Интеллектуалды ойын: Қызықты химия әлемі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Интеллектуалды ойын: Қызықты химия әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
интелектуалдық ойын, сыныптан тыс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қызықты химия әлемі

Мақсаты:1. Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын меңгерту.
2. Оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін байқау, көзқарастарын қалыптастыру.
3. Химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Түрі: интеллектуалды ойын (химиядан сыныптан тыс жұмыс)
Өтетін орны: сынып кабинеті
Көрнекіліктер: слайд - презентациялар, үлестірмелі қағаздар, көрермендерге арналған жұмбақтар;
Химия мен медицина дамыған
Өндірісте химияны таныған
Химиясыз кірмес жердің құнары
Мұндай ғылым әркез биік тұрады деп бүгінгі сайыстың жоспарымен таныстыра кетейін:
1. Сұрақ - жауап
2. Полиглот
3. «Жұмбақ - арал»

4.«Ғажайып шеңбер»
5. «Мен кіммін?»

6«Шығармашылық сәт»
8-9 сынып оқушыларынан екі топ іріктеліп алынады. Ойынға екі топ қатысады.Топтың жинаған ұпайларын есептеп отыру үшін есепші ретінде -------------------------------------------сайлап алайық
1. «Сұрақ - жауап» бөлімі, әр дұрыс жауап - 1 ұпай
1 - топ:
1. Қай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшыратады Фтор
2. Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар Тұз қышқылы
3. Ең қиын балқитын металл вольфрам
4. Аспен келетін тамаққа дәм беретін зат тұз
5. Қай элементтің бейнесі айдаһар пішінді күкірт
6. Өнеркәсіптің негізгі металлы темір
7. Сұйық металл сынап
8. Мыстың латынша атауы купрум
9. Ең қатты металл. хром
10. Адам ағзасында сүйектің құрамына кіретін металл. кальций
11. Үш түрлі күйде кездесетін зат. Су

12. Ең жеңіл газ. сутек
2. «Полиглот»
(қандай химиялық элемент екенін анықтап, оның қазақша, орысша аталуын және таңбасын жазу)
Ынатл - алтын – золото -
Au
Мсіүк - күміс – серебро -
Ag
Йалқаы - қалайы - олово -
Sn
Сынорқға - қорғасын - свинец -
Pb
Туекс - сутек - водород - Н
Сым - мыс - Медь - С
u
Ектто - оттек – Кислород - О
Ремті - темір – железо -
Fe
Аынсп - сынап - Ртуть -
Hg
Екөрітмк – көміртек - угль - С

3.Ойынымыздың келесі кезеңі «Жұмбақ - арал» бөліміне өтейік.
Бұл бөлімде топтарға жеке - жеке жұмбақтар жасырылады. Қарсылас топ та жауабын дайындап отыруға болады. Топтағы оқушылар дұрыс жауап бере алмаған жағдайда қарсылас топ ойыншылары жауап беріп, ұпайларын көбейтуге болады.

1 - сұраққа дұрыс жауап - 10 ұпай
1-топка:

1. Ақ металл айналады тыным таппай,
Жүргенде су бетінде орын таппай.
Аяздан соң суға сіңіп жоқ болады,
Оқушым, ал ойланғын, қойма таппай.(Натрий)

2. Сыныптан бір шықпайды,
Тимесеңіз жұқпайды.
Жәрдемісіз бұл заттың,
Оқушы сабақ ұқпайды.(Бор)

3. Қара металлургияның нанымын,
Машина, трактордың жанымын.
7 - ші қосымша топшада болсам да,
Металл атаулының ең көп қолданатын санымын.(Темір)

4. Болмасам да айтарлықтай салмағым,
Мен көбінен ардақтымын, алдамын.
Ұшақ болып аспанға ұшып қалықтап,
Жердің жүзін, көк аспанды шарладым.
Қымбат болдым алтыннанда ертеде (Алюминий)

5. Күмістей түсі жылтыр өзі сұйық,
Буланбас қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсетіп сұйықты, Жылудағы анық,
Қандай зат құрал жасар оны құйып.(Сынап)
2-топка
1. Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың.(Тұз)

2. Қыздырып соқсақ иленеді,
Балға мен төстен именеді.(Темір)

3. От көмір жейді,
Тот.. жейді. (Темір)
4. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде
Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге (су)

5. Исі, дәмі де жоқ ұсталмайды,
Ол болмаса, тіршілік өмірде жоқ.
Ол болмаса отын да тұтанбайды,
Қалады қарауытып көмір боп шоқ. (Оттегі)
Есепші апайымызға сөз беріп, қоржынға жинаған ұпай сандарымызды бір біліп алайық.

4.
Енді ойынымыздың келесі кезеңі «Ғажайып шеңбер» бөліміне жеттік. Бұл бөлімде шеңберде берілген заттарды пайдаланып, әр түрлі қосылыстардың формулаларын құрастырыңыздар. 2 минут уақыт беріледі.

5.«Мен кіммін?» ойыны:
1. Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау. (азот)
2. Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім (озон)
3. Бірінші бөлігім тасқын су, екінші бөлігім мал құлағына салатын белгі. (селен)
4. Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным шараппен улану деген мағынада (алмас)
5. Жазылуым бойынша оқысаңыз элементпін, керісінше оқысаңыз – өткізгішпін (мыс - сым)
Оқушылардың «ғажайып шеңбер» бойынша орындаған тапсырмалары тексеріліп, ұпай сандары беріледі.
6.Ойынымыздың соңғы бөлімі: «Шығармашылық сәт» деп аталады. Мұнда оқушылардың шығармашылық қабілеттері анықталып, тиісті ұпайлары беріледі.
1. Берілген сөздердің ішінен қажеттісін тауып алу.
(киік, темір, жұт, бүркіт, су тасқыны, жалбыз, күн тұтылуы, інжугүл, борсық, сілті, мыңжапырақ, қараторғай, сел, өрт, дауыл, жауқазын, көкек, құйын, шағала, озон, қарсақ, құрғақшылық, түйеқұс, сынап, жер сілкінісі, түймедағы, боран, ас тұзы, алюминий, аю, мақта, алабота, кәмшат, бозторғай, хлор, үйрек, темекі, күріш, ілбіс, фосфор).
2. Өздеріне ұнаған бөлім бойынша өлең жолдарын құрастыру.
Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде.
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде,- дей отырып, ұпай сандарымызды анықтау үшін сөз кезегін -------------------------береміз.
Ойын - толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын - толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып - деп бүгінгі «қызықты химия әлемі» атты ойынымызды аяқтаймыз.
Қатысқандарыңызға көп - көп рахмет!!!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.04.2019
6255
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі