Инновациялық технология мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытудың негізі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Инновациялық технология мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытудың негізі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Бұл баяндамада инновациялық технологияның түрлері, пайдалану жолдары және жетістіктері айтылады. Сонымен қатар, мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдірудегі ролі баяндалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

14.15.01.

Инновациялық технология мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытудың негізі.


Кереева Гульмира Еселовна

Шамгонова Жанар Болатовна

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының оқытушылары

БҚО, Орал қаласы

Құрманғазы атындағы саз колледжі

shamgonova78@mail.ru


Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Бұл баяндамада инновациялық технологияның түрлері, пайдалану жолдары және жетістіктері айтылады. Сонымен қатар, мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдірудегі ролі баяндалады.

Түйін сөз: инновация, кәсіби шеберлік, жаңа технология, шығармашыл тұлға.

Ұлы педагог Ушинский: «Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатса, мұғалімдігі де жойылады» деген болатын. Қазақстан Республикасының Білім беру заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу делінген. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бір әдісі – жаңа технология негіздері болып табылады, яғни инновациялық технологиялар.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардан танымалдыққа ие тікелей ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын: компьютерлік-технология, мультимедиа технологиясы, қашықтықтан оқыту технологиясы, желілік технология, интернет технология, интерактивтік технология деп аталатын түрлерін білім берудегі инновациялық технологиялар тобына жатқызамыз. Барлық жаңа технологияның алдымен қоятын мақсаты-білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз бетінше ізденуін артырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады.

Қазіргі білім беру саласындағы инновациялық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектесетіндігі анық. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бұл, заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыстанатын, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаз болу керек деген сөз.

Қазіргі білім берудегі жаңа әдістер оқушының өз бетінше білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға, шығармашылығын қалыптастыруға, кез-келген мәселе жөнінде өз пікірінің болуы және оны дәлелдей алуы тағы сол сияқты ықпал ететіндігі белгілі. Осы жаңа әдістерді қолдану кезінде педагогикалық-психологиялық талаптарды біріктіре отырып, оқушының оқу материалын терең игеруіне жағдай жасау қажеттігі ескерілуі тиіс. Мұғалімнің шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың қабілеттерін жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, АКТ, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, иекмділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық. Сабақта оқушыларға ыңғайлы және жайлы жағдай жасалу қажет, сонда ғана оқудан жақсы нәтиже шығады, ол тұлға ретінде жан-жақты дамитын болады. Қай заманда болсын өзінің атқаратын қызметіне қарай, жеке қасиеттерінің көптүрлілігіне орай, өзіне міндеттелген талаптарға сай, оқытушы мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда ең қиын және ең ізгілікті мамандық болып саналады. Себебі, мұғалімнің міндеті жер жүзіндегі ең құнды дүние-адамды кемелдендіру болып табылады. Оқушы жүрегінен орын алған педагог рухани бай, зиялы және шығармашыл тұлға болуы қажет.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Оқу құралы. Алматы: Жазушы.

  2. Ибраимова Б. Ақпараттық технология-нәтижелі білім берудің көзі. Қазақстан мектебі, № 11

  3. Жадрина М.Ж. Жалпы білім берудегі жаңа үрдістер.

  4. http://www.google.kz Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.12.2021
435
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі