Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ірі қара мал қораларын талапқа сай жобалау.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласы Шәкәрім атындағы коммерциялық емес акционерлік университеті
«Ветеринария және агроменеджмент» факультеті
«Ветеринария» кафедрасы
Ғылыми жұмыс
Пән: Жеке зоогигиена
Тақырыбы: Сиыр қораларын жобалау.
Орындаған: Мұқат Диас Октябрьұлы
Ғылыми жетекшісі: Ветеринария ғылымдарының доценті, аға оқытушы Койгельдинова А.С.
Семей қаласы 2024 жыл
Жоспар
Кіріспе.....................................................................................................................3
1.Әдебиеттерге шолу............................................................................................4
1.1. Ірі қара мал гигиенасы..................................................................................12
1.2. Ірі қара малдарын ұстау жүйелері...............................................................14
1.3. Ірі қара малдарына арналған қоралардың негізгі технологиялық бөлшектерінің көрсеткіштер...............................................................................23
1.4. Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматы........................28
2.Өзіндік зерттеулер...........................................................................................32
2.1.Физиологиялық кесте.....................................................................................32
2.2.Ауа алмастыру жүйесін есептеу...................................................................34
2.3.Қора жайдағы жылу алмасу тепе-теңдігін есептеу.....................................37
2.4. Қораның табиғи және жасанды жарықтандыру дәрежесін есептеу...................................................................................................................39
2.5.Нөлдік балансты есептеу...............................................................................40
Қорытынды.........................................................................................................41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................42
Кіріспе
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру тиімділігін арттырудың, оның өнімділігі мен түпкілікті өнім сапасын одан әрі арттырудың басты жолдарының бірі кешенді механикаландыруға негізделген осы өндірісті индустрияландыру болып табылады. Мал шаруашылығында өндірістің индустриялық әдістерін пайдалану технологиялық және техникалық шешімдерді жетілдіруді талап етеді.
Сүт фермаларына қатысты ең негізгі өндірістік процестердің бірі – жемді тарату-технологиялық тұрғыдан жауапты және көп уақытты қажет ететін процесс. Бұл "адам – машина - жануар"жүйесіндегі элементтердің өзара әрекеттесуінің күрделілігіне байланысты.
Жемшөп тарату процесі мен құралдарын жетілдіру сиырлардың өнімділігін 10...15% - ға арттыруы мүмкін екендігі белгілі.
Сүтті мал шаруашылығы жоғары шығынды сала болып қала береді. Сонымен, Украинада сүт өндірісі дамыған мал шаруашылығы бар елдермен салыстырғанда бір литр сүт өндіруге 3...5 есе көп жұмыс уақыты, 1,5 есе көп жем жұмсалады. Жиынтық энергия шығыны екі еседен астам жоғары.
Әрине, еркін нарық жағдайында біздің фермалардың сүт өнімдері шетелден келетін бірдей өнімдермен бәсекеге қабілетсіз болып қалады.
Жоғарыда айтылғандардан өнім өндірудің материалдық, энергетикалық және еңбек шығындарын азайту үшін сүт өндіру технологиясын жетілдіру қажеттілігі туралы қорытынды жасауға болады.
1.Әдебиеттік шолу
А.Ә. Төреханов, Ж.К. Каримов деректері бойынша ірі қара малы барлық дүние жүзінің аймақтарында дамып, оның жалпы саны 2℅өсіп тұрған. Халықты мал өнімімен қаматмасыз етуде ірі қара өнімі қазіргі кезде алдыңғы орын алады.
Ірі қара мал шаруашылығын нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұл саланы толығымен қарқынды технологияға көшіру, әрі әр табының сапасын жақсарту, сұрыптау және жұп таңдау тәсілдерін молымен қолдану, мал азығын молайту, мал азығының сапасын жақсарту болып саналады.
Ірі қараны дамытудың негізі сүт өнімі өндірістік негізде дамытып, сүт және сүт және ет өнімдерін көбейту. Әсіресе ірі қара төлінің тірідей салмағын өсіріп, бордақылағаннан кейін төлдердің тірілей салмағын 400-500кг дейін жеткізу. Әрбір шаруашылықта сүт өнімін 300кг деән жеткізсе, ал сүтті аймақтарда 4000-5000кг дейін жеткізу қажет.
Келешектегі мақсат ірі қара малының сапалық жағынан одан әрі асылдандыру және жоғары өнім алу, жоғары өнімді малдардың тобын шығару. Әсіресе, сүтті сиырлардың сүттілігін молайту, әрі ол шаруашылықты өндірістік негізге айналдыру.
Республикамыз бойынша етті сиыр тұқымының санын көбейту, асылдандыру жұмысын жақсарту, әрі ірі қара малын толық етіп азық – түлікпен қамтамасыз ету.
Осы мәселелерді шешу үшін осы шаруашылықты өндірістік негізде дамытып, одан әрі шоғырландыру қажет.
Мал шаруашылығының кешендері және механикаландырылған фермалардың көрсеткіштеріне қарасақ, өндірістік негізде дамудың әсері өте үлкен екенін аңғарамыз. Ал осы уақытқа дейін сүтті кешендердің еңбегінің нәтижесі басқа фермалардан 2-3 есе артық, ал өзіндік бағасы 1,5 есе кем.
Қазақстан Республикасында сүтті және етті тұқымдары ірі қара малының саны артуымен қатар малды асылдандыру мәселесі жөнелді. 1қаңтар 1990 жылғы мәлімдеме бойынша ТМД-да ірі қара малының жалпы саны 118,3млн басқа жетсе,оның ішінде сауын сиыр 41,7 млн-ға жеткен. Қазақстанда жалпы ірі қара мал саны 9,7 млн-нан, ал сауынды сиыр 3,2 млн-нан асқан.
Жалпы мал шаруашылығы қазіргі уақытта іштей мамандандыру арқылы, әрі осы саланың қарқынды жолға көшуіне байланысты ерекше дамуда.[1]
Ж.К. Кәрімовтің мәліметі бойынша жалпы мал шаруашылықтарында сүтті, сүтті етті, етті және ірі қара малынан алынатын өнім 60%-тен асады. Балтық теңізі бойындағы республикаларда және өнеркәсіпті ТМД аймақтарында бұл өнім 60-75%-ға дейін жеткен.
Ірі қара малы өте төзімді және өмір сүретін ортасына тез бейімделгіш, сондықтан әлемнің барлық аймақтарында өсіріледі.
Сонымен қатар ТМД-ның 45-50 қыста өте аяз аймақтарда да өсіріледі. көпшілік жағдайда малдың ауруға шалдығуы мен өлім-жетімге ұшырауы, оны дұрыс азықтандырып, күтіп бақпаудың салдарынан болады. Малға құнарлы азық беріп, қора-жайын зоогигиеналық талапқа сай таза ұстау, әрі күнделікті жұмыс тәртібін бұлжытпай орындап отыру оның ауруға шамдықтауының және өнімін мол беруінің негізгі кепілі.
Қораны үнемі желдетіп, мал ауруында жүргенде ішін кептіріп отыру.
Оның ішкі ауасының таза болуына жағдай жасайды. Бірақ қорада ызғырың болмауы тиіс. Сондай-ақ қораның терезелерін қоршауға және көлеңкелеуге болмайды. Қораның ішіне күн сәулесі өтуі үшін керегі әйнектерін үнемі сүртіп тұрған жөн. Төсеніш қорадағы малдың санитарлық – гигиеналық талаптарын жақсартуға, олардың жақсы жайғасуына, ауыз тиюден әртүрлі тері ауруларынан, жарақаттанудан қорғауға арналған. Төсеніш жақсы ылғал тартып көмір қышқылын, аммиакты, күкіртті су тегін және басқа да зиянды газдарды сіңіретін малдың терісі мен түгін ластамайтын, жұмсақ әрі серпімді, улы және тікенекті шөптерден таза болуы тиіс.
Сиырларды қорада байлауды ұстағанда қыс айларында қораның жылылық температурасы 8-10 ылғал 70-80% ауа қозғалысы 0,3 м/сек болуы, ал мал жарығында 4,0-4,5 сек/м2 болғаны дұрыс терісін таза ұстауды желінін, тұяғын күтудің және күнде таза ауаға шығарып бірнеше сағат серуендетуге естен шығармаған жақсы. Күнделікті серуен сиырдың қуатын арттырады. [1]
Ж.Б. Мырзабеков, Г.Т. Ибрагимовтың (2005) деректеріне қарағанда малды күтіп-бағу жүйелері мен әдістері мал шаруашылығында орналасқан. Ауданының табиғи және экологиялық жағдайларына қарай материалдық және еңбек ресурстары шығындарын аз жұмсай отырып, мал өнімдерін барынша мол алуды көздейтін шаруашылық, ветеринариялық-санитарлық, гигиеналық және ұйымдастыру шараларының жиынтығын атап көрсетеді. Сонымен,сауын малын қолда-лагерде және қолда-күтіп-бағу жүйелері ұсынылады. Сиырларды байлап жіне байламай ұстау әдістерін пайдаланады. Соған орай ветеринарлық- санитариялық және зоогигиеналық ережалар, мал бағудың жүйелері мен ережелеріне ферманың бас жоспарын бастап, малды күтіп –бағу және азықтандыру технологиясына жатқызылатын барлық тәсілдеріне дейін сай келуі тиіс.
Қолда- лагерьде бағу жүйесінде мал жайылым кезеңінде жеңіл жаппалармен, басқа да қосалқы қора –жайлармен, сондай-ақ сауын қондырғыларымен жабдықталған жазғы лагерьде ұсталады. Мал ұстаудың бұл жүйесі оның денсаулығына оңды әсерін тигізеді және ол малды қыста қолда бағу үшін де кезінде негізгі фермада жөңдеу жұмыстарын, сондай-ақ малдәрігерлік –санитариялық сақытық шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.
Соған орай ветеринариялық-санитариялық және зоогигиеналық ережелер, малды күтіп бағудың жүйелері мен ережелеріне ферманың бос жоспарынан бастап малды күтіп-бағу және азықтандыру технологиясына жатқызылатын барлық тәсілдеріне дейін сай келуге болады.[3]
М. С. Сәдуақасов деректеріне сүйенсек мал сүтінің түзілу, сауу, сақтау және тасымалдау кездерінде әртүрлі фабрикалық, химиялық және биологиялық факторлардың зиянды әсері болады.
Сүттің төменгі сапасы ( бактериялық ластанудың жоғары болуы, улы заттардың араласуы, микробтар мен шаң-тозаңдар мен ластануы т.б.) адамдарды ауруға шалдығуына алып соғады. Мал қоралары мен ауыл малының санитарлық жағдайы әсіресе сүт алатын фермаларда, сүттің сапасына үлкен әсерін тигізеді. Сүт өнімі ауадан жағымсыз иістерді тез бойына сіңіріп алады. Сондықтан сиыр қоралар мезгілінде тазаланып және желдетіліп отыруы қажет. Қоралардан көңді уақытында тазалап шығарып, қалыпты санитарлық жағдайда ұстаса сүт құрамындағы микробтардың мөлшері төмендейді.
Сүт фермаларында мезгіл- мезгіл санитарлық күндер белгіленеді. Сүттің микробтар мен негізгі ластану көзі болып, ауа, малдың нәжіспен ластанған терісі әсіресе желіні, сүт сауу, сақтау жабдықтары, адамдардың қолы және киімдері және т.б болып саналады. Сиыр сауатын бөлмені таза ұстау қажет. Қабырғалары майлы бояу мен бояп немесе қыш плиткаларымен қаптап, жоғарғы жағын сылақтап, ағартып қояды. Сауатын жабдықтарды, станоктарды жылына бір рет ақ түсті майлы бояумен ағартып қояды. Сүт сауатын бөлменің едені биік, көң жолына қарай сәл еңіс болуы керек. Мұндай талаптарға көбінесе бетонды едендер сай келеді. Сүт сауатын бөлменің қабырғаларын және еденнің күнделікті тазаланып, жуып және дезинфекциялаудан өткізу үшін 2℅ демзол немесе 2℅ кальциланған соды ерітінділерін пайдаланып және сауу аяқталғаннан соңбарлық сүт жабдықтарын санитарлық өңдеуден өткізеді. [4]
Қ.Қ. Қоқанов зерттеулері бойынша сиырға берілетін азықтарды олардың қоректілігіне, құнарлығына және басқа қасиеттеріне қарай ірі, шырынды және жем азықтар деп бірнеше топқа бөлінеді.
Ірі азықтарға организмге сіңімділігі төмен, құрамында клечаткасы көп пішен, топан сияқты азықтар жатады. Шырынды азықтардың құрамында көп мөлшерде су болады. оларға көк шөп, сүрленген шөп, тамыр жемістілер (мал азықтық қызылша, сәбіз және т.б.) мен тамыртүйнектілер – картоп топинамбур және т.с.с.жатады.
Сиырға жем шөп бергенде тұз, бор, сүйек ұны және сол сияқты минерал азықтарды да қосып береді. Азықтың қоректік бағасы оның құрамындағы кездесетін заттардың мөлшеріне байланысты болады. Мал азығының құрамына: қоректік заттардан ақуыз, май, минералдық заттар, углеводтар, дәреумендер кіреді
Кейбір азықтардың құрамындағы су 75-80%-ға дейін жетеді. Азық құрамында су көп болсаоныңқоректік құндылығы кем болады.
Ірі қара шаруашылығында тобына құруды ұтымды ұйымдастырудың негізгі шарттың бірі сиырлардың бірінші бұзаулағандағы, жасы малды өз төлі есебімен өсіруді интенсивтендіру сиырларды жаңа туған бұзау кезінен бастап табын айналымына қосуды қажет етеді. Сиырларды бірінші шағылысқа қосу және бұзаулату жасы оның өзіндік құнын және оған жұмсалған өндіріс шығынын анықтайды. Ғалымдардың сиырларды азықтандыру жүйесі жөніндегі пікірлері әртүрлі, мысалы ретінде Е.И. Боресина (1957), А.П. Бегунов (1969), Е.А. Новиков (1971) сиырларды орта мүшелерде азықтандырған жөн, олардың наушанының дені ірі көп балауса азықтардан құрылуы керек деп есептейді. Сиырларды ірі азықтармен орташа азықтандыру олардың ас қорыту жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне және бездерінің жақсы жетілуіне себепкер болады, мұның бәрі сиыр өнімділігінің артуына мүмкіндік береді. [5]
Қ.Ш. Нұрғазы (2008ж) мәліметтеріне қарағанда Мал тұқымын асылдандыру, олардың онімділігін жылдан-жылға арттыру және малдың конституциялық – экстерьерлік мықтылығын дамыту ісі төлді жақсы өсіруге байланысты. Әсіресе, аса сүтті ірі қара малы мен бұқалардан алынған бұзауларға, ата-тектерінің қасиеттілігін дамыту үшін, шаруашылықтың өзінде бар азықты жегізіп үйреткен дұрыс. Мал жастайынан азықпен толық камтамасыз етілсе, олордың тұқым қуалаушылық заңдылықтары толық айқындыла алады. Мал төлден өседі. Сондықтан мал шарушылығының тәжірбиелі бақташылары тумаған бұзаудың қамын оның ана құрсағында жатқан кезінен бастап ойлайды. Бұзау туғаннан кейін оларды көлемді, шырынды азықтарды көп, ал жемді азырақ беріп өсіреді. Етті ірі қара мал шарушылықтарында керісінше, жемді көбірек береді. Бірінші тәсілді қолданғанда өсіп келе жатқан малдардың организімде зат алмасу күшейіп, әрі ас қорту органдары жақсы жетіледі. Сөйтіп, мұның барлығы суттің көп болуына әсер тигізеді. Екіншісінде, етті шаруашылықта бұзауларға жемді көп беруден аз уақыттың ішінде көп салмақ қосады .
Сүтті мал шаруашылықтарында бұзауларға қолдан сүт беру тәсілін қолданып, бірнеше бұзауды бір ірі қараға бекітіп, сол ірі қараның сүтін емізіп өсіреді. Етті ірі қара шаруашылығында бұзауларды 6-8 айға дейін енелерімен бірге, әрі қосымша азық беріп өсіреді. Мұның өзі екі бағыттағы шаруашылықтардың бұзау өсіру тәсілдерінің әр түрлі екендігін көрсетеді. [6]
В.И. Гершун зерттеулеріне қарағанда ірі қараны азықтандыру. Сиырлардан мол өнім алу мақсатымен оларды мейлінше жақсы азықтандыруды ұсынады. Ал кейбір авторлардың пікіріне қарағанда, сиырларды азықтандыру типі мен интенсивті өсіру оның сүттілігі әсер етпейтіндігі көрсеткен. Бұл зерттеулердің барлығы да сүт бағытындағы ірі қара шаруашылықтарында жүргізілген.
Қолдағы сиырдың сүттілігі алдымен оның дұрыс азықтандырылуына байланысты. Әрбір литр сүт түзу үшін желін тамырлары арқылы 500 литрден астам қан өтеді екен.
Ал тәулігіне оншақты литр сүт шығатын сиырларды алсақ, олардың желін тамырлары арқылы 5—6 мың литрдөн астам қан өтетінін өсептеу қиын өмес. Осы қан құрамында сүтті түзуге қажетті бүкіл қоректік заттар мен қосындылар жеткізілуге тиіс қой. Ал олар қайдан алынбақ? Қан құрамына малдың ас қорыту жолдарындағы қорытылған азықтық қоректік заттары сіңіріледі. Сондықтан қан мен қажетті қосындылар сүт түзу үшін, малды жан-жаңты толықтырылған азықтық, рациондармен жеткілікті дәрежеде азықтандыруқажет.
Сиырды дұрыс азықтандыру үшін олардың негізгі ас қорыту ерөкшеліктерін білген жөн. Басқа да күйіс қайыратьш мал сияқты сиыр жеген азық та алдымен төрт камерадан тұратын асқазанының алдыңғы камералары — үлкен қарын, жалбыршақ және тақия қарындарда алдынала өңдеуден өтеді. Бұл алдыңіғы қарындарда көптеген микроорганизмдер тіршілік етеді. Осы қарындар олардың өсіп-өнуіне әбден қолайлы. Алдыңғы қарындарда ұлтабардағыдай өте қышқыл реакциялы қарын сөлі немесе тұз қышқылы болмайды, ал күйіс қайыру кезінде сиырдың сілекей бездері шығаратын сілекейі көп мөлшерде үлкен қарынга құйылъш, ондағы ортаға микроорганизмдер тіршілігіне қолайлы сілтілік реакция береді. Содан барып алдыңғы қарындарда әбден күйселіп, шайналып, ұсақталмаған азық бөлшөктері біршама уақыт кідіретіндіктен олардың қоректік заттарын пайдаланьш, көптеген микроорганизмдер өсіп-өнеді. Олар бір клеткалы жануар тектес (микрофауна) және қарапайым өсімдік тектес (микрофлора) ор-ганизмдерден тұрады. Өздерінің тіршілік процестеріне үлкен қа-рынға түскен азықтық заттарды пайдаланып, өз денесінің қо-сындыларына енгізед,і. Мысалы, азықтық азоттың заттарды игеріп, өз денесі белогының амин қышқылдарын түзеді. Олар белоктық азот пен белок емес заттардың (амидтердің), сонымен қатар тіпті анорганикалық азотты (карбамид сияқты химиялық қосындыларды) да игере алатындығын ескерсек, осы микробиологиялық түзу арқылы сиырларға құнсыз азоттық, қосындылардан ауыспайтьш амин қышқылдарына байытылған құнды белоктар жеткізіледі. Міне, осыдан эволюция барысында макроорганизм (сиыр) мен микроорганизмдер (үлкен қарын микрофлорасы мен микро-фаунасы) бір-біріне қажетті жағдай туғызып, өзара тіршілік етеді.
Алмастыруға келмейтін аминқышқылдарымен қатар алдыңғы орындардағы микроорганизмдер маңызды витаминдерді (В12 цианкобаламин, К витамині) де түзетінін ескерсек, олардың азықты биологиялық өңдеуден өткізуінің малға қаншалықты маңызды екенін ағару қиын емес.
Сондықтан ірі қараның азық рационын олардың алдыңғы қата-рындарында өтетін микробиологиялық процестерді ескере отырып жасау қажет. Азық рационы арқылы алдыңғы қарындардағы микробиологиялық түзуді неғұрлым ұлғайта алсақ, малды жоғары сапалы белоктың заттармен, қажетті витаминдермен солғұрлым қамтамасыз ете аламыз. Оның алғашқы шарты — сиыр рационы-ның бірыңғай сақтап, тез бұзбай, ал қолданылатын жаңа азықтарды біртіндеп, аз аздап енгізеді. Сондай-ақ қысқы азықтандырудан жазғы жайылымға ауыстырғанда да осы қағиданы ұмытпай, қысқы азықтарды жайылым отымен біртіндеп қана ауыстыру қажет. Сонда ғана сиырды іш өту індетінен сақтандырьш, қысқы рациондарға бейімделіп қалған микроорганизмдер ассоциациясын сақтап қалуға болады.
Сиыр азықтандыруды дұрыс ұйымдастыру үшін оның жасына, тірілей салмағына, физиологиялық жағдайына, өніміне қарап оларға қажетті қоректік заттар мөлшерін (азықтық нормасын) анықтауға болады. Қазіргі кезде сиырларга 80-нен астам қоректік және биологиялық активті заттардың қажет екендігі белгілі больш отыр. Әрине азыңтандыру барысында олардың бәрінің деңгейін бақылау мүмкін емес. Сондыңтан сиыр организмінің қоректік заттарға деген мұқтаждығын көрсететін нормалық көрсеткіштер ретінде ең маңызды алты көрсеткіш алынады.
Олардың ішіндөгі негізгісі — организмнің жалпы энергиялың мүқтаждырын көрсететін Советтік азық өлшемі. Қазіргі уақытта бұл өлшем ретінде құнарлылығы өгіз денесіне 150 грамм май байлайтын 1 кг сұлы алынған. Советтік азықөлшемімен қатар құндылығы алмасу энергиясының 2500 килокалориясына тең энергиясының 2500 килокалориясына тең энергиялың азық өлшемі де қолданылады қашарлардың бірінші шағылысқа түскендегі салмағы кеш дегенде 270 кг болуы керек, өйткені мұндай салмақтағы сиырлар неғұрлым оңай бұзылмайды. [7]
П. И. Зеленковтың мәліметтеріне қарағанда сиырлар мен тайынша қашарлар қорада бағылады.
Қораның ортасынан ұзына бойына кеуде қолмен жинау үшін екі 150-165 сантиметрдей жол салынады. Осы жолдың 2 жағын ала мал тұратын орындар жасалады. Олардың мөлшері әр түрлі : ұзын – 195-225 см (ұзындығы), 120-160 см (ені), қысқа 140-190 см (ұзындығы) және 80-125 см (ені).
Қабырғаны байлай екі жағына жем таситын жол – вогонетпамен тасу үшін ені – 80-90 см қалдырылады.
Мал үнемі қолда бағылатын қораларда қапсырма терезелер салынады. Олардың сыртқы терезелері жоғары, ал ішкі терезелері төменгі жағынан ашылады. Қапсырма терезелерді ашқанда сырттан кірген ауа қораның жо,арғы жағына көтеріліп, бірте-бірте төмен түседі. Негізгі сиыр және тайынша-қашарлардың қораларының қақпасы тамбур арқылы жылытылуы тиіс. [8]
1.1. Ірі қара мал гигиенасы
Сиыр организмінің өзіне тән биологиялық және шаруашылық ерекшелігі – физиологиялық процесстердің – буаздықтың және қарқынды сүт өнімінің, сүт беру мерзімінің бір мезгілде үйлесім табуы болып табылады. Бұл процесстер организмнің алмасу процесстеріне, күрделі физиологиялық қызметтеріне үлкен күш түсіреді. Осы кезеңде сиыр үшін жем-шөп те, микроклимат та, күтім де, бір сөзбен айтқанда жан-жақты қолайлы әсер ететін технологиялық шаралардың маңызы зор.
Сауын сиырдан сүттің мол шығуына септігі тиетін азықтандыру деңгейі мен қамтамасыз ету жағына баса назар аударған дұрыс. Рационда құрамында ірі азық, балғын азық, жем, минералды азықтар мен микроклиматтар енуі тиіс. Сондай-ақ рационнның салмаққа, сауылатын сүті мен жыл маусымына гигиенада қатысты болғаны жөн және олардың малдың белоктарға, минералды заттарға, витаминдерге деген физиологиялық қасиеттерін өтеуі де керек, өйткені әр минут сайын сүтпен бірге 0,66 г жуық майы, 0,88 г лактоза және 0,60 белок бөлінеді.
Сондықтан жоғалтқан энергия мен пластикалық материалдардың орнын толтыру сауын сиырлар күніне 30 кг-га дейін азық қабылдауы керек. Себебі 1 л сүт пайда болуы үшін сиырдың емшегінен 300-500 л қан жүру керек.
Сапасы жақсы пішен, сүрлем, бұршақ тұқымдастардың шөп қоспасы, сондай-ақ тамыржемістер рационындағы протеин, витамин, минералды заттар мөлшерімен қант-протеин қатынасын арттырады.
Сиыр рационындағы ірі азық пен шырынды азықты қоректілігі жағынан жас шөптен салынған пішендемемен алмастыруға болады, жемнің өте көп мөлшері сүттің майлылығын кемітетіндіктен оны қалыпты мөлшерде ғана берген жөн.
Рационды протеин жетіспесе жем қоспасының құрамына аминді жем қоспасы немесе мочевина қосылады. Сонда малдың протеинге деген 20-25% қажетін алмастыруға мүмкіндік бар.
Сауын малын азықтандыру кезінде минералды заттардан рацион құрамында кальцийдің, фосфордың, хлорлы натрийдың, калийдің, магнийдің, йодтың, кобальттың, мыстың, темір, марганец, мырыштың болуын қадағалау қажет.
Сауын малының рационына енетін жем-шөпке сүттің құрамы, оның дәмдік сапасы мен технологиялық қасиеті қатысты келеді. Сүттің құрамы мен қасиеті, малды сапасыз жем-шөппен, шіріген немесе көгерген пішен, сүрлем және пішендеме сүттің құрамын бұзады.
Рационда азықтық шалқан, қызылша, тамыржемістер пәлеге көп болса сүт ашқылтым тартып тұрады. Айқыш гүлді өсімдіктер сүтке қыша иісін беріп, оның дәмін бұзады.
Ірі қара малдарының қораларын жобалап – салу және пайдалану кездерінде оларға ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу технологиялық жобалау нормаларына (НТП) және ветеринариялық-санитариялық ережелерге (СНИП) сүйеніп жасалады.
Әр малдардың түрі, жасы, тұқымы, бағыты ескеріліп оларға арналған жобалар сызылады. Ол жобаларды таңдау әр шаруашылықтың ерекшеліктеріне, ауа райы, жер орайы, малдарды күтіп-бағу жүйелеріне байланысты жүргізіледі.
Қандай болмасын ірі қара малдарына арналған өндірістерді жобалап-салу және пайдалану кездерінде ең басты ветеринариялық-санитариялық проблема малдарды әртүрлә аурулардан сақтау және олардан алынатын өнімдердің сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету болып саналады.
Ірі қара малдарынан алынатын өнімдердің бағытына байланысты, оларға арналған шаруашылықтар (фермалар):
1) Тұқымдық – мал тұқымын жақсартып, олардан тұқымды жас төлдер алуға арналған;
2) Өнімдік – ет және сүт өнімдерін алуға бағытталған шаруашылықтар;
3) Мал басын толықтандырып отыруға арналған жас төлдерді өсіріп және бордақылау бағытындағы шаруашылықтар;
4) Ірі малдарды бордақылап ет өндіру және жас бұзауларды бағып, күту мен айналысатын шаруашылықтар.
1.2. Ірі қара малдарын ұстау жүйелері.
Малдардың сыртқы әсерге дене төзімділігін арттырып, олардан алынатын өнімдердің мөлшері мен сапасын жоғарлатуға бағытталған әртүрлі азықтандыру, суару, орналастыру, байлау, жаю т.б. технологиялық тәсілдердің жинағы – малдарды ұстау жүйелері деп аталады.
Малдарды өсіру қарқынына жер орайы, ауа райының ерекшеліктеріне байланысты отырып ірі қара малдарын ұстаудың мынадай жүйелері болады.
2500 ₸ - Сатып алу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
тақырыптармен дайындаймыз