Материалдар / Интербелсенді әдістерді қолдана отырып, бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Интербелсенді әдістерді қолдана отырып, бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Интербелсенді оқыту техналогисясы туралы түсінік берілген. Интербелсенді әдістер арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға болатыны дәлелденген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2024
134
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОК 510


Олжа Т.А., Педагогика жоғары мектебінің студенті

Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.


ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ



Аннатоция. Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау дамуының төмендігі, дәстүрлі оқытудың қазіргі заманда қолданудың тиімділігінің болмауы және осы мәселелерде интербелсенді оқыту техналогиясы мен әдістерінің әсері қарастырылған. Зерттеу жүргізу арқылы біз бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын интербелсенді әдістерді қолдану арқылы дамытатыңымызды дәлелдедік. Ғылыми, ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау жасап, теориялық және эмпирикалық әдістерді қолдана отырып зерттеуіміздің шешімін таптық. Зерттеуімізде эксперименттің бірнеше түрін қолданып нәтижесін аңғара алдық. Зерттеудің нәтижесінде біз бастауыш сынып жасындағы оқушылардың интербелсенді әдістерді қолдану арқылы логикалық ойлауын арттыра отырып, оқушылардың білім деңгейлерінің көтерілгендігін байқадық.

Бұл мақала жұмысында, біріншіден, интербелсенді оқыту техналогиясы жан-жақты әдебиет көздерінен зерттеледі. Екіншіден, бұл технологияның әдіс-тәсілдері жинақталып, оларға негізгі сипаттама беріліп кетеді. Сонымен қатар, бұл технологияның бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытудағы маңызы қарастырылады. Интербелсенді әдістерді әдістерін жүйелі қолдану бастауыш сынып оқушыларының ақпаратты жіктеу, ойлау, топпен жұмыс жасау, бағалау, қорытынды жасау, коммуникативті және логикалық ойлау дағдыларын, білім беру қызметіндегі белсенділікті қалыптастыру қабілеттерін барынша арттыруға мүмкіндік беретіні қарастырылады. Үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуда технологияның әдіс-тәсілдерін енгізу бойынша зерттеу жүргізіледі. Зерттеу нәтежиесінде, бұл технологияның әдіс-тәсілдерінің бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуда тиімді екені жазылған.

Кілтті сөздер: интербелсенді, әдіс, техналогия, бастауыш сынып оқушылары, оқыту, белсенді әдіс, белсенді емес әдіс, логика, логикалық ойлау, ойын, ереже.


Аннатоция. В данной статье рассматривается низкое развитие логического мышления младших школьников, отсутствие эффективности применения традиционного обучения в современном мире и влияние технологий и методов интерактивного обучения в этих вопросах. Проводя исследование, мы доказали, что развиваем логическое мышление младших школьников с помощью интерактивных методов. Проанализировав научную, научно-методическую литературу, мы нашли решение нашего исследования с использованием теоретических и эмпирических методов. В нашем исследовании мы получили результаты, используя несколько типов экспериментов. В результате исследования мы заметили, что уровень знаний учащихся повышается, улучшая логическое мышление учащихся младшего школьного возраста с помощью интерактивных методов.

В данной статье, Во-первых, изучается техналогия интерактивного обучения из разносторонних литературных источников. Во-вторых, обобщаются методы и приемы этой технологии, дается их основная характеристика. Кроме того, рассматривается значение данной технологии в развитии логического мышления младших школьников. Рассматривается, что систематическое применение методов интерактивных методов позволяет максимизировать способность младших школьников к классификации информации, мышлению, работе в группах, оцениванию, заключению, формированию навыков коммуникативного и логического мышления, активности в образовательной деятельности. В-третьих, проводится исследование по внедрению методов и приемов технологии в развитие логического мышления младших школьников. В результате исследования было зафиксировано, что методы этой технологии эффективны в развитии логического мышления младших школьников.

Ключевые слова: интерактивный, метод, техналогия, ученики начальных классов, обучение, активный метод, неактивный метод, логика, логическое мышление, игра, правило.


Annotation. This article discusses the low development of logical thinking of Primary School students, the lack of effectiveness of the use of traditional teaching in the modern world, and the influence of interactive learning technologies and methods on these issues. By conducting research, we have proven that we develop logical thinking in primary school students using interactive methods. We analyzed the scientific, scientific methodological literature and found a solution to our research using theoretical and empirical methods. In our research, we were able to explain the results using several types of experiments. As a result of the study, we observed an increase in the level of knowledge of students in primary school age, increasing their logical thinking through the use of interactive methods.

In the work of this article, firstly, the technology of interactive learning is studied from comprehensive literature sources. Secondly, the methods and techniques of this technology are summarized and given the main characteristics. In addition, the importance of this technology in the development of logical thinking of Primary School students is considered. It is considered that the systematic use of the methods of interactive methods makes it possible to maximize the ability of Primary School students to classify information, think, work in groups, evaluate, draw conclusions, form the skills of communicative and logical thinking, activity in educational activities. Thirdly, a study is conducted on the implementation of methods and techniques of technology in the development of logical thinking of Primary School students. As a result of the study, it is noted that the methods of this technology are effective in developing logical thinking of Primary School students.

Key words: interactive, method, technalogy, primary school students, learning, active method, inactive method, logic, logical thinking, game, rule.

Кіріспе

Қазіргі уақытта оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн, қарым-қатынасқа жағдай жасайтын, логикалық ойлауын дамытуға арналған жаңа тәсілдер – интербелсенді деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар. Интербелсенді — ағылшынның “өзара әрекет” деген сөзі. Бүгінгі күні білімді дайын қалпында қабылдамай, оны өздігімен құрастырудың тұлғаны дамытатындығы, өздігімен құрастырылған білімнің есте ұзақ мерзімде сақталатындығы дәлелденіп отыр. Басқаша сөзбен айтқанда, оқытудың басты мақсатын дәстүрлі «Өмір бойы азық боларлықтай білім беру» үлгісінен «Өмір бойы оқып үйрену» қағидасына ауыстыру керек[1, б. 4].

Оқытуда тағы да бір мәселеге ерекше назар аудару керек: бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту. Қазіргі уақытты бастауыш сынып оқушыларынан мынадай қиындықтарды жиі кездестіреміз:

- Қазіргі уақытта бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауының дамуының деңгейі әлсіреуі.

- Логикалық тапсырмаларды орындалуы біраз оқушыларға тым күрделі болып түсуі.

- Білім сапасы оқушылардың логикалық ойлау дамуына байланысты болуы.

Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың маңызды бағытының бірі - логикалық ойлау қабілетін дамыту. Осы процесс қазіргі таңда педагогика саласының өзекті мәселесі болып табылады, оған көптеген оқу бағдарламалары мен әдістемелік әдебиеттеріндегі зерттеулер дәлел.

А.Н. Леонтьев «Логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. «Логикалық ойлау» дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу-тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс[2, б. 3].

Біз оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынадай талаптарды басшылыққа алдым:

-Сабаққа оқушыларды түгелдей қамту;

-Жеке дара қасиеттерін ескере білу;

-Іс-әрекетке қызықтыра білу:

-Интербелсенді оқыту техналогиясы мен әдістерді қолдау.

Бұл жұмыстын басқалардан айырмашылығы, жаңашылдығы: оқытудың интербелсенді әдістерін 4 топқа бөлуге болады: топтық оқыту, фронтальдық оқыту, ойын барысында оқыту, пікірталас барысында оқыту. Осы ішінде топтық оқыту интербелсенді оқыту әдістері басқа әдістерден қарағанда тиімді, сапалы нәтиже берді.

Зерттеу нысанына: бастауыш сынып оқушылары бақылауға алынды.

Зерттеуіміз интербелсенді әдістерді қолдана отырып, бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту аясында жүргізілді.

Сондықтан, бұл мәселені шешу үшін осындай мақсат қойдық:

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуға бағытталған интербелсенді әдістердің әсерін көрсету.

Мақсатқа сәйкес келесі міндеттер айқындалды:

- Ғылыми, ғылыми әдістемелік әдебиеттеріне талдау жасау;

- Интербелсенді әдістердің тиімділігін анықтау;

- Интербелсенді әдістердің бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауының дамуына әсерін анықтау.

Болжамы: егер сабақта интербелсенді әдістерді қолданатын болсақ, онда бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауы дами түседі.

Негізгі бөлім. Интербелсенді оқу/оқыту бірінші кезекте білімді меңгеру үдерісіне қатысушылардың (білім беруші мен білім алушы) тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «интерактив» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру[3, б. 192].

ИОТ-сын пайдалану əр оқушының іс-əрекетін сабақтастыруға (өзара əсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім – оқушы, мұғалім – сынып, оқушылар – сынып, оқушылар – оқушылар, топ – топ, топ – оқушы), оның оқу əрекетін жəне тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді [4, б. 128].

Анықталған мәселені шешу үшін зерттеу жұмысы барысында интербелсенді оқыту техналогиясы әдіс-тәсілдерін, тапсырмаларын 4 «Б» сынып оқушыларына енгізу көзделді. Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Павлодар қаласы «№25 жалпы білім беретін мектеп» КММ жүргізілді. Тәжірибеге 25 оқушы қатысты.

Тәжірибелік-экспериментке қатысқан бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау деңгейін зерттеу үшін біз диагностиканың таңдаулы әдістерін қолдана отырып, зерттеулер жүргіздік. Әрбір кезеңнің соңында оқушылардың логикалық ойлау деңгейінің бастапқы және соңғы деңгейін анықтау жүзеге асырылды.

Эксперимент алдымен жеңіл, орташа, күрделі логикалық тапсырмалар алу арқылы оқушылардың бастапқы деңгейін анықтау арқылы анықталы. Тапсырмалардың мақсаты оқушылардың білімді қабылдауын, сабақтарға деген қызығушылықтарын, логикалық ойлау ерекшелітерін анықтау[5, б. 176].

Қалыптастырушы эксперимент кезеңнің мақсаты 4-сынып оқушыларының логикалық ойлау даму деңгейін анықтап, оларды дамыту. Бұл кезеңде математика пәні бойынша интербелсенді әдістерді қолдана отырып, тапсырмалар беру. Қолданылған әдіс-тәсілдер: «Миға шабуыл», «Кейс – стади», «Бинго», «Ойлан, жұптас – бөліс», «топтық жұмыс» қолданылды[6, б. 2].

Атқарылған жұмыстың тиімділігін тексеру үшін бақылау эксперименті жүргізілді, оның мақсаты – оқушылардың логикалық оулауын қалыптастыруда жүргізілген жұмыстардан соң, 4 сынып оқушыларының оқу процесіне қатысу, логикалық ойлау деңгейлерінің артуының қорытынды деңгейін анықтау. Жүргізілген жұмыстар тізбегінің тиімділігін тексеру үшін нәтижелерді салыстыруды шештік.

Нәтижелерді талдау көрсеткендей, бақылаушы сынып оқушыларының деңгейі бір қалыпты болып, тәжірибелік сынып оқушыларының қызығушылық деңгейінің көрсеткіші біршама өскені байқалды.



Сурет 1. Экспериментке дейінгі тәжірибелік сыныптың логикалық тапсырма нәтижесі

















Сурет 2. Эксперименттен кейінгі тәжірибелік сыныптың логикалық тапсырма нәтижесі


Алынған мәліметтерді талдаудан шығатын қорытынды: оқушылардың жалпы деңгейін сараптауда, бастапқы нәтиже бойынша 6 оқушы жоғары деңгейде 24%-ды құраған болатын, кейін, 36%-ға көтерілді, яғни 9 оқушы жоғары деңгейді көрсетті. Орташадан жоғары деңгей бойынша бастапқы нәтиже оқушылардың 8%-ы, яғни 2 оқушы көрсетті. Кейін 6 оқушы орташадан жоғары деңгейде 24%-ға көтерілді. Бастапқы нәтиже бойынша орта деңгейді оқушылардың 40%-ы, яғни 10 оқушы көрсетті. Кейін, 7 оқушы орта деңгейде 28%-ға көтерілді. Оқушылардың 28%-ы, бұл дегеніміз 7 оқушы төмен деңгейдің көрсетілімі 12%-ға төмен түсті, бұл 3 оқушы.

Қорытынды. Қорыта келе, интербелсенді оқыту техналогиясының әдіс-тәсілдері, логикалық тапсырмалар жинағы бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуына, артуына тиімді екені дәлелденді.

Біріншіден, ғылыми әдебиеттерге зерттеу тақырыбы тұрғысынан жасалған талдау «интербелсенді әдістер», «логика», «интербелсенді оқыту техналогиясы» ұғымдарының мәні мен мазмұнын анықтауға мүмкіндік берді. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту барысында интербелсенді әдістерді қолдану нәтижелері қалыптасқан оқушы – логикалық ойлауы дамыған, шығармашылық жұмыстарды орындау дағдылары қалыптасқан, топтық, жұптық, өздік тапсырмаларды орындай алатын тұлға. Екіншіден, зерттеу барысында дайындалып, тәжірибеден өткен зерттеудің мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуға бағытталған интербелсенді әдістердің әсерін көрсету мүмкін болғандығы дәлелденді. Үшіншіден, оқу процесінде оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда интербелсенді әдістерді анықтап, тәжірибелер жүргізілді және сол арқылы белгілі нәтижелерге жетіп, өсуді байқай алдық.

Зерттеу міндетіне сәйкес әзірленіп, бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде тәжірибеден өткен «Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау дамуына бағытталған тапсырмалар» оқушылардың логикалық дамуын, интербелсенді әдістердің тиімділігін қалыптастыруды жүзеге асырды. Тапсырмаларды беру барысында қолданылған интербелсенді әдістер пәнге деген қызығушылықты, логикалық ойлау жылдамдығына ықпал етті.

Тәжірибелік-эксперимент жұмысының қалыптастырушы кезеңінде алынған нәтижелер оқушылардың логикалық ойлау дамуының өскенің, яғни бастапқы нәтижеде төмен деңгейде тапсырған оқушылардың оқу пәніне деген қызығушылығы артқаның, топпен және мұғаліммен бірге жұмыс жасап, логикалық даму деңгейінің артқандығын көрсетті.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Тойбазарова Н.Ә. Интербелсенді оқыту технологиясы//Оқу құралы. №120, 2019. – 89 бет.

  2. Бөрібекова Ф.Б., Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. 2014. – 360 бет.

  3. Нуртанова Ж.Ж. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілететрін дамытуға арналған әдістемелік нұсқаулық. 2016 ж. – 27 бет.

  4. Симбаева С. Белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер//Әдістемелік құрал. №33, 2019. – 131 бет.

  5. Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы. – Астана: 2014. – 188бет.

  6. Умарова А.Т. Оқытудың интербелсенді әдістері//International scientific journal “Global science and innovations 2021: central Asia” Nur-sultan, Kazakhstan, February 2021. 2021. – 4 бет.

  7. Ахылбек А.А. Кәсіптік білім беру үрдісінде оқытудың белсенді және интербелсенді әдістерін қолдану әдістемесі. 2019. – 39 бет.

  8. Жапбаров А., Рахымбек Д., Жұмабаевва Ә.Е. Оқутудың жалпы әдістемесі: оқушылардың ойлау және сөйлеу әрекетін дамыту. Бесінші кітап.2021.-292бет.

  9. Жайлауова, М. К. Мектепте интербелсенді оқытудың формалары мен әдістері. 2015. – 25 бет

  10. Интербелсенді әдістер: https://thepresentation.ru/pedagogika/interbelsend%D1%96-%D3%99d%D1%96s-t%D3%99s%D1%96lder%D1%96

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!