Материалдар / IP адрестің жіктелуі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

IP адрестің жіктелуі

Материал туралы қысқаша түсінік
IP адрестің жіктелуі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2020
451
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


2.6 IP класстары


IP хаттамасы желілік деңгейде жатыр және жіберуші мен қабылдаушы арасында дейтграммалар деп аталатын деректер блоктарын жіберуді қамтамасыз етеді. IP хаттамасы қосылысты қамтамасыз етпейтіндіктен, сенімсіз хаттама болып табылады, яғни IP деректердің жеткендігін растамайды, алынған деректердің бүтіндігін бақыламайды және қызметші ақпаратпен қамтылмаған. IP хаттамасы әрбір дейтграмманы жекеше тәуелсіз бірлік түрінде өңдейді. IP –дің негізгі мақсаты – дейтграммаларды бағыттау (дейтграммалардың түйіннен түйінге өтетін жолдарын анықтап беру).

Анықтама.Желі түйіні –IP хаттамасын қолдайтын желіге қосылған компьютер. Оның бір немесе бірнеше IP-интерфейсі, әрбір интерфейстің ерекше IP-адресі бар.

Анықтама.IP-адрес – Интернеттегі IP-интерфейстің 32 битті ерекше идентификатороры. IP-адрес нүктемен бөлінген ондық сандардан құрылған октеттер түрінде жазылады.

IP адрестіңформаттары


Екілік

Ондық

10100000.01010001.00000101.10000011

160.81.5.131


ИнтернеттегіәрбірIP адрес немесеинтражелі оның 1000 немесе 1000 000 түйіні болғанына қарамастан, қайталанбайтын ерекше болуы тиіс. Егер сіздің компанияңыз ТСР/ IP–ді қолдануға икемделген және Интернетке қосылмаған болса, онда IP адрестердің кеңістігінен қайталанбайтын адрестерді тағайындау және қолдану үлкен проблема тудырмайды. Сіз адрестердің кеңістігінен өзіңіздің қажетіңізді қанағаттандаратын адрестерді таңдауыңызға болады. Бірақ, егер сіздің ұйымыңыздың желісі Интернетке қосылуы керек болса, сіз таңдаған IP адресті тағы біреудің қолданбайтынына көз жеткізу қиынға түседі.

Интернетте адрестерді таратуға және тағайындауға InterNIC (Internet Information Centre – Интернеттің желілік ақпараттық орталығы) жауап береді. Интернетте барлық желілік адрестерді тағайындауға бір ғана топ жауап беретіндіктен, ондағы адрестердің қайталанбауын қадағалау қиынға түспейді. Бірақ InterNIC Интернеттегі әрбір адресті қарап отырмайды. Оның орнына ұйымға InterNIC берілген бағыныңқы желіге қажетті түйіндерді құратын желілік идентификаторды бөледі. Ұйым өзінің бағыныңқы желісіне ыңғайлы желілік идентификаторды орната алады.


IP адрестердің жіктелуі

  1. А Класс

Shape1

0





0-127

Х

Х

Х

желі

түйін








А класы желі идентификаторы үшін бірінші октетті ғана пайдаланады және қалған үш октет түйін идентификаторы үшін қолданылады. Бұл кластың бірінші октетінің үлкен биті үнемі 0-ге тең, ол бұл адрестің А класына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді.

Желілік бөліктің өлшемі – 8 бит, яғни, А класына жататын 27-1 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 224-2- ні құрайды. Адрестердің бұл класы желідегі түйіндердің үлкен санын қолдануға мүмкіндік беретіндіктен, бұл адрестер көбінесе желісі түйіндердің тым көп санынан тұратын ұйымдарға беріледі. Шындығында, бұл адрестердің көпшілігі бұдан көп жылдар бұрын қандай да бір ұйымдарға, әдетте, әскери немесе университеттерге бөлініп қойылған.




  1. В класы

Shape2

10





128-191

N

Х

Х

желі

түйін








В класы желі идентификаторы үшін алғашқы екі октетті пайдаланады және қалған екі октет түйін идентификаторы үшін қолданылады. Бірінші октетінің үлкен екі биті үнемі 10-ға тең, ол бұл адрестің В класына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді.

Желілік бөліктің өлшемі – 14 бит, яғни, В класына жататын 214 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 216-2- ні құрайды Адрестердің бұл класын алу қиынға түскенімен, ол орта және үлкен желілерге арналған.

  1. С класы

Shape3

110





192-223

N

N

Х

желі

түйін








С класы желі идентификаторы үшін алғашқы үш октетті пайдаланады және қалған бір октет түйін идентификаторы үшін қолданылады. Бірінші октетінің үлкен үш биті үнемі 110-ға тең, ол бұл адрестің С класына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді.

Желілік бөліктің өлшемі– 21 бит, яғни, С класына жататын 221 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 28-2. Адрестердің бұл класы түйіндер саны аз кішігірім желілерге арналған.

  1. Dкласы

Shape4

1110





224>

Х

Х

Х

желі

Түйіндердіңлогикалық тобы









Dкласы кең таралатын хабарламаларға қолданылады. Бұл кластың адресінің бірінші октетінің үлкен биттері үнемі 1110-ға тең, ол бұл адрестің D класына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді.

  1. Е класы


Shape5

1111





240>

Х

Х

Х

желі









Е класыболашақ қолданушылар үшін сақталған адрестердің экспериментальдыкласы. Бұл кластың адрестеріндегі үлкен биттер 1111-ге тең.

5 – кестеде кейбір адрестер кластары, адрестің үлкен биттерінің мәндері, берілген кластағы бірінші октеттің ондық мәндерінің диапазоны және осы класс қолдайтын желілер мен түйіндер саны келтірілген. Емтиханда бір көргеннен IP адрестің класын, ол класқа тән желілер мен түйіндер санын анықтай білудің мәні зор.

5 - кесте



IP адрестің жіктелуі

Кластар

Үлкен биттер

Бірінші октеттіңдиапазоны

Желілердің мүмкін болатын саны

Түйіндердің мүмкін болатын саны

А

0

1-126

126

16 777 214

В

10

128-191

16 384

65 534

С

110

192-223

2 097 152

254


IP адресті таңдау ережесі

  1. Болашаққа жоспарлаңыз. Бірінші және маңыздысы: өз желіңізді болашақта оңай ұлғайтуға болатындай мүмкіндік беретін класты таңдаңыз.

  2. Бірегейлікке көз жеткізіңіз. Сіздің желіңіздің бағыттауышқа қосылған әрбір сегментінің жеке желілік идентификаторы болуы керек.

  3. Кейінге сақталған адрестерді қолданбауға тырымсыңыз.Олардың кейбіреуі Интернетте IP адрес ретінде дұрыс қолданылмауы мүмкін.Мысалы, А класының 127 желілік адресі диагностикалық мақсатқа сақталған. Кейінге сақталған адрестер тізімін InterniсWeb-түйініндегіhttp//ds.internic.net адресі бойынша табуға болады.

  4. IP адрес ретінде 0 –дер (0-дерден тұратын октет) және 255 (1-лерден тұратын октет) сандарын пайдалануға болмайды.


Классыз үлгі

Қолдануға болатын адрестік кеңістіктің тиімділігін арттырудың қажеттігі IP адрестеудің жаңа классыз домен аралық бағыттауыш үрдісін CIDR (Classless Inter-Domain Routing) құруға жағдай жасады.

Интернетке қосылған ЖЕЖ-сінде 2000 компьютер бар болсын. Адрестік кеңістікті қосу үшін сізге С класының 8 адресі немесе бір Вкласы керек.Бірақ В класына 65534 түйін сияды бұл сіздің қажетіңізден анағұрлым көп.Егер С класының 8 адресін пайдалансаңыз, ол желілерді қосқан кезде, қызметші ақпараттың трафикті толтырып жіберу проблемасы туады.

Басқаша 32-ні екі бөлікке – 21 және 11 түрінде бөлуге болар еді, 211=2046 адрестер, бұл 21 битті бір желі және бағыттауыш кестесіне оған қызмет көрсету үшін бір ғана жазба түседі. Адрестік кеңістікті бөлу процесін жеңілдету үшін бағыныңқы желі маскалары қолданылады.

Анықтама. Бағыныңқы желі IP адрестің түйін идертификаторын сақтайтын бөлігінен желі идентификаторын сақтайтын бөлігіне бірнеше биттің көшірілуінің көмегімен құрылған желі немесе желі идентификаторы.

Анықтама.Бағыныңқы желінің маскасы адрестердегі қанша биттің желі идентификаторы үшін пайдаланылатынын көрсететін 32-биттік адрес.

Желілік маска төмендегі қағидаға сай құрылады:

  1. Желі нөміріне сәйкес позицияда биттер орнатылған (1).

  2. Түйін нөміріне сәйкес позицияда биттер орнатылмаған (0).

CIDRүлгісінде жазуды ыңғайлы ету үшін IP адресті a.b.c.d./n, түрінде көрсетеді, мұндағыa. 770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!