Материалдар / ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаяқтықтың түрлері мен формалары әр түрлі болуы мүмкін. Ақпараттық технологиялардың дамуымен және оларды қолдану аясының кеңеюімен алаяқтықтың жаңа түрлері, соның ішінде интернет-алаяқтар деп аталатындар тұлғалар пайда болды, олардың саны жыл сайын артып келеді.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ


Алаяқтықтың түрлері мен формалары әр түрлі болуы мүмкін. Ақпараттық технологиялардың дамуымен және оларды қолдану аясының кеңеюімен алаяқтықтың жаңа түрлері, соның ішінде интернет-алаяқтар деп аталатындар тұлғалар пайда болды, олардың саны жыл сайын артып келеді. 

​ ​Интернет желілеріндегі алаяқтықтың бір ерекшелігі- қылмыскерлер тек Қазақстан Республикасында ғана емес, аның аумағынан тыс жерлерде де болуы мүмкін, яғни қылмыстың бұл түрі халықаралық сипатта болады. 

Аталған қылмыстарды ашу алаяқтар ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, желілерде тіркелу кезінде және ақша қаражаттарын алу барысында да өз деректерін жасырып жасайтындығына байланысты ерекше қиындық туғызады.Қылмыстарды объктивті тергеу мақсатында тиісті процедуралық іс-шаралар мен қажетті операциялар және т.б тергеу амалдары өткізіледі, сондай-ақ істердің тергелу барысыұқыптылықты, көптеген карточкалық аударымдар бойынша мұқият аналитикалық жұмысты, ақыл-ойдың өткірлігін және көп уақытты қажет етеді.

Азаматтардың интернет-алаяқтық туралы әрбір өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі, қазіргі уақытта ол бойынша белгілі бір сот-тергеу практикасын, оларды ашу және тергеу әдістемесіннақты әзірленген. Мұндай қол сұғушылықтардың құрбаны жасына, жағдайына, ұлтына, мамандығына және т. б. статустарына қарамастан кез келген азамат болу мүмкін.

Интернет-қылмыскерлердің құрбаны болмас үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау керек:

-паспорттық және өзге де дербес деректермен бөліспеңіз, банк карталарының нөмірлерін, пин-кодты, сондай-ақ ұялы телефонға келіп түскен SMS парольдерді, тіпті егер Сізге Банк қызметкерлері ретінде таныстырған болса да бермеу қажет.

- жарнамадағы ақпаратты, әсіресе жақсы басылған ақпаратты мұқият және толық оқып шығу; 

- кез келген ұсыныстарға сын көзбен қарау; 

- тауарды сатып алу (сату) кезінде алдын ала төлеуге келіспеу; 

- белгісіз адамдарға ақша аудармау; 

- күмәнді шарттармен мәмілелер жасамау; 

- банк қосымшалары арқылы шоттағы шығыс лимитін белгілеп, мүмкін болатын транзакциялар мөлшерін шектеу; 

- өз құжаттарыңызға қол жеткізуді шектеу (жеке куәлік, банк картасы), құжаттардың фотосуреттерін ешкімге жолдамау;

Көрсетілген мәліметтер алаяқтарға белгілі болған жағдайда, оларға алдағы уақытта микрокредиттік қаржы ұйымдарында немесе банктерде олардың атынан несиелерді оңай рәсімдеуге мүмкіндік береді.


Интернет алаяқтарға алданбаудың 4 жолы


1. Алаяқтар өздерінің жұмыс істеу схемасын жиі өзгертіп отырады. Сол себепті алаяқтықтың жаңа түрлерінен барынша хабардар болу қажет.

2. Белгісіз қоңыраулар мен қажетсіз мәтіндік хабарламаларды бұғаттап тастаңыз.

3. Белгісіз сілтемелерге өтпеңіз немесе күдікті тіркемелерді ашпаңыз.

4. Компаниядан немесе мекемеден, банктен хабарласып жатқаны туралы айтылса, ақпартты бірден тексеріңіз. Артық сұрақтарына жауап бермей, тұтқаны қоя салыңыз.

Алаяққа сіз туралы қандай ақпарат қажет?

Алаяқтар үшін сіз туралы бір-екі мәліметтің өзі жеткілікті болуы мүмкін. Мысалы:

– Әлеуметтік сақтандыру нөмірі;

– Туған күні мен туған жері;

– Жеке есепшот;

– Банктің PIN кодтары;

– Несиелік/дебеттік картаның жарамдылық мерзімі және қауіпсіздік кодтары;

– Тұрғылықты мекенжай және электрондық пошта мекенжайы;

– Жүргізуші куәлігі немесе төлқұжат нөмірі;

– Телефон нөмірі;

– Толық аты-жөні;

– Жұмыс орны туралы ақпарат.

Интернет алаяқтар үшін мәтіндік хабарламалар айрықша рөлге ие. Мәтіндік хабарлама олар үшін ең басты тетік болып саналады. Әдетте, кәсіпорындар маркетингтік мақсаттар, оқиғаларды тіркеу және құпия сөзді қалпына келтіру үшін мәтіндік хабарламаларды пайдаланады. Бұл пәрмендер аутентификациямен қорғалса да алаяқтар оны да бұзудың оңай жолын тауып алған. Банк шотын, электрондық поштаны тексеру немесе жұмысқа өтініш беру болсын, тұтынушылар әрбір хабарламаға мұқият жауап беруі қажет. Мәтіндік хабарламалардағы сілтемелерді басу кезінде де сақ болған жөн.

Сіз алаяқтар жіберген мәтіндік хабарламаға жауап бергенде, қылмыскер телефон нөмірінің белсенді және жұмыс істеп тұрғанын біліп алады. Содан кейін байланыс нөмірі туралы ақпарат спам жіберушілерге сатылуы мүмкін.

Алаяқтар мәтіндік хабарлама арқылы жеке ақпаратты ұрлай ала ма?

Алаяқтар мәтіндік хабарлама арқылы жеке деректерге қол жеткізе алады. Егер Сіз алаяқтар жіберген жалған құпия сөзді қалпына келтіру сілтемесін бассаңыз, мәтіндік хабарлама арқылы жеке ақпараттарыңызды алуға рұқсат берген боласыз. 

Интернеттің біздің өміріміздің ажырамас бөлшегіне айналды. Оны бұғаттау немесе оған мүлдем тыйым салу мүмкін емес. Интернет дамыған сайын хакерлер жеке ақпаратқа қол жеткізу жолдарын үнемі жетілдіріп отырады. Сол себепті интернет алаяқтардың арбауына түспеу үшін қарапайым ережелерді қатаң сақтаңыз. Танымайтын адамдарға ақша аудармаңыз. Әлеуметтік желілерде отырғанда абай болыңыз. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер біздің әлеуметтік өмірімізде үлкен рөл атқарады.

Әлеуметтік желіде барлық әрекеттеріңізді, өзіңіз жайлы толық ақпаратты жарияламаңыз. Сондай-ақ құпиялылық параметрлеріне назар аударыңыз. Көбінесе алаяқтар әлеуметтік желілерден алынған ақпаратты өзіңізге қарсы пайдаланады.

Оңай ақша табу жолын іздемеңіз. Интернетте отырып алып, жылдам ақша табудың оңай тәсілі жоқ. Алаяқтар ғана бір аптаның ішінде ешқандай күш жұмсамай-ақ байып кетудің жолын ұсынады.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!