Материалдар / Іс - тәжірибемен бөлісу "Құндылыққа негізделген білім берудегі тиімді әдіс – тәсілдер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Іс - тәжірибемен бөлісу "Құндылыққа негізделген білім берудегі тиімді әдіс – тәсілдер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беруде оқушыларды жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде оқытып - тәрбиелеу өзекті мәселенің бірі. Жаңашыл мұғалім "толық адам" тұлғасын қалыптастыруы үшін құндылықтар алдыңғы орынға шығу керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2022
1974
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құндылыққа негізделген білім берудегі тиімді әдіс – тәсілдер

Сарбиева Жанаргуль Калибековна

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

"Ақмола облысы Білім басқармасының

Степногорск қаласы бойынша Білім бөлімі

Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев

атындағы №9 жалпы орта білім беретін

мектебі "КММ




ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ дегеніміз -

Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті, салауатты ұрпақ тәрбиелеу

«2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы». Әдістемелік нұсқау хатта былай делінген: «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет.

Қазақ тілінің ана тілі ретіндегі негізгі қызметі – ұлттық сана-сезімді қалыптастыру. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы қойылған базалық құндылықтар ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы арқылы игеріледі» десе, «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу;

Пән мұғалімі ретінде алдымызға қойылған мақсат – міндеттер оңай емес. Қазіргі керекті- керексіз ақпараттар толқыны селдей қаптап тұрған уақытта оқушының ақыл – ойын білімге бағыттау оңай іс болып тұрған жоқ. «Оқымайды» деп оқушыға кінә тағуға да болмайды. «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс» деген Ыбырай Алтынсариннің сөзі барлық педагог мамандардың есінде үнемі сақталып жүргені жөн.

Осы орайда, өз тәжірибемде қолданып жүрген белсенді оқыту әдістері туралы айта кетейін. 

Бұл әдістердің көбі филология ғылымдарының кандидаты Асхат Әлімовтің «Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану» атты оқу құралынан алынған. Оқу құралы жоғарғы оқу орындарына арналғанымен, мектеп мұғалімдеріне көмек болатын мол әдіс – тәсілдерді сұрыптап алуға болады. «Интербелсенді әдістер дегеніміз - қарым-қатынас арқылы, диалог құра отырып, әрекет ету арқылы білім алу әдістері.

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті оқулықтарында берілген мәтіндер мен шығармалар оқушының бойында қандай да бір құндылықтарды қалыптастыру үшін берілген. Бастысы - «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарын жүзеге асыруға бағыттап оқыту. Әдебиеттегі Күлтегін, 15- 18ғғ.жыраулар, Махамбет поэзиясы отансүйгіштік пен елжандылыққа тәрбиелесе, бір «Абай жолының» өзінде ұлттық сана, әдет – ғұрып, тарих, тәлім – тәрбие тұнып тұрған жоқ па? Ендеше, мәселе осының бәрін оқушының көкірек көзіне жеткізу.

Мысалы, Оралхан Бөкейдің «Атау кере» шығармасындағы кейіпкерлер мінезі сан алуан, сан қилы. Жазушы олардың өмірде ұстанған қағидаларының кереғерлығын ашып көрсетіп, сол арқылы үлкен адами- моральдық құндылықтарды қозғай білген. Түсіну үшін мазмұнын білу керек, бірақ «барлығы үйден оқып келеді» деп өтірік айтуға болмас. Сондықтан маңызды деген тұстарын сыныпта оқыту керек.

Сабақта оқушыларға үзіндіні «Дауыстап ойлау» әдісімен орындауды тапсырамын. Топқа бөлініп, бір оқушы дауыстап оқиды да, қалғандары ақпаратты ойластырып, соңынан бірлесе талқылайды. Кейіпкерлердің оң- теріс әрекеттерін бағалайды. Кейіпкер бейнесін анықтауға бағытталған сұрақтарды оқушылар «Серпілген сұрақтар» әдісімен ой талқысына салады, шешімін шығарады.

Нәтижесінде: Тағаннан парасаттылықты, Еріктен тоң мойындық, қатыгездік, ашкөздіктен алыс болуға үйренеді.

«Дебат элементтері» – оқушылардың шығарманың идеясына, автордың ойына сыни көзқараспен қарап, өз ойларын дұрыс жеткізуге, тіл байлығының артуына, коммуникативті қарым- қатынас жасай білуіне үйренетін тиімді әдістердің бірі. Олар бір сарынды сабақтан зерігеді, сондықтан пікірталасқа түсуге итермелеу қажет. Ескеретін нәрсе: мұғалім дебат ережесін өзі жақсы білуі керек.

8- сыныптағы Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқытуда «Сөзді бейнеле» әдісін қолдану арқылы деңгейлік тапсырмалар құрастырып, нәтижесінде: ұлттық сөз өнерінің айшығын біліп, ана тілінің байлығын құрметтеуді үйренеді. Бұндағы тапсырма:

Оқушылар қораптан сөзді алып шығып, оқулықтан символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұраққа мысалдар іздеп табады, соған сәйкес суретін салады және 50 сөздік мәтін құрап ұсынады.

Қолдауды көп қажет ететіндер: сурет, бояу жұмыстарына қатысады

Қолдауды аз қажет ететіндер: оқулықтан троп пен фигураларды табады

Қолдауды қажет етпейтіндер: троп пен фигураларды қатыстыра мәтін құрайды

Әдебиеттің «Бағалау және салыстыру» сатысында немесе қазақ тілінде де ең тиімді әдістің бірі - «Эссе». Оқытылған шығарманы оқушының қаншалықты меңгергені, оқиға немесе кейіпкерге көзқарасын анықтау, қорытынды шешімі, бағалауы, сыни ойлауы эсседе көрініс табады. Эссенің түрлерін оқушыны сөз санына қарай жалықтырмайтындай, қызықты етіп берген жөн. Мысалы: 11 – сыныпта «Абай жолын» оқытқанда «Сенің ойыңша, Абай біздің заманымызда өмір сүрсе, оның бойында тағы қандай қасиеттер болу керек?»

Сабақта графикалық органайзерлердің түрлерін жиі қолданамын. Мысалы.: «Эмоция кестесі», «9 ромб» органайзерін М.Жұмабаевтың «Батыр Баян», О.Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» сияқты лирикалық шығармаларды оқытуда қолдандым . Бұл - оқушылардың ақын эмоциясын түсіну арқылы, оның лирикалық тұлғасын айқындайды. Сондай- ақ, прозалық шығармаларда да қолдануға болады. Мысалы: Ы.Алтынсарин «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде.

Негізінде әр пән мұғалімі өз сабағының режиссері.

 «Педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе - ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде.» деген Ы. Алтынсариннің сөзі бүгінгі күні де өзекті. Оқу мақсатына бағытталған дұрыс әдіс – тәсілдерді қолдану мұғалімнің шеберлігін, табанды еңбегін қажет етеді.

Ұлттық құндылықтармен сусындаған рухани бай, зерек,зейінді шәкірттеріңіз көп болсын.



































"Ақмола облысы Білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша Білім бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектебі "КММ











Құндылыққа негізделген білім берудегі тиімді әдіс – тәсілдер

Баяндамашы: Сарбиева Жанаргуль Калибековна

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
























2022 – 2023 оқу жылы





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!