Материалдар / Интеллектуалдық турнир.Математикадан сыныптан тыс жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Интеллектуалдық турнир.Математикадан сыныптан тыс жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Математикадан сыныптан тыс жұмыс. Оқушылардың білімге құштарлығын,математикаға қызығушылығын арттыру,тез ойлауға,жылдам шешім қабылдауға,нартәуекел мен іскерлікке бейімдеу.Эрудициясын,интеллектуалдық таным дәрежесін жетілдіру.Мақсатқа жету үшін табандылыққа тәрбиелеу мақсатында өткізіледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2020
1297
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Интеллектуалдық турнир.

«Озық ойлы оқушы».

Мақсаты: Оқушылардың білімге құштарлығын, математикаға қызығушылықтарын арттыру.Тез ойлауға, жылдам, нақты шешім қабылдауға, нартәуекел меніскерлікке бейімдеу, үйрету.Оқушылардың эрудициясын, интеллектуалдық таным дәрежесін байқап,жетілдіру.Мақсатқа жету үшін табандылыққа тәрбиелеу.

Өтілу әдісі:Турнир түрінде.

Типі: Интеллектуалдық сайыс.

Пәнаралық байланыс:Физика, геометрия, математика тарихы,тарих,әдебиет, логика,психология,экология, «Рухани жаңғыру»,химия,биология.

Қанатты сөздер:

  1. Абайдың білім-ғылым туралы қара сөзі.

  2. «Білімнен безген бүлінер».

  3. Жеті жұрттың тілін біл.

Жеті түрлі білім ал.

  1. Болашақтың кілті білімде.

  2. Мен білмеймін деме,үйренейін де.

  3. Терлемеген терең білмес.

  4. Данышпан - 1% шабыт пен 99% терден тұрады.

Көрнекіліктер: Жұлдызшалар, плакаттар, сызбалар,т.б..

Қатысушылар: Х «А», «Б» сынып оқушылары(8 оқушы).

Өтілетін орны: Өнер залы.

Әділқазылар алқасы: математика,физика пәнінің мұғалімдері.

Жоспары:

  1. Кіріспе.Оқушыларды ортаға шақыру.

  2. Таныстыру.

  3. Ойынды бастау.

І тур. «Бәйге».

ІІ тур. «Көкпар».

ІІІ тур. «Математика мақал-мәтелдерде».

ІV тур. «Білетінің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз».

V тур. «Жанды сұрақтар».

VI тур. Финал.

VII тур.Шешендік.

Кіріспе:

Абайдың 38-қара сөзін оқудан бастаймын.

«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар содан қашпақ керек.Әуелі – надандық,екінші - еріншектік,үшінші – залымдық деп білерсің.

Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.

Білімсіздік – хайуандық болады.

Еріншектік – күллі дүниеден адамның дұшпаны.

Талапсыздық,жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.

«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп».

«Білегіңе сенбе, біліміңе сен!» деп бекер айтылмаған.

«Интеллектінің» латын тіліндегі баламасы зерде, ақыл, сана деген ұғымға жақын.

Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақов Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфулли, Тұрар Рысқұлов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев т.б. толып жатқан ары таза, білімдері қисапсыз мол, ұлт жанды зиялылар тобы жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегінде пайда болып қазақ халқының зерделілік, саналылық менталитетін аз уақыт ішінде өзге көп кіші ұлттардан жоғары шарықтата көтеріп жіберді.

Кішкене ғана Жапония елі өзінің саясатын білімге қатты көңіл бөліп, күшейтуден бастаған.Қазір дүние жүзінде интеллектуалдық өсуі жөнінен алдыңғы қатарлы елдер санатында.Оның электронды тауарларына теңдес жоқ. ХХ ғасырдың ІІ жартысында АҚШ-бағын асырып тұрған да оның доллары ғана емес, осы зиялы өкілдері де.Қай ел болмасын бес қаруы сай армиясымен, не аспанға өрлеген экономикалық қуатымен ғана ұзақ уақыт даралана қоймас.Бар уақытта шоқжұлдыздай түзілген білімді, зиялы қауым өкілдерімен мақтана, рухтана алады.

Дүние жүзіндегі №1 миллиардер Билл Гейтс компьютердің королі.Өзінің білімі арқасында осындай байлыққа кенелген 13 жасында компьютерге арнап алғашқы бағдарламасын жасаған.

Академик Ландау орта мектепті 13 жасында үздік бітіріп, 14 жасында университеттің ІІ курсына түседі.

Н.Лобачевский 15 жасында гимназия бітіріп, 19 жасында университетті магистр атағымен тәмамдайды.

Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.Болашақ ұрпаққа зор сенім артып, елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жас ұрпағымыз ХХ ғасырдың ауыр жүгі өзінің иығына түсетінін сезгені абзал, сондықтан нартәуекл мен іскерлікке бейім, жан-жақты, білімді, озық ойлы болуы керек» деген.

Қазір білімдіге жол ашық.

Бүгінгі сайысымызда да мектебіміздің озық ойлы жеткіншегін анықтауға арналған.

Ойын шартымен таныстырып, әділқазыларды ортаға шақырған соң бастаймыз.

І тур. «Бәйге».

Бұл тур жылдамдыққа, тездікке, танымдылық дәрежесін анықтауға арналған.Тәуекелге бел буғыш, шешімді тез, уақытында қабылдауға бейімділігі байқалады.Жауап тез, дұрыс болуы керек.Қай оқушы қолындағы жұлдызшасын бірінші көтереді, сол оқушы бірінші жауап береді.Бағалануы 10 балл.

Сұрақтар: Математика.

а)

  1. Ең үлкен бүтін теріс сан: -1.

  2. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар: Жұп

  3. Архимед ашқан сан: П

  4. Математиканың қандай бөлімінің аты гректің «сан» деген сөзінен шыққан: Арифметика

  5. Геометрияны бірінші орынға шығарған кім?: Евклид

  6. Бірдей көбейткіштерді көбейту амалын қандай басқа амалмен ауыстыруға болады?: Дәрежелеу

  7. Жүзді жартыға бөл: 200

  8. 20 минут сағаттың қандай бөлігі: 1:3

  9. Квадраттың ауданы 36 см2 периметрі ?: 24 см.

  10. 2sin300cos300, 2sin150cos150: sin600=3/2,1/2

  11. Ең аз қабырғалы көпбұрыш: үшбұрыш

  12. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы: П=3,14

  13. Оң да, теріс те емес сан: 0

  14. 1га да қанша ар бар: 100

  15. 1кг су көлемі: 1л

  16. x = (-1)arcsina+Пk, k э Z :sinx=a

  17. Екі қатынастың теңдігі: Пропорция

  18. у=k/x графигі: гипербола

  19. Бұрышты өлшейтін құрал: Транспортир

  20. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу: Перпендикуляр

  21. Қосу амалын өрнектейтін белгі: Плюс

  22. Стеометрия аксиомаларының саны:3

  23. Бірмүшелердің қосындысы: көпмүше

  24. «Арифметикаға кілт» кімнің еңбегі?: Бируни

  25. Пирамида термині ең алғаш қай жерде туды?: Мысыр

  26. «алгебра» қай елдің сөзі?: «әл-жебр» араб сөзі

  27. Координаттар жүйесін ашқан: Декарт

  28. Аристотель шығармаларының бірінші коментаторы : Әл-Фараби

  29. 1теңгенің 1% : 1тиын

  30. 3-тің квадраты 9 , 4-тің квадраты 16, квадраттық бұрышы неге тең?: 900

  31. Ең кіші натурал сан: 1

  32. Бір-бірінен таңбасында ғана айырсашылығы бар сандар: қарама-қарсы

ә) Енді жалпы танымдық сұрақтар :

  1. Қозғалыс шапшаңдығын сипаттайтын шама: жылдамдық

  2. Зат мөлшерінің өлшемі: моль

  3. «Үш анық» авторы : Шәкәрім

  4. Жалғыз өркешті түйе: Нар

  5. Қоршаған ортаны қорғау

  6. Тауар сапасын куәландыратын құжат: Сертификат

  7. Ақшасыз, тек заттай алмасу: Бартер

  8. «семіз» сөзінің антонимі: Арық

  9. Күші адал, еті арам: есек

  10. Акционерлік серіктестік: Холдинг

  11. Пайданы арттыруға бағытталған экономикалық кәсіпкерлік іс: Коммерция

  12. Ханның көмекшісі: Уәзір

  13. ҚР-ның бірінші ханы:Н.Ә.Назарбаев

  14. Қарттар күні: 1-қазан

  15. Қарабұлақтағы Соц.Еңбек Ері: Б.Кенжалов

  16. Павлодардың бұрынғы аты: Кереку

  17. Америкадағы президент атымен аталған қала: Вашингтон

  18. «Жеті жарғы» авторы: Тәуке

  19. Ең үлкен материк: Еуразия

  20. «Ақтабан шұбырындыдан» қалған ән:Елім-ай

  21. Әлемге әйгілі музей: Эрмитаж

  22. Бізге ең жақын жұлдыз: Күн

  23. ХХ ғасырдың Гомері атанған: Жамбыл

  24. Жабайы шошқа: Қабан

  25. «Көшпелілер» трилогиясының авторы: І.Есенберлин

  26. Абылайдың шын аты:Әбілмансұр

  27. Ұлықбек әмірші болған қала: Самарқанд

  28. Астрономиялық зерттеу орталығы: Обсерватория

  29. «Жас Шоқан» ролін ойнаған актёр: С.Әшімов

  30. Ислам дінінің негізі жазылған кітап: Құран

  31. Исатай мен Махамбетке арнап шығарған Құрманғазының күйі:

Кішкентай

  1. Атақты террорист: Бен Ладен

ІІ тур. «Көкпар».

Бұл да қазақтың ұлттық ойыны.Мұнда топпен жұмыс істеу анықталады, береке-бірлік бақыланады.

Қатысушы оқушылар екі командаға бөлінеді.

А.І позитивтік.

В.ІІ негативтік бағыт ұстайды.

Тапсырма:

А. «Математикасыз өмір жоқ!»

В. «Математикасыз-ақ өмір сүруге болады.»

Өз бағытын дұрыс қорғаған команданың әрбір мүшесіне 20 балл қосылады.

ІІІ тур. «Математика мақал-мәтелдерде».

Ойыншы мақал-мәтелдегі қажетті санды тауып, атауы керек.

Бағалануы 20 балл.

  1. Семіздің аяғы - сегіз.

  2. Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық.

  3. Бір күн ашыққаннан, қырық күн ақыл сұрама.

  4. Алпыс күн атан болғанша, алты күн бура бол.

  5. Жұт жеті ағайынды, жиенімен сегіз.

  6. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.

  7. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

  8. Бір кісі таққа мінсе, қырық кісі атқа мінеді.

Атақты әйел математик С.Ковалевская былай деген екен:

«Ақын жанды болмаған адам,математик те болмайды».

Келесі тапсырмамыз осы сөздермен тығыз байланысты.Әр ойыншыға 2 жол өлең шумағы беріледі,әрі қарай оқушы өз ойын, жауабын ұйқасын тауып,екі жол өлеңмен қайтарады.

Бағалануы 50 балл.

Ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы ойыннан шығады.

Өлең: ҚР тәуелсіздігінің жылдығына арналған. а)«Өзгерісін елімнің көріп жүрміз». Ағалардың ізіне еріп жүрміз. ә) «Егеменді елімнің ұлы істерін, Орындау да біздердің мойнымызда».

ІV тур. Жартылай финал. «Менің ойым».

Бағалануы 10 балл.

Әр оқушының алдында бір-бірімен белгілі бір байланыспен орналасқан сандар қатары берілген.Сандар қатарының ерекшелігін тауып қатарды жалғастыр...

А)9,7,10,8,11,9,12... (10,13,11,14,12,15,13,16...) Ә)212,179,146,113... (-33) келесі сан 80

Б) 393 571 17? В)



Тағы екі ойыншы ойыннан шығады.

V тур.

Қалған 4 ойыншының алдына 4 сұрақ болады.Қай ойыншының балы жоғары сол оқушы бастап, қай нөмірлі сұрақ қалайтынын айтады.Қалғандары сол ретпен сұрақтардың нөмірлерін таңдап, жауап береді. Жауабының үш варианты ұсынылады, дұрысын таңдайды.

1

2

3

4

Бағалануы 10 балл







  1. Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған ғалым кім?

А)Бируни Ә)Әл-Фараби Б)Хорезми

  1. Алғаш рет атом ядросын ашқан және жасанды атом ядроларын алған ғалым кім? А)Э.Резерфорд Ә)А.Эйнштейн Б)М.Ломоносов

  2. Ең бірінші есептейтін программаларды құрған кім, қай ғасырда? А) ХІХ ғ. ағылшын математигі Чарльз Беббидж . Ә) ХХ ғ. американ ғалымы Дж.Атанасьев. Б) ХХ ғ. американ ғалымы К.Берри.

  3. ХІV-XV ғ.өмір сүрген Орта Азия математигі, аты шулы қолбасшы Әмір Ақсақ Темірдің немересі, обсерваториясы бар. А)Омар Хайям Ә)Ұлықбек Б)Әл Хорезми

Тағы 2 ойыншы оыннан шығады.

VI тур.Финал.2 ойыншы қалады.

Қай оқушының балы жоғары, сол оқушы пән таңдайды.Сол пән бойынша сұраққа жауап береді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!