Материалдар / "Интерактивті әдіс-тәсілдер"әдістемелік құралы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Интерактивті әдіс-тәсілдер"әдістемелік құралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл оқу-әдістемелік құралы барлық курс мамандықтарының жалғастырушы топтарына арналып, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мамандығы бойынша сапалы білім беру беру мақсатында жазылған. Аталмыш оқу-әдістемелік құралының негізгі мақсаты -болашақ оқытушы мен білім алушының арасындағы байланысты жетілдіруіне мүмкіндік беру. Сәйкесінше, сабақ барысын қызықты етіп өткізу үшін ойындар, тренингтер, жазбаша жаттығулар, т.б. берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2021
376
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті

15 ТҮРЛІ
ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТӘСІЛДЕР
ЖИНАҒЫ

Есетова Н. Рахат Ж. Яхияева Л.
2021 Ж.

Есетова Н. Рахат Ж. Яхияева Л.

15 ТҮРЛІ ИНТЕРАКТИВТІ
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
ЖИНАҒЫ
мектептегі жазба жұмыстарын жүргізу
әдістемесі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің филология факультеті
студенттерінің арнайы оқытушыларға
ұсынған әдістемелік құралы

АЛМАТЫ "ҚазҰПУ" 2021

АЛҒЫ СӨЗ
Бұл оқу-әдістемелік құралы
барлық курс мамандықтарының
жалғастырушы
топтарына
арналып, студенттердің кәсіби
құзыреттілігін
арттыру,
мамандығы
бойынша
сапалы
білім беру беру мақсатында
жазылған.
Аталмыш
оқу-әдістемелік
құралының
негізгі
мақсаты
-болашақ оқытушы мен білім
алушының
арасындағы
байланысты
жетілдіруіне
мүмкіндік
беру.
Сәйкесінше,
сабақ барысын қызықты етіп
өткізу үшін ойындар, тренингтер,
жазбаша
жаттығулар,
т.б.
берілген.

«Жасырын
сөздер» ӘДІСІ
МАҚСАТЫ: Идеяларды қорытындылау
және кері байланыс жасау үшін
ТИІМДІЛІГІ: Идеялар талқыланады,
жинақталады, шығармашылық
қабілеттері дамиды.
ҚОЛДАНЫЛУЫ: 1 адам ортаға шығады,
жүргізуші оның артында тұрып, бірнеше
сөздерді жасырады, ал топтағылар ымишара арқылы ғана түсіндіреді.
Ортадағы адам қандай сөз
жасырылғанын табу керек.

«Желпуіш» әдісі
МАҚСАТЫ: Идеяларды жинақтау,
жазбаша кері байланыс беру
ТИІМДІЛІГІ: Идеялар талқыланады,
жинақталады
ҚОЛДАНЫЛУЫ:А-4 түрлі түсті параққа
желпуіш жасалынып, әрбір бөлігіне
кезекпен идеялар жазылады, кейін
талқыланады.

«Тепе-теңдік
дөңгелегі» әдісі
МАҚСАТЫ: Ойды жинақтау, тақырып
бойыншақажеттіліктерін анықтау.
ТИІМДІЛІГІ: Тақырып бойынша
ойларды түйінделеді.
ҚОЛДАНЫЛУЫ: Шеңберде бірнеше
бөлік болады. Әрбір идея 0-ден 10-ға
дейін балл арқылы анықталып,
белгіленеді. Кейін нүктелер қосылып,
баланс шыққаны-шықпағаны
талданады.





«МИКС» ӘДІСІ
МАҚСАТЫ: Идеяларды жинақтап, түйіндеу,
кері байланыс жасау.
ТИІМДІЛІГІ: Идеяларды жинақтау,
түйіндейді. Әр топ шығармашылық
көзқарас білдіреді.
ҚОЛДАНЫЛУЫ:Тақтаға түйінді 9-10 тірек
сөздер жазылады. 1-ші топ – өлең шығару,
2-ші топ – эссе жазу, 3-ші топ – суреттеу, 4ші топ – сахналық көрініс, 5-ші топ – бір
әннің мелодиясына салып, топпен
орындау.



«Эйлер шеңбері»
әдісі
МАҚСАТЫ: Тақырып бойынша негізгі
идеяларды жинақтап, саралау.
ТИІМДІЛІГІ: Идеялар жинақталып,
сараланады
ҚОЛДАНЫЛУЫ: А-4 параққа, шағын
постерге Эйлер шеңбері сызылып,
кезекпен идеялар талқыланып,
жазылады. Не?Қалай? Неге? Нәтиже?
деген Мәселер бойынша идеялар
сараланады.

«Екі дұрыс, бір бұрыс»
тәсілі
МАҚСАТЫ: Оқушының ойлау қабілетін
дамыту
ТИІМДІЛІГІ: Оқушының өзіне тест
құрастыру арқылы уақытты тиімді
пайдаланады.
ҚОЛДАНЫЛУЫ: Өткен тақырып немесе
үй тапсырмасы бойынша екі дұрыс, бір
бұрыс жауабы бар тест құрап жұптық
жұмыс немесе топтық жұмыс жасауға
болады.

«Сұрақ ілмегі» әдісі
МАҚСАТЫ: Оқушының ойын ашық
білдіруіне дағдыландыру.
ТИІМДІЛІГІ: Оқушы сабақтың қай
бөлігін немесе тақырыпты түсінбеген
болмаса сабақ төңірегінде ойландырып
жүрген сұрақтарын ашық айтады.
ҚОЛДАНЫЛУЫ: Бұл әдісті жазбаша
немесе ауызша өткізуге болады. Сұрақ
қою арқылы баланың сабақты қалай
меңгергенін немесе меңгермеген
жерлерін білуге болады. Керісінше бала
өз ойын ашық жазып іліп кетуіне болады.
Түрткі болу, сынақтан өткізу немесе
қайта бағыттау техникаларын
пайдаланады.



«Шахмат» әдісі
МАҚСАТЫ: Өткен тақырып бойынша
қайталау, кері байланысты жазбаша
жүргізу.
ТИІМДІЛІГІ: Маңызды ақпарат туралы ой
бөлісіп, жазылым, оқылым, тыңдалым
мен айтылым дағдылары қалыптасады.
ҚОЛДАНЫЛУЫ: Шахмат тақтасының
суретін пайдалану арқылы оқушылар бос
ақ ұяшықтарға өз ойларын кезекпен
жазады, кейін ой бөліседі.

«Ашық микрофон»
әдісі
МАҚСАТЫ: Оқушыны жылдам әрі
тұжырымды ойлауға дағдыландыру.
ТИІМДІЛІГІ: Құнды ой жинақтап, ойын
ашық айтады
ҚОЛДАНЫЛУЫ: Оқушылар қолдарына
микрофон ұстап, өткен сабаққа
байланысты немесе үй жұмысына
байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы
жауап береді.

«Сұраққа жетіп ал»
әдісі
МАҚСАТЫ: Оқушының өз бетінше жұмыс
жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ
қою дағдыларын дамыту.
ТИІМДІЛІГІ: Өз бетінше ойлап, ақпаратты
меңгере алады. Ақпаратпен ықыласпен
жұмыс жасайды. Мәтінге, әңгімеге сұрақ
қояды, тұжырымдайды.
Сыныптастарының жауаптарын ықылас
қойып тыңдайды және сұрақтар қояды.
ҚОЛДАНЫЛУЫ: Мәтінді толық немесе бір
бөлігін оқыту (мәтіннің күрделілігіне,
оқушылардың даму ерекшелігіне қарай)
оқылған мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі
сұрақтар қою. 1-ші доп – сұрақ қояды, 2ші доп сол сұраққа жауап береді.

«Джигсо» әдісі

МАҚСАТЫ: Берілген тақырыпты топ
ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен
топтық жұмыс жасау.
ТИІМДІЛІГІ: Ынтымақта бірлікте жұмыс
жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге,
тақырыпты ортаға салып талқылауға,
түйінді ойды саралауға жетелейді.
ҚОЛДАНЫЛУЫ: Көлемді мәтін төрт
бөлікке бөлінеді оқушыларда төрт
адамдық шағын топтарға бөлініп
(«бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін
нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әрқайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір
бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар
құрамы өзгертіліп, жаңа топтар
(«сарапшылар тобы») тобы
құрылады,сарапшылар топтарында
оқушылар өз нөмірлері бойынша
жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін
оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер
басқа топтарға барып, өз жұмыстарын
таныстырады, топтық талқылау жүреді.

«Өрмекші» әдісі
МАҚСАТЫ: Жаңа материалды пысықтау,
түйінді ойларды бекіту.
ТИІМДІЛІГІ: Өрмекші сұлбасына
меңгерілген материалды пысықтау
мақсатында кезең-кезеңдерімен
пысықтауға тиімді
ҚОЛДАНЫЛУЫ: Оқушылар постерге
өрмекшінің сұлбасын сала отырып,
басына тақырыпты, денесіне өзекті
ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы
шешу жолдарын жазып, өз ойларын
тиянақтап пысықтайды.

«Дауыстап ойлау»
әдісі
МАҚСАТЫ: Оқи отырып ой түю, ой
бөлісу.
ТИІМДІЛІГІ: Оқушыларды дұрыс
тындауға ынталандырады. Оқылым,
тындалым дағдылары қалыптасады.
Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры
молаяды.
ҚОЛДАНЫЛУЫ: Жұптаса отырып
берілген тақырыпты біреуі дауыстап
оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой
түйеді. Бір- бірінетүсіндіреді.

«Эссе» немесе «Еркін
әнгіме» әдісі
МАҚСАТЫ: Оқыған мәлімет бойынша өз
ойларына талдау жасау.
ТИІМДІЛІГІ: Оқыған мәлімет бойынша өз
ойларына талдау жасай алады.Проблема
бойынша өз қөзқарасына рефлексия
жасай алады. Шығармашыл тұрғыдан
ойлана алады. Таным әрекеті үдерісінде
қарым-қатынаста шеберлігі артады.
Оқылым, тындалым, жазылым дағдылары
қалыптасады.
ҚОЛДАНЫЛУЫ: Мәліметті әр оқушы өз
ойымен 10-15 сөйлемен қағаз бетіне
түсіреді. Эссе жазар алдында міндетті
түрде нақты критерийлер беріледі.
Соңынан сол критерийге сәйкес екендігі
туралы кері байланыс жасауға болады.



«Кинометафора»
әдісі
МАҚСАТЫ: Оқушының ой-өрісін, ойлау
қабілетін дамыту.
ТИІМДІЛІГІ: Оқушының логикалық
ойлау қабілеті дамиды.
ҚОЛДАНЫЛУЫ: Бір мәселе бойынша
бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы
баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге
болады.

ҚОСЫМША ЖИЫНТЫҚ

1.«Дәлелденген эссе» әдісі - белгілі бір тақырып бойынша
екі оқушы шығып, пікірталас өткізеді. ( тақырып жайында
шолу жасап, оқушы пікірін тыңдап болып, таңдауларын
жасағаннан кейін мұғалім немесе оқушы өзі пікір білдіруі
керек. Бірі сол берілген тақырып бойынша теріс пікір
(яғни жақтамайды, немесе келіспейді) айтса, ал екіншісі
тура пікірде (яғни жақтайды, немесе келісетінін білдіреді)
болады. Бұл оқушылар тоқтамастан, өз ойларын білдіріп,
қарсыласына жауап қайтарып отыруы керек.
2. INSERT- әдісі «Түртіп алу жүйесі» - мәтінмен жұмыс
кезінде орындаған жөн. Бұл әдісті пайдалану үшін мәтіннің
талдануға ыңғайлы, баланың түсінігіне лайық, жете
меңгере алатындай бірнеше мәліметтері болуы керек.
Оқушы мәтінді оқу кезінде бірнеше белгілер қойып
отырады. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын
басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды
әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін
сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін
бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды
байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады.
3. «Әдеби үйірме» әдісі - берілген мәтінді оқу, талдау
жұмыстарын өткізгеннен кейін сыныпты топтарға бөлу.
1-топ Сілтеме табушылар. (Мәтіннің қызықты жерлерін
табады)
2-топ Сұрақ қоюшылар. (Мәтіннің желісі бойынша топты
ойландыратын сұрақ қояды)
3-топ Баяндаушы. ( Мәтін бойынша, топта өткен ой
талқысы туралы баяндама жасайды.)
4-топ Ізденуші. ( Қосымша ақпарат, мәлімет жинақтайды)
5-топ Реттеуші. ( Ой талқысына қатысады, кезекпен
сөйлейді, тәртіпті, бәрінің қатысуын қадағалайды.)

2021 ЖЫЛ.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!