Интернеттің пайдасы мен зияны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Интернеттің пайдасы мен зияны

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға интетрнетті тиімді пайдалана білуге үйрету, оның пайдасы мен қатар зияны бірге жүретінін ескерту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Интернеттің пайдасы мен зияны»

Пікірталас

Мақсаты: Интернетке тәуелділіктің алдын алу, теріс ағымдарды насихаттайтын әлеуметтік желілерге тіркелмеудің алдын алу, «тірі» қарым – қатынасқа шақыра отырып, салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеу. Өз ойларына ашық жеткізе білуге төселдіру.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Қатысушылар бір-бірімен жағымды эмоцияда амандаса отырып, сәттілік тілейді.

Психолог: Бір отырсаң, тұра алмайсың, уақытыңның қалай зымырап өтіп кеткенін байқамай қаласың? Ол не? (Интернет)

Что за чудо агрегат

Может делать все подряд

Петь, играть, писать, считать

И хорошим другом стать? (Компьютер)

Шағын көрініс: Бір бала орнынан атып тұрып: «Компьютер қайда компьютер? Мен ойнағым келіп тұр, интернетке отырғым келіп тұр» дейді.

Мұғалім: «Саған не болды?»

Оқушы: «мен компьютерсіз өмір сүре алмаймын. Беріңдерші!»

Мұғалім: Интернет пен компьютер біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды. Қазіргі таңда көп адамдар жаңа технологиясыз өмір сүруді көз алдарына елестете алмайды. Интернеттің мүмкіндігі шексіз. Балалар, интернет адамға пайдалы ма, әлде зиян ба, талқылап көрейікші.

/Оқушылар екі топқа бөлініп, дайындалып келген болатын. Бірінші топ «+», екінші топ «-» тобы болып өз ойларын жеткізеді . Екі жақ кезек кезек өз ойларын кластер құру арқылы жаза отырып айтады.

Пайдасы

Зияны

Техникалық сауатты болады

Көз жанары нашарлайды

Кез келген техникамен жұмыс жасағанда өз өзіне сенімді болады

Электромагниттік толқындар

Логикалық ойлауы дамиды

Сүйек ауры пайда болады

Шешім шығару шапшаңдығы дамиды

Психологиялық ауытқушылықтар пайда болады.

Зейінін шоғырландыра алады

Өзі ойлаған мақсатына жетуде ашушаңдылық пайда болады


Компьютерлік ойындар баланың психикасын улайды, агрессияға, қатігезділікке алып келеді

Алыс аймақтарда тұратын достарымен, туыстарымен араласуға мүмкіндік болады

Балаға компьютерлік бағдарламаның жылдамдығына тәуелділікке әкеліп соғады

Кез келген ақпаратты қолжетімді түрде алуына септігін тигізеді.



Психолог: Әр нәрсенің екі жағы болады. Жақсы және жаман. Адам не нәрсе жасаса да өзінің мөлшері болуы керек. Яғни егер интернетті дұрыс пайдалана білсең, ол сенің досың болады, ал егер дұрыс қолдана білмесең сенің жауың болады.

Интернет – тәуелділік бұл қазіргі уақыттың жаңа түрдегі ауруы ма, әлде адамның ойдан шығарған қауіп пе?

Қазіргі таңда Интернеттің әр бесінші қолданушысы интернетке тәіуелділік кеселіне душар деген ақпарат бар. Кей адамдар шынайы өмірден бойларын алшақ ұстап, виртуальды әлемге кетіп бара жатқан сияқты. «Компьютерлік синдром» деген түсінік те қалыптасып жатыр. Мысалы, румыния елінде Интернет кафеден жедел жәрдем алып кетіпті. Себебі, бала сол жерде тоғыз сағат бойы отырып, ол компьютерлік ойынға «байланып», сол жерден кеткісі келмеген екен. Тіпті мектепке бармаған екен. Ол бәріне өтірік айтып, үсті басын лас ұстаған, он кг жүдеп кеткен екен. Тағы бір қорқынышты жағдай Ресейде болған екен. Он екі жасар бала он үш сағат бойы компьютердің алдында отырып, көз жұмған екен. Дәрігерлер компьютерлік тәуелділіктің әсерінен аптасына бір баладан ауруханаға түсіп отыратынын айтқан. Мен біздің балаларымыз да осындай кеселге ұшырайды ма деп қатты қорқамын (қолын жүрек тұсына қою керек).

Психолог: Сендер де достарыңның интернетте көп уақыт отыратындықтарын бақылап жүрсіңдер ме? (Балалар өз ойларын жеткізеді).

Қорытынды: Балалар, біз бүгін интернетке тәуелділік туралы айттық. Әрине, қазіргі жаһандану заманында интернетсіз өмір сүру мүмкін емес. Алайда, біз бүгінгі талқылаудан түсінгеніміз, интернетті, компьютерді уақытты шектей отырып пайдалануымыз керек. Асыра көп отыру зиян екендігіне көзіміз жеткен болар. Біз бүгінгі пікірталастан адамдармен шынайы қарым қатынас орнату ең басты құндылық, мұны ешқандай интернет бере алмайды.

Қорытынды тренинг. Біздің адамдармен шынайы қарым-қатынасымыз біздің жүрегімізден шығады. Мына қораптың ішінде адамға керек жақсы тілектер бар. Қазір мына қорапты бір бірімізге тілек айта отырып, беріп шығайық.

Ой алмасу: Оқушылар бүгінгі іс шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын айтады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2017
2495
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі