Материалдар / Интеллектуалды музыка 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Интеллектуалды музыка 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
интеллектуалды музыка туралы ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Мамыр 2024
234
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп:

205 орта мектеп

Пәні:

Музыка

Бөлімі:

Музыка-өмір тынысы

Педагогтің аты жөні:

Үркімбаева Жанна Шералықызы

Күні:


Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Интелектуалды музыка

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.4.2.1- Тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

1.1- музыка тыңдау және талдау

1.2-музыкалық сауаттылық(музыкалық терминдер мен ұғымдар)

1.3- музыкалық орындаушылық іс-әрекет

Сабақтың мақсаты:

  • Интеллектуалды музыка бағыттарымен танысамыз;

  • Заманауи музыканың ерекшеліктерімен танысамыз;

  • Интеллектуалды музыка терминдерін біле аламыз;

  • Заманауи техникада жазылған шығармалардан үзінді тыңдау

Ұлттық мүдде құндылығы:

  • Ұлттық мәдениетті дәріптеу;

Ар-ұят құндылығы:


  • Адал еңбекті құрметтеу;

  • Сөзіне берік,ісіне адал болу;

  • Халқына адал қызмет ету;

  • Достарына,сыныптастарына,отбасы мүшелеріне қамқор болу,мейірімділік таныту;

Талап құндылығы:

  • Сыни және креативті ойлау;

  • Салауатты өмір-салтын ұстану;

  • Білуге,жаңаны тани білуге құштар болу;

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

12 минут
































Сабақтың ортасы

28 минут
























































Сабақтың соңы

5 минут









Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен амандасу

  • Оқушыларды түгендеу

  • Сабаққа назарларын аудару

  • Дауыс жаттығуларын жасату

Дауыс жаттығуын жасау

(М) Сәлеметпе балалар!

(О) Сәлеметсіз бе ағай!

(М) Көңіл күйлерің қалай?

(О) Көңіл күйіміз жақсы.

( М-О) Ән салайық тамаша,

(М-О) Ән салайық жараса.

(М-О) Ән салайық жараса.





  • Үй тапсырмасын сұрау.

«Интелектуалды музыка»

1.Интелектуалды музыка дегеніміз не?

2.Интелектуалды музыкаларға қандай музыкаларды жатқызуға болады?

3.Абай Құнанбаевтың әндеріеің ішінде интелектуалды музыкаға жатқызуға болатынг әндер бар ма

  • Үй тапсырмасына қорытынды жасау.

II.Жаңа сабақ:

«Интелектуалды музыка»


Ақыл-ойға сүйеніп, рационалды əдіспен шығарылған музыка көне заманнан бастау алады. Энциклопедист ғұлама ғалым Əбу Насыр əл-Фараби музыканы математиканың əдістерімен зерттеген болатын. Ал Еуропаның атақты композиторы И.С.Бах фуга атты көп дауысты шығарман ақыл-оймен пішіп, əр дауыстың жүргізілуін ережеге бағына жазды. ХХ ғасырда компьютер тарала бастаған соң, музыканың мүмкіндіктері арта түсті. Қазіргі таңда компьютерлік музыкадан басқа, электронды музыка, заманауи музыканың көптеген бағыттары пайда болды, сонымен бірге алуан түрлі қазіргі заманғы композиторлық техникалар қолданылып келеді. Əсіресе, электронды музыканың қазіргі таңда əр түрлі бағыттары өріс алды.

Тыңдау және талдау:

Музыканы тыңда!


А. Бестібаев «Азия дауысы», «Ашу басар». А. Райымқұлова «Дала сыры»


Үш шығарманы тыңдап салыстыр!

2. Бұл шығармалардың бейнесіне қандай мінездеме беруге болады?

3. Ол туралы өз пікіріңізді қысқа эссе түрінде жаз.

4. Бұл шығармаларды интеллектуалды музыкаға жатқызуға бола ма?

Музыкалық сауаттылық:

( терминдер мен ұғымдар)






Транс – адамды өмірде жоқ бейқам көңіл күйге бөлейді.

Хаус – бұл электронды музыка түрі өте қарапайым би ырғақтарының қайталануынан құралған əуенге негізделеді.

Техно – табиғатта кездеспейтін, машина дыбысына ұқсас синтетикалы дыбысты əуеннің бірнеше рет қайталануынан құралатын электронды музыка түрі.

Драм-н-басс (джангл) – өзгермелі ырғақ пен жылдамдық маңызды рөл атқаратын электронды музыка стилі.

Индастриал электронды музыкасында механикалық дыбыстар эстетикасы жатыр. Нью эйдж – электронды музыкасының басты міндеті – адамды рахатқа бөлей отырып (релаксация), жағымды сезімдерді ояту, ол əсіресе стресске қарсы жəне йога сабақтарында көмектеседі.

Заманауи композиторлар əр түрлі техникаларды да пайдаланады.



Ә н орындау,үйрену




«Арман-ай»

Халық əні

Ойлап тұрсаң, бұл дүние шолақ екен, ай.

Бұл адамдар бір-біріне қонақ екен, ай.

Қ-сы:

Арман-ай,

өтеді дүние-ай, жалған-ай.

Қызғалдақтай-ай, құлпырған қайран жастық, ай

Қара жерге, ай, қар жаумай солады екен, ай. Қудым, дүние, ай, өзіңді жалықпай-ақ,

Ұстатпайсың, ай, судағы балықтай-ақ


  1. Əннің сөзіне көңіл бөл.

  2. Бұл əн не туралы?

  3. 2. Сенің ойыңша, бұл əн бізді не нəрсеге үйретеді?

  4. 3. Тарихи əндерді интеллектуалды əндерге жатқызуға бола ма?

III.Жаңа сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

1.Интелектуалды музыка деп қандай шығарманы атауға болады?

2.Заманауи электронды музыканың бағыттарын ата?

3.Заманауи техника әдістері қолданылған А.Райымқұлова,А.Бестібаев,Қ.Шілдебаевтың шығармаларын ата?


IV.Үй тапсырмасы:

Интелектуалды музыка тақырыбын оқып келу

Рефлексия

  • Сізге не ұнады?

  • Қай тапсырма қиын болды?

  • Әннің (хор) көңіл-күйін жеткізе алдыңыз ба?

  • Қай жерді жақсарту керек деп ойлайсыз?










Ұйымдастыру кезеңіне қатысады






Мұғаліммен бірге дауыс қойып алады











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!