Материалдар / Иод тапшылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Иод тапшылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамға иод тапшылығынан туындайтын аурулардың алдын алу туралы мәліметтермен таныстыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2018
373
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Иод тапшылығы мен темір тапшылық анемиясының

алдын-алу шаралары.





Сабақтың тақырыбы: Иод тапшылығы мен темір тапшылық анемиясының алдын-алу шаралары.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға иод тапшылығы мен темір тапшылығы анемиясының алдын-алу шараларымен таныстыру және бұл элементтерді қандай тағамдардан алуға болатынын түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер ,сызбанұсқалар ,кестелер ,үлестірме.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Оқушыларды жеке бастың гигиеналық тазалығын сақтауға ,анемиядан қалай сақтануға болатынына тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі:

2. Ой толғаныс . «Кім тез» сайысы. Оқушыларды осы тақырып бойынша білетін білімдерін тексеру.

1. Ағзада иод жетіспегенде қандай ауру пайда болады? (зоб ауруы)

2. Темір қандай қан жасушасының құрамында кездеседі? (гемоглобин)

3. Қанға қызыл түс беретін жасуша ? (эритроцит).

4. Күнделікті тұрмыста қандай тағамнан иодты қабылдаймыз? (ас тұзы).

5. Балаға құрсақта жатқанда иод тапшылығының орын алуы неге әкеліп соқтырады ?(оқуға деген қабілеттілік баяу жүреді).

6 Ағзаға темір жетіспегенде қандай ауру туындайды ? (қагаздық).

7. Иодтың ең мол қайнар көзі? (теңіз өнімдері).

8. Темір өкпеден ағзалардың әрбір жасушаларына нені тасымалдайды ? (оттегі)

3. Кезең ,

Мұғалімнің кіріспе сөзімен басталады. Табиғатта кездесетін 105 химиялық элеметтінің 70-ке жуығы тірі ағзалар жасушаларының құрамында кездеседі. Жасушалардағы элементтер мөлшерінің қатынасы әр түрлі, сондықтан элементерді бірнеше топтарға бөледі





1-топ . Макроэлементтер

Элементтер

% үлесі

Элементтер

% үлесі

Макроэлементтер оттегі( О) Көміртегі (С) Сутег(H)

65-75%

15-18%

8-10%



Азот (N)



1.5-3.0

2-топ

Элементтер

% үлесі


Фосфар (Р)

Күкірт (S)

Натрий (Na)

Магний (Мg)

Калий (К)

Темір (Fe)


0.2-1.00

0.15-0.20

0.02-0.03

0.02-0.03

0.15-0.4

0.01-0.15



3-топ. Микроэлементтер

Элементтер

% үлесі

Иод (I)

Фтор (F)

Мыс (Cu)

0.0001

0.0001

0.0002



Микроэлементтердің жасушадағы мөлшері өте мардымсыз (0,02%) мөлшері аз болғанмен олар ағзада маңызды қызмет атқарады. Иод –қалқанша без гармоны тироксиннің негізгі құрамдас бөлігі .Темір эритроциттер гемоглабинінің құрамына еніп , өкпеден ағзаның әрбір жасушасына оттегін тасымалдайды. Темір өкпеден ағзалардың әрбір жасушаларына оттегін тасымалдауды қамтамасыз етіп ,эритроциттер құрамына енеді.

Топырақтағы ,тағамдағы микроэлементтердің тапшылығы немесе молшылығынан ағзалардың физиологиялық қызметі өзгереді . (ауру, көндігу немесе өлу).

Мысалы: темірдің жетіспеушілігінен адамда қан аздық (анемия) ауруы пайда болады.

3 Тақырыпты менгертуге арнарған оқыту стратегиялары.

Оқушылардың шығармашылық ізденістері.

  1. Иод тапшылығы алдын-алу

  2. Эндомиялық зоб ауруы туралы не білесіз ?

  3. Темір тапшылығы -анемияның алдын- алу шаралары.



1.оқушы Маликова Шынар

Иод адам және жануарлар өсімі мен дамуына қажет микроэлемент органикалық емес құрылымдар немесе органикалық тағам және ауыз су құрамында иод ішек-қарын жолдрына амин қышқылдармен қосылып, құрамына түседі. Ағза құрамындағы иодтың шамамен 80% қалқан безінде шоғырланған.

2 оқушы Башарова Г

Иод тапшылықтың бұзылыстарының ең көп тараған түрі қарапайым немесе эндемиялық зоб .

Зоб «ісіп кеткен мойын сырқаты» ретінде ағзаның иод тапшылығына бейімделген .

Әсіресе зоб таралуының эндемиялық сипаты әлемнің 110 мемлекетінде байқалған . Қалқан безіне келіп түсетін иод мөлшері тиреоидті гармондардың қажетті мөлшерін өндіруге жеткіліксіз болған жағдайда, бұл тапшылықтың орнын толтыру үшін қалқан безінің ткані ұлғаяды Ерекше жағдайларда зобтың үлкен болғаны соншалық , кеңірдекке қысым келтіріп тұншығуға әкеп соқтырады .

3 оқушы Пернебаева Э

Гипотериоз нәтижелері жаңа туылған нәрестелер үшін өте қауіпті. Жүктілік уақытында ана ағзасы құрсақтағы нәрестені иодпен қамтамасыз етететін жалғыз қайнар көз болып табылады. Бала жүкіліктің 8-10 шы немесе жаңа туылған балаға тиреоидты гармондарының жетіспеушілігі орталық жүйке жүйесінің дамуының бұзылуы мен ақыл-ой мешеулігінің қалыптасуына әкеп соғады. Гипотериоз дене дамуымен өсімі кідірісінің себебі болып табылдаы. Өте қауіпті қайталанбайтын жағдайлар кретинизм ауруын тудырады.

Иод жетіспеушілгі үлкенірек жастағы балаларға кері әсерін тигізеді. Иод жетіспейтін балалардың психомоторлы дамуындағы айырмашылық негізінен бой өсуінің кідірісі мен оқу барысындағы қиыншылық түрінде екі жарым және одан да үлкен жаста көріне бастайды. Ең алдымен құрсақта орын алатын иод тапшылығы оқу кабинеттеріне теріс ықпалын тигізеді (оқуға деген қабілеттілік баяу жүреді)

Иод тапшылығына шалдыққан балалардың табысқа, мектеп бағдарламаларын орындауға деген ынтасы болмай, жалпы танымдық қабілеті төмендейді. Иод тапшылық аймақтарда тұратын балалар да оқу сынақтарын орындау, сөйлеу және танымдық қабілеттерінің қалыптасуы төмен болғандығы анықталған.

4-оқушы. Түркменбаев Қ

Иодтың ең мол қайнар көзі болсын теңіз өнімдері болып табылады, сол себепті бұл өнімдерді ең болмағанда аптасына екі рет қолданса оған деген ең төменгі қажеттілікті қамтамасыз етуге болады.



5-оқушы. Құрақбаева Ұ

Дүнежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы – иод қабылдаудың төмендегі мөлшерін ұсынады:

1) 1 жасқа дейінгі емшектегі балаға 50 мг

2) 1-6 жас аралығындағы балалар үшін 90 мкг

3) бастауыш сынып мектеп оқушыларына 6-12 жас арасы 120 мкг

4) жоғары сынып оқушыларымен ересектерге 150 мкг

5) жүкті және емізулі әйелдер үшін 200 мкг

6) ересек адамдар үшін иод қабылдау мөлшері тәулігене 105-300 мкг құрайды

6-оқушы. Оразбаева Г

Иод тапшылықтың алдын-алу шаралары. Иод тапшлық бұзылыстармен кездесудің тиімді және ең қарапайым түрі иодталған ас тұзы. Ас тұзын пайдалану, ет және балық, жеміс-жидектермен көкеністер өнімдерін пайдалану қажетті организмге иодтың негізгі көзін түзетін тағам түрлері болып табылады. Организмге иодтың 90% осы тағамдар арқылы қабылданады.

7-оқушы. Шынтемірова С

Қан аздығы (анемия) – қанда эритроцитпен гемоглобиннің төмендеу. Оның жиі кездесетін түрі «темір жетіспеушілігі» болып табылады.

Бұл сырқат әсіресе – аяғы ауыр әйелдермен бала емізетін аналарда, сондай-ақ жасөсіпірімдермен балаларда жиі кездеседі.

Адамның тәнінде темірдің атқаратын рөлі күшті. Ол жетіспесе, гемоглобин де азаяды, ал адам темірді күнделікті ішіп-жейтін азықтан алады.

8-оқушы. Құрбанова Ұ

Темір әсіресе мына тағамдарда көп кездеседі:

Микроэлемент (Fe)

Тағам түрлері

Темір (Fe)

Сиырдың тілінде, бүйрегінде, етінде, қойдың бауыр-бүйрегі мен жүрегінде, етінде, тауықтың бауырында, қызыл және ақ фасольда, қарақұмық жармасында, кепкен өрікте



9-оқушы. Тілеуқабылова Б

Дені сау ана ғана өмірге дені сау бала әкелетінін ескерсек, іштегі баланың дұрыс дамып жетілуі үшін әйелдің жұғымды тамақтануының маңызы зор. Анемияның салдарынан іштегі балаға оттегі жетіспейді де ол гипоксияға ұшырайды. Бұл барлық ағзалардың жұмыс белсенділігін тежейді.

Қандағы гемоглобин төмендеген сайын тән де темір жетіспеушілгіне жайлап үйренеді. Ал бұл тез шаршағыштыққа, тез ашуланғыштыққа әкеледі. Қаны аз адамның терісі ақ сұр немесе бозғылт өңге енеді.

10-оқушы. Тойшыбек Ш

Клиникалық белгілері: әлсіздік, тез шаршағыштық, ентігу, жүректің жиі соғуы, бас айналу, құлақтың шуылдауы. Мұндайда көру қабілеті де төмендеп, адамның асқа тәбеті жойылады. Тіл қуырылады, іш қатады. Тырнақ сынғыш, шаш түскіш келеді, жүрек соғысы жиілейді. Шырышты қабық қызарып, тіл үстінде кішкентай бөрткендер, ұсақ тіліктер байқалуы мүмкін.

Қаназдықтың ауыр түрінде аяқ ісініп, өкпеде сырыл пайда болады.

11-оқушы. Керімбаева А

Ал, жүкті әйелдерде мынадай асқынулар кездеседі.

  • Мерзімнен ерте босану;

  • Босанған кезде қанның көп кетуі;

  • Нәресте салмағының жетіспеуі;

  • Баланың іштен өлі туылуы;

  • Нәрестенің ауруға қарсы тұратын иммунитетінің әлсіздігі:

  • Психикалық дамуының кенжелеуі;

  • Неврологиялық өзгерістерге ұшырауы;

  • Инфекциялық сырқаттарға бейімдігі.

Осы сабаққа оқушылар аталған аурулардың алдын-алу шаралары туралы айтып беруін өтініп, мектеп дәрігерін шақырдық.



Белгілі

Қаназдықтың алдын алу шаралары мыналар

Дәрігер сөзі

  1. Дұрыс, құнарлы тамақтану

  2. Бала көтерудің ара-қашықтығын сақтау (2-3 жыл)

  3. Жасанды жолмен түсік тастауға жол бермеу

  4. Жүктіліктің 5-ші айынан бастап, емізу кезеңі басталғанға дейін темір препараттарын қолдану

  5. Баланы 1-1,5 жасқа дейін емшек сүтімен өсіру



Қаназдық ауруының ешқашан орнына қайта келместей зардаптары болады.

Өйткені адам ағзасындағы бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе сияқты маңызды органдардағы қанның тапшылығы аса күрделі ауруларға әкелуі мүмкін.









Ендеше, қаназдыққа мән бермесе болмайды, өйткені қазақ әйелі денінің саулығы – ұрпағымыздың саулығы



Белгілі, әр түрлі

Құрамында иод бар гармондардың жеткіліксіздігінен

Дәрігер сөзі

Дамитын бұзылыстар:

  1. Иод құрамында гармондардың жетіспеуінен мидың дамуы тоқтап қалады, демек ақыл-есі дамымай қалуымен қоса баланың қимыл-қозғалыс функциясы бұзылады.

  2. Баланың миы дамымай қалғандықтан оның есту (та біткен саңыраулық), көру, сөйлеу қабілеттері бұзылады.

  3. Денесі өспей қалады, жыныстық дамуы өзгереді.

  4. Екіқабат әйелдердің түсік тастау, баласы өлі тууы, салмағы жетілмеген бала тууы мүмкін.

  5. Зоб (үлкейін кеткен қалқанша без) ересек адамдарда байқалатын иод жетіспеушіліктің көзге көрінер сыртқы белгісі.

  6. Иод жетіспеушілігі адамның жұмыс атқару қабілетін төмендетеді.



ІV. Ой қозғау

Нені білесің?

Нені білгің келеді?

Нені білдің













Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Биология» 9 сынып

  2. «Адам анатомиясы» Е.Керімбеков. Алматы «Рауан баспасы» 1992 жыл

  3. «Оңтүстік Қазақстан» газеті №156-157. 29.10.2006 жыл

  4. «Шардара-Шарайна» газеті 13.07.2006 жыл

  5. Әр түрлі брошюралар



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!