Материалдар / Инклюзивті топта баламен жеке түзете-дамыту жұмысын ұйымдастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Инклюзивті топта баламен жеке түзете-дамыту жұмысын ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2020
1955
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жеке баламен жұмыс

Тақырыбы: «Ойлай отырып, ойнайық»

Мақсаты: Қыс, көктем мезгілдері туралы білімін жетілдіру.

Түрлі ойындар арқылы танымдық белсенділігін арттыру.Қол-саусақ моторикасын дамыту.

Міндеті: Көктемде табиғаттың біртіндеп оянатынын айту. Баланың сөздік қорын байытумен бірге танымдық қабілеттерін қалыптастыру. Тілін дамытып, ой-өрісін кеңейту.Баланың қызығушылығын арттыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Көктем, қыс суреті. Қорапша,сары дөңгелек пішіндер, түрлі- түсті қысқыштар, сүлгі, тікенекті құрастырғыштар.

Түзету-дамыту жұмысының барысы

Баламен әңгімелесу жұмысын жүргізу.

Балаға бірнеше сұрақтар қою:

-Балабақшаға кіммен келдің?

-Балабақшада достарың бар ма?

-Достарың кімдер? -Балабақшаға қандай көңіл-күймен келдің?

-Балақай қазір бізде жылдың қай мезгілі?

-Саған қандай мезгіл ұнайды?

1.Балаға жыл мезгілдері туралы ақпарат беріліп, жыл мезгілдерінің өзгерістерін суретке орналастыру ұсынылады.

-Суреттерді мезгілдерге сәйкестендіреді.


2. Дидактикалық ойын.

-Бұлт қайда болады?

-Бұлттан не жауады?

-Бұлттың түсі қандай?


Балақай қане, сопақша пішінді пайдаланып, бұлтқа қыстырғыштарды қыстырып, жаңбырдың тамшыларын жасайық.

-Ойынды аяқтағаннан кейін, баланы мадақтау.


3.Дидактикалық ойын. «Түрлі-түсті кемпірқосақ»

Түкті құрастырғыштарды пайдаланып, кемпірқосақтың суретіне қарап, түрлі –түсті түкті құрастырғыштарды пайдалынып, кемпірқосақ құрастыру.

Сергіту сәті

Қолға арналған массаж. Көңілді қаламды алып, алақан арасына алдымен жәймен, сосын тез дөңгелетеміз.


Саусақ жаттығуы қолға. Қолға арналған массаж.

«Қолымызды жылы суға жуамыз»-қолды жуудаға қимылды келтіру.

«Қолды жылытамыз» -екі қолды бір-біріне ысқылау арқылы уқалауды көрсетеміз. «Әр саусақты созу», «Екі қолды біріктіріп, жақсы көңіл-күймен алақанды соғу».

Релаксация

«Түрлі-түсті гүл шоғы»

Мақсаты: балалардың эмоцианалды көңіл-күйін көтеру.

Балалар біз, орман алаңымен келеміз деп елестетіңдер.Күн ашық, құстар сайрап жүр, самал жел соғып тұр. Өсімдіктердің хош иісін байқаңдар?!

Біз орманда саяхаттамыз, мұнда түрлі-түсті гүлдер бар, ақ, қызыл, көк, сары т.б.

Гүлдерді жұлуға болмайды. Олар біз секілді өмір сүреді. Енді, сіздерге ұнаған гүлді таңдаңыз. Оның түсін , көлемін байқаңыз, естеріңе сақтаңыздар. Енді бізге кейін оралу керек.

«Гүл шоғы» жаттығуы

Мақсаты: Қол саусақ маторикасын дамыту. Сиқырлы қораптағы гүл күлтешелерін түстеріне қарай, түймелеу арқылы әдемі гүлді құрастырамыз.Балалар алда қандай жыл мезгілі келе жатыр? Көктем мезгілінде қандай мерекелер бар?

-Дұрыс айтасыңдар! –Аналар мерекесі келе жатыр.

Әдемі гүл шоқтарын анамызға сыйлауға дайындап қойдық. Жарайсыңдар!

Қорытынды

Балақай, бүгінгі қызықты тапсырмалар саған ұнады ма?

-Жыл мезгілдерінде қандай өзгерістер болады екен?

Баланы мадақтап,марапаттау.







Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жыл мезгілдерінің атауларын.Түстерді ажырата алуды.

Игереді: Шығармашылық қабілетінің дамуы. Ортамен қарым-қатынасқа ашыла түсуді.

Меңгереді: Құрастыру барысында сәйкестік пен қимылдың белсенділігін. Танымдық қабілеттерінің дамуы.









Психолог

Психолог-педагогтың жұмысы

Естiген нәрсенi ұмытпастыққа төрт түрлi себеп бар: әуелi — көкiрегi байлаулы берiк болмақ керек; екiншi — сол нәрсенi естiгенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңiлденiп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшiншi — сол нәрсенi iшiнен бiрнеше уақыт қайтарып ойланып, көңiлге бекiту керек; төртiншi — ой кеселi нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдерi: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкiшiлдiк, я бiр қайғыға салыну, я бiр нәрсеге құмарлық пайда болу секiлдi. Бұл төрт нәрсе — күллi ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

(Абай Құнанбаевтың отыз бiрiншi қара сөзi)

Психологиялық көмек адам өмiрiнiң барлық кезеңдерiнде қатар жүретiн уақыт жеттi. Мектепке дейiнгi мекемеде психологиялық қызмет құру қажеттiлiгi басқа түскен қиыншылықтарды кеңiнен шешуге қабiлеттiлiгi дәлелдейдi:

  • Баланың қабiлеттерiн ашуда, дамуында, бойындағы икемдiлiктерiн байқауға, баланың психологиялық және жеке тұлғалық дамуындағы болатын кемшiлiктерiнiң алдын алуда психологиялық көмектiң маңызы зор;

  • Балалардың толық құнды тұлғалық және интеллектуалды дамуына әсер етедi;

  • Әр балаға жеке көңiл бөлудi қамтамасыз етедi

  • Мектепке дейiнгi жалпы бiлiм берудiң бағдарламасымен қатар жүредi;

  • Мектепке дейiнгi мекемедегi психологиялық климаттың жайлы болуын қалыптастыруға жәрдем жасайды;

  • МДМ-нiң педагогикалық ұжымының мүшелерiне және балалардың ата-аналарына уақытында психологиялық көмек көрсетедi.

  • Балалардың мектепке дайын болуына психологиялық әсер етедi.

Педагог-психолог жұмысының негiзгi бағыттары психологиялық ағартушылық, психологиялық алдын алу, психологиялық және психо-педагогикалық диагностика, дамыту және психотүзету жұмыстары, психологиялық ақыл-кеңес беру болып табылады.

Психологиялық ағартушылықтың негiзгi мағынасы тәрбиешiлер мен ата-аналарды баланың психологиялық дамуына жайлы жағдай жасаудың негiзгi заңдылықтары мен шарттарымен таныстыруда жатыр.

Ағартушылық жұмыстың тақырыптық мазмұны ата-аналар мен тәрбиешiлердiң қалауынша болса, психологтың да қалауынша болуы мүмкiн. Психологиялық алдын алу баланың даму процессi, қандай да дағдыларының қалыптасуы, пайда болған қиыншылықтары туралы уақытында хабарлауды қарастырады.

Психологиялық диагностика — бұл балаларды МДМ болған уақыт iшiнде тереңдетiлген психолого-педагогикалық тұрғыда бақылау, олардың оқыту және тәрбиелеу үрдiсi кезiнде жеке мүмкiндiктерiн анықтау, педагогтарға ұсыныстар жасау және ата-аналарға тәрбиелеу, оқыту және дамуға байланысты сұрақтарды шешуге жәрдем көрсету. Диагностика әңгiмелесу, бақылау, сауалнама алу, баланың шығармашылығын талдау, тестiлеу түрiнде өткiзiледi.

Дамыту және психотүзету жұмыстары өз жұмысында балалармен, ата-аналармен, тәрбиешiлермен толық құнды психологиялық және тұлғалық дамуды қамтиды. Топпен, жеке, тренинг сабақтар, дарынды балалармен жұмыс, мектепте оқуға даярлау жұмыстары жүргiзiледi.

Ақыл-кеңес беру жұмысы ата-аналармен және педагогтармен ұсыныс жасау түрiнде өтедi.

3-4 жасар балалардың ерекшеліктері

Сюжеттiк-рөлдiк ойындар — 3-4 жастағы баланың тұлғалық, интеллектуалдық, жалпы психологиялық дамуында ерекше орын алатын жетекшi iс-әрекет болып табылады. Бұл кезең баланың тiлге, оның дыбысталуы мен мағынасына ерекше қызығушылығымен, сезiмталдығымен ерекшеленетiндiктен, баланың тiлiн дамытуға өте қолайлы.

Бұл жастағы балалар үлкендермен қарым-қатынас жасауға өте ықыласты болады. Әртүрлi сұрақтар қойып, өздерi бiлетiн ертегiлердi бар ынтасымен айтып бередi. Танымдық қызығушылығы белсендi болады. Үлкендермен қарым-қатынас жасау қажеттiлiгi қанағаттанбаған кезде, олардың арасында эмоционалдық жатырқаушылық пайда болады. Төрт жасқа қарай бала құрдасын ортақ iс-әрекетке қатысушы есебiнде қабылдайды.

3-4 жасар баланың өзiн-өзi бағалауы өте жоғары деңгейде болады. Бұл — бiреу оның тұлғалық қасиеттерiн дұрыс бағаламаған кездегi өз-өзiн қорғаудың «тұлғалық» механизмi болып табылады.

3 жас пен 4 жас аралығында баланың сенсорлық үдерiсiнiң — сезiну мен қабылдау түрлерi қалыптасады. Фонематикалық есту, түстi ажырату, көз қырағылығы, заттардың пiшiнiн ажырату қабiлеттерi жетiле түседi.

Балалар заттарды ұстап көрiп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшедi. Жаңа заттарды қарап, көзбен көрiп танудан сипап-сезу, есту, иiскеп көру арқылы қабылдауға ауысады.

Сөз — 3-4 жастағы балалардың сенсорлық үдерiстерiн дамытуда жетекшi орын алады. Балалардың сөздiк қорын заттардың сынын, бiр-бiрiмен қарым-қатынасын бiлдiретiн, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын жаңа сөздермен байытады.

3-4 жастан бастап баланың есi ерiксiз сипатта болады. Бала материалды өзi iс-әрекетке тiкелей қатысу арқылы есiне сақтайды. Бұл жастағы баланың ойлау қабiлетi сапалық өзгешелiгiмен ерекшеленедi. Оған қиял мен шындықты ажырату қиынға соғады. Ол — өзiмшiл. Оған анимастикалық түсiнiктер тән. Айнала қоршаған заттардың бәрiн өзiмен салыстырады, олар да өзi сияқты ойлауға және сезiнуге қабiлеттi деп ойлайды.

Нысандарды қарастыра отырып әдетте, ол заттың едәуiр ашық бөлiгiн ажыратады.

Мектепке дейiнгi кiшi жастағы балаларда кеңiстiк, уақыт, сан туралы қарапайым түсiнiктерi қалыптаса бастайды.

3-4 жасар балалар ауа райы құбылыстары мен оның салдары арасындағы қарапайым байланыстарды түсiне бастайды. Тек қана өзi ғана емес, басқа да тiршiлiк иелерi де тағам мен судағы қажеттiлiгi бар екенiн түсiнедi. 3-4 жасар балаларда құрастыру әрекетi әлi де ойынмен бiрге ұштаса отырып жүргiзiледi. Әр түрлi материалдарды қолдану барысында балалар олардың қасиеттерi мен құрастырудың ерекшелiктерiн танып-бiледi.

Бұл кезеңде балалар қарапайым қол еңбегi түрлерiнiң әдiстерiн меңгередi (бүктеу, умаждау, жырту және ұсақ-түйектердi қолдан жасау).

Төрт жасқа қарай балалар көркем шығарма мәтiнiн эмоционалды және тұтастай қабылдайды. Оның материалды қаншалықты түсiнгендiгi сөйлеу тiлiнде ғана емес, заттарды ажырату және ойын әрекеттерi үстiнде байқалады.

Бала үшiн бейнелеу өнерi — өзi жасаған бейнелер. Бұл бейнелер баланың өзi сияқты дербестiгiмен, ашықтығымен ерекшеленедi.

Мүсiндеу, жапсыру, сурет салу барысында сызықтар мен пiшiндер тiрiлiп, баланың көз алдында жағу, сызу арқылы бейнеге айналады. Бала сызықтарды, пiшiндердi, түстi дақтарды, жағуларды қолданып, қарапайым сюжеттердi бейнелей алады.

Бұл кезеңде көп балалардың музыкаға ықыласы жоғары деңгейде болғандықтан, музыка мәдениетiн меңгертуге өте қолайлы.

Мектепке дейiнгi кiшi жаста баланың моторлық қызметтерi қарқынды дамиды. Балалардың қозғалыс белсендiлiгi iс-әрекет дербестiгiнiң жоғары деңгейлiгiмен сипатталады.

3 жастан бастап нақты және саналы қызығушылығы бiлiне бастайды, бұл кезеңде бала өзiндiк еркi бар жеке адам екенiн түсiне бастайды. Ми қызметi мен психикалық қызметi қарқынды дамуын жалғастырады, мiнез-құлқында өзгерiстер пайда болады. Көркем шығармаларды қабылдауы мен музыкаға деген ықыласы артады. Бұл баланың қызығушылығы мен қабiлеттерiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Көпшiлiкпен ойнайтын ойындарға қызығушылығы арта түседi.

Үш жасар бала — қажымас қайраткер, ол желiмдеуге, мүсiндеуге, сурет салуға дайын, бiрақ ұзақ әңгiмелер мен түсiндiрулердi қабылдай алмайды.

3-4 жасар баланың тұлғалық дамуының базистiк мазмұны өзiнiң көпқырлылығымен, әрдайым даму үстiнде және әр жас кезеңiнiң өзiндiк мазмұнының ерекшеленуiмен сипатталады.

3-4 жастағы балалардың тұлғалық, базистiк сипаттамасына құзыреттiлiк, эмоционалдылық, бастамашылдық, дербестiк жатады.

Құзыреттiлiк. Бала төрт жасында әлеуметтiк құзыреттiлiктiң белгiлi деңгейiне жетедi: басқа адамға қызығушылығын бiлдiредi, оған сенедi, үлкендермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасауға тырысады. Басқа адамдармен байланыс орнату үшiн қатынасудың тiлдiк және тiлдiк емес (көзқарастар, ым, ишара, мәнерлi қылықтар мен қозғалыстар) тәсiлдерiн қолданады. Өзiнiң қай жынысқа жататынын түсiнедi («Мен ұлмын», «Мен қызбын»).

Бiлiктiлiк құзыреттiлiгi баланың қоршаған әлемдi танып-бiлу мақсатында әртүрлi сұрақтар қойып, белсендi қызығушылық танытуынан көрiнедi. Ол әртүрлi тұрмыстық заттар мен ойыншықтарды ерекшелiктерiне (түсi, пiшiнi, көлемi, фактурасы, құрылымы), қызметiне қарай қолданып, байқайды. Сонымен қатар ауызша сипаттай алады (үлкен, әдемi, дөңгелек, т.б.).

Ана тiлiн меңгеру негiзгi грамматикалық санаттар мен сөйлеу тiлiн меңгеруiмен сипатталады.

Екiншi тiлдi меңгеру. Мектепке дейiнгi кiшi жастағы бала екiншi тiлдiң неге керек екендiгiн түсiнбейдi. Сондықтан оны меңгерудi алдына саналы түрде мақсат етiп қоймайды. Ол балалардың өзге тiлдi адамдармен қарым-қатынас жасау барысында қалыптасады.

Екiншi тiлдi меңгеру үдерiсi баланың үлкендермен және басқа балалармен қарым-қатынасындағы тұлғалық, танымдық, ойын iс-әрекетi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру барысында құрылады. Осы мақсаттағы қарым-қатынас баланың тiлдiк ортаға тiкелей қатысуымен жүргiзiлуi керек. Бiрлескен iс-әрекет қуану, үлкендермен, құрдастарымен ынтымақтасу, олармен қарым-қатынасына қанағаттану негiзiнде қалыптасады.

Дене қызметiн дамытудағы 3-4 жастағы балалардың құзiреттiлiгi олардың өмiрлiк маңызды қозғалыс түрлерiн (жүру, жүгiру, өрмелеу), қарапайым гигиеналық және өз-өзiне қызмет көрсету дағдыларын меңгеруiмен анықталады.

Эмоционалдылығы. Балада үлкендермен эмоционалдық қарым-қатынас жасау қажеттiлiгi жоғары болады. Өзiнiң түрлi көңiл күйi мен сезiмiн (қуаныш, ренiш, қорқыныш, таңқалу, рақаттану, т.б.) ашық көрсетедi.

Бастамашылық баланың тiршiлiк әрекетiнiң барлық салаларында: қарым-қатынаста (үлкендерге бастамашылық қарым-қатынас: сұрақтар қою, өтiнiш жасау, т.б.), заттық-тәжiрибелiк әрекет (заттар мен материалдар: бояу, қағаз, ермексаз, конструкторлармен эксперимент жасау арқылы байқап көру), өз бетiнше құрастырған сюжеттi-бейнелеу ойындарында көрiнедi. Осы әрекеттер арқылы баланың шығармашылық қабiлетi дамиды.

Дербестiк — 3-4 жастағы балалардың маңызды ерекшелiгi («Мен өзiм», «Қолымнан келедi»). Олар барлық iс-әрекет түрлерiнде үлкендерге елiктеп, оларды қайталайды (өзi тамақтанады, киiнедi), мақсатты бiр iс-әрекетке қызығушылықпен кiрiседi (ыдыс жуады, кiр жуады, дүкеннен сатып алады және т.б.).

Үлкендер баланың белсендiлiгiн қолдап, ынталандырып отырумен қатар, әр кезде қауiпсiздiк ережелерiн сақтауы керек. Өйткенi бала айтылған ескертулердi ескере бермейдi, сондықтан үлкендер қауiптi жағдайлардың алдын алу шараларын ұмытпағаны жөн (зақым келтiретiн, жаралайтын, сынатын немесе кесетiн заттарды алып қою, шкафтардың есiктерiн жабу және т.с.с.).

3-4 жасар баланың психологиялық портретi

Сана-сезiм дамыту мен «Мен» деген өзiндiк ерекшелiгiн белгiлеу жеке тұлғалық дамытуды ынталандырады. Балақай өзiнiң кiм екенiн, қандай екенiн сезiне бастайды. Өзiнiң мiнез-құлқына және үлкен адамдардың әлемiне қызығушылықпен саналы түрде қарап, қоршаған ортаға байланысты баланың өзiнiң iшкi көзқарасы қалыптасады.

Балалармен үйде өткізетін сабақтар

Балалармен үйде өткiзiлетiн тiл дамыту сабақтары қызғылықты ойын түрi ретiнде өткiзiлуi тиiс. 3 жастағы балаларға арналған үйдегi тiл дамыту ойындары мынадай бағыттарға бөлiнуi керек: 1) баланың ойлау қабiлетiн дамыту, 2) баланың сөздiк қорын жаңа сөздермен байыту, 3) тiлдiк сезгiштiгiн дамыту, 4) грамматикалық қателердiң алдын алу, 5) өз ойларын байланысты түсiндiре алуын дамыту, 6) барлық дыбыстарды дұрыс айтуға арналған артикуляциялық аппаратты дамыту.

Норма бойынша 4 жасқа келген бала iшiнде, үстiнде, астында, жанында, артында, алдында, арасында деген (мекен үстелер) ұғымдарды дұрыс қолдана бiлуi тиiс. Бiрақ кейбiр балалар арнайы тiл дамыту сабақтары мен ойындары болмаған жағдайда мекен үстеулердi қолданғанда қиналады немесе оларды шатастыра бередi (мысалы, «үстелдiң үстiндегiге» үстелдiң iшiнде дейдi немесе жай ғана «мында» деп жауап бередi және кейде дұрыс жауабын бiлмесе саусағымен көрсетедi.

Балаларға бұл мекен үстеулердi дұрыс қолдануға үйрету тiл дамыту ойындарын қолдансаңыз оңайға түседi. 3-4 жасар балалардың барлығы ойнауды жақсы көредi және ойнап отырып жақсы ұғып алады. Ең жақсы жақсы көретiн ойындары — жасырынбақ ойыны. Бұл бәрiмiзге белгiлi қызықты, көңiлдi ойын арқылы мекен үстеулердi қолдануға тез үйретуге болады.

Келесi ойын түрi «Жұмбақтар»

1 нұсқа.

Үстелдiң үстiне қорап қойып, сол қораптың iшiне бiрнеше ойыншық саласы, бiрнеше ойыншықты қораптың үстiне қоясыз, бiрнешеуiн қораптың астына, бiрнешеуiн қораптың жанына қоясыз. Балаға жұмбақты шешуге ұсынасыз. Мысалы: «Мына ойыншық қораптың iшiнде жатыр. Ол үлкен». «Бұл доп!» — деп тапқанына қуанады бала. Қораптың iшiнде екi-ақ ойыншық үлкен доп пен кiшкентай қоян.

«Ал ендi сен маған жұмбақ жасыр», — деп ұсынады анасы. «Бұл қораптың үстiнде», — дейдi үш жасар бала. Сiз сұраңыз: «Ол ұзын ба?» «Жоқ», — дейдi балақай. «Ал ол қызғылт сары ма?» — деп сұрайсыз Сiз. Ол: «Иә», — дейдi.Сiз: «Мен таптым, бұл апельсин!» — дейсiз.

Бұл ойында мекен үстеулердi қолданып заттың нақты орналасқан орнын көрсету керек. Тапсырманы күрделендiру үшiн көбiрек заттарды салып, түсiн, формасын, көлемiн әр сынды қылу керек. Сiздiң балаңыз заттарды қойып, Сiзге жұмбақ жасыруды қуана-қуана iстейдi — рұқсат берiңiз. Сiздi үйрете отыра, өзi үйренедi! Одан басқа 3 жасар бала ойыншықтарға жұмбақ жасырып отыра, әсiресе егер ойыншық қателесе беретiн «түсiнiксiз» болса. Ойыншықтардың қателерiн түзетiп, баланың өзi ол қателердi жiбермейдi.

«Не өзгердi?» ойыны.

Үстелдiң үстiне бес ойыншық қоясыз. Мысалы, аюды ойыншық машинаға отырғызыңыз, қоянды машинаның iшiне, қуыршақ пен түлкiнi машинаның жанына, ал бақаны машинаның астына отырғызып қойыңыз.

Балаға кiм қайда екенiн есте сақтауды ұсыныңыз. Сосын балаға терiс қарап, көзiңдi жұм дейсiз (көзiн байлауға болады). Сол кезде ойыншықтардың орындарын ауыстыра қойыңыз. Көзiн ашқызып, не өзгергенiн сұрайсыз. «Аю машинаның үстiнде отырды, ал қазiр машинаның астында отыр». Ал бақа машинаның астында отырған, ал қазiр машинаның үстiне секiрiп кетiптi. Баланы мақтаңыз: «Сен қалай тез бiлiп қалдың, жарайсың!». Ал ендi менiң кезегiм сен маған тапсырма бер, мен айтайын. Ендi Сiз көзiңiздi жұмасыз, бала ойыншықтардың орындарын ауыстырады, Сiз не өзгергенiн айтып бересiз. Егер бала не өзгергенiн айтуға қиналса, көмектесiңiз: «Есiңе алшы, аю қайда отырып едi? Ал қазiр қайда отыр. Тамаша, жарайсың!». Ойынды бiрнеше рет, әр түрлi ойыншықтар мен заттарды ауыстырып қайталауға болады.

3,4 жасар балалардың шығармашылық ойлау дағдысын дамытуға арналған ойындар

Барлық ата-аналарға белгiлi жағдай — бала достарына зообаққа барғаны туралы әңгiмелейдi: «Бiз пiл көрдiк, ол маған күлiмдедi, тұмсығымен былғап шақырды. Сосын ол балмұздақ жедi…». Сiз ше таң қалып тұрсыз — мұндай жағдай болған жоқ қой деп. Осындайда таңданып күлуге болмайды. Одан да жаманы — баланың сөзiн бөлiп, «Олай болған жоқ қой» деуге болмайды. Баланың бар өмiрi — ойын, ал ондай өмiрде әрқашан фантазияға орын бар. Ойын деген — елестетiлген жағдаят емес пе. Үнемi мұғалiм, дәрiгер, ана, жүргiзушi немес директор бола бермейдi ғой. Мүмкiн ол ер жеткесiн жаңа машина ойлап табатын шығар немесе құрастырғыш болып, жаңа көпiр ойлап табар? Кiм бiледi! Баланы фантазия ықтырып әкетедi деп үрейленбеңiз. Ол орнына келетiн жайт. Ал балада барлау, зейiндiлiк, шығармашылық ойлау қабiлетi қалыптасады.

«Түрленген бұлттар» ойыны — бұл ойын шығармашылық елестету мен түгелдей қабылдау қабiлетiн дамытады.

Қалай ойнау керек: бұлттарды бақылайсыз. Олар неге ұқсайды? Олар қандай? Көңiлдi ме, көңiлсiз бе? Неге? Баламен бiрге елестетесiз. Оны мақтап отырыңыз.

Бекiтемiз: бұлттың суретiн салып баладан неге ұқсайтынын сұраңыз. Жылқыға ма? Онда құйрығын сала ғой. Қоянға ма? Онда құлақтарын сала ғой. Бұлт туралы өлең, тақпақты еске түсiрiңiз. Мүмкiн бұлт ертедегi ғажайып құсқа немесе жануарға ұқсайтын шығар?

Күрделендiремiз: бұлт туралы ертегi ойлап шығарыңдар.

Одан басқа «Кляксография», «Дөңгелектер», «Мен кiммiн, ойлап тап», «Айналдыру», «Әңгiмешiл суреттер», «Көңiлдi суреттер», «Кiм қандай маман болады», «Үй театры», «Ертегi сандықшасы», «Қораптағы театр», «Пайдалы тақпақтар» сияқты көптеген ойындар қолдануға болады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!