Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БАЛАБАҚШАДА ҚОЛДАНУ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Асабаева Бижамал Қуандыққызы
Қазақстан, Ақтөбе облысы ,Шалқар қаласы
«Балдырған» санаторлық бөбекжай бақшасының әдіскері
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БАЛАБАҚШАДА ҚОЛДАНУ
«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да,
Білікті адам жетер тілек, бағына»
Ғұлама Баласағұн
Қазақстан Республикасының
«Білім» туралы Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты
міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім
беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық
желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі
білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру
мәселесін қойып отыр.
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық
білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық
технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды
дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Мұндай күрделі міндеттерді
шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше.
Бүлдіршіндердің білім берудің кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын
анықтайтын негіз – балабақшадан қаланатындығы баршамызға мәлім.
Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін
ізгілендіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалуда. Оларды ғылыми
тілмен айтқанда «инновациялық процесс» немесе «педагогикалық
жаңалықтарды енгізу» деп аталады. Яғни, педагогика ғылымында жаңа
әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды
пайдалану.
«Инновациялық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан жаңа міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»
Қазіргі кезеңде білім
ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар
қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды
оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен
қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Мектеп жасына дейінгі
балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі
болып отыр
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар,
компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық
құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен,
инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Осындай құралдардың
бірі – мультимедиялық оқулықтарды балабақшада кеңінен пайдалану оқу
іс-әрекеттерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары
анық, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және
ұтымды пайдаланары айқын.
Мультимедиялық оқулықтар
біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін
қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және
алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар
бүлдіршіннің білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін
арттыра түседі. Мультимедиялық оқулықтар балабақша бүлдіршіндеріне
арналған таптырмас құрал. Себебі, бұл кезеңдегі балалардың зейіні
әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға, әдемі суреттерге, яғни,
әдемілікке, әсемдікке әуес болады. Кез келген сабақта әр түрлі
әдемі, ұнамды, жағымды суреттер, сызбалар, тәсілдер арқылы
графикалық иллюстрациялар негізінде ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін
арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай
жасайды.
Заманымызға сай қазіргі
қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін
ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша
көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды. Қазақстандағы білім
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы
жобасында қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру
үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың
бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби
біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің
еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне
үлкен мән берілген . Өз бетімен білім алу – педагогтың кәсіптік
шеберлігін көтерудің бірден бір жолы.
Қазіргі заман талабына сай тәрбие саласына енгізілген жаңа
бағыттағы тың үдерістерді тәрбиеші меңгеріп қана қоймай, оны
тәжірибеде орынды қолдана отырып, өз білімін, іскерлігін үнемі
жетілдіріп отыруы тиіс. Жаңа өмірдің стандарты «Жалпыға бірдей
білім, өмір бойы білім алу». Осы орайда 2009 жылы «INTER CEPBИС»
компьютер оқу орталығының «дербес компьютер операторы» мамандығының
куәлігін алдым. 2012 жылдың 12сәуір- 28 сәуір аралығында Ақтөбе
облыстық кадр біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында
«Мектепке дейінгі ұйымда жобалау технологиясын қолдану» білім
көтеру курсынан өттім. Бүгінгі таңда төмендегідей ақпараттық
бағдарламаларды меңгеріп, іс-тәжірибемде қолданып жүрмін:
Power Point
Microsoft Office жиынтығы
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы
Activstudio
Дарынды ұстаз К.Д.Ушинский: «Қызығушылығын туғызбайтын оқу бірте – бірте баланың білімге деген құмарлығын жояды,ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін,күш – жігерін тәрбиелемесе мәнін жояды» деген екен.Олай болса тәрбиеші ұйымдастырған оқу іс-әрекетінің жоғары мәнінде баланың қызығушылығын оятатын,әсерлі болуын қадағалап отыруды қажет етеді.Бүгінгі күні білім сапасын арттыру үшін сабақта не қолдану керек? – деген сұрақ туады.Оған жауап: Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттерінде жаңа технологияларды қолдануымыз қажет.Себебі,жаңа технологиялардың ерекшелігі – оның балаға жан – жақты ықпал етуі,жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін,танымдық процестерін (есту,көру),шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру,белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға,танымдық ынтасын жетілдіруге жетелейді.Үйреншікті әдіс-тәсілдер баланы қызықтырмайды,сондықтан баланың ойына, сезіміне серпіліс ендіруді мақсат етіп қою керек. жеке тұлға ретінде қарау – міндетіміз.. Жаңа технологияны жүзеге асыруда тәрбиешінің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі елеулі орын алады. Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгерту педагогтың интелектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, білім беру үрдісіне енуде. Осы орайда балабақшадаға педагогтары өздерінің өткізген ашық сабақ, дөңгелек үстел, тәрбиелік шараларымды республикалық ұстаздар сайтына жариялап, сайттың сертификатына ие болды және аудандық,облыстық, республикалық «Мектепке дейінгі тәрбие», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту», «Отбасы және балабақша», «Бала мен балабақша», «Мектепке дейінгі білім-тәрбие әдістемесі» журналдарына жарияланды.
Балабақшамызда ақпараттық
қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсатымыз - баланың
танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Балада танымдық қызығушылықтың
болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы
болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де
күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып
табылады. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен
тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен
дамуы болып отыр.
Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын
қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр
сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай
туғызу қажет.
Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.
XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды деп дана халқымыз бекерден бекер айтпаса керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 .Тілдерді оқыту:ізденіс және әдістеме. /ақпараттық-әдістемелік бюллетень/№3 2014ж Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасы.
2.Педагогикалық шолу.Облыстық ғылыми әдістемелік журналы№3.2013ж
3 «Жаңа білім бағдарламалары,инновациялар және құзіреттілік тәсілдеме- табысты мектепке қадамдар» облыстық тамыз педагогикалық кеңесінің материалдары Ақтөбе,2015ж 4.Ә.Иржанова. Жаңа стандарт негізінде бала танымын қалыптастыру. Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал «Тәрбие құралы» №5, 2010 жыл. 39-41б . 5.- Сайт бетінен А.З.Сисенованың «Ақпараттық технология-бүгінгі күн талабы» атты мақаласы