Материалдар / интелектуалды ойын «Көңілді тапқылар»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

интелектуалды ойын «Көңілді тапқылар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ақыл ойын жетілдіруге жылдам ойлап жауап беруге көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
438
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Оқушылар сарайы» КМКҚ



















Сабақтың тақырыбы

«Көңілді тапқылар»










Қарағанды облысы Балқаш қаласы

«Оқушылар сарайы» КМҚК

Педагог ұйымдастырушы

Шарбекова Арайлым Бериккалиновна







2020 жыл

Сабақтың тақырыбы: Көңілді тапқылар

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жайлы және мақалада атталған тарихымыз туралы түсіндіру. Оқушыларды жұмбақтар айту арқылы көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету, ой-өрісін кеңейту.

Дамытушылық:  Өз ойларын әдеби тілде жеткізе білуге баулу, ой жүйріктігін дамыту.

Тәрбиелік: Өз қазақ әдебиетін құрметтеуге, өз тілін мақтан ете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І.Кіріспе бөлім

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылатын Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» жаңа бағдарламасы.

Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласы екі бөлімнен тұрады. «І. Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» бөлімінде Ұлы Даланың жеті қыры саралана көрсетілген: 1. Атқа міну мәдениеті. 2. Ұлы Даладағы ежелгі металлургия. 3. Аң стилі. 4. Алтын адам. 5. Түркі әлемінің бесігі. 6. Ұлы Жібек жолы. 7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны. Аталған Ұлы Даланың жеті қыры мәселелерін баяндау арқылы дүниежүзіндегі атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығының біздің даламыздан бастау алғаны айтылған. Атқа міну мәдениеті бойынша салт атты жауынгердің ықшамды киімінің, шалбардың, етіктің, ер-тұрманның, үзеңгінің, садақтың, жебенің, қылыштың, сауыттың – бәрінің далалықтардан тарағандығы баяндалған. Сонымен бірге, қазақ жерінің тау-кен өндірісінің ошағы болғандығы, металл (қола, мыс, мырыш, темір, күміс, алтын) қорытпаларының өндірілгені көрсетілген. Ұлы Даладағы аң стилі (мысық тұқымдас аңдар, қар барысы, т.б.) негізінде оюлы кескіндеменің мыс пен қоладан, алтыннан аң стиліндегі бұйымдар жасалатыны да назарға алынған. Ал, Алтын адам құйма тұлғасының, оның жанындағы күміс кеселердің, ондағы ойма таңбалардың бейнеленуінен дала өркениеті мифологиясының эстетикалық биік талғам деңгейібағаланған. Мақалада Ұлы Дала төсіндегі Алтай тауының бүкіл түркі әлемінің бесігі болғандығы аталып, түркілердің көшпелілік пен отырықшылық өркениеттің қатарлас дамуын қалыптастырғаны байыпталған. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келген Отырар қаласының және Қожа Ахмет Иасауи өмір сүрген Түркістан қаласының әлемдік даңқы бағаланған. Елбасының мақаласындағы Еуразияның Шығысы мен Батысын, Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстырған трансконтинентальды желі – Ұлы Жібек жолының ежелгі және орта ғасырларда Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс, славян өркениеттерін байланыстырғаны атап көрсетілген. Мақалада қазіргі мемлекетіміз Тәуелсіздігінің алтын бесігі Алматының және Қазақстанның алма мен қызғалдақтың Отаны екендігі тарихи деректер негізінде бағалаулар жасалған.

- Құрметті ұстаздар, оқушылар, «Көңілді тапқырлар» атты жұмбақтар сайысымызға қош келдіңіздер!

Жұмбақ - ауыз әдебиетінің бір түрі. Ол адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ тақпақтап, ұйқастырылып айтылады. Ол ертеден келе жатқанмен әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған. Жұмбақ туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов былай деген екен: «Жұмбақ - адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді». Жұмбақ – қарым – қатынас жасаудың ерекше бір құралы. Жұмбақты шешу, оны ойлаудың өзі де өнер. Олай болса осы сайысымыз арқылы өз өнерімізді, білімімізді ортаға салайық. Жұмбақ шешу арқылы оқушының ой-өрісі, дүниетанымы кеңейеді. Оқушы ізденімпаздыққа, тапқырлыққа үйренеді. - Ендеше, «Көңілді тапқырлар» жұмбақтар сайысымызды бастаймыз. Ойынның шартымен таныстырайын. Ортаға екі топ шығады, «_______», «________».

Әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланады, жартылай жауап 5 ұпаймен бағаланады.

І кезең  «Танысу» (әр топ өз тобын, топ жетекшісімен таныстыру)

ІІ кезең «Намыс-Дода» (ұяшықтағы сұрақтарға тез әрі жылдам жауап беру керек)

ІІІ кезең «Ғажайып алаң» (конверттегі суреттердің қайсысы артық және бұл суреттер нені байланытырады?) «Ұлы даланың жеті қыры» туралы түсінгенін айту қажет.

ІҮ кезең «Үй тапсырмасы»

(Үйден дайындап келген жұмбақтарын жасырады.)

Ү кезең «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (берілген сөзге сөздер құра)

ҮІ кезең «Ойлы болсаң озып көр» (ребус шешу)

Сайысымыздың әділ өтуін қадағалайтын әділ – қазылар алқасымен танысып өтейік.

  1. _____________________________________________

  2. _____________________________________________

  3. _____________________________________________


  1. «Танысу»

Әр топ атаулырын және ұрандары сонымен қатар топ жетекшісі болуы шарт. Топ мүшелері бір - біріне сәттілік тілеп тілектер айтады.


І топ №2 мектеп-интернаты ___________

ІІ топ №3 мектеп-интернаты______________________


ІІ кезең «Намыс-Дода» (ұяшықтағы сұрақтарға тез әрі жылдам жауап беру керек)

-10-

1. Төрт қызметші,
Бір патша. (ҮСТЕЛ)

2. Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе? (ЕСІМ)

3. Бір үйде елу батыр, үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр? (СІРІҢКЕ)


-20-

1. Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді қалай атайды? (күрделі)

2. Ұзындық белгілері (дм,см,м,км,мм)

3.  Ең үлкен үш таңбалы сан (999)

-30-

1. Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? (не істеді? қайтті? не қылды)

2. 3 тәулікте неше сағат бар?(3•24= 72 сағат бар)

3.  Үш Бәйтеректі ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сайфуллин)


ІІІ кезең «Ғажайып алаң» (конверттегі суреттердің қайсысы артық және бұл суреттер нені байланытырады?) «Ұлы даланың жеті қыры» туралы түсінгенін айту қажет.


ІҮ кезең «Үй тапсырмасы»

(Үйден дайындап келген жұмбақтарын жасырады.)


Ү кезең «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (берілген сөзге сөздер құра қай топ не ғұрлым көп сөз тапса сол топ жеңіске жетеді. Әр топқа үш сөз беріледі. Алдарыңыздағы қағазға сөздерді жазуларыңыз керек. Қанша сөз жазылса, сонша ұпай беріледі.


Қ А З А Қ С Т А Н

(Қаз, ақ, қазақ, ас, ат, ана, зат, нақ, сақ, сақа, тана, сана, қас, қан, тас)


Ж А С Ұ Л А Н

(жас, ұлан, ұл, ана, ас, аса, жан, сана, сан )


Х А Н Т А Л А П А Й
(хан, хат, талап, апай, атай, ат, халат, ай және т.б)


ҮІ кезең «Ойлы болсаң озып көр» (ребус шешу)

І топ «Кітап алтын қазына»





Shape1





ІІ топ «Ұстаздан шәкірт озар»




Shape2





Топ мүшелері ойынға дайындалып алсын. Ал біз көрермендерге жұмбақ жасырайық.

Кішкене ғана тостаған

Жер дүниені бастаған. (Көз)


Сары қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы. (Қауын-қарбыз)


Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)


Ақ түсті,

Көк түсті,

От түсті,

Тот түсті-

Төрт түсті жер үсті. (Қыс, көктем, жаз, күз)


Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулiм көктей шынары.

Биiгiне бойлаған,

Қанбайды адам құмары.   (Бiлiм)


Бiлiмнiң дәнiн тередi,

Балаға тәлiм бередi.   (Ұстаз)


Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады.   (Қоңырау)


Үй үстінде алтын тас,

Алайын десем табылмас. (Жұлдыз)



Қимылдаса қос шебер,

Қыруар-қыруар іс өнер. (Қол)


Сансыз ойлар бетiнде,
Сайрап жатыр бар тiлде.
Қажетпiн мен әр күнде,
Өшпейдi бiр әрпiм де. (Қағаз)


«Жеңіскпе жетер дейміз нағыз мықты» - дегендей сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік.

І орын __________________________________

ІІ орын__________________________________

Қорытынды: Бүгінгі жұмбақтар сайысымыз осымен өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау болыңыздар!


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!