Материалдар / "ИНТЕРНЕТ ҚАУІПСІЗДІГІ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"ИНТЕРНЕТ ҚАУІПСІЗДІГІ"

Материал туралы қысқаша түсінік
(Баяндама)оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2021
590
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Жамбыл облысы білім басқармасының

«№8 Мойынқұм колледжі»

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны











Тақырыбы:

"Қауіпсіз интернет"

(баяндама)

Picture 1






Өндірістік оқыту шеберлері:

Тушумова Л.Т

Сейтжапарова Н.С











2021 оқу жылы



Қауіпсіз интернет

 


 

1.Әлеуметтік желілер

  • Сөйлесіп отырған адамыңа кездескен кезде қоятын сұрақтарыңды қой.

  • Өзің туралы қандай ақпарат беретініңді тек сен ғана шешесің.

  • Өз аккаунтыңды қауіпсіздендіруге тырыс. Өз құпиясөзіңді  ешкімге айтпа.

  • Желіде басқа адам туралы ақпарат жариялама.

  • Егер желіде бүркеншек атпен тіркелген болсаң,  оны тек  сенетін адамдарыңа ғана айт.

 2. Мобильді ғаламтор

  • Кім болса соған телефон нөміріңді берме.

  • Хабарлама, фото, видеолардың күмәнді таратылымдарына қосылма.

  • Ғаламторда отырғанда Bluetooth-ды қосылған күйінде қалдырма.

  • Жарнама тарататын SMS-ге назар аударма.

3. Онлайн-ойындар

  • Қандай ойындар ойнап жүргеніңді өзің сенетін басқа адамдарға, әсіресе үлкендерге айт.

  • Желіде басқа ойыншылармен сөйлескенде сақ бол. Тышқанды қандай адам басқарып

отырғанын ешқашан білмейсің.

  • Ойында серіктес болу мен достықты шатастырма.

  • Ойынға қанша уақыт жұмсау керектігі туралы ата-анаңмен келісіп ал.

4. Чаттар, блогтар, форумдар

Айтылған нәрсе ұмытылады, жазылған нәрсе қалады.

Өзіңе тым дөрекі, ұятсыз емес лақап ат ойлап тап.

Өзіңнің ішкі түйсігіңе сен, мазасыздық сезінсең, ғаламтордан шық.

Ең маңызды нәрсе – ол сенің өмірің, сенің қалауың. Сөйлескің келмесе, желіге қосылма.

Сөйлесіп болған соң, видеокамераны өшіруді ұмытпа.

Сенің өмірде де, ғаламторда да  жауапкершіліктерің бар.

Басқа біреудің суретін жарияламас бұрын, рұқсатын ал.

Сенің парақшаңда басқа адамдардың  не жариялап жатқанын бақылауда ұста.

Сен туралы ақпаратты не үшін сұрап, қайда қолданғалы жатқанын сұрап біл.

Өзің туралы жеке ақпараттарды  жарнамалалық сілтемелерде  жариялаудан бас тарт.

Өз суреттеріңді желіде жариялауға рұқсат берме.

Рұқсатыңсыз  жарияланған суреттерді өшіруді талап ет.

Мазалаған сұрақтарың болса, сайттың модернаторының көмегіне жүгін.




Ғаламторда жарияланған ақпараттың барлығы негізді емес, сондықтан:

  • Балалардың  сындарлы ойлауын қалыптастырып, ғаламтордағы ақпараттың барлығы

шынайы емес екенін түсіндіру керек;

  • Баланы ғаламтордан алған ақпаратты басқа ақпарат көздерімен салыстыруға үйретіңіз;

  • Балаларды түрлі жолмен ақпарат іздеуге үйретіңіз.



Ғаламторда  ұнамсыз ақпараттар кездестірген жағдайда:

  • Балаларға адамдар және нәсілдер арасында жауласудың  еш ретсіз дүние екенін

түсіндіріңіз;

  • Баламен дін туралы сөйлесіңіз, басқалардың сенімін сыйлауға үйретіңіз;

  • Баланы жағымсыз, зиянды ақпараттарды тануға, ондай ақпараттардан бойын аулақ

ұстауға үйретіңіз;

  • Қорғаудың  бағдарламалық құралдарына  бақылаудың қосымша элементі деп қараңыз.


Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету:

  • Балалар қашан да үлкендердің көмегіне жүгіне алатын болу керек;

  • Балалардың ғаламторда бір-бірімен сөйлескенде,  әдеп сақтап, сыпайы болуын талап

етіңіз;

  • Рұқсатсыз ғаламтордағы жаңа таныстарымен кездесуіне жол бермеңіз;

  • Спам хаттарды  кейін қайтарудың, басқа біреуге жіберудің еш қажеті жоқ.

  • Баланың әлеуметтік сайттарда арандатушы ақпарат, сурет, видео салуына тиым салыңыз;

Өзі туралы ақпаратты ғаламторда жариялауға тиым салыңыз (тегі, аты, мекенжай, жасы, телефон

нөмірі, электронды мекенжай, мектептің атауы, сыныбы, достарының тегі,туыстары).


Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына кеңест (7-10жас):

  • Баланы өзіңіз рұқсат еткен сайттарға кіруге үйретіңіз.

  • Балаға кіруге болмайтын сайттарды блокқа салып қойыңыз.

  • Өзі туралы ақпарат беруде бала  ата-анасымен кеңесетін болсын.

  • Ата-ананың рұқсатынсыз бала ғаламтордан ештеңе жүктемеуі керек.

  • Бұл жаста  хабарламамен тез алмасатын (мысалы, , Skype) құралдарды қолдануға рұқсат

етпеңіз.

  • Балаңызбен оның ғаламтордағы достары туралы сөйлесіп тұрыңыз.

  • Баланы ғаламторда бірдеңе мазаласа, оны бірден сізге айтатын болсын.


Орта буындағы балалардың ата-анарына кеңес (10-13жас)

  • Өзі туралы ақпараттың құпиялығын баланың есіне салып отырыңыз;

  • Ғаламтордан  бағдарлама немесе файл жүктер алдында рұқсат сұрауға үйретіңіз;





  • Баланы ғаламторда бірдеңе мазаласа, оны бірден ата-анасына айту керек;

  • Балаңыздың эклекронды поштасымен танысуыңызға рұқсат беруін  талап етіңіз;

  • Балаға ғаламтордағы жауапкершілік пен өзін-өзі қалай ұстау керектігі жайында

түсіндіріңіз.


Жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес (14-17жас)

  • Балаңыздың қандай чат, әлеуметтік сайт, хабарландыру парақшаларын пайдаланып

жүргенін  бақылаңыз;

  • Балаңыздың ғаламтор арқылы танысқан адаммен кездесуіне рұқсат бермеңіз;

  • Өзің туралы ақпарат берудің құпия болудың мәнін түсіндіріңіз.

  • Балаға спамнан қорғануға көмектесіңіз;

  • Балаңыздың ғаламторды бұзақылық үшін пайдалануына жол бермеңіз;

  • Жасөспірім балаңыз ғаламтор арқылы бір затты сатып алуда, сатуда сізбен ақылдасатын

болсын;

  • Балаңызбен құмар ойындарды және олардың зияны туралы талқылаңыз.


Қауіпсіздікті көтерудің  алғашқы қадамдары:

  • Компьютердің   бағдарламалық жабдықтарының лицензиялары болатын болсын;

  • Антивирустық бағдарламалар орнатыңыз;

  • Антивирустық бағдарлама базасының  үнемі жаңарып отыруын қадағалаңыз;

  • Компьютерді үнемі вирусқа тексеріп тұрыңыз. Спам-сүзгі орнатыңыз;

  • Өзіңіз білмейтін қолданушыдан келген хатты ашпаңыз;

  • Спамды басқа адамдарға жібермеңіз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!