Материалдар / ИННОВАЦИЯЛЫҚ МАРКЕТИНГ - ОТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ МАРКЕТИНГ - ОТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекеге қабілеттілігі өзекті мәселеге айналуда. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестік көптеген жағдайда инновациялық қызметтерді талап етеді. Кәсіпорынның инновациялық белсенділігі оның бәсекеге қабілеттілігінің стратегиялық маңызды факторларының бірі болып табылады. Бұл мәселені өз еңбектерінде жетекші шетелдік ғалымдар Кирнэн М., Кристенсен К., Сенге П., Сливотски А., Моррисон Д., Янсен Ф., Шумпетер И., Менш Г., Ван Дейн Я., Фримен Х. зерттеумен айналысты. Бұл тақырып барлық адамның қызығушылығын тудырады деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қаңтар 2018
1158
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ИННОВАЦИЯЛЫҚ МАРКЕТИНГ - ОТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ

А.Қ.Қалжанова
Болашақ университетінің колледжі мекемесінің
арнайы пәндер оқытушысы
Г.А.Әскербекова
Болашақ университетінің колледжі мекемесінің
УА-16/9 оқу тобының студенті

Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекеге қабілеттілігі өзекті мәселеге айналуда.
Сондықтан да нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестік көптеген жағдайда инновациялық қызметтерді талап етеді. Кәсіпорынның инновациялық белсенділігі оның бәсекеге қабілеттілігінің стратегиялық маңызды факторларының бірі болып табылады. Бұл мәселені өз еңбектерінде жетекші шетелдік ғалымдар Кирнэн М., Кристенсен К., Сенге П., Сливотски А., Моррисон Д., Янсен Ф., Шумпетер И., Менш Г., Ван Дейн Я., Фримен Х. зерттеумен айналысты [2]. Жалпы инновациялық қызмет рөлінің маңыздылығын талдау мақсатында кәсіпорын үшін инновацияның мәні мен маңызын анықтау қажет.
Инновация – экономикалық категория. Бұл категорияның кәсіпорын қызметіндегі маңызы оның функцияларында көрінеді. Инновация жаңа өнім немесе операцияға (технология, үрдіс) салынған капиталдың пайда болған нарық көрсеткіші болып табылады.
Кәсіпорындардың инновацияны белсенді қолдануы олардың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауын қамтамасыз етеді, жаңа нарықтарды игеруге, жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеседі, ал ол өз кезегінде өңірдің экономикалық дамуын, өмір сапасының жоғарылауын, салық базасының өсімін анықтайды. Төмендегі кестеде инновациялық белсенділікті бағалау өлшемдері келтірілген (кесте 1).

Кесте 1 Инновациялық белсенділікті бағалау өлшемдері


Инновациялық белсенділіктің бағаланатын өлшемдері
Өлшемдер сипаттамасы

1
Инновациялық мақсат пен инновациялық стратегияның сапасы
Инновациялық стратегияның инновациялық әлеуетке, сыртқы ортаның мүмкіндіктері мен қатерлеріне, мақсаттарына сай келуі

2
Инновациялық әлеуетті қолдану деңгейі
Басшылықтың қажетті әлеуетті: ресурстарды, ақпаратты, мамандарды және басқаларды тиімді қолдану қабілеті

3
Тартылатын инвестициялар деңгейі
Қолайлы инвестиция көздерін анықтау

4
Инновациялық өзгерістерді жүргізу кезінде қолданылатын әдістер мен бағыттар
Инновациялық қалыптасуларды ендірудегі белсенділік, нақты бәсекелік артықшылықтарды алуға бағытталған әдістер мен тұжырымдамаларды қолдану

5
Бәсекелік стратегия жағдайының сипаттамасына фирма әрекетінің сәйкестігі
Ортаның жағдайы мен объектінің (инновацияның) жағдайын ескере отырып сәйкес стратегиялық жағдайды қолдану: реактивті, белсенді және жоспарлы-болжамдық

6
Инновациялық стратегияны жасау мен жүзеге асырудың жылдамдығы
Инновациялық өзгерістерді жүзеге асыру мен инновациялық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша интенсивті іс-әрекеттер

7
Инновациялық белсенділіктің жүзеге асырылатын деңгейінің негізділігі
Белсенділік деңгейінің фирманың өзінің және сыртқы ортаның жағдайына сәйкестігі


Кәсіпорынның инновациялық белсенділігін бағалауда маңызды база ретінде инновациялық әлеуеттің элементтері болуы мүмкін. Ол элементтерге келесілерді жатқызуға болады: инновациялық-бағытталған бөлімшелердің болуы, мамандар құрамы, қаржылық ресурстар, материалды-техникалық қамтамасыз ету, интеллектуальды меншік, ұйымдастырушылық-басқарушылық көрсеткіштер.

Қазақстандық кәсіпорындардағы инновациялық белсенділікті арттырудағы олардың артықшылықтарына келесілерді жатқызуға болады:
–республикада мол табиғи ресурстардың болуы;
–университеттер, академиялық институттар мен басқа да ғылыми мекемелердің дамыған желісі;
– инновация саласындағы белсенді мемлекеттік қолдау саясаты;
–шикізат ресурстарына қолы жетімсіз бизнес-элитаның күшеюі.
Ал кемшіліктеріне:
–әлсіз инновациялық тәуекел-менеджменттегі, маркетингтегі жоғары тәуекел деңгейі;
–инновациялық қызметпен айналысатын мамандардың төмен үлес салмағы;
– шағын венчурлық бизнестің дамымағандығы;
–отандық ғылыми жасаулардың төмен бәсекеге қабілеттілігі мен шетелдік ескі технологиялар мен жабдықтарды сатып алуы;
– шектеулі қаржылық және материалдық мүмкіндіктер.
Мүмкіндіктеріне:
–өңдеуші сала кәсіпорындарының жоғары ғылыми сыйымдылықпен дамуы;
–университеттер айналасында инновациялық белдеулерді қалыптастыру;
–жергілікті кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігін ынталандыру;
–жоғары технологиялық салаларға қаржылық және менеджерлік ресурстардың ағымы мен қызығушылығының жоғарылауы.
Қатерлерге:
– кәсіпорынның сапалы инновациялық дамуының тоқтауы;
– инновациялық үдерісті тиімсіз ұйымдастыру;
–жаңа идеялардың, технологиялардың шетелге кетуі және қазақстандық ғалымдардың шетел мемлекеттері үшін интеллектуальды донорларға айналуы;
–жаһандану жағдайында ел экономикасы салаларының бәсекеге қабілеттілік мәселелерінің тереңдеуі.
Әлемде халықаралық масштабта жетекшілікке, яғни лидерлікке қол жеткізген компаниялар бір бірінен мүлдем өзгеше стратегиялар қолданады. Алайда, сәттілікке жеткен әр компания өзінің жеке стратегиясын қолданып, қызметінің түпкілікті жасырын қағидаларына сүйенеді және мұндай типтес компаниялардың сипаты мен эволюциясы бірдей болып табылады. Бұл компаниялардың барлығы инновацияларды қолдану арқылы жоғары бәсекеге қабілеттілікке ие болып, сәттілікке жетеді. Олар бәсекеге қабілеттілікке жетудің жаңа әдістерін меңгере отырып, ескі әдістерді жаңаша қолдану арқылы бәсекелік күрестің ең үздік әдістеріне қол жекізеді.
Инновациялар өнімнің жаңа дизайнында, өндіріс үрдісінің жаңа түрінде немесе әдісінде, маркетингтің жаңа ыңғайы немесе бағытында, жұмысшылар мен персоналдың біліктілігін арттырудың жаңа түрінде байқалуы мүмкін. Көбіне инновациялар қарапайым және шағын, аса үлкен емес болып келеді, сонымен қатар әдетте ірі технологиялық табыстарға немесе жаңашылдықтарға қарағанда аса елеусіз жетілдірулер мен жетістіктерге негізделеді, яғни көбіне шағын шаралар мен іс-әрекеттерден тұрады. Бұл үрдіске жиі жаңа идеялар емес, қайта қарапайым, күнделікті өмірде көп кездесетін, ойға оңай келетін, бұған дейін жүзеге асырылмаған идеялар қолданылып жатады. Осы орайда біліктілікті арттыруға және білім алуға, физикалық активтерге және тауар маркасының репутациясын, яғни беделін арттыруға капитал салынып, қаржы көп көлемде бөлініп отырады. Бұл кәсіпорын үшін инновациялардың тиімділігін арттыруға оң ықпалын тигізеді.
Кейбір инновациялар нарықта жаңа жағымды мүмкіндіктер тудыра отырып, бәсекелік артықшылықтарға жол ашады, яғни олардың пайда болуына мүмкіндік жасайды немесе компанияның бәсекелестері назар аудармаған нарықтың бос нишалары (т(ғаспағантерығы) мен сегменттерін толтыруға, иемденуге мүмкіндік береді. Егер бәсекелестер баяу жауап беретін болса, онда мұндай инновациялар айтарлықтай бәсекелік артықшылықтар береді. Мысалы, автокөлік жасау және тұрмыстық электроника салаларында жапондық компаниялар өзге бәсекелестері байқамай, назарына ілмеген және пайдасыз, тартымдылығы жоқ, маңызы да аса төмен деп есептеген сегментті, яғни шағын көлемге ие, энергияны аз тұтынатын компактты үлгідегі автокөлікерге назар аударып, оларды жасаумен және сатумен айналысып үлкен жетістіктерге ие болды.
Экономикалық әдебиетте инновациялық кәсіпкерліктің үш негізгі түрін көрсетуге болады:
өнім инновациясы;
технологиялар инновациясы;
әлеуметтік инновациялар.
Өнім инновациясы түсінетін түсімнің жоғарлауын, нарықтағы үлесінің кеңеюін, клиентураның сақталуын, мәртебенің (престиж) жоғарлауын қамтамасыз етеді.Технологиялар инновациясы еңбек өнімділігін жоғарлатуға, ресурстардың экономикасына, компаниялық ұйым пайдасын жоғарлатуға мүмкіндік береді, қауіпсіздік техникасын жүзеге асыруға, фирмашілік ақпараттық жүйелерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік инновациялар компаниялық ұйымның гуманитарлық саласының жоспарлы түрде жақсаруының жалпы процесі . Ол нарықтағы жұмысшы күшінің мүмкіндіктерін кеңейтіп, ұйым персоналын қойылған мақсатқа жетуге бейімдейді.
Инновациялардың дамуының қорғаушы күші нарықтық бәсекелестік болып табылады. Тиімді инновацияларды меңгерген коммерциялық ұйымдар өндіріс шығынын төмендетуге соған сәйкес таралатын өнімдердің жұмысын, қызметінің құның төмендетуге мүмкіндік береді.Нәтижесінде кәсіпкерлік құрылым басқа ұйымдармен бәсекелестіктеріндегі позициясын бекітеді.
Инновациялық әрекеттің түпкі мақсаты- жаңа өнімдерді игеру, оның пайдалы өндіріс инновациялық іс-әрекет ұжының маркетингтік іс-әрекетінің бөлігін құрайды.
Инновациялық іс-әрекеттерінің негізгі мақсаттары:
жаңа өнім түрлерін меңгеру;
жаңа материалдарды пайдалану;
жаңа технологияларды меңгеру;
жұмыстарды жақсарту, қазіргі заманға сай;
жаңа тауарларды енгізу;
жаңа нарықты бекіту;
Кәсіпорын қызметінде ннновацияларды енгізу және жетілдірулер енгізуде маңызды рөл ойнайтын құралдардың бірі ақпарат, яғни ақпаратты тарату құралы ретінде қазіргі кездегі заманауи сайтты айта кеткім келеді.
Бизнес жолына мақсат қойған әрбір стартаперден бастап, бизнесте жолы болған әр бизнесмен үшін маркетинг тауар сату мен тұтынушы жинаудың негізі болып табылады.Басты сұрақ: Сатуды қалай арттыру керек?
Бәрін санмен өлшеу керек.
Егер сіз сайт ашсаңыз — оның құны қанша, ол сайт арқылы сауданы қаншалықты арттыруға болатынын есептеуіңіз керек. Егер интернетке жарнамаңызды берсеңіз — ол жарнаманың нақты қанша сатылым, транзакция мен табыс беретінін есептеуіңіз керек.
Сайтты үнемі дамытып отыру керек.
Көп кәсіпкерлер сайтты жасап болғаннан кейін іс бітті деп ойлайды. Бұл — қателік. Сайт жасау — оффлайн саудадан онлайн саудаға қарай жасалған алғашқы қадам ғана. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстандағы барлық сауда-саттықтың 1,8 пайызы интернеттің үлесіне тиіпті. Салыстыру үшін айта кетсек, Ұлыбританияда бұл көрсеткіш 12 пайызды құрайды. Бұл дегеніміз — әлі кем дегенде 10 есеге дейін өсім болуы мүмкін.
Жаңа құралдарды пайдалану керек.
Интернеттен өз бизнесіңізге қатысты түрлі сауалнамаларды зерттеп көріңіз. Сол арқылы өзіңіздің бизнесіңізге сәйкес келеді-ау деген бір немесе бірнеше құралдарды таңдаңыз. Әрине, не істесеңіз де ең алдымен табыс табуды көздеуіңіз керек.
Орта бизнеске айналуға тырысу керек.
Шынында да дәл солай. Көшбасшы болу үшін алға қарай ұмтылу керек. Алдыңызға жаңа мақсаттар қойыңыз. Интернетте AB-тест жүргізу мүмкіндігі бар: сайтыңыздың қолданушыларының жартысы сіздің интернет-дүкеніңіздің жаңа дизайнын көреді, қалған жартысы ескі дизайнын ғана көреді. Осылайша қайсысында сауда көбірек жүретінін біліп, таңдауды соған түсіруге болады.
Бренд жасауға тырысыңыз
Өзі ісіңіздің атын шығаруға тырысыңыз. Мұндай жағдайда SEO, PPC (мән-мәтін арқылы жанрамалау), email-маркетинг (арзандығы жағынан ең тиімді әдіс) көп нәтиже бере алады. Сайтқа тікелей кірушілердің үлесі арта түседі әрі адамдар сайтыңызға көз үйрете бастайды.
Жаңашылдықтар кейбер ерекше жағдайларды ескермегенде үлкен күштің нәтижесі болып келеді. Бәсекелік күресті ең тиімді әрі жаңа тәсілдерді енгізетін компаниялар өз мақсатын көздейді
Келесі кезекте әлеуметтік желідегі маркетингті дұрыс қолдана білуіміз керек.
SММ (social media marketing) –дұрыс қолдану дегеніміз не?
Копирайтинг
Дизайн
Мақсатты аудитория
Аудиториямен байланыс
Таргетинг (ағылшын тілінен – дәлдеу деген мағынаны білдіреді
Компания жаңа енгізулердің арқасында бәсекелестік артықшылықтарға жеткеннен соң, тек әрдайым жақсартулардың арқасында ғана жағдайды ұстап тұра алады. Кез келген жетістікті қайталауға болады. Корейлік компаниялар стандартты түрлі-түсті теледидарлар мен бейнемагнитафондарды жалпы өндіру арқылы өздерінің жапондық бәсекелестерінің мүмкіндіктеріне жетті; бразилиялық компаниялар былғары аяқ киімның ерекше түрлерін өндіретін италяндық фирмалардың бәсеке қабілеттілігімен салыстыра алатындай технологиялық процесті құрылымдады, дизайнін ойлап тапты.
Бәсекелестер өзін жетілдіріп отырмайтын және инновацияны енгізбейтін кез-келген компанияны басып озады.
Белгілі бір елдерде негізделген компаниялар қандай себептерден қазіргі жағдайға қабілетті болып табылады? Неге олар үнемі жақсарту жолымен жүреді, неге бәсекелестік артықшылықтардың қиын көздерін іздейді? Оларды сәттілікке жиі әкелетін өзгерту мен жаңартуларды енгізу үшін көлемді кедергілерді жеңуге не қабілетті етеді?
Бұл сұрақтарға жауап компанияның төрт атрибутында, әрқайсысы жеке және барлығы бірге кәсіпорынның бәсекелестік артықшылықтарының негізін құрайтын атрибутында жатыр. Бұл атрибуттар:
Факторлар үшін жағдайлар. Елдің өндіріс факторларындағы позициясы, яғни квалификацияландырылған жұмыс күшінің болуы немесе аталған салада бәсекеге қабілеттілікке ие болу үшін инфраструктураның болуы;
Сұраныс деңгейі. Салалық өнім немесе қызмет үшін ішкі нарықтағы сұраныс сипаты;
Туысқандық және қолдаушы салалар. Аталған елде жабдықтаушы салалардың немесе халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті салалардың болмауы;
Тұрақты стратегия, құрылым және бәсекелестік. Елде қызмет ететін кәсіпорындарды құру, ұйымдастыру және басқару шарттары, сонымен қатар ішкі бәсеке сипаты мен ерекшеліктері.
Бұл аталған факторлар отандық кәсіпорындар бәсекеге түсуді, бәсекелік артықшылықтарға ие болуды үйренетіндей ұлттық ортаның қалыптасуына мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталаған шаралар кәсіпорын дамуында, бәсекеге қабілеттілігін арттыруда инновациялқ маркетингтің маңызының жоғары екенін көрсетеді.

Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстан халқына Жолдауында: ...Біздің міндетіміз – елдің жаңа өмір шындығы жағдайларындағы жаһандық бəсекеге қабілеттілігі. Үшінші жаңғырудың шешуші басымдықтарының бірі экономиканы жедел технологиялық жаңарту болады. деп нақты көрсетілген. Сонымен қатар компаниялардың маркетингке қызығушылығының инновациялық өнімдерге, инновация тәжірибесі мен теориясына аса зор көңіл бөлуіне, бұған қоса мемлекеттің инновациялық саясатқа назар аударып, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін осы аталған инновацияларды енгізу арқылы дамыту қажеттігіне үндеу тастап жатқанын айта кетуге болады.

Әдебиеттер:
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы, Қазақстанның индустриалды-инновациялықдаму бағдарламасы
Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстан халқына Жолдауы
Г.Л. Багиев, Е.Л. Богданова. Маркетинг инноваций – М., 2004.
/Инновации – движущий фактор глобальной конкуренции.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ