Интербелсенді оқыту
технологиясын сабақта қолдану
жолдары
ЖШС Каспий өңірі «Болашақ»
колледжі»
IV курс
студенті-
Пиримбетова
Сандуғаш
Интербелсенді оқыту-білім беру
үдерісінде қатысушылардың өзара әркетінің диалогтық формасына
негізделген таным тәсілі. Білім алушылардың бірлескен әрекет
дағдыларын қалыптастырады. Интербелсенді оқыту-коммуникативті
біліктер мен дағдыларды дамытады, оқушылардың арасында эмоцияналдық
байланыс орнатады, бірлесіп жұмыс істеуге, басқаның пікіріне құлақ
түруге үйрететін болғандықтан, тәрбиелік міндетті қамтамасыз етеді.
Оның маңызды міндеті жүйке жүйесінің жүктемесін азайтуға, зейінді
басқа нәрсеге аударуға, әрекет формаларын ауыстыруға мүмкіндік
береді.
Интербелсенді оқыту мынадай
технологиялардан тұратыны белгілі:
1. Жұппен
жұмыс
2. Ауыспалы
үштіктер
3.
Әткеншек
4. Шағын топтардағы
жұмыс
5. Аквариум
6. Аяқталмаған
сөйлем
7. Миға
шабуыл
8. Шешімдер
ағашы
9. Рольдік (іскерлік)
ойындар
10. Пікірталас
11. Дебаттар
Бұл технологиялардың сабақ
барысында тек екі немесе үш түрін пайдалануға болады. Әр бір
технологияның өзне тән ерекшеліктері бар. Бұлардың әрқайсысын
сабақтың әр бөлігінде қолдануға болатындығын есте сақтауымыз
керек.
Жұппен
жұмыс-барысында бала өздігінен
тапсырманы орындайды, топ мүшелерімен ақылдасады, пікір алмасады,
өзгенің жұмысын бақылай алады, сабақтың толық мәні ашылып
оқушыларды сабаққа қатыстырып, олардың деңгейін анықтауға,
шығармашылығын шыңдап өзіне деген сенімін қалыптастырады. Мен
тәжірибе барсыныда Ақтау қаласында
№ 6 жалпы орта білім беру
мектебінің 1 «Ж» - сынып оқушылары арасында
математика
сабағында «Көбейту кестесі»
тақырыбында жұппен жұмыс өткіздім. Сонда бірлесе жұмыс жасағанда
тақырыпты меңгеру, оны түсіну оңай болды. Олардың танымы үшін
тиімді жағдай туғыза білдім.
Суретте: Ақтау қаласы № 6
жалпы орта білім беру мектебі 1 «Ж» - сынып оқушыларымен математика
сабағында өткізілген жұппен (топтық) жұмыс барысынан
көрініс
«Миға шабуыл»-
оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады,
оқушылар жауап бере отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын
анықтайды.
Суретте: Мұнайлы ауданы №2
жалпы білім беру орта мектебі, 4 «Б» - сынып оқушылары әдебиеттік
оқу сабағында
Аяқталмаған
сөйлем- балаларға тірек сөздер
беріледі, мысалы: ақын дегеніміз, батыр дегеніміз..... Балалар бұл
сөйлемді толықтырып, оның мағынасын ашып жазуы
тиіс.
Суретте: 2 «Д»- сынып
оқушылары сауат ашу сабағында
Рөлдік
ойындар-шағын топтарда жүргізіледі,
оқушылар карточка арқылы рөлдерді алып сахналайды, мұнда оқушылар
үшін ең тиімдісі қалыптасқан сабақта балалар қимылсыз отырады. Ал
рөлде қимыл қозғалыс үстінде орындалатындықтан, балалардың
қызығушылығы артады және образдарға ене отырып, сабақтың шынайы
түрде өтуіне жағдай туғызады. Соңында оқушылар шешім қабылдап,
сабақты өздері орындағандықтан, әрбір мәтін астарындағы ойды терең
сезіне алады. Рөлге ену бала үшін өте күрделі, мәтінді айту
барысында ой түйеді, өзін де, өзгені де көзбен көру арқылы өтетін
сабақ олардың есінде жақсы сақталады.
Суретте: рөлдік ойындар
сәтінен көрініс
Он
сұрақ-мұғалім бір оқушыны таңдап
алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады –
қатысушы жалпы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ
деп беріледі. Бұл әдіс барысында бала өзі сұрақ қойып
үйренеді.
Суретте: 1 - сынып оқушысы
Аяна жаратылыстану сабағында «он сұрақ» әдісі
үстінде
Интербелсенді оқытудың
әдістері қолданылатын сабақтар сегіз кезеңнен
тұрады:
1.Мотивация.
Бұл кезеңді ұйымдастыру барысында бір
сабақтан екінші сабаққа өткен кезде мотивация тәсілдерін өзгерту
қажет;
2.Мақсат
қою. Оқушыларға мақсаттарды хабарлайды. Әрекетті
мақсатқа бағытталған етуге мүмкіндік туғызады. Мұғалім оқушыларға
сабақтың мақсатын қоюды
үйретеді;
3.Жаңа ақпарат
беру. Бұл кезең оқушылар нені білетінін, ненің
таныс емес және түсініксіз екенін таңдап алуға мүмкіндік береді.
Бұл кезеңде миға шабуылдан бастау ұсынылады: «Жаңа тақырыпқа
байланысты сұрақтар беріледі», «Жеке сөз немесе суреттер беріп,
өтілетін сабақ не туралы, неге
байланысты?»;
4.
Интербелсенді
жаттығулар. Интербелсенді жаттығулар ретінде шағын
топтардағы жұмыс ұсынылады. Әрбір топ қысқа және неғұрлым ақпаратты
түрде сөйлеуі тиіс;
5.
Жаңа
өнім. Оқушылар игерген ақпараттың көлемін есепке
ала отырып, олардың өз қорытындылырын жасауына және көзқарасын
білдіруіне мүмкіндік
жасалады;
6.
Рефлексия
кезеңінде оқушылардан жасаған әрекеттің
қорытындыларын шығару көзделеді. Бұл кезең оқушыларға жаңа
игерілген білімдерді бөліп көрсетуге және қандай жағдайда қолдануға
болатынын анықтауға мүмкіндік береді. Рефлексия кезінде төмендегі
сұрақтарды қоюға болады:
- Не қатты ұнады? - Нені
үйрендіңдер? - Келешекте бұл білімдер қандай пайдаға асады? -
Бүгінгі сабақ бойынша қандай қорытынды жасауға болады? Қойылған
сұрақтар оқушыларға сабақта болған нәрсенің ең бастысын, жаңасын
бөліп көрсетуге, бұл білімдердің қайда, қалай және қандай мақсатта
қолданылуы мүмкін екенін түсінуге
көмектеседі;
7. Бағалау. Бұл интербелсенді
режимде жұмыс істейтін мұғалім үшін күрделі мәселе болып табылады.
Бағалау оқушылардың келесі сабақтағы жұмысын ынталандыруы тиіс.
Бағалауда мынадай қатынасты қолдануға болады: топтың әрбір мүшесі
әрқайсысын бағалайды, яғни әр жолдасына бағалау парағына баға
қояды. Мұғалім парақтарды жинап алып, орташа баллды есептеп
шығарады. Оқушылар жұмысын өзіндік бағалауды да қолдануға
болады;
8. Үй тапсырмасы. Оқытудың
интербелсенді әдістерін пайдаланып, өтілген сабақтардан кейін
игерілген материалды шығармашылықпен қайта қарауға мүмкіндік
жасайтын тапсырмалар беріледі: шығарма жазу, қарастырылып отырған
мәселе бойынша өз көзқарасын білдіру және
т.б.
Әрбір кезеңнің өзіне тән
ерекшелігі бар. Интербелсенді оқыту
технологиясы тыңдай, ести, сөйлей білуді ғана емес,
түсінікті бола білуді де талап етеді. Интербелсенді әдістер
оқушылардың өз күштерін, өз қабілетін сезінуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың өзіндік бағалауы, өзіндік сенімі артады. Өзара
сыйластықты, айналасындағы адамдардың пікірлері мен
мінезқұлықтарына төзімділікті тәрбиелеу
маңызды.