Материалдар / Инновациялық технологиялар арқылы химия сабағында қолданылатын тиімді тәсілдер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Инновациялық технологиялар арқылы химия сабағында қолданылатын тиімді тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия сабақтарында инновациялық технологиясын пайдалану әрі тиімді, әрі бүгінгі заман талаптарының қажеттілігін қанағаттандырады. Химиялық білім мен тәрбие беру аясында қоршаған ортаны сақтаумен қатар, оны жақсарту шараларында қамтылуы тиіс. Яғни, табиғатпен адам және табиғатпен қоғам арасындағы үйлесімділікті сақтап, олардың маңыздылықтары мен құндылықтарының өсіп отырылуын ескеру қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2021
954
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Инновациялық технологиялар арқылы химия сабағында қолданылатын тиімді тәсілдер


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»,- деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері атап көрсетілген.

Қазіргі таңда химия сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпал тигізуде.

«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтама берген. Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берегн Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновция», инновациялық үрдіс деп отырғанымыз-білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану, таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Осы анықтамаға сүйене отырып химиялық білім жүйесін қалыптастыру үшін химиялық білім, химиялық тәрбие, химиялық сана, химиялық мәдениет керек екенін білу жалпы пән мұғалімдерінің міндеті.

Химиялық білім берудегі құрамдас бөлігі, ол білім алушылардың табиғат пен тікелей қарым-қатынасынан туындайды. Сондықтан қазіргі таңда басты міндеттердің бірі инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы білім алушылардың химиялық білімін көтеру, саналы түрде пайдалану және жас ұрпақты жоғары деңгейдегі химиялық тәрбиеге баулу.

Білім алушыларды химиялық тәрбиеге баулу үшін-адамдардың айналадағы табиғи ортаға ілтипатпен қарау негізгі байлығы болып есептелінетін әрбір адамның денсаулығына қамқорлық жасау екендігіне көз жеткізеді. Сондықтан да қазіргі уақытта әрбір білім алушыны айналадағы табиғи орта жағдайына жауапкершілік сезіммен қарап, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу. Білім алушылардың химиялық мәдениетін тек сонда ғана жоғары сатыға көтеруге болады. Нақтылаудың бір жолы инновациялық технологияларды, оның ішінде сыни ойлау, саралап оқыту және ақпараттық технологияларды сабақтарда пайдалану.

Осындай инновациялық технологиялар түрлерін әртүрлі жолдармен химия сабағында пайдаланудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Қазіргі кезде балалардың санасына қоғам байлығы химиялық хал-ахуалдың толыққанды болуымен анықталатындығын сезіндіре, ұғындыра отырып тәрбиелеу-химиялық білім беру мұғалімдердің басты міндеті.

Химия сабақтарында инновациялық технологиясын пайдалану әрі тиімді, әрі бүгінгі заман талаптарының қажеттілігін қанағаттандырады.

Химиялық білім мен тәрбие беру аясында қоршаған ортаны сақтаумен қатар, оны жақсарту шараларында қамтылуы тиіс. Яғни, табиғатпен адам және табиғатпен қоғам арасындағы үйлесімділікті сақтап, олардың маңыздылықтары мен құндылықтарының өсіп отырылуын ескеру қажет.

Инновациялық технологияның түрлерін пайдалана отырып, модульдік жүйе арқылы оқытуда деңгейлік тапсырмаларды дайындау және сыни ойлау арқылы бұл оқу процесінің негізгі жетістіктері мен олардың арасындағы байланыстарды жүзеге асыру.

Деңгейлік тапсырмалар білім алушылардың психологиялық жас ерекшеліктері мен білім қорларын ескеріп жасалады. Сабақта қолданылатын түрлі көрнекіліктер білім алушыларды әр түрлі ойлау әрекетке бейімдейді. Сыныптағы білім алушылар өзінің шамасы жетерліктей қиын тапсырмамен жұмыс жасайды және өзінің алдағы уақыттағы мақсаттарымен, міндеттерімен жақсы түсінеді.

Тапсырмалар ауыр, жеңіл деген болмайды. Ғылыми-әдістемелік мәліметтерге сүйене отырып, тапсырмалар үш деңгей бойынша даярланады.

Сабаққа қойылатын өмір талабы мұғалімнен зор шеберлікті қажет етеді. Мұғалім білім алушы ізденісіне, пәнге қызығуына жол ашатындай іс-әрекеттерді таңдап алып, білім алушыны шығармашылықпен жұмыс жүргізуге үнемі баулып отыру керек. Сонда ғана білім алушы шын мәнінде ойлау қабілеті бар жеке адам болып қалыптасады. Жаңа инновациялық технологияларды сабақта жиірек қолданып отырса, білім сапасы да көтерілетіні сөзсіз. Мұндай сабақтар пәнді оңай игеруге, білім алушылардың жалықпауына, ғылымды тереңірек меңгеруіне жол ашады.

Әрбір ұстаз, өз алдында отырған жас жеткіншектердің білімді, қабілетті болып өсуіне күш салады, яғни біздің жауапкершілігіміз өте жоғары. Сол мақсатта оқытудың тиімді инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланамыз.

Бүгінгі оқытудың басты міндеті мұғалімнің білім беру және білім алушының білім алу қызметтерінің біріккен түрі екенін көруге болады. Нақтырақ айтса, оқу процесіне екі жақ та бірдей жауапкершілікпен белсене кіріскенде ғана қазіргі мұғалім мен білім алушы арасындағы қарым-қатынас серіктесе істейтін қызметке айналды. Қазіргі заман талабы, керісінше әр білім алушы сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны көбіне өзі игеріп, ізденіп, талдап пікір таластыру деңгейіне жетіп, үнемі даму үстінде болын қалайды. Сондықтан мектепте химия пәнін оқытуда білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге лайықтап өзгертуді талап етеді. Бұл талап химияны сыни ойлау арқылы деңгейлеп оқыту әдістемесін қолданған кезде ғана жүзеге асатындығы дәлелденген.

Химия пәнін жаңа инновациялық жүйе арқылы оқытуда интербелсенді тақтаны қолдана отырып деңгейлік тапсырмаларды орындау жүйелі жүргізілсе, білім алушының шығармашылықпен ойлау қабілеттерінің дамуы, өзіндік жұмыс жасау дағдысын жетілдіруге жағдай туады.

Химия пәнін мемлекеттік білім беру стандартты талаптарына сай инновациялық жүйе арқылы оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданып ұйымдастырылуы оқушылардың жеке және топта жұмыс жасау қабілетін арттыруға ықпалы зор.

Қорыта айтқанда, білім алушыға білімді терең меңгеруде сыни ойлау арқылы деңгейлік тапсырмаларды пайдалану білім алушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін, химия пәнін оқуға деген ынтасының жоғарлауына мүмкіндік береді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!