Инновация — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс кәсіптік білім алудағы үрдістің дамуы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Инновация — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс кәсіптік білім алудағы үрдістің дамуы.

Материал туралы қысқаша түсінік
әдіскерлерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Инновация — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс кәсіптік білім алудағы үрдістің дамуы.

Басты бағыт – жас қазақстандықтарды дербес өмірге, бастамшыл еңбекке бейімдеудің тиімді жүйесін құру... Қазақстандық жастардың кең көлемін техникалық және кәсіптік білім алуға және индустрияландыру бағдарламасына қатысуға ынталандыру мен тартудың шараларын әзірлеу маңызды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә Назарбаев

Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми әдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді. Хүтвс педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер мен тәрбиешілердің рөлі арта түсуде. Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан - дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдық және басқа — жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан мұғалімнен арнайы психологиялық - педагогикалық дайындық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады. Білім беруді модернизациялау үрдісі, педагогтың кәсіби әрекетіне қойылатын жаңа талаптар әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың жаңа бағыттарын іздеуге жол ашады.Колледждегі инновациялық үрдістердің дамуына, педагог-зерттеушілерді даярлауға, дағдыларын, кәсіптік-құндылық бағдарларының тиімділігін арттырып, жүзеге асыру арқылы дамытуға ықпал ететін инновациялық әдіс-тәсілдерді әзірлеу мен меңгертудің қажеттілігі туындайды. Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар — озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс.Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару мұғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымындағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс тандап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.

«Ertis» Жоғары инновациялық аграрлық колледжінің Май бөлімшесіндегі педагогтері де инновациялық құралдарды пайдалана отырып, өз біліктіліктерін жетілдіріп отыруда. Ізденіс, талпыныс, жаңашылдыққа дұрыс көз қараспен өзін-өзі жетілдіру, студенттеріне бағыт –бағдар, жол сілтеу, білім беру барысында өндірістік оқыту шебері Галимова Бахытжан Ниязовна, 2020 жылғы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасының Н.Ә.Назарбаевтің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі А.Аймагамбетовтің құрметті грамотасымен марапаталды. Байқауларға қатысып сертификаттар, жүлделі орындағы дипломдар, газет-журанал беттеріне өз еңбектерін жариялап, шығармашылығын көрсете алды. Аспазшылар тобына дайындағын әдістемелік бағдарламасы рецензияланды. Бахытжан Ниязовна әр сабаққа видеороликтер, презинтациялар, зум арқылы жасалған сабақтар кәсіптік білім алудағы үрдісте инновациялық құрладарыды қолданып, интернет жүйесінеде қолданысқа енгізілді. Аспазшы тобының, ІІІ курс студенті Жумабекова Дина «WorldskillsPavlodar-2020» байқауында жүлделі бірінші орынға ие болды. Өндірістік оқыту шебері Бахытжан Ниязовна еңбек етуден жалықпай, күш – жігерін аямай, студенттеріне білім-тәрбиені жеткізе білгеніне көңіліміз толады. Жаңашылдыққа- өз шығармашылығын өмір шындығын арқау етті. Қоғам өміріндегі аса маңызды мәселелерді терең толғап, заман ағымын, ел қам-жайын әрқашан ойлап жүретін жандардың бірі. Біз ұжым болып ризашылығымызды білдіреміз. Қиындыққа мойымайтын жан деп санаймыз.

Басты бағыт - жас ұрпақтың дербес өмірге бастамшыл еңбекке бейімдеудің тиімді жүйесі іс жүзінде көрініп, жастар жинаған білімдерін іс жүзінде қолдана алатынына сенімдіміз.



«Ertis» Жоғары инновациялық

аграрлық колледжінің

Май бөлімшесінің әдіскері

Толкын Мухаметжанқызы Смагулова

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.04.2021
736
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі