Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Интернет желісі туралы сипаттама
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Интернет желісіне жалпы сипаттама
Интернеттің негізін қалаған 1969 жылы АҚШ қорғаныс Министрлігінің сұрауымен құрылған ARPANet желісі болды. Сонымен қатар басқа елдерде де халықаралық желілер құрылды. Қазір Интернет түрлі елдерде мыңдаған желілер мен жүздеген миллион қолданушыларды байланыстырып отыр.
3 Интернетке қосылудың физикалық принциптері. Ауқымды желіге тікелей қосылу қымбатқа түседі, сондықтан қолданушылардың компьютерлері Интернет желісімен негізінен интернет-провайдерлер арқылы байланысады
4 Интернет-провайдер - әртүрлі байланыс жүйесіндегі клиенттік компьютерлердің Интернетпен қосылуын қамтамасыз ететін компьютерлік түйін. Демек, клиенттік компьютерде Интернетпен жұмыс жасау үшін сәйкес байланыс жүйесімен қосатын құралдың болуы жеткілікті. Провайдермен байланысудың келесі түрлері бар: Модемдік байланыс. Ең қарапайым және арзан, сол себепті Интернетпен қосылудың ең кең тараған (тым болмаса өз елімізде) әдісі болып табылады. Мәліметтерді телефон желісі арқылы жеткізу құрылғысы модем деп аталады.
5 Модемнің негізгі атқаратын міндеттері: - телефон номірін автоматты түрде теру; - желінің келесі шетінде модеммен байланысты автоматты түрде орнату; - сандық мәліметтерді аналогтық сигналдарға ауыстырып, оларды байланыс желілеріне жеткізу; - байланыс желілерінен аналогтық сигналдарды қабылдап, оларды сандық мәліметтерге ауыстыру; - факстік хаттарды қабылдау және жіберу; - автожауапкер (автоответчик) қызметін атқару. Модемдік байланыстың ерекшелігі, Интернетпен байланысу сеансы кезінде телефон уақытша қызмет етпейді. Мұндай байланыстың теориялық байланыс жылдамдығы 56 Кбит/с-қа жетеді.
6 Ерекше қолданушы желісі (ADSL) (сур.) Қарапайым модемнен айырмашылығы, ADSL модемі сигналдарды ауыстырмайды, бірден сандық түрде телефон желісіне жеткізеді. Интернетпен байланысу кезінде телефонның кәдімгі сөйлесуді қамтамасыз етуі бұл әдістің ерекшелігі болып табылады. ADSL байланысының теориялық жылдамдығы 7 Мбит-қа жетеді. Ұялы байланыс арқылы Интернетке қосылу мүмкіндігі. GPRS және CDMA. Бұл байланыстың ерекшелігі – Интернетпен байланыс кезінде ұялы телефон бос емес. GPRS үшін теориялық жұмыс жылдамдығы 128 Кбит-қа дейін жетеді.
Advertisements
GPRS каналы арқылы Интернетке қосылу
8 Ұялы байланыс арқылы қатынау (Wi-Fi). Wi-Fi технологиясы Интернетке жылжымалы компьютерлерден (ноутбуктер) қатынауды қамтамасыз етеді. Байланыстың теориялық жылдамдығы – 1Мбит/с. Әдетте бұл қосылу түрі қоғамддық орындарда (аэропорттарда, қонақүйлерде, сауда орталықтарында, офистер мен клубтарда) немесе ірі фирмалардың офистерінің қызметкерлері бір орыннан екінші орынға ауысу кезінде Интернетке жедел қатынау үшін қолданылады.
9 Интернетте ұсынылатын қызметтер. Қазіргі кездегі Интернет қолданушыларына ұсынылатын түрлі қызметтер тізімі өте көп. Соның ішінде өте кең тарағандары: - Электрондық пошта ( ) –электрондық хаттарды жіберу және алу; - Алыстағы компьютердегі файлдарға ену мүмкіндігін қамтамасыз ететін қызмет; - Бүкіләлемдік тор (WWW); - Интернет арқылы сөйлесу (IP); - Электрондық коммерция және банктегі счеттарды басқару; - Ақпарат іздеу (web-беттерді, файлдарды, қолданушыларды және т.б.) - Қолданушылар арасында өзара файлдармен алмасу және т.б.
11 Интернет қызметтері Қазіргі заманғы кең тараған Интернет қызметтері: Бүкіләлемдік тор Веб-форумдар Блогтар Уики-проекттер (Уикипедия) УикиУикипедия Интернет-дүкен Интернет-аукцион Электронды почта Жаңалықтар топтамасы (негізінен, Usenet) Жаңалықтар топтамасыUsenet Файл-алмасу желілері Интернет-радио Интернет-теледидар Электронды кітап IP-телефония Мессенджерлер FTP-серверлер FTP IRC (веб-чаттар) IRCвеб-чаттар Іздеу жүйелері Интернет-жарнама Өшірілген терминал Төлем жүйелері
13 Браузер (Қарап шығушы) (Браузер, просмотрщик; browser) - гипермәтіндік байланысу мүмкіндігі бар файлдармен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. Ол әркімнің таңдауы бойынша кәдімгі мәтіннің, статикалық бейненің немесе графиктердің экранда бейнеленуін және олармен байланысқан басқа файлдарды іздестіруді қамтамасыз етеді. Кең тараған қарап шығушыларға Web-браузер, Internet Explorer, Mozilla Firefox, Google Chrome және т.б. жатады; гипермәтіндікстатикалық бейненіңWeb-браузерInternet ExplorerMozilla FirefoxGoogle Chrome желіде жұмыс істеуге арналган қосымша бағдарламалық жасақтама (мысалы, ол Microsoft Internet Explorer World Wide Web беттерін қарап шығуға мүмкіндік береді);World Wide Web Web-беттерін қарап шығуға арналған құрал. Гиперсілтеме көмегімен бір бетті қарап шыққаннан кейін келесі бетке өтуге мүмкіндік жасайды. Web-беттерін Гиперсілтеме
14 Google Chrome бұл Google компаниясының Chromium еркін браузері мен веб-парақшаларды көрсететін WebKit жүргіртпесінің (қозғағыш) негізде жасалған браузер. Алғашқы beta-нұсқасы 2008 жылдың 2 қыркүйегінде Microsoft Windows-ке арналып шығарылды. Ал бірінші тұрақты нұсқасы жылдың 11 желтоқсанында шықты.Google компаниясыныңChromiumбраузеріWebKitbeta-нұсқасыMicrosoft Windows StatCounter мен Net Applications мәліметтері бойынша браузер танымалдылығы жөнінен 3 орында, ал оның 2011 жылдың нарықтағы көрсеткіші 13,49% пен 22,14% аралығында StatCounterNet Applications
15 Алты жыл бойы Google-дің бас директоры Эрик Шмидт үздік браузерді ойлап табу идеясын қолдамады. Ол Google-дің тек қана "кішкене компания" деп, және де "браузерлер соғысына" қайтысқысы келмеді. Компания негізін қалаушылары Сергей Брин мен Ларри Пейдж Mozilla Firefox браузерін жасаған бірнеше адамдарды ала отырып, Chrome-ның алғашқы түрін көрсеткеннен соң, Шмидт өз сөзінде "Оның керемет болғаны соншалық, өз ойымды өзгертуге тура келді.Эрик ШмидтСергей БринЛарри ПейджMozilla Firefox Эрик Шмидт
16 Алғашқы Chrome тек Microsoft Windows ғана арналып шығарылыпп келген, кейінірек 2009 жылдың 9 желтоқсанынан бастап Linux пен Mac OS X-ке арналған dev және beta- нұсқалары шығарыла бастады.LinuxMac OS X 2011 жылы Google Chrome 11 жаңа логотиппен шықты, бұрынғы Chromium-ге ұқсайтын көлемді логотипті ауыстырды.логотипті
17 Mozilla Firefox ([mo ʊˈ z ɪ lə ˈ fa ɪɹ f ɑ ks] / [mo ʊˈ z ɪ lə ˈ fa ɪ əf ɒ ks]) еркін таратылатын веб браузер. Қолданылуы бойынша дүние жүзінде екінші орынды (2011 жылдың наурызында 29,98%), ал еркін бағдарламалық қамтама ішінде бірінші орын алады. Mozilla Firefox ашық стандарттарды қолдайтын еркін таратылатын Gecko қозғалтқышының негізінде жасалған. Файрфокс құрамында орфографияны тексеру, мәтін терілген кезде- ақ оны іздеуді бастау, RSS-ағымдарының интеграциясы, жүктеулер менеджері, "атып шығатын" терезелерді болдырмау, шолғышқа орнатылған кеңейтулерді автоматты түрде жаңарту қасиеттері бар нан астам кеңейтулерді қолдану арқылы Firefox мүмкіндіктерін шексіз арттыруға болады.[mo ʊˈ z ɪ lə ˈ fa ɪɹ f ɑ ks] / [mo ʊˈ z ɪ lə ˈ fa ɪ əf ɒ ks]еркін таратылатынвеб браузереркін бағдарламалық қамтамаGeckoФайрфокс Mozilla Firefox ресми түрде Microsoft Windows, Mac OS X және Linux операциялық жүйелеріне шығады.Microsoft WindowsMac OS XLinux
18 Mozilla - бағдарламалық қамтама өндіретін дәстүрлі компания емес. Дүниенің әр түпкіріндегі пайдаланушының Интернеттегі тіршілігін жақсартуға бағытталған тегін әрі ашық кодты бағдарламалыққамтама мен технологияларды жасап шығаруды өз алдына мақсат еткен әлемдік қауымдастық. Программистер, маркетологтар, тестерлер мен заңгерле р Вебтың ашық әрі бәріне ортақ ресурс болып қала беруін қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейді.компанияИнтернеттегібағдарламалықтехнологиялардыПрограммистермаркетологтартестерлерзаңгерле рресурс Марапаттарға ие болған ашық кодты бағдарламалық өнімдер бен технологиялар әркімге тегін әрі 70 астам тілде ұсынылады.тілде Mozilla басшылығы Маунтин-Вью, Калифорнияда, ал аймақтық офистері Окленд, Пекин, Копенгаген, Париж, Токио мен Торонтода ор наласқан.КалифорниядаОклендПекинКопенгагенПарижТокиоТоронтода
19 Internet Explorer (қысқаша ІЕ не MSIE) Microsoft компаниясы 1995 ж. бастап Microsoft Windows амалдық жүйесі құрамдас бөлігі ретінде жасаған графиктік ғаламтор шолғыш өнімі. Бұл бағдарлама1999 ж. бастап дүние жүзі бойынша қолданымы ең көлемді бағдарлама болып, жж. аралығындағы ІЕ5 пен ІЕ6-ның жарық көрген мезгілінен бері бұл қолданымдық көрсеткіші шырқау шегіне жетті де, сонан бері қарай тұрақты төмендеу күйінде болды.Microsoft1995Windowsамалдық жүйесі1999
20 Интернет шолғышы алғашта Windows 95-ке қосымша қалташық ретінде бірге шықты да, онан кейінгі жаңа ұрпақтық нұсқалары дербес қалташық ретінде жеке дара түсіруге болатын етіп жасалды. Қазіргі ең жаңа 7-ші ұрпақ шолғышы Windows ХР Service Pack 2, Windows 2003 Service Pack 1, Windows Vista және Windows Server 2008 дегендердің жаңалау бума ретінде түсіріп орнату мүмкіншілігін жасады. Және бір түрдегі Windows CE (ІЕ CЕ) ге бағытталған ОЕМ-дік жасалымды да WinCE немесе ІЕ6-лық негіздегі текшелерінен еркін түсіріп алуға болады. Есте боларлық және бір жайт, тағы бір түрдегі Windows Mobile-ға (қойындық кіші тұрпатты компьютерлерге арналған жүйе) сәйкестіріліп жасалған Mobile Internet Explorer (ұтқыр)дербес компьтерлерге (РС) арналған түрлерімен шатастырып алмау керек. 8- ші ұрпақ ғаламтор шолғышының 2-реттік сынақ нұсқасы 2008 ж. басында жария етілді.дербес компьтерлерге
21 Яндекс Ресейлік IT компаниясы, бірыңғай іздеу жүйесі болып табылады. "Яндекс" танымалдылығы жағынан әлемде 20-шы, Ресейді 1-ші орында. Yandex.ru іздеу жүйесі болып 1997 жылдың 23-ші қыркүйегінде ресми түрде жарияланды. Бастыпқы кезде CompTek International компаниясының ықпалында болған Яндекс, 2000 жылы жеке компания болып бөлініп шықты.Ресейлікіздеу жүйесі
22 Mail.Ru – Ресейлік ірі байланыс порталы. Ай сайын оның аудиториясы 50 миллион қатысушыға көбейіп отырады. Ресурсы Mail.ru Group инвестициялық группасына тиесілі.Mail.ru Group
23 Mail.ru қызмет көрсетуінің бар екенін көбісі біле бермейді, өйткені олар аз жарнамаланады. Бұл қызмет көрсетулер ішкі қолданыс үшін жасалынған немесе өңдеу сатысында тұр деп есептелінеді. Мысалдар: Pro.mail.ru үшін AJAX оңтайлы болды. AJAX – веб-интерфейс пошта нұсқасы, ол қолайлығымен, жұмысының жеделдігімен және жарнамасының жоқтығымен ерекшеленеді. OpenID (openid.mail.ru) – сайттарға кірудің бірыңғай жүйесі, блогтар және форумдар. еdu.mail.ru бойынша ұзақ уақыт ішінде жарнамалар мен баннерден бөлек білім беретін порталдар қолданылды. Алайда 2011 жылдың басында бұл порталға кіру мүмкіндігі жойылды, оның орнына қолданушыларды Mail.ru-дың басты бетіне қайта сілтейді.2011 жылдың
24 Opera (Опера) Opera Software ASA компаниясы шы ғ аратын Интернетте ж ұ мыс істеуге арнал ғ ан веб-браузер ж ә не ба ғ дарламалы қ пакет. Норвег компаниясы Telenor- мен 1994 жылы жасап шы ғ арыл ғ ан. Опера мини- интернеттегі не бас қ а кез-келген желілердегі http/https веб сайттарын, я ғ ни веб пара қ тарын (html, php ж ә не т.б.) қ арап шы ғ у, өң деу ж ә не араларымен ө ту ә рекеттерін орындау ғ а арнал ғ ан ба ғ дарлама.
26 World Wide Web (дүниежүзілік өрмек)- INTERNET –тің графиктік, аудио және видеозапистерге, документтік ресурстарына кіру сервисі. WWW әдетте INTERNET-тің синонимі деп атайды, бірақ ол қате пікір. Дүние жүзілік өрмек бүгінгі күнгі INTERNET -тің белгілі сервистарының бірі.
Интернет желісінің тарихы
1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін, АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесі қажет деп шешті. АҚШ алдыңғы қатарлы зерттеу жобаларының агенттігі (ARPA) осы мақсатта компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру Лос-Анджелестегі Калифорния университетіне, Стэнфорд зерттеу орталығына, Юта штатының университетіне және Санта-Барбара қаласындағы Калифорния штатының университетіне тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. Одан соң, ARPANET желісі жылдам дамып, оны ғылымның әр түрлі салаларындағы ғалымдар қолдана бастады.
Алғашқы ARPANET сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. «Honeywell 516» компьютерінде 12 КБ оперативті жад бар болатын.
1971 жылы желі арқылы электронды почта жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, ол кеңінен таралды.
1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат алды.
1970-жылдары интернет желісі негізінен электронды почтаны жіберу үшін пайдаланылды. Бірақ, интернет желісі басқа техникалық стандарттар негізінде жасалған желілермен байланыс орната алмайтын еді.
1970-жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары кеңінен тарай бастады, олар 1982-83-жылдары бір стандартқа келтірілді. 1983 жылдың 1 қыркүйегінде ARPANET желісі NCP протоколынан TCP/IP протоколына көшірілді, бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіру үшін қолданылуда. 1983 жылы «Интернет» термині ARPANET желісіне байланысты айтылатын болды.
1984 жылы домендік аттар жүйесі (DNS) жасап шығарылды.
1984 жылы ARPANET желісіне бәсекелес пайда болды. АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (NSF) университетаралық ауқымды NSFNet (|National Science Foundation Network) желісін құрып, оған көптеген шағын желілерді (сол уақыттарда-ақ танымал болған Usenet және Bitnet желілерін қоса) біріктірді, бұл желінің ақпарат тасымалдау қабілеті ARPANET желісіне қарағанда, біршама артық еді. Бір жыл ішінде бұл желіге 10 мыңдай компьютер қосылды.
1988 жылы Интернет Relay Chat (IRC) протоколы жасалып, Интернетте нақты уақытта сөйлесу (чат) мүмкіндігі пайда болды.
1989 жылы Еуропада, Ядролық сынақтар бойынша еуропалық кеңес (CERN) қабырғаларында Бүкіләлемдік тор концепциясы пайда болды. Оны әйгілі ағылшын ғалымы Тим Бернерс-Ли ұсынды, ол екі жыл ішінде HTTP протоколын, HTML тілін және URI идентификаторларын ойлап тапты.
1990 жылы ARPANET желісі NSFNet желісімен бәсекелестікке шыдай алмай, өз жұмысын тоқтатты. Осы жылы Интернетке телефон арқылы қосылудың сәті түсті (Dialup access).
1991 жылы Бүкіләлемдік тор Интернетте пайда болды, ал 1993 жылы әйгілі NCSA Mosaic браузері пайда болды.
1995 жылы NSFNet желісі бастапқы зерттеу мақсаттарына қайта оралды, енді Интернеттің барлық траффигін маршрутизациялаумен Ұлттық ғылыми қордың суперкомпьютерлері емес, желілік провайдерлер айналыса бастады. Осы жылы Бүкіләлемдік тор FTP арқылы файлдарды тасымалдау протоколын трафик жөнінен басып озып, Интернеттегі ақпарат тасымалдаудың негізгі көзіне айналды, Бүкіләлемдік тор консорциумы (W3C) құрылды. Бүкіләлемдік тор Интернетті өзгертіп, оның қазіргі заманғы бет-бейнесінің қалыптасуына әсер етті деп айтуға болады. 1996-жылдан бастап, Бүкіләлемдік тор Интернет түсінігін толықтай ауыстырды деп айтуға болады.
1990-жылдары Интернет сол уақыттағы желілердің көпшілігін біріктірді (Фидонет сияқты кейбір желілер интернет құрамына кірген жоқ). Интернеттің техникалық стандарттары ашық, ал оны басқаратын белгілі бір компания жоқ болғандықтан, интернеттің дамуы жекелеген желілердің бірігуіне көп әсерін тигізді. 1997 жылы Интернетте 10 млн компьютер болды, 1 миллионнан астам домендік аттар тіркелді. Интернет ақпарат алмасудың ең танымал құралына айналды.
1998 жылы рим папасы Иоанн Павел II Бүкіләлемдік Интернет Күнін 30 қыркүйек деп бекітті.
Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқыы да байланысуға болады.
Интернеттің жетістіктері
Интернет технологисы жылдам өзгеріп отырады. Интернет -пен жұмыс істеу оңайланғандықтан, қазіргі өзгерістер торапты кім немесе қандай мақсатпен қолдануында болып отыр. Дегенмен, " Web-тен білгім келген нәрсе туралы, информация таба аламын ба?"-деген сұрақ туындайды. Сол себепті бір жаққа телефон соғудан бұрын немесе кітапханаға барар алдында Web-тен информация алады.
Адамдарды іздеу. Егер қажетті адамыңыздың қайда екенің білмесеңіз, оны қайда болмаса да сіз қазіргі уақытта тауып алу мүмкіндігіғңіз бар. Ол үшін сіз қызмет каталогын немесе телефон кітапшасын қолдана аласыз.
Компанияларды, өнімдерді немесе басқа да қызметтерді іздеу. Сары парақ (Yellow Page) атты жаңа каталог қызметі- сізді қызықтыратын мамандықтары бар компанияларды іздеуге мүмкіндік береді. Оның адресін тез табу үшін сіз сол облысқа сәйкес кодты бере аласыз. Осылайша өзіңіз қолыңыз жетпей жүрген затынызды да табуға болады.
Зерттеу. Заң кенселері бұрын қажетті информациялар үшін сағатына $8600 төлесе, қазір олар оны Интернет-тен өте аз бағаға ала алады. Жылжымайтын заттармен айналысатын фирмалар, олардың бағасын бағалау үшін Интернет-ке сай келетін демографиялық мәләметтерді пайдаланады. Ғалымдар өздерінің соңғы зерттеу нәтижелерімен ауысады. Интернет көмегімен бизнесмендер болашақтағы нарықтарды үйренеді.
Білім. Мектеп мұғалімдері бүкіл әлемдегі оқыту программаларын бақылап отыра алады. Колледж оқытушылары өз шанырақтарымен электрондық почта арқылы хабарласып, сонымен қатар телефонмен сөйлесу ақысын үнемдейді. Студенттер компьютерде курстық жұмыстарын жасайды. Сонымен қатар, диалогтық режимде энциклопедияның соңғы басылымын және басқа да қажетті материялдарды алуға болады.
Сапар. Үлкен, кіші қалалар, штаттар және бүкіл мемлекеттерді Web-те туристік және басқа да қажетті информациялардан табуға болады. Желіде сапар шегушілер ауа райы туралы мәліметтерді, транспорт қозғалысының уақыт кестесін немесе мұражайдың жұмыс уақыттары туралы мәліметтер ала -алады.
Маркетинг және сауда. Мұнда программалық жабдықтарды шығарушы компаниялар өз өнімдерін сатып, желіде жаңа нұсқаларын ұсынады. Желі көмегімен басқа да түрлі өнімдер сатылады. Электронды кітап және грампластинка дүкендерді оперативті режимде істейді. Клиент өзіне қажетті мәліметті каталогтардан көре алады.
Денсаулық сақтау. Науқас адамдар мен дәрігерлер денсаулық сақтау облысындағы соңғы ашылған жаңалықтарды біліп отырады. Өз білімдерімен алмасып және медициналық мәселелерді шешуде бір-біріне көмектесіп отырады.
Инвестиция. Адамдар акция сатып алып ақшаларын пайдалы айналымға жібереді. Кейбір компаниялар өздерінің акцияларын оперативті режимде ұсынады.Осылайша инвесторлар жаңа өнеркәсіптерді, ал өнеркәсіптер капитал табады. Конференция және аукциондарды ұйымдастырушылар хабарлама жасау, өтініш жинау немесе қатысушыларды тіркеу, т.б. жұмыстарды Web-те жасайды. Мұнда информация барлық уақытта жаңарып отырады, мұнда қағазды және транспорт шығынын әлдеқайда үнемдеуге болады.
Дін. Дін немесе басқада қоғамдық ұжымдар Web-те өздері туралы айтып, басқа адамдарды ұжымдарына шақыратын өз парақтары бар.
Қазақстандағы Интернет
1998 жылы наурыз айының басында Республика телекоммуникациялық компанияларының басқаруымен телекоммуникация ассоциациясы деген жаңа ұйым пайда болды .
Коммерциялық емес құрылымның шығу мақсаты - кәсіпорынның іскерлігін байланыстыру, желілер телекоммуникациясының дамуын, ақпараттық технологияны пайдалану және байланыс қызметін ұсыну.
Ассоциацияның негізгі сан есебінде: отандық және шетелдік операторлар арасындағы құжат қатынастарын құруға практикалық көмек көрсету көзделген. Осыған орай - тұтынушылар мен қолданушылар арасындағы қызметті де қамтиды.
Мұнда электрондық World Wide Web- тің өсуімен қоса, көптеген қызықты және арнайы сайттар пайда болуда. Соңғы уақытта әртүрлі анықтамалар, каталогтар және мәліметтер қоры (солардың ішінде неше түрлі керекті тақырыптар ақпараты бар ) кіре бастады. Мысалы, сайтта өзіңізге керекті Голливудта түсірілген фильмді таңдап алып, сол фильм туралы толық анықтама алуға болады. Оның жанрын, актерлік, режиссерлік бөлімін және фильмнен бірнеше кадрларын көрсетіп шығарады. Сол жерден сізді қызықтыратын кино актерлері , режиссерлері және дауыс операторлары жайында толық мәлімет ала аласыз.
World Wide Web - қазіргі заманғы Интернеттің ең танымал қызметі. Оны көбіне Интернетпен теңдестіреді, бірақ шын мәнінде бұл оның көптеген қызметтерінің бірі. Бір Web-серверде бірнеше сайттар болуы мүмкін. Электронды Web - құжаттарды принтерде басу үшін емес, компьютер экранында қарап шығуға арналған. Web-парақтарды қарап шығуға арналған программалар браузерлер деп аталады .
World Wide Web түп-түгел гипермәтіндерден тұрады. Гипермәтін - мәтінің дара блоктарымен байланысты ассоциациялық түрде ұсынылған мәтін.
Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік, оның қай жерде екенің бізге белгілі болсын. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық. Мұндай мақсат үшін файлды тасымалдау протоколы деп аталатын жүйе қолданылады (File Transfer Protocol-FTP).
FTP-серверінің мәліметтерімен қатынас жасау үшін әркім стандартты кіру сұхбатын орындау керек. Оның бір мысалы мынадай болу керек: Open named password-FTP -серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:
-
Open FTP-сервермен қатынас жасауды сұрау,
-
Қажетті информациямен толықтырылған аты немесе anonymous,
-
Password - сұраушы адамның паролі немесе оның почталық адресі.