Материалдар / «Іс – сапар бойынша есеп айырысу» Облыстық ашық сабақтың әзірлемесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Іс – сапар бойынша есеп айырысу» Облыстық ашық сабақтың әзірлемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Кассадағы ақшалай каражаттар, банктердегі шоттар, есеп беруге тиісті адамдармен есеп айырысу есептерін қүжатты ресімдеу тәртібі және осы операцияларды есеп регистрлерінде бейнелеу. Іс сапар бойынша құжаттарды рәсімдеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2024
299
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Іс – сапар бойынша есеп айырысу»

Облыстық ашық сабақтың әзірлемесі


Касенова Мунира Зайтиновна

Жақия Шайжүнісов атындағы колледждің арнайы пәндер оқытушысы.

Абай облысы, Семей қаласы


Модуль (пән) атауы: ПМ 02 «Ақша қаражатының және олардың баламаларының ауытқуына байланысты операцияларды есепке алу» / Қаржылық есеп


1. Жалпы мәліметтер

Курс – 2

Топ 2 негізгі ЕА – 1

Сабақтың түрі: тәжірибе


2. Мақсаты, міндеттері:

Оқытушылық: Субъектілердегі ақшалай, есеп айырысу және несие операцияларын жүргізу тәртібі туралы. Банктерде ақшалай шоттар ашу және ақшасыз есеп айырысу формаларының тәртібі туралы. Кассадағы ақшалай каражаттар, банктердегі шоттар, есеп беруге тиісті адамдармен есеп айырысу есептерін қүжатты ресімдеу тәртібі және осы операцияларды есеп регистрлерінде бейнелеу. Іс сапар бойынша құжаттарды рәсімдеу.

Дамытушылық:  Студенттің ақыл-ой іс-әрекетінің дамуын, есептеулер жүргізу мен тапсырмалар орындауда іс-әрекеттерін жоспарлау, есте сақтау,ойлау, ойды жинақтау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Студенттерді зейінділікке, ұқыптылыққа және өз ісінің білікті маманы болуға тәрбиелеу


3. Күтілетін нәтижелер: Ақша қаражаттары мен олардың баламаларының қозғалысына байланысты операциялардың есебін жүргізу. Бастапқы құжаттармен жұмыс, яғни кіріс касса ордері, шығыс касса ордері, аванстық есеп, іс сапар куәлігін толтыру және олардың қозғалысын бақылау. Шоттар корреспонденциясын құрастыра білу.


4. Қажетті ресурстар: Интерактивті тақта, компьютер, бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспары, таратпалы материалдар, кіріс касса ордері, шығыс касса ордері, аванстық есеп, іс – сапар куәлігі.

Сабақтың түрі: тәжірибе

Қолданылатын әдіс – тәсілдер, технологиялар: Құрылымдық логикалық технология, ойын элементтерінің технологиясы, ақпараттық коммуникативтік технологиялар (Microsoft Power Point, LearningApps, Quizizz.com, Prezi.com, ActiveInspire, wordwall.net).

Пәнаралық байланыс: Бухгалтерлік есеп негіздері, Бухгалтерлік есепті 1С бухгалтерия бағдарламысы мен автоматтандыру.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин)

  • Студенттермен сәлемдесу

  • Студенттерді түгендеу

  • Студенттердің зейінін сабаққа аудару

  • Сабақтың мақсатымен таныстыру.

  • Топқа бөлу: «Қар кесегі» әдісімен 4 топқа бөлінеді.

2. Ойын бөлімдері: Студенттерді ойын кезеңдерімен таныстыру. (5 мин)

І – тур «Ең ақылды»

Бұл турда үй жұмысын тексеру мақсатында студенттерге Quizizz.com бағдарламасы бойынша тест сұрақтары беріледі. Әр студенттің жинаған ұпайы сол команданың еншісіне енеді(Бір дұрыс жауап 1 ұпай). (15 мин)

ІІ тур – «Деңгейлік сұрақтар»

Студенттерге таңдауға бірнеше тақырыптар беріледі. Әр тақырып бойынша сұрақтар 10,20,30,40,50 баллмен бағаланады. Қай балл бойынша сұрақ берілсе сол сұраққа дұрыс жауап бергенжағдайда балл топ еншісіне тиеді. (20 мин)

1) Кассадағы ақша қаражаттары

10 – Кассадағы ақша қаражаттары қай шотта есепке алынады? (1010)

20 – Кассадағы материалды жауапты тұлға кім? (Кассир)

30 – Кассада толтырылатын құжаттарды атаңыз. (ККО, ШКО, кассалық кітап)

40 – Қай жағдайда шығыс касса ордеріне басшының қолы керек емес? (егер ілеспе құжаттарда басшының қолы болса, ШКО – не қолы керек емес)

50 - Кассалық кітап қандай болуы керек? (Кассалық кітап нөмірленген, шнурланған және мөрленген болуы керек: ондағы парақтардың саны басшының және бас бухгалтердің қолдарымен куәландырылады)

2) есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттары

10 – Банктік шоттар қалай бөлінеді? (корреспонденттік және ағымдағы немесе жинақтық)

20 – Есеп айырысу шотынан кассаға ақша қай құжаттың негзінде алынады? (чек)

30 – Кәсіпорын банкте шот ашу үшін қандай құжаттар тапсыруы тиіс? (өтініш, құрылтай шарты (көшірме), заңды тұлға ретінде тіркелгені жөнінлегі куәлік (көшірме), мөртаңба және қолтаңба үлгілері бар карточка )

40 – қолма қол ақшаны есеп айырысу шотына салу үшін қандай құжат қолданылады? (қолма қол ақша салу жарнасы)

50 – Акция, облигация неге жатады? (бағалы қағаздар)

3) дебиторлық берешек бойынша есеп айырысу

10 – Есеп беруге тиісті тұлғалар қай шотта есепке алынады? (1250)

20 – Неше күн ішінде аванстық есеп толтырылып тапсырылуы керек? (3күн)

30 - Қай жағдайда аванстық есеп толтырылады?

40 – Іс-сапар неше күннен аспауы керек? (40 күн, 5 күн қосылуына рұқсат, жолды санамағанда)

50 – Іс-сапар шығындарына не жатады? (тұратын орынды жалдау шығындары, тәуліктік, жол шығындары)

4) шоттар корреспонденциясы

10 – Есеп айырысу шотынан кассаға ақша аударылды (1010 1030)

20 – Кассадан есеп беруге тиісті тұлғаға ақша қаражатын берді (1250 1010)

30 – Есепті тұлғаның қолданылмаған қаражаты кассаға қайтарылды (1010 1250)

40 – Кассада жетіспеушілік анықталды (1280 1010)

50 – Кассада артықшылық анықталды (1010 6280)


ІІІ тур – «Пазл құрау»

LearningApps бағдарламасы бойынша шоттардың активке немесе пассивке жататынын шешу, сол арқылы пазлды құрау (Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады). (5 мин)

Активті шоттар:

  1. Материалдық емес активтер

  2. Көмекші өндіріс

  3. Дайын өнім

  4. Негізгі өндіріс

  5. Негізгі құралдар

  6. Болашақ шығындар

  7. Кассадағы ақша қаражаттары

  8. Сатып алушылардың қарызы

  9. Жолдағы ақша қаражаттары

  10. Құрылыс материалдары

  11. Аяқталмаған өндіріс

  12. Жартылай фабрикаттар


Пассивті шоттар:

  1. Резервтік капитал

  2. Амортизация

  3. Еңбекақы бойынша қарыздар

  4. Жарғылықты капитал

  5. Болашақ табыстар

  6. Жинақ зейнетақы қорына аударымдар

  7. Табиғи апаттар бойынша шығындар

  8. Ұзақ мерзімді банк қарызы

  9. Салық бойынша қарыз

  10. Өнім өткізуден түскен табыс

  11. Жеке табыс салығы

  12. Таратылмаған таза табыс


ІV – тур «Сыңарын тап»

Wordwall.net бағдарламасы арқылы шоттарды экономикалық мінездемесі бойынша сыңарын табу (Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады). (5 мин)

  1. 1010 – Активті, негізгі, ақшалай

  2. 1310 – Активті, негізгі , түгендеу

  3. 1210 – Активті, негізгі, есеп айырысу

  4. 2410 - Активті, негізгі, түгендеу

  5. 2420 – Пассивті, контрарлы, контрактивті

  6. 3310 – Пассивті, негізі, есеп айырысу

  7. 1030 – Активті, негізгі, ақшалай

  8. 1420 – Активті негізгі, есеп айырысу

  9. 3350 – Пассивті, негізгі, есеп айырысу

  10. 5110 – Пассивті, реттеуші, контрпассивті

  11. 8110 – Активті, әрекеттік, калькуляциялық

  12. 8310 – Активті, әрекеттік, калькуляциялық

  13. 8410 – Активті, әрекеттік, таратушы, жинақтау таратушы

  14. 5610 – Пассивті, қаржылық – нәтижелік, біркүндік

  15. 3120 – Пассивті, негізгі, есеп айырысу

  16. 4010 – Пассивті, негізгі, есеп айырысу

V – тур «Үздік бухгалтер»

Әр командаға есеп беріледі. Сол есептің негізінде студенттер кіріс касса ордерін, шығыс касса ордерін, аванстық есеп толтырулары керек. (есептің толық орындалуына байланысты 50 ұпай беріледі) (15 мин)

Тапсырма

  1. Шоттар корреспонденциясын құрыңыз

Іс сапар шығындарының сметасынның негізінде:

  1. ШКО толтырыңыз

  2. Іс-сапар куәлігін толтырыңыз

  3. Аванстық есеп толтырыңыз

  4. Кіріс касса ордерін толтырыңыз

Берілгені: ЖШС «РОЗАның»Қазан айына шаруашылық операциялар тізімі.

Бин/иин – 1568947235689

Басшысы – Сайфутдинов Харис Гаязович

Бас бухгалер – Айтышева Аида Армановна

Кассир – Тыныбаева Балауса Маратовна


Мерзімі


Шаруашылық әрекеттер мазмұны


Сомасы


Шоттар корреспонденциясы

Дт

Кт


Есеп беруге тиісті ақшалар берілді




02.10.

Каленова А.И. іс сапар шығындарына кассадан ақша берілді


79500




Қызметкерлер келесі құжаттарды бухгалтерияға ұсынды




09.10.

Каленова А.И. - №123 аванстық есебін толтырды. Онда келесі шығындар есепке алынды:

?



  • Семей қаласынан Астана қаласына дейінгі теміржол билеті№8596345, 02.10.2023жыл

11000



  • Қонақ үйді жалдау бойынша №34 шот фактура 03 қазаннан 07 қазан аралығында

21000



  • Астана қаласынан Семей қаласына дейінгі темір жол билеті №3659782, 07.10.2023жыл

11500



  • Тәуліктік

34500



Пайдаланылмаған аванстардың сомаларын қайтару және артық шығыстардың сомаларын беру аванстық есептер ұсынылған күні жүргізілді.

3. Ойын бойынша қорытынды жасау: топтардың алған баллдарын санап жеңген топты анықтау. Сонымен қатар ActiveInspire бағдарламасы бойынша терминдерді сәйкестендіру арқылы сабақты қорытындылау. (10 мин)

4. Рефлексия: ActiveInspire бағдарламасы бойынша рефлексия жүргізу (5мин)

5. Үй жұмысын беру: Л. Королюк «Қаржылық есеп» кітабынан 23-27 бет оқып конспектілеп келу (2мин)

6. Бағалау: әр бір студентті жеке бағалау. Электронды журналға бағаларын қою. (3мин)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!