Материалдар / Интеллектуалдық ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Интеллектуалдық ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі мекемелерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қырқүйек 2018
590
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Елім менің»

Интеллектуалдық сайысы

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар баршаңызды Қазақстан Халықтарының тілдер күнімен құттықтаймыз!

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек Қазақстан Халықтарының тілдер күні ретінде аталып келді.

Осы жылдан бастап. Тілдер мерекесіне орай жаңашыл өзгерістер енгізілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 31 қазандағы

689 қаулысымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді.

Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған қазақ халқының тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша Қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады.

Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, түріктанушы, публицист, педагог аудармашы, қоғам қайраткері 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген.

Мемлекетіміздің тарихи тағдыры, мақсаты тіл арқылы баянды болмақ. Тіл – байлығымыз, тіл – тарихымыз, тіл – мәдениетіміз, тіл – әдебиетіміз. Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің , мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп , мәдениетін қадірлейміз. Осыған орай, педагогтар аралығында өткізілетін интеллектуалдық сайысымызды бастаймыз.


Ана тілім жүрегісің анамның,

Жүрек ана мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

Дей, отырып интеллектуалдық сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Дей, отырып бүгінгі сайысқа төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.

2.

3.

Бүгінгі сайыскерлеріміз 5 кезең бойынша сынға түседі.

І. «Бәйге» кезеңі

ІІ. «Жалғастыру» кезеңі

ІІІ. «Құпия сандық» кезеңі

ІV. «Мақал сөздің мәйегі» кезеңі

V. «Бейнелі сұрақ»

І. «Бәйге» кезеңі

Бұл кезеңде барлық топтарға сұрақ қойылады. Кім қолындағы қамшыны бірінші көтерсе сол топ сұраққа бірінші жауап береді. Әр жауап

10 ұпаймен бағаланады.

  1. Абайдың неше қара сөзі бар?

Жауабы: 45 қара сөзі бар.

  1. Ең алғаш қазақ мектебін кім ашты?

Жауабы: Ы. Алтынсарин

3. «Әлеумет» білім саласына жататын бөлімдерді атаңыз?

Жауабы: Қоршаған орта, экология бөлімдері.

  1. Қыз ұзатылғанда айтылатын жыр?

Жауабы: «Сыңсу»

  1. Қазақстан Республикасының елтаңбасынының авторларын атаңыз?

Жауабы: Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уалиханов.

  1. Әз Жәнібек ханның «Дүниеде не өлмейді» деген сұрағына

«Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді» деп жауап берген шешен кім?

Жауабы: Жиренше шешен

  1. Жер шарындағы ең үлкен құрлықты атаңыз және Қазақстан мемлекеті қай құрлықта орналасқан?

Жауабы: Еуразия

  1. Мұхтар Әуезовтың ұлын атаңыз?

Жауабы: Мұрат Мұхтарұлы Әуезов.

  1. Қазақ тілі тілдердің қандай тобына жатады?

Жауабы: Қазақ тілі Түркі тілдер тобына жатады.

  1. Серуенде жүргізілетін жұмыс түрлерін атаңыз?

Жауабы: Бақылау, Эксперименттер тәжірибелер жасау.

Еңбек баулу. Табиғат туралы өлеңдер, жұмбақ, мақал - мәтелдер жаттау. Қимылды ойындар. Дербес іс әрекет ұйымдастыру, жеке жұмыс жасау.

  1. Тіл туралы заң қанша бап, қанша тараудар тұрады?

Жауабы: 27 бап, 6 тараудан тұрады.

  1. Тіл мерекесі 2018 жылдан бастап 5 қыркүйекте тойланатын болды, аталған дата қазақ тіл білімінің негізін салушы қай ғалымның туған күніне орай бекітілді?

Жауабы: Тіл мерекесі ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай бекітілді.

  1. Қазақ тілінде буын неше түрге бөлінеді және оларды атаңыз?

Жауабы: Қазақ тілінде буын үш түрге бөлінеді. «Ашық», «Тұйық», «Бітеу» буын.

  1. Көрдім деген неше сөз, көрмедім деген неше сөз?

Жауабы: Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз.

  1. Киіз үйдің шаңырағы мен керегесін байланыстыратын үй бөлігін атаңыз?

Жауабы: Киіз үйді шаңырақ пен керегені байланыстыратын үй бөлігі уық.

  1. Екі кісінің сөйлесуін не деп атаймыз?

Жауабы: Екі кісінің сөйлесуі «Диалог» деп атаймыз.

  1. Бес дұшпан, бес асыл іс туралы ойы Абайдың қай өлеңінде кездеседі?

Жауабы: «Ғылым таппай мақтанба»

  1. «Windows» сөзінің қазақша баламасы?

Жауабы: «Windows» сөзінің қазақша баламасы «Терезе».

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы қай жылы қабылданды.

Жауабы: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы. қабылданды.

  1. Қазақстан Республикасы 2016 жылдың желтоқсанында қандай мерекені атап өтті?

Жауабы: Қазақстан Республикасы 2016 жылдың желтоқсанында Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлады.

ІІ Кезең «Жалғастыру»

Бұл кезеңде ұлы ақын - жазушыларымыздың өлеңдерінен бірінші жолдары оқылады, сол өлеңді жалғастырып авторын атайсыз. Әр жауапқа 20 ұпай беріледі.




Сұлтанмахмұт Торайғыров

«Қазақ тілі»

Сүйемін туған тілім анам тілім,

Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыңа сіңірген таныс үнін.


Дихан Әбілов

«Туған тілде»

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.



Мұқағали Мақатаев

«Бүгін менің туған күнім»

Бүгін менің туған күнім ой пәлі – ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім – ақ,

Тәңірдің бір жарытпай – ақ қойғаны – ай.



Абай Құнананбаев

«Күз»

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма

Жылқы ойнап бие қашқан тай жарысқан.


Александар Сергеевич Пушкин

«Я помню чудное мгновенье»


Я помню чудное мгновенье

Передо мной явилось ты,

Ака мимолетное виденье,

Как гений чистой красоты.






Сергей Александрович Есенин

«Береза»

Белая береза

Под моим окном

Принакрылась снегом,

Точно серебром.


Михаил Юрьвич Лермонтов

«Парус»

Белеет парус одинокой

В тумане море голубом!

Что ищет он в стрране далекой?

Что кинул он в краю родном?




Сергей Александрович Есенин

«Шаганэ ты моя, Шаганэ!


Шаганэ ты моя, Шаганэ!

Потому что я с севера, что ли,

Я готов рассказать тебе поле,

При волнистую рожь при луне.

Шаганэ ты моя, Шаганэ!


ІІІ. «Құпия сандық» кезеңі

Бұл кезеңде жұмбақ жасырылады. Оның шешуін тауып орыс, ағылшын тілінде баламасын табасыз. Толық жауап берілсе 30 ұпайға ие боласыз.

  1. Көтеріліп теңізден

Аспанға биік барамын.

Биіктеп қайта түскенде,

Өңі кірер даланың

(Жаңбыр – дождь - run)



  1. Балдан тәтті.

(Ұйқы - сон - Sleep)





  1. Екі элементтен тұрады,

Жыра шұңқыр тұрағы.

Ол болмаса әлемде,

Барша тірлік қурайды.

(Су – вода - water)

  1. Жанды мотор сынбайды,

Күні – түні тынбайды.

Кейде оның жүрісін,

Дәрігерлер тыңдайды.

(Жүрек - сердце - heat)



  1. Бар ма, жоқ, па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

(Ауа - воздух - air)



  1. Жеп көріп ем өзім мен,

Жас шығарды көзімнен.

(Пияз - лук - Onions)



  1. Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды.

(Мысық - кот - Cat)



  1. Аяғы жоқ жүреді,

Аузы жоқ сөйлейді.

(Хат – письмо - Ietter)



  1. Аласа таудан алудан алма,

Алқызыл болмай аузыңа салма.

(Қызанақ - Помидор - Tomato)



  1. Әттең даусым, тілім жоқ

Құшағымда білім көп.

(Кітап - книга - Book)



  1. Кеудесінде жаны жоқ

Тамырында қаны жоқ.

Май жейді,

Су ішеді.

(Көлік - машина - Car)



  1. Жерді жапты ақ мамық.

(Қар - снег - Snow)



  1. Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі.

(Сызғыш – Линейка - Ruler)


  1. Жазу жазып жалықпаған,

Жаза – жаза арықтаған.

(Бор – мел - Chalk )



  1. Өзі кірді ашады

Суға салсам қашады.

(Сабын – мыло - Soap).

ІV. «Мақал сөздің мәйегі» кезеңі

Бұл кезеңде мақалдың бастапқы жолы айтылады, сіз мақалды әрі қарай жалғастырасыз. Әр жауапқа 40 ұпайдан беріледі.

  1. Жеті жұрттың тілін біл ....... жеті түрлі білім біл.

  2. Білекті бірді жығар............білімді мыңды жығар.

  3. Екі жақсы қас болмас ......... екі жаман дос болмас.

  4. Жүз сомың болғанша ........... жүз досың болсын.

  5. Ақыл азбайды ............. білім тозбайды.

  6. Отыз тістен шыққан сөз............... отыз рулы елге тарайды.

  7. Шешеннің тілі ортақ ............ шебердің қолы ортақ.

  8. Тіл тас жарады, тас жармаса............... бас жарады.

  9. Дәлелсіз сөз .............. желмен тең.

  10. Піл көтермегенді ........... тіл көтереді.

  11. Сөз тапқанға ............. қолқа жоқ.

  12. Еңбектің наны тәтті ................. жалқаудың жаны тәтті.

  13. Жыланның уы тісінде ............... адамның уы тілінде.

  14. Тауды тасты жел бұзар .................. адамзатты сөз бұзар.

  15. Бас кеспек болса да, ............ тіл кеспек жоқ.

  16. Туған жердей жер болмас, .............. туған елдей ел болмас.

  17. Аққу қазсыз ............. көл болмас.

  18. Өнер алды ........... қызыл тіл.

  19. Көре – көре көсем боларсың ............. сөйлей – сөйлей шешен боларсың!

  20. Кітап білім бұлағы ,........... білім өмір шырағы.



V. «Бейнелі сұрақ»

Бұл кезеңде бейнеролик арқылы тұлғалар, тарихи оқиғалардан, сал – дәстүрлерден сауалдар беріледі. Бұл кезең 50 ұпаймен бағаланады.

  1. Құрметті интеллектуалдық ойынға қатысушы. Менің қояр сауалым:

Мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1847 жылғы ұлт – азаттық қозғалысының көсемі. Қазақ хандығының соңғы ханы, Көкшетау өңірінде дүниеге келген Абылай ханның немересі, бұл күнде Астана көшелерінде есімі берілген ұлы тұлғаны атаңыз?



Жауабы: Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымұлы.



  1. Құрметті интеллектуалдық ойынға қатысушы. Менің қояр сауалым:

  1. жылы Павлодар облысында дүниеге келген геолог – ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор Қазақстанның металлогения негізін қалаушы, қазақтан тұңғыш шыққан академик кім?

Жауабы:

Қазақтың тұңғыш академигі – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.



  1. Құрметті интеллектуалдық ойынға қатысушы. Менің қояр сауалым:

Қазақтың ұлы жырауы, 18 ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ – жоңғар соғысының бастаушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. «Ай, Абылай, абылай», «Қазақтың ханы Абылай» атты толғаулардың авторы, Абылай ханның кеңесшісі, болған ұлы жырау кім?



Жауабы:

Абылайханның тұсында өмір сүрген ұлы жырау – Бұқар Қалқаманұлы.



  1. Құрметті интеллектуалдық ойынға қатысушы. Менің қояр сауалым:

1723 жылы қазақ елінің қас жауы жоңғарлар басып кіріп, бейбіт өмір сүріп жатқан халқымызды талан таражға салып, азық – түлік, мал – мүлкін тартып алуды көздеді. Қысты әрең қыстап шыққан қазақтар шетінен қырғынға ұшырады. Осы ауыр кезеңді баяндайтын «Елім - ай» әні дүниеге келді. Қазақ елінің ең сұрапыл қасіретті оқиғасы қалай аталды?



Жауабы: 1723 жылы қазақ жерінде «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы өткен.

  1. Құрметті интеллектуалдық ойынға қатысушы. Менің қояр сауалым:

Бала туған кезде немесе есі кіріп оң солын таныған соң, сүндет тойына немесе мектепке барғанда атасы немесе өз әке шешесі оған тай атайды. Бұл дәстүрді халқымыз қалай атаған?

Жауабы: Халқымыз балаға берген тайын «Бәсіре» деп атаған.





  1. Ел арасында «Шала туып тымаққа салып өсірген екен» деген сөздер жиі естіледі. Оның себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы әрі бөлеуге ұстауға ыңғайлы болған. Бұл дәстүрді халқымыз қалай атаған?



Жауабы: Бұл дәстүрді халқымыз «Тымаққа салу» деп атаған.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!