектеп жағдайында барлық оқушылардың алуан түрлі қажеттіліктеріне сәйкес келуге дайын емес қоғамдық білім беру жүйесінің жетілмегендігі» салдарынан оқуда қиындық көріп отыр деген ұғымға негізделген. Бағалау адамның қажеттіліктеріне, ал оқыту білім беруге қолдау көрсетуге және бейімдеуге бағытталған.


Ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдарға қатысты қоғамның толеранттылығы жолындағы маңызды қадам мен оның алғышарты ретінде бүкіл әлемдік қоғамдастықта инклюзияның әлеуметтік моделін қабылдау болып табылады. Ол ЕБҚ бар адамдармен қарым-қатынаста, оқытуда және кәсіби дайындықта кедергісіз орта құруға бағытталған.

ЕБҚ бар оқушыларға сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етуді көздейтін әлеуметтік-педагогикалық модельді енгізу білім беру жүйесінің өзінде өзгерістерді қажет етеді. Қазіргі уақытта біздің елімізде инклюзивті білім берудің медициналық моделінен білім беру жүйесінің әртүрлі деңгейлеріндегі әлеуметтік-педагогикалық моделіне көшу процесі жүріп жатыр.

Қазақстанның мемлекеттік білім беру саясаты барлығына сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық деңгейлерде (мектепке дейінгі, мектеп, ТжКБ ұйымдарында, жоғары оқу орындарында) инклюзивті білім беруді дамытудың бағыт-бағдарын белгіледі. Бұл бағытта денсаулық бұзылыстарына, мінез- құлық және эмоционалдық проблемаларға, әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық, мәдени себептерге және т. б. байланысты білім алуда ЕБҚ бар білім алушыларға ерекше назар аударылады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері – әрбір оқушының білім алуында табысқа жету үшін психологиялық-педагогикалық әдістермен жүзеге асырылатын оқу-тәрбие процесіндегі көмек пен қызметке деген қажеттіліктер. 

Бұл тұста инклюзияны жекелей емес, бүкіл білім беру жүйесінің принципі ретінде қарастыру қажет.

Инклюзивтілік принципіне негізделген жалпы білім беруді дамыту білім берудегі құндылық бағдарлардың өзгеруін меңзейді. Инклюзивті білім беру құндылықтары келесі ұстанымдарға сүйенеді: білім беру процесінің барлық қатысушылары:

1)мүмкіндіктердің әртүрлілігін кедергілер мен проблемалар ретінде емес, ресурстар ретінде қарастырады Қоғамда толерантты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттыруға және жоғары сапалы білім алуды қамтамасыз етуге арналған ресурстар. Бір оқушының қиындықтарын еңсеруге бағытталған жұмыс, әдетте, басқа балаларға да пайдалы болады; 

2) оқу-тәрбие процесін оқуда жоғары жетістіктері бар оқушыларға ғана емес, сыныптағы барлық оқушыларға назар аудара отырып құрады; 

3) ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға тек мамандар емес (логопед, арнайы педагог, психолог, жеке көмекші) білім беру процесінің барлық қатысушылары, соның ішінде пән мұғалімі тарапынан қолдау көрсетеді; 

4) білім беру процесінде оқушыларға көмек көрсету мәселелерін шешуде командалық тәсілді қолданады;

5) оқушыларға қолдау көрсету және ұйымдастыру барысында оларды «бөлектеуден» бас тартады. Көмек «инклюзивті», «ерекше», «өмірлік қиын жағдайға тап болған» балаларға емес, оқушылар қауымдастығының толық мүшесі ретінде көрсетіледі. «Бөлектеу» кемсітушіліктің көрінісі болып табылады.




Инклюзивті білім беру принциптері

Инклюзивтік білім беру бұл белгілі бір принциптерге негізделген ұйымдастырылған күрделі жүйе.

Инклюзивті педагогиканың принциптері – бұл барлық компоненттерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесі есепке алынатын және оны ұйымдастыруға қойылатын бастапқы нормативтік талаптар және жалпы жетекші идеялар. Олар тарихи тәжірибе негізінде туындап, аталған процесті жан-жақты ғылыми зерттеу нәтижесінде қалыптасады.

Инклюзивтік білім беру жүйесін құрудың мазмұны мен ұйымдық формасын негізгі қағидалар негізінде жетілдірген дұрыс:

1. Табиғи сәйкестілік қағидасы білім беру табиғи және әлеуметтік мәдени процестерінің өзара-байланысы деген ғылыми түсінікке негізделуді

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!