Материалдар / Инклюзия. Ашық сабақ: Ашу. Психолог сабағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Инклюзия. Ашық сабақ: Ашу. Психолог сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған сабақ Психолог сабағы Жеке сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қырқүйек 2024
206
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы. Жуалы ауданы. Психологиялық –педагогикалық түзету кабинеті КММ


Педагог-психолог: Каунбаева Элеонора Жумабековна

Психикалық дамуы тежелген балалармен жұмыс

Жеке сабақ: Қадирова Айман.

Сабақтың тақырыбы: Ашу.

Сабақтың мақсаты: Эмоционалдық коммуникациясын дамыту.

Өзінің жағымсыз эмоциясымен танысу оны қалай жеңе білуге үйрету.

Эмоциялар түрімен танысу, эмоцияны ажырата білуге үйрету.

Эмоцияның ашу сезімімен таныстыру.

Қатысушыға ашу үстінде өз- өзіне қөмектесуге үйрету.

Дамытушылық: Психологиялық танымдылықтарын дамыту, соның ішінде ойлау, қабылдау, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сенсорлық және психомоторлық қабілеттерін дамыту.

І. Ұйымдастыру кезең.

1. Амандасу

4. Жаңа сабақ


Психолог: Саламатсыңба! Мен сені тағыда өзімнің сабағыма келгеніңе өте қуаныштымын.Өткен сабақта біз қандай сабақ өттік?

Мына ілініп тұрған көңіл күйлердің ішінен ашуланып тұрған көңіл- күйді табамыз.

Айман «Ашу» эмоциясын іздеп табады.

Біз бүгін біз Ашу аралына саяхатқа барамыз.Көзімізді жұмып, көз алдымызға теңізді елемтетеміз, толқындардың толқып жатқанын, қайыққа жайғасып отырғанымызды елестетеміз.( Әуен Шум моря) ойнайды. Көзімізді ашамыз. Біз аралдамыз. Бұл жерде көбінесе ашуланатын адамдар мекен етеді. Әр түрлі тапсырмалар орындаймыз осы тақырыпта. Неге ашу бізге дос емес екенін түсінуіміз керек. Ашу бізге дос па? Сол туралы ұғым қалыптастырамыз.

Ашуді көрсет

Суреттегі әртүрлі көңіл күйдегі балалардың және аңдардың ішінен ашуланып тұрған суретті табады.

Али деген баланың көңіл күйін табамыз

Мимика

Суретке қарап суреттегі мимикаларды қайтала

Ашу туралы әңгімелесу.

Сен ашуланасың ба?

Ашу бізге қалай келеді?

Ашуланғанда сендер нестеісіңдер?

Ашуланғанда өзіңді ұстай аласың ба?

Ашуды жеңуге бола ма?

Ашуды жеңуге болады екен.

Үрмелі шар.

Менің қолымда үрмелі шар. Енді осыны үрлеп беріші Айман. Міне мына шар үрленіп өзінің жететін шегіне жетті, енді тағы үрлесе бұл шар жарылады.Сенде ішіңе өкпе ренішті жинаған сайын ол үлкейе береді. Шегіне жеткенде шар ұқсап жарылады. Ашуды да ішке сақтау сол сияқты өте ауыр. Енді ішкене шардың ауасын сыртқа шығаршы Айман. Көрдің ба ол енді жұмсарды. Енді осы шарды алып, барлық өкпе ренішіңді есіңе түсіріп шамаң келгенше үрле. Біз ішіміздегі өкпе- реніш ашуды барынша шығаруымыз керек. Шарды жарып жіберсекте болады. Біз ашуланғанда дұрыс тыныс, дем алуымыз бұзылады, ауа ағзамызға жеткіліктідей дұрыс жетпей қалады. Ауа дұрыс жетпегендіктен жетіспегендіктен ағзамыз шар сияқты үлкейіп, қызарып жарылып кеткіміз келеді.Өз ашуымызды игере алмай кетеміз. Әр түрлі әркеттер жасаймыз. Енді осылай болмас үшін нестесек болады?


Тыныс алу жаттығуы «Үрле».

Ол үшін лезде тыныс алуымызды ретке келтіруіміз қажет, ашуымызды қолға алып,игеруіміз қажет. Ол үшін мұрнымызбен терең тыныс алып, ааа-деп ауызымызбен демді шығаруымыз қажет. 5- рет жасаймыз. Тыныс алу жаттығуы бұл ашуды қайтаратын бір түрі.


Ашуланғанда біз нестесек болады?

Ашуды жеңуге болады. Ол үшін біз бір нарсеге ашуланғанда, өкпелегенде, жынымыз ұстағанда, сол ашуды жеңу үшін көзімізді жұмып ішімізден 20 дейін санаймыз. Болмаса ағып жатқан суға қарап тұрамыз. Жастықты ұрамыз, қағазды жыртамыз. Болмаса сурет саламыз, болмаса бояймыз. Үйді тазалағанда бізді ашуымызды жеңуге көмектеседі екен. Ашуланған нәрсені естен шығарып жіберіп сабыр сақтағанымз дұрыс екен.


Торайларға ашулы қасқырдан құтылуға көмектес.

Суретке қарап отырып ашулы қасқырдан торайды құтқарамыз.

Сергіту сәті: Өз ашуды игереміз

Біз қазір қызық ойын ойнаймыз.Қазір көк түсті допты көрсетсем сен қатты айқайлайсың. Егер қызыл түсті доп көрсетсем тыныш отырасың. Ал сары түсті көрсетсем қол соғасың.


Ашулы қаздар

Суретке қарап әңгіме құрастырамыз


Сенің бүгінгі көңіл күйіңді сал

Әсем әуен ойналады. Мына алдыңдағы ақ параққа өз көңіл-күйіңді саламыз. Оны өзіңе ұнаған түстермен бояймыз.


Қорытынды: Бүгін өтілген сабақ туралы талқылау.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!