Материалдар / Инновациялық технологияларды сабаққа пайдалану мәселелері

Инновациялық технологияларды сабаққа пайдалану мәселелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Инновация жаңалық жеткізуші,жатқан жүйеге өзгеріс беретін құрал.Басқарудағы жаңалықтар мен қисынды құрылымдарды қамтиды
Авторы:
14 Наурыз 2024
160
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Picture 2 Акпанова Индира Айдархановна, арнайы пән оқытушы, «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МҚКК, Шымкент қаласы, indiraakpanova@gmail.com





Инновациялық технологияларды сабаққа пайдалану мәселелері

Бүгінгі таңда қоғамдық талаптарға сай бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа міндеттерді анықтауда. Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, білім беру мазмұнын қайта құру және оқу – тәрбие орындарының іс – әрекет қағидаларын қайта қарау – мұның бәрі педагогтың кәсіби біліктілігі мен тұлғасына,бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлауына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне ықпал етеді.Инновациялық оқу және жаңа технологиялар республика білім мен тәрбие беру процесінде қоғам сұранысымен орын алуда.

Инновация жаңалық жеткізуші,жатқан жүйеге өзгеріс беретін құрал.Басқарудағы жаңалықтар мен қисынды құрылымдарды қамтиды.Өз даму айналымда инновация белгілі кезеңдерден өтеді.Атап айтқанда:идеяның туындауы,мақсат белгілеу,жаңалық идеясын ойластыру және ерекет бабына келтіру,жаңалықты іске асыру,тарату және жайылу инновациялардың іске асу кезеңдері жаңалықты қабылдап,игеруші ұжымның даму кезеңдерімен тығыз байланысты.

Бүгінгі таңда барлық пәндері бойынша оқу үрдісінде инновациялық білім беру технологиялардың мынадай түрлері кеңінен қолданылатыны анықталады:Л.В.Занков,В.В.Давыдов,Д.Б.Эльконинның дамыта оқыту модульдік ,В.Ф.Шаталовтың оқу ,В.В.Фирсовтың міндетті нәтижелер негізінде саралап оқыту технологиясы,Ю.А.Марковтың жеке оқыту,интеграциялық ойын,тестілік,компьютерлік,проблемалық технологиялары және т.б.Инновациялық білім беру технологияларының көптүрлігі педагогтың оларды дұрыс таңдап алуының өлшемдерін айқындауды талап етеді дегендер (М.М.Патошкин,Г.К.Селевко, Н.Д.Хмель және т.б.).Ғалым Н.Хмель мынадай өлшемдерді бөліп көрсетеді:

-ойдың тұжырымдамалық негізінің болуы;

-технологияны жасаушылардың тиянақты әдіснамалық ұстанымының болуы;

-нақты педагогикалық құбылысқа қатынастың жүйелілігі;

-педагогикалық үрдіс субьектілерінің орны мен өзара әрекетін анықтау;

-алынған нәтижелерге диагностика жасау мүмкіндігі;

-технологияның кез келген оқу-тәрбие мекемелерінің жұмыс жағдайында қайта жаңғыртылуы.

-Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:

-білім мазмұндағы инновация;

-оқу-тәрбие процесінің әдістемесі,технологиясы,түрі,әдістері және құралдарындағы инновация.Инновацияның түрлері:модификациялық,комбинаторлық түбірлі.

Модификациялық инновация –педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру.

Комбинаторлық инновация-белгілі әдістердің элементтердін бір- біріне қосу.Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесінен айналысатын ғалымдар қолдауда.

Инновациялық прогрестің кезеңдері:

-инновацияның себептері;

-жаңалықты жүзеге асыру.

Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді.Инновациялық прогресті күшейтетін бес фактор:

-оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік,педагогикалық прогреске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым-қатынас;

-инновациялық прогрестің жоспары,бағдарламасы;

-бағдарлама,жоспар бойынша мектепте ғалымдардың кеңес беруі ,керек жағдайда жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп,сәтсіздік болған оны жоятын шараларды да белгілеу;

-әлеуметтік-экономикалық жағдай;

-инновациялық прогреске қатысушылар: бастамакөтерушілер, көмектесушілер,қарсы тұрушылар.

Орта кәсіби оқу орындарында қазақ тілін өзге ұлт өкілдері оқушыларына берік білім беруде оқытушылардың ескеретін жұмыстары көп. Мақсат қоюмен тұтастықты сақтау басты қағидалары ретінде танылады.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбиемен білім беруде оқытушының инновациялық іс – әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі.

Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алып отырмыз. Оқушылардың дүниетанымын, ойлауын, болжауын, өткен құбылысын тұжырымдау, сенімді оқытудың негізгі зерделік көрсеткіштерің қалыптастыру үшін сабақтың жоспарын алдын-ала тиянақты құрып сабақ барысында бақылап отыру керек. Өтілетін сабақтың нәтижесін мейлінше жоғары көрсеткішпен шығу үшін сабақты бастамас бұрын оқушы қандай мәселеге жете көңіл аудару қажет, нені біліп, нені игеріп шығаратыны туралы толық мағұлмат беріледі. Өтілетін сабақ туралы хабардар болған оқушы одан көптеген жаналықты, қарастырылатын құбылыс туралы құқықты мәліметтерді күтеді.

Мұғалімнің міндеті – оқушының осы үмітін ақтау, оның осы құбылыс туралы аздап жаңа бастаған танымына қажетті бағыт беру.

Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты – білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрі жаңа әдіс – тәсілдер түрін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі.

Мұғалім жаңа білім оқулықтарын оқытудың қазіргі технологиясын, қазіргі білім беру саласының негізгі мақсатын, мән-мағынасын жете түсініп оқыту жағдайында ғана келешек ұрпақ еркін дамуына жол ашпақ.

Қазіргі қоғам сапалы да сындарлы білімді қажет етеді. Сондықтанда қазіргі кезде мұғалімнің рольі зор. Ол өз шәкірттеріне үнемі үлгі болып, оларды үнемі алға ұмтылуға жетелеп, шабыттандырып, демеп отыруы тиіс .

Үнемі дамып, өзгеріп отыратын түлғаның ішкі болмысы мен табиғаттын қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше. Сондықтан да шығыс мақаласында «Үстазы сақау болса, шәкірті мақау болады» деп түйіндеген. Бұл мұғалімнің көтерер жүгінің тым үлкен екенін дәлелдейді.

Дамыта оқыту технологиясының танымдық қызметі төмендегідей анықталады: шығармашылық, тапқырлық, алгоритмдік деңгейлік. Дамыта оқыту технологиясының басты принципі – оқу іс – әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау, іздену, дербес жұмыс жасау дағдыларын дамыта отырып, жеке тұлғаның өз бетімен мақсатқа жетуінде.

Дамыта оқыту – сабақтың қызықты да тартымды және тиімді түрде өтуінің арқауы болып табылатын, алдағы уақытта оны бұданда терең білім жолдары күтіп тұрғаның сездіретін оқытудың пәрменді әдісі. Дамыта оқыту үдерісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады.

Дамыта оқыту – бұл дәстүрлік білім беруге қарама-қарсы әдіс. Дәстүрлі оқыту мұғалімнің жеке түсіндіруі, қойылған сұрақтарға жауап беру, оқушыларға үлгі бойынша жаттығу жұмыстарын орындату, яғни дайын білім алуға негізделсе, дамыта оқыту оқушыларға сұрақ қоя білуге және олардың көзқарастарымен санасатын, жалпы пікірлесе отырып қорытынды шығаруға ойлануын, танымын дамытуға бағытталған түрі.

Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстыру мынандай қорытынды жасауға негіз болады. Дәстүрлі сабақтың әдістерінің мәні 3 құрамдас бөліктермен оқытылады: үлгіні көрсету; түсіндіру; бақылау; бағалау.

Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа негізделсе, дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын ұстаным.

Дәстүрлі оқыту жаттауға. Есте сақтауға , ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.

Дамыта оқыту арнайы педагогикалық технологияларды қажет етеді. Дамыта оқыту жайында ойымызды тұжырымдайтын болсақ, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда.

Мұндай оқыту технологиялары қоғамға жаңаша ойлайтын, әрекеттеніп танып білуші проблемаларды өз бетінше құрып және оларды іс-жүзінде шеше білетін шығармашылық адамда қалыптастыруымен бірге, оқыту үрдісіндемократияландыруға жол ашады.

Білім алущылардың білімі мен біліктерін тексеру түйіндеме, қорытушы ақпаратты ұсыну және өз бетінше топтық түрде меңгерілген матералды құрылымдау арқылы оны жасау үшін пайдаланылады . Оқу сабақтарының құрылымына рефлексиялық кезеңді ендіру модульдік бағдарламамен жұмыс істеу барысында педагогтың рефлексиялық ұстанымы қалыптастыруды талап етеді. Осы мақсатта олардың әрқайсысында сабақты өткізу барысы, логикасы, пайдаланылған әдістердін сәйкестілігі,оқыту әдістері, формалары, құралдары педагогтың педагогикалық мақсатына, оқушылардың оқу мақсатында сәйкестілігі тексеріледі. Таңдап алынған оқыту құралдарына баға беріледі. Сабақ өткізудің басқа да мүмкін болған нұсқалары талқыланды. Рефлексияға үйретуге бейнематериал және сабаққа қатысудағы психологиялық-педагогикалық талдау, оқытушы өзара көрсеткен технология элементтерін талқылау ықпал етті. Сабаққа рефлексиялық кезеңді ендіру оқушылардың оқу әдістерін негізгі түрде таңдауына жәрдем берді.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ