Материалдар / Интеллектуалды сайыс "Тарихын білген терең..."
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Интеллектуалды сайыс "Тарихын білген терең..."

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан тарихы пәнінен интеллектуалды сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2023
842
6 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет»

Ш.Уәлиханов.


Мақсаты:

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тарихи – танымдық сайыстар арқылы оқушылардың қазіргі білім негізіндегі Қазақстан тарихының өркениет құндылықтарымен байланысын анықтай отырып жан-жақты білімін, ойлау өрісін, сөйлеу шешендігін шыңдау арқылы өз интеллектуалдық қабілетін арттыру.

Күтілетін нәтиже:

  • ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту;

  • сөйлеу шешендіктерін, ойлау өрісін, арттыру;

  • тарихты оқуда өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру;

  • танымдық қызметіне қызығушылық туғызу.

Іс шара түрі: зияткерлік сайыс

Көрнекілік: проектор

Қатысушылар: 11-ПГС, С-12, М-11 топ студенттері

Жоспары:

Ұйымдастыру бөлімі.

  • Сайыстың тақырыбымен таныстыру;

  • Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру;

  • Әділқазы алқаларымен таныстыру;

  • Сайыстың мақсатымен таныстыру;

  • Сайыстың кезеңдерін түсіндіру.

Қортындысын шығару.


Кіріспе сөз: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Тарих ол-уақытқа ұқсас толмайтұғын,

Қадайды қасыңа әкеп шалғай туын,

Тарих ол-бір ғаламат алтын көпір,

Ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын. - деп «Тарих әлеміне саяхат» атты тарихи танымдық интеллектуалды сайысымызды бастаймыз.



Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

Туған жердің шежіресі өседі,

Менің елім Қазақстан – Отаным,

Болашағы бізбен бірге оседі дей келе, бүгінгі сайысқа келген топтармен танысайық.

І-топ 11 ПГС оқушылары.

ІІ-топ С 12 оқушылары.

III-топ М 11 оқушылары өздерін таныстырады ұраны айтылады.


Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділқазы алқаларын.

1. _______________________________________________________

2. _______________________________________________________


«Тарих әлеміне саяхат» деп аталатын сайысымыз 5 кезеңнен тұрады. Олар:


І кезең: «Ұшқыр ой» иә немесе жоқ па ойыны, бұл кезеңде бірінші болып, әрі дұрыс жауап берген топ 5 ұпайдан бағаланады.

II кезең: «Көкпар» 10, 20 ұпайлық ұяшықтардығы сұрақтарға жауап беру. Жасырын сандар беріледі. Бұл сандардың астында сұрақтар берілген. Сұрақтарды таңдау сайыскерлердің өз еркінде. Таңдалған ұпай сұрақтарға дұрыс жауап берсе, сол ұпай өз еншілерінде қалады.

ІІІ кезең: «Тұлғаны таны» тарихи тұлғалар. Бұл сайыста әр топ Қазақ тарихында ерекше орын алатын тұлғалардың жасырылған суреттерін жартылай көру арқылы оларды танып дұрыс аты жөнін айту керек. Дұрыс жауап 5-ұпаймен бағаланады.

ІV кезең «Қара жәшік» Әр топқа 1 заттан жасырылады. Мұқият тындап қара жәшікте не жасырылғанын тапсаңыздар, 10 ұпай сіздердікі.

V кезең «Жұмбақты шеш» ойыны бірінші болып, дұрыс жауап берген топ 5 ұпаймен бағаланады.




1 кезең. «Ұшқыр ой» иә немесе жоқ па ойыны, иә немесе жоқ па ойыны, бұл кезеңде бірінші болып , әрі дұрыс жауап берген топ 5 ұпайдан бағаланады. Олай болса іске сәт!

Қойылатын сұрақтар:

1) Астана Есіл өзенінің жағасына салынған? (иә)

2) Орталық Азия саяси-географиялық аймақ ретінде бес мемлкетті қамтиды? (иә) (Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан)

3) Абылайдың шын есімі-Сабалақ? (жоқ) (Әбілмансұр)

4) Синантроп “Қытай адамы” (иә)

5) Абылайхан Алматыда жерленеген? (жоқ) «Түркістанда)

6) «Саналы адам» сүйегі Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылды? (иә)

7) Ш. Уалиханов ақсүйек Шыңғыс тұқымы (иә)

8) Қазақтың соңғы ханы Жәңгірхан? (жоқ) (Кенесары)

9) ҚР тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет Ресей? (жоқ) (Түркия)

10) Адамзат тарихындағы жылқы өсірушілердің алғашқы мәдениеті Ботай мәдениеті? (иә)

11) Қабырға сыртын әсемдеу ісінде қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі кең қолданылған кесене- Көккесене?

(жоқ) (Алаша хан кесенесі)

12) Ежелгі адамдардың тұңғыш баспанасы үңгірлер? (иә)

13) Ғұн державасының негізін қалаған Мөде? (иә)

14) Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін түсірілген, қазақ тарихынан мағлұмат беретін фильм – Көшпенділер? (иә)

  1. Қызылорда Қазақстанның астанасы болды ма? (иә)

16) Орта ғасырлардағы Ұлы Даланың атауы мұсұлман жазба деректерінде Дешті Қыпшақ аталады? (иә)

17) Ұлт – азаттық көтерілісітің басшысы Амангелді Иманов? (иә)

18) “Жеті жарғы” заңдар жинағын Шыңғыс хан енгізген? (жоқ) (Тәуке хан)

19) Австролипитек ең алғаш табылған адам? (иә)

20) Томирис сақтардың патшайымы? (иә)

21) Қазақтың алғашқы ханы Шыңғыс хан? (жоқ)

Қорытынды шығару.


II кезең: «Көкпар» 10, 20 ұпайлық сұрақтарға жауап беру. Жасырын сандар беріледі. Бұл сандардың астында сұрақтар берілген. Сұрақтарды таңдау сайыскерлердің өз еркінде. Таңдалған ұпай сұрақтарға дұрыс жауап берсе, сол ұпай өз еншілерінде қалады.

10/1 ұпай – Тарихтың атасы (Герадот)

10/2 ұпай – Қазақстан тәуелсіздікті қай жылы алды? (1991 жыл)

10/3 ұпай - ? (1992 жылы 4 маусымда)


20/1 ұпай – Қазақ елі тәуелсіздігін алған жыл? (1991 жыл)

20/2 ұпай – Қай жылы тұңғыш ата заң қабылданды? (1993 жылы 28 қаңтар)

20/3 ұпай - ҚР рәміздері қашан бекітілді? (1992 жылы 4 маусымда)

Қорытынды шығару


ІII кезең: «Тұлғаны таны»

Ұлылардың ұрпағымыз кешегі,

Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі – деп келесі «Тұлғаны таны» сайысын бастаймыз.

«Тұлғаны таны» сайысының шарты, экранда әр топқа берілген суреттерді жартылай көру арқылы оларды танып дұрыс аты жөнін айту керек. Дұрыс жауабы болмаған жағдайда, қарсылас топтар жауап бере алады. Дұрыс жауап 5-ұпаймен бағаланады.

Суреттер:

  1. Жәнібек хан

  2. Абылай хан (1711 жылы туған деуге негіз бар)

  3. Керей хан

  4. Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938)

  5. Әлихан Бөкейханов (1870-1937)

  6. Сәкен Сейфулин (1894-1938)

  7. Амангелді Иманов (1873-1919)

  8. Махамбет Өтемісұлы (1803-1846)

  9. Исатай тайманұлы (1791-1838)

Қорытынды шығару


ІV кезең «Қара жәшік» Әр топқа 1 заттан жасырылады. Мұқият тындап қара жәшікте не жасырылғанын тапсаңыздар, 10 ұпай сіздердікі.

I топ.

Аңыз әңгімелерге сүйенсек бұл жеміс ғажайып күшке ие. Ертеде гректер бұл жемісті Дионистің көз жасынан пайда болған деп есептеген. Кейде бұл жемісті «барлық жемістердің патшасы» деген. Себебі ол патшаның тағын еске түсіреді. Бұл қандай жеміс?

ІІ топ.

Бұл затты батырлар кеудесіне тұмар есебінде таққан. Ол батырды жебеден және қылыштан сақтайды деп ойлаған. Барлық уақытта бұл емдік мақсатта пайдаланған. Орта ғасырларда оның иісі әр түрлі аурулардан сақтаған. Ол не?

ІІІ топ.

Бұл затты батырлар кеудесіне тұмар есебінде таққан. Ол батырды жебеден және қылыштан сақтайды деп ойлаған. Барлық уақытта бұл емдік мақсатта пайдаланған. Орта ғасырларда оның иісі әр түрлі аурулардан сақтаған. Ол не?

V кезең: «Жұмбақты шеш» ойыны бірінші болып, дұрыс жауап берген топ 5 ұпаймен бағаланады.

  1. Жиынға жиналыпты бүгін бәрі,

Сұрақты қояйық біз сөздің нәрі,

Ежелде түрік бабам жазған жазу,

Атауын қалай екен білсең кәні.

(Руна)

  1. Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек

Ондайлар Отаныма өте керек

Тәуке хан жазған екен заң жинағын

Тапсаңдар болғандарың асқан зерек

(Жеті Жарғы)

  1. Тұрғыны жоқ елдер,

Үйі жоқ қалалар

Ағашы жоқ ормандар,

Суы жоқ теңіздер.

(Карта)

  1. Айтыңдаршы ал енді,

Кегіруі бар елді.

(Австрия)

  1. Сілкінетін жері көп,

Шектесетін елі жоқ.

(Жапония)

  1. Аралайық әлемді,

Берем дерек, дәлелді.

Табыңдаршы өздерің

Жұмбақтадым кай елді?

Айтыңдаршы ал енді,

Ұлы қорған бар елді.

(Қытай)

Қорытынды шығару


Қазылар алқасы бүгінгі ойынды қорытындыласа дейміз.


Көрермендерге қойылатын логикалық сұрақтар.


  1. Күрекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)

  2. Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)

  3. Есік пен терезенің арасында не тұрады? («пен» тұр)

  4. Орыс күнтізбесіндегі ең қысқа ай? (Май – үш әріптен тұрады)

  5. Қай өзен ең қорқынышты ? (Тигр өзені)

  6. Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)

  7. Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс)

  8. Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)

  9. Қаржауады, күнжылынып, ери бастайды, біраздан соң жаңбыр жауады, одан кейін аяз қатты тұрса, не байқалады? (көк тайғақ болатындығы)

  10. Қазақтандағы аты да, мінезі де бұзық өзен қайда (Талдықорған облысы,  Тентек өзені.) 


Міне құрметті қатысушылар ойынның шешуші сәті, әділқазы алқалары сөз кезегі өздеріңізде.

Қазылар алқасы сайыс сонында жеңген команданы, сайыстың үздік ойыншысын анықтап марапаттайды.


Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі көріп тамашалаған зердені жетілдіру «тарихын білген терең...» атты танымдық сайысымыз өз мәресіне жетті.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!