Материалдар / ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мырзалиева У.Т., педагог-зерттеуші, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №5 «А» мектеп-гимназиясы» КММ


ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ

Аннотация:

Ұсынылып отырған мақала мектеп мұғалімдеріне арналады. Бұл мақалада инновациялық оқытуды пайдалану, қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алу, білім алушылардың шығармашылық қасиеттерін дамытып, интеллектуалдық пәрменділігін арттыру мақсатында пайдалануға негізделеді.

«Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» А.Байтұрсынов

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің, әсіресе қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарымқатынасқа өту қажеттілігі туындайды. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәжірибе үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық қабілетін дамытуды, мұғалімнің іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай білім мен тәрбие беруде мұғалімдердің инновациялық іс – әрекетінің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі. Бүгінгі мақсат – әрбір оқушыға түбегейлі білім мен олардың жан-жақты дамуына, дұрыс тәрбие алуына жағдай жасап, мүмкіндік беру. Кез келген сапалы білім мен тәрбие мұғалімнің шеберлігі арқасында берілетіні бәрімізге аян. Сабақты түрлендіру арқылы оқушының қызығушылығы мен шығармашылық белсенділігін арттыру - әрбір мұғалімнің міндеті. Қазіргі сабаққа қойылатын басты талаптың бірі – оқушы ойын дамыта отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Сол сабақтың үстінде тек білім ғана емес, тәрбие де берілуіне ықпал ету. Бүгінгі жаңару заманында өзінің алдына мақсат қойып, болып жатқан өзгерістерді тез қабылдай білетін, алғыр да зейінді оқушыларға білім берудеміз. Қазіргі таңда білім саласында өзгерістер көп. Жаһандық әлеміндегі заманауи мектептерде білім мен инновацияны ықпалдастыру құзыретті педагогиканың негізі болып табылады. Құзыретті педагог өмір бойы оқу, өмір бойы білім алу принципіне сәйкес рухани кемелденумен қатар, кәсіби кемелдену арқылы акмеологиялық деңгейге жету үшін алға ұмтылатын, жетілген, жоғары жауапкершілікті, гуманистік тұрғыдағы әлеуметтік белсенділік пен басқаларға қамқор бола білетін, өзін-өзі іске қоса алатын креативті, жаңашыл тұлға. «Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Инновация латыншадан аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді немесе «инновация» — бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже — жаңалыққа бет бұрудың кілті. Инновациялық үрдістің негізі — жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Мақаламда өзімнің іс - тәжірибемнен мысалдар келтіре отырып, сын тұрғысынан ойлау технологиясының басты ерекшеліктерін қазақ тілі және әдебиет сабақтарында қолдану жолдарына тоқталып өтейін. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту» СТО бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста білім алушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданылып жүрген әдістердің бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы. Бұл технология білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, ойлау белсенділігін, тапқырлығын, өзіне деген сенімділігін, іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша сабақ құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс кезеңдерінен тұрып, әр кезеңдегі тәрбиелік және оқу мақсаттары әр түрлі стратегияларды қолдана отырып, алға мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, білім алушыларды өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелейді. Жалпы айтқанда, «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы сабақты жоспарлауда өте тиімді. Мұнда білім алушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады: — қызығушылықты ояту; — мағынаны тану; — ой толғаныс. Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Соңғы кезеңде білім алушы өз шығармашылық қабілетін таныта алады. Сонымен қатар, сабақтарымда «Джигсо», «Даралық пен ұқсастық», «Жұқа және Қалың» сұрақтар, «Ирек» стратегиясы, «Еркін жазу», «Венн диаграммасы», «Бес жолды өлең», эссе жазу, «Галлереяға саяхат», «Егер мен жазушы болсам...», «INSERT кестесі», «ББҮ» стратегияларын қолданамын.

Күтілетін нәтижелер: білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтары мен белсенділігі артады; шығармашылық жұмыстар арқылы ойын дамытады; өздігінен іздене алады, ғылыми зерттеу жұмыспен айналысуға көмектеседі; өзіне деген сенімділігі қалыптасады; жалпы алғанда оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейі артады. Сапалы білім беру тікелей мұғалімдердің қолында деп есептеймін. Қоғам дамуының ең басты шарты жеке тұлға тәрбиелеу десек,сол тұлғаны тек шығармашыл,жаңашыл ұстаз ғана тәрбиелей алмақ.Демек,шәкірт құзіреттілігі ұстаз құзіреттілігінен бастау алады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004

2. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. — //Қазақстан мектебі, №4, 2008

3. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007

4. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.

Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!