Материалдар / Инновациялық технологияларды кәсіби білім беру орындарында инновациялық әдістер мен технологияларды оқу үдерісіне қолдану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Инновациялық технологияларды кәсіби білім беру орындарында инновациялық әдістер мен технологияларды оқу үдерісіне қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Технологиялық инновациялар – бұл жаңа заманның компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялары. Технологиялық инновациялар экономикалық механизмдерде, оқытушылар мен білім алушылар еңбегін ұйымдастыруда түбегейлі өзгерістерге, оқытушылық қызмет сипатына зор үлес қосылады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Инновациялық технологияларды кәсіби білім беру орындарында инновациялық әдістер мен технологияларды оқу үдерісіне қолдану

Базарбаева А.Б

Ақтөбе Жоғарғы Политехникалық Колледжі

Ақтөбе қаласы


Инновация — кез келген жаңалық немесе жаңалықты енгізу ғана емес, бұл бүгінгі қолданыстағы білім жүйесінің тиімділігін арттыратын үдеріс. Инновациялық іс-әрекет — білім берудің кез келген деңгейінде инновациялық үдеріспен қамтамасыз ететін шаралар кешені және үдерістің өзі. Педагогикалық инновация білім беру жүйесін қайта құру, жетілдіру, модификациялау, өзгертуге байланысты немесе оның белгілі жақтарын, қасиеттерін және аспектілерін (жаңа заңнамалық акттерді, құрылымдарды, тұжырымдамаларды және интеграциялық байланыстарды және т.б.) жасақтау. Инновациялық үдеріс ұйымның мақсаты, құрылымы, міндеттері, технологиясы және адам ресурстарын қамтиды. Жалпы технология деген сөз грек тілінен алғанда техне – өнер, кәсіп, ғылым, логос – ұғым, оқу деген түсінікті білдіреді. [1, б. 152].

  Технологиялық инновациялар – бұл жаңа заманның компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялары. Технологиялық инновациялар экономикалық механизмдерде, оқытушылар мен білім алушылар еңбегін ұйымдастыруда түбегейлі өзгерістерге, оқытушылық қызмет сипатына зор үлес қосылады.

   Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:

  ● оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, іс - әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;

  ● оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;

  ● оқу процесінде қарым - қатынастың еркін болуы;

  ● оны үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы. [3, б.14 ]

Бүгінгі таңда білім алушыларды ХХІ ғасырда білікті де білгір маман қылып шығару үшін ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Білім ордасынан алған білімдерін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру Келесі кезекте біз интерактивті әдіс-тәсілдерді пайдаланудың маңыздылығана тоқталып кетсек. Жалпы интерактивті әдіс - тәсілдерді жиі пайдалану, ол әр сабақта оның мүмкіндіктерін түрлендіріп отыру – педагогтар қауымының басты міндеті болып келеді.
Интерактивтік оқу технологиясы (ИОТ) – деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, білім алушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым - қатынас құруға кепілдік беретін, оқытушы мен білім алушының іс - әрекетін оқу - ойындар түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз. Келесі кезекте әдістерге тоқталып кетсек, интерактивті әдістерге мыналар жатады:


миға шабуыл әдісі;

топпен жұмыс;

проблемалық шығарма әдістері;

рөлдік ойындар;

зерттеулер;

іскерлік ойындар;

сын тұрғысынан ойлау әдісі;

пікірталастар және т. б.

Оқудың интерактивті әдістерінің үлгісі:

  «Ми шабуылы», «ми штурмы» («дельфи» әдісі) – бұл әдіс, берілген сұраққа кез - келген білім алушы жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері керек. «Ми шабуылы» хабарландыруды анықтау керек болғанда және қатысушыларының белгілі сұраққа қатынасы кезінде қолданылады. Жұмыстың бұл нысанын кері байланыс алу үшін қолдануға болады.
         Инновациялық іс-әрекеттің негізгі функцияларына келесі педагогикалық үдерістер яғни: мақсаттары, білім беру мазмұны, оқытудың формасы, әдістері, компоненттерінің өзгеріс тәсілдері, технологиялары, басқару жүйесі және т.б. Сонымен бірге барлық зерттеушілер инновацияны инновациялық стихиялы ізденіс ретінде қарастырмау керек деген пікірге келеді, себебі инновация - мақсатты бағытталған, саналы өзгеріс.
[5, б. 78].

Бүгінде инновациялық өзгерістер әртүрлі бағыттарда жүруде, білім берудің жаңа мазмұнын қалыптастыру; оқытудың жаңа технологияларын өңдеу мен жүзеге асыруда; жаңа бағдарламаны меңгерудің әдістері мен тәсілдерін қолдану; оқыту үдерісінде білім алушылардың өзіндік анықталуына жағдай туғызу; мұғалім мен білім алушының ойлау стилінде, өзара қарым-қатынастарында өзгеріс, білім беру мекемелерінде шығармашылық инновациялық ұжымды жасау және дамыту. Бұл үдерістердің барлық қарама-қайшылықтарында, шығындарында, кемшіліктерінде олар позитивті сипат береді. Осы инновация әлеуметтік институт ретінде білім беруге тән кері тартпалықты жоюға мүмкіндік береді, әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттің, тұлғаның қажеттілігінің өзгерісіне жедел және икемді жауап беру механизмін құру жағдайларын қамтамасыз етеді, бұл бүгінде отандық білім беруді дамытудың өзекті міндеттері ретінде қарастырылады.[6, б. 102].

Осылайша, жоғарыда қарастырылған педагогикалық инновацияның болмысын ұғу амалдарындағы ортақ нәрсе олардың басты назары педагогикалық шығармашылықтың үдерісі мен нәтижесінде болуында. Барлық зерттеушілер білімнің инновациялық үдерістердің болмысын жаңа теориялық талдап, түсінік беруге, үздіксіз инновациялық қозғалысты қамтамасыз етуге қажеттілігін атап өтеді. Бұл қажеттілік, өз кезегінде мамандардың арнайы даярлау, соның ішінде педагогикалық инновация саласында құзыретті педагогтерді даярлау мәселелесін өзектендіреді. Инновациялық іс-әрекетке, үздіксіз инновациялық режимде жұмыс жасауға педагогтерді даярлау арқылы инновациялық білім беруді дамытудың сәттілігі анықталады. Осы даярлықтың маңызды құрылымдық бөліміне қоғамның, еңбек нарығының, тұлғаның, технологиялардың және үздіксіз ақпараттық ортаның жаңаруына өз кәсіби іс-әрекетінде оперативті әрекет етіп, икемді болу қабілеті жатады. Сонымен, педагогтің құзыреттілігі білім берудегі инновацияның дамуының тұрақтылығының маңызды шарттарының бірі. Сондықтан, педагог мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін мақсатты дамыту- білімнің инновациялық дамуының маңызды факторы. [7, б.2].

Осылайша, жоғарыда қарастырылған педагогикалық инновацияның болмысын ұғу амалдарындағы ортақ нәрсе олардың басты назары педагогикалық шығармашылықтың үдерісі мен нәтижесінде болуында. Барлық зерттеушілер білімнің инновациялық үдерістердің болмысын жаңа теориялық талдап, түсінік беруге, үздіксіз инновациялық қозғалысты қамтамасыз етуге қажеттілігін атап өтеді. Бұл қажеттілік, өз кезегінде мамандардың арнайы даярлау, соның ішінде педагогикалық инновация саласында құзыретті педагогтерді даярлау мәселелесін өзектендіреді. Инновациялық іс-әрекетке, үздіксіз инновациялық режимде жұмыс жасауға педагогтерді даярлау арқылы инновациялық білім беруді дамытудың сәттілігі анықталады. Осы даярлықтың маңызды құрылымдық бөліміне қоғамның, еңбек нарығының, тұлғаның, технологиялардың және үздіксіз ақпараттық ортаның жаңаруына өз кәсіби іс-әрекетінде оперативті әрекет етіп, икемді болу қабілеті жатады. Сонымен, педагогтің құзыреттілігі білім берудегі инновацияның дамуының тұрақтылығының маңызды шарттарының бірі. Сондықтан, педагог мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін мақсатты дамыту- білімнің инновациялық дамуының маңызды факторы. [4, б. 85].

Біліктілікті арттырып тәжірибеге араласқаннан кейінгі мұғалімдердің дәстүрлі оқыту әдістемесіне көшіп кетпеуі үшін мектепішілік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық әдістемелік қолдау мен біріккен әрекетті жүйелі жүзеге асыру маңызды. Бүгінде желілік қоғамдастықтар, әртүрлі формада тәжірибе алмасулар, ортақ ойды ортаға салатын басылымдар, іс –тәжірибені тарату жұмыстарының жүйелі жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде мұғалімге кәсіби қолдау, даму, кәсіби құзыреттіліктің арттыру қолайлы факторлары болып табылады. [2, б. 173].







Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. Білім мен ғылым — даму тетігі / Елбасынынң ҚР Білім және ғылым қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген cөзi // Егемен Қазақстан, 13 қазан, 2014.

2.Скакун В.А. Введение в профессию мастера производственного обучения:Методическое пособие.-М.:Высш.шк.,2010г.

3. Қабдықайыров Қ., Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А, 2015

4. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2011.«Әлеуметтік әріптестік жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру», Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы №2 (26) 2013ж;

5. Шишов С.Е. Понятия компетенции в контексте проблемы качества образования. «Государства и образования, 2002 г»

6. Тренерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012., 6-7бб

7. zkoipk.kz

















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!