Материалдар / интеллектуалды сайыс сабақ "Жас физиктер" 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

интеллектуалды сайыс сабақ "Жас физиктер" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып оқушыларына арналған қосымша мәліметті ұстаздар пайдалана алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Мамыр 2020
2359
18 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жас физиктер

(интеллектуалдық ойын)

(8 сыныптар)

Мақсаты: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, пән бойынша алған білімдерін қорытындылау, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, ой-өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекілігі: компьютер, слайд, физик портреттері, физикалық құралдар

I. Мұғалім: Қайырлы күн, қадірменді оқушылар, ұстаздар! Баршаңыз да "Жас физиктер" атты интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

II. Жарыс шарттарымен таныстыру.

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты ол -

Еңбектену жалықпау,

Сәт сапар тілеп бәріңе

Сайысты енді бастайық!

Сайыс мынадай белестерден тұрады:

1. «Өткел» кезеңі

2. «Белес» кезеңі

3. «Бекет» кезеңі

4. «Асу» кезеңі

5. «Жерұйық» кезеңі

6. «Серпілу» кезеңі


1 кезең. Ойынның алғашқы «Өткел» кезеңінде топтар өздерін таныстырады.


2 кезең. «Белес» кезеңінде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

« » тобына:

1. Молекулалары бей-берекет үлкен қозғалыста болатын заттың агрегаттық күйі.(Газ)

2. «Физика» гректің қандай сөзінен шыққан? (Табиғат)

3. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы(Телескоп)

4. Тығыздықтың өлшем бірлігі. (кг/м3)

5. Сандық мәнімен бірге бағыты да көрсетілген физикалық шаманы ата? (Күш)

6. Ғылыми деректермен негізделген жорамал қалай аталады? (Болжам)

7. Молекулалардың жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының мөлшері болып табылатын физикалық шама (Температура)

8. Сұйықтың немесе газдың ағыны арқылы жылу энергиясын тасымалдау құбылысы (Конвекция)

9. Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі қалай аталады? (Балқу)

10. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды не деп атайды? (Қаныққан бу)

« » тобына

1. Дене молекулалары бір-біріне жанасқан кезде өз-өзінен бір-біріне ену

құбылысы қалай аталады? (Диффузия)

2. Жұлдыздар жүйелері шоғырларын не деп атайды? (Галактика)

3. Массасы 1кг отын түгел жанғанда қандай жылу мөлшері бөлініп шығатынын

көрсететін физикалық шаманы ата. (Отынның меншікті жану жылуы)

4. Физикада «бірінші ұстаз» атанған ғалым? (Аристотель)

5. Жылдамдықтың өлшем бірлігі. (м/с)

6. Атом қандай бөлшектерден тұрады? (Электрон, протон, нейтрон)

7. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын буды не деп атайды? (Қанықпаған бу)

8. Отынның ішкі энергиясын механикалық жұмысқа айналдыратын қозғалтқыштарды не деп атайды? (Жылу қозғалтқыштары)

9. Дененің заттарды өзіне тарту қасиетіне ие болатын құбылыс (Электрлену)

10. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы не деп аталады? (Электр тогы)


3 кезең. «Бекет» кезеңінде сұрақтар топқа қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Қосымша көмек алса ұпай саны кемиді. Сұрақты қарсыластары жауап беруге ынта танытса, жауап беру кезегін қарсыластар кезегіне беруге құқығы бар. Бұл жағдайда ұпай қарсыластарына жазылады. Егер топ кезегін бермей өздері жауап беріп, олары дұрыс болмай шықса, тиесілі ұпайлары жинаған ұпайларынан алынып тасталады.

«Шерлок Холмс» жайлы сұрақ қойылады. Шерлок Холмс өте білімді, байқағыш және ойшыл адам болған. Сонымен бірге, осы сайыс кезеңінде ол кісінің «физик» болғанына көздеріңіз жетеді.

1-сұрақ:

Қыс мезгілі болатын. Шерлок Холмс даладан бір үйге кіреді. Қырау басқан терезенің саңылауынан жолдың бір шеті ғана көрінеді. «Мына үйдің қызы жалқау екен» - деп ойлапты. Неліктен ол мұндай ойға келді?

Жауап. Ол үйдің терезесін қырау басып тұр. Онда терезе жақтауларының аралығына тесіктер арқылы бөлмеден жылы дымқыл ауа кіріп, суық ауамен жанасқанда терезеге қатып қалады. Бұдан шығатын қорытынды терезе дұрыстап жылыланбаған.


2-сұрақ:

Бір үйге келген Шерлок Холмс, үй иелерімен әңгімелесіп отырып, бірер минуттан кейін: «Сіздің ас үйіңізде шәйнек қайнап жатыр» - деген екен. Оның отырған бөлмесінен ас үй көрінбеген, онда ол мұны қайдан білді?

Жауап. Әдетте шәйнек қайнағанда қақпағы бүлкілдеп тұрады, оның қозғалуы ішіндегі су қайнап бу түзілген кезде қысымы артады да, ол қақпақты көтеріп жібереді, қақпақ ашылғанда бу сыртқа шығып, іштегі қысым азаяды, қақпақ орнына түседі, сол кезде дыбыс шығарады. Процесс осылай жалғаса береді.

3-сұрақ:

«Құймақ ыстық кезінде ғана тәтті» - дейді Шерлок Холмсты ас ішуге шақырған аспазшы, - «Олар көпке дейін ыстық болып тұруы үшін, мен құймақ салынған табақты металл подносқа салып қоямын» - депті сөзін жалғастырған аспазшы. «Одан да құймақты ағаш подносқа салған дұрыс болар», - деп Шерлок Холмс кеңес беріпті. Бұл кеңесінің астарында не жатыр?

Жауап. Ағаштың жылу өткізгіштігі металға қарағанда аз болады. Сондықтан ағаш подноста табақ баяу суиды.

4-сұрақ:

Шерлок Холмс түскен үйдің иесі есікке барып, ішке мысықты кіргізеді. Мысықты көрген Шерлок Холмс «Сыртта ауа райы суық екен», - дейді. Ол мұны үйде отырып қалай білді?

Жауап. Мысықтың жүніне қарап анықтаған. Суық күнде мысықтың жүні әдеттегіден де қобырайып үлпілдеп тұрады, оның әр талының аралығында көбірек ауа болады, ол жылуды нашар өткізеді.


4 кезең. «Асу» кезеңі топ басшыларына ( Жұмбақтардың шешуін тауып,физика тілімен түсіндірілуі керек)

Жұмбақтар шешуін табуы керек, жауабы физика тілінде 1-2 сөзбен түсіндірілуі қажет. Шешуін тапқан үшін бір ұпай, физика тілімен түсіндіргені үшін екі ұпай. Жалпы үш ұпай қойылады.

  1. Алтын теңге кетеді, Күміс теңге келеді. (Күн мен ай - табиғи жарық)

  2. Отқа жанбас суға батпас (Мұз - заттың қатты күйі)

  3. Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді. (су – сұйық күй)

  4. Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (Шаңғы - сырғанау үйкелісі, қысым)

  5. Жүйрік өзі тұлпардан,Ұшқыр өзі сұңқардан.Күні түні жүйіткейді,Кең далада бір тарлан. (жел -  конвекция)

  6. Бұлтты аспанның жүзінде, Ойнайтын бұл немене? (найзағай - оң, теріс заряд, табиғи жарық)

  7. Өзі затты құрайды, теңесуге таразы сұрайды. (масса – физикалық шама)

  8. Жерде туып көкте өледі . (түтін –конвекция.)

  9. Тұмсығымен қозғалар, соңында аппақ із қалар. (бор – жұғу құбылысы)

  10. Көк лағым көген сүйреді. (ұршық – шеңбер бойымен қозғалыс)




5 кезең. «Жерұйық» кезеңінде оқушылар есептер шығарады. Әр топқа 2 есеп беріледі. Дұрыс шыққан есепке 15 ұпай беріледі.

« » тобына:

Есеп. 1. Ток күші 250 А және 2000 Кл-ға тең электр заряды мәшине стартерінен өтсе, ол қанша уақыт жұмыс жасайды?

Бер: Формуласы: Шешуі:

q=2000 Кл

I=250 А I= t=


Т/к: t-? Жауабы: t=8 c

Есеп. 2. Кернеу 220В, ток күші 5А желіге жалғанған электрқыздырғыш 30мин жұмыс істегенде, қанша электр энергиясының шығыны болады?

Бер: Формуласы: Шешуі:

U=220В    1,98МДж

I=5А 

t=30мин 

Q - ? Жауабы: Q= 1,98МДж

Есеп. 3.

« » тобына

Есеп. 1. Өрістегі 12*10-9 Кл заряд 2*10-6 Дж энергияға ие болатын нүктенің потенциалын табыңдар.

Бер: Формуласы: Шешуі:

q= 12*10-9 Кл

А=2*10-6 Дж


Т/к: U-? Жауабы: U=0,166 кВ

Есеп. 2. Қуаты 11кВт, 220В кернеуге есептелген, электрқондырғының кедергісін табыңдар.

Бер: Формуласы: Шешуі:

P=11кВт   Ом

U=220В 

R - ? Жауабы: R=4.4 Ом

III. Мұғалім: Оқушылар есеп шығарып болғанша бүгінгі сайысымызға келген қонақтарға бірнеше сұрақ қояйық.



6 кезең. «Серпілу» кезеңінде әр топқа формулалар жазылған үлестірме қағаз беріледі. Формуладағы белгісіз шамаларды толықтырады. Екі топқа 6 формуладан беріледі. Дұрыс формулаға 1 ұпайдан беріледі.


IV. Қазылар алқасының қорытындысы. 





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!