Іс-әрекеттегі зерттеудің қазақ тілі сабақтарында табыс критерийлерін анықтау"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Іс-әрекеттегі зерттеудің қазақ тілі сабақтарында табыс критерийлерін анықтау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Іс-әрекеттегі зерттеудің қазақ тілі сабақтарында табыс критерийлерін анықтау"
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Іс–әрекеттегі зерттеудің қазақ тілі сабақтарында табыс критерийлерін анықтау»

Білім беру саласы аса күрделі жүйе,оның сан салалы қырлары бар.Соның аса маңызды салаларының бірі «Lesson Study».

Қазіргі уақытта әрбір педагог үшін өз білімділерін шыңдау, дамыту басты мақсат болып табылады. Себебі, білім бір орнында тұрмайды, ол үздіксіз дамып отырады.

Мұғалім құзіреттілігі оның жан-жақты білімінен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен және сол әдістерді тиімді пайдаланумен өлшенеді.

«Lesson study» - мұғалімдердің бірігіп білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық сала екен.

Бұлай дейтін себебім , біздің мектебімізде «Lesson study» таныстырылымы өткен болатын сол кезде оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау , өз қорытындыларын тұжырымдап , жоспарды бірлесіп жүзеге асыру әдіс-тәсілдерді кеңінен талқылағаны ұнады.

«Lesson study» - әдісінің мазмұны бойынша құнды мәліметтер беріп , әріптестерімнің тәжірибесінің жақсаруына көп септігін тигізгендігі сөзсіз.

Сабаққа қатысушы мұғалімдер , мұғалімнің әрекеттерін бақылап, олардың тек кем-кетік жерлерін тізбектеп , сабақ талқылауда сол кемшіліктерге тоқталып, мұғалімге ақыл айтып, нұсқау беретін.

Ал, қазіргі уақытта «Lesson study» - әдісі бойынша сабаққа қатысқандар өздері таңдаған зерттеулерде оқушының әрекеттерін бақылап , олардың қалай оқитындарына назар аударып , оқушылармен сұхбаттасып , олардың оқудағы жетістіктері мен қиындықтарын айқындап сабақты талқылағанда көрінді .

Біздің мектепте «Lesson study» бірлескен зерттеу тобы жұмыс жасайды. Осы топқа мұрындық болып отырған мектеп директоры Р.С.Абдикаримова мен ғылыми әдіс ісі жөніндегі орынбасары Н.А.Жақыпбекованың қолдауымен тәлімгер әріптестерім: Бастауыш сынып мұғалімі шебер ұстаз Исагулова Баян Таңатарқызы , Чабденова Гаухар Дидарқызы тарих пәні мұғалімі , зерттеуші , магистрант және Аятова Меруерт информатика пәні мұғалімдері зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Сабаққа қатысу барысында оқушылардың үйрену әрекеттерін бақылап , олардың жетістіктері мен қиындықтары айқындалды.

Сабақ жоспарын жақсартуда бірлескен ортада жағымды өзгерістер пайда болды. Кейбір оқушының бойындағы ерекше бір қасиетін танып, өзіндік білім жетілдіруге ықпал етілді. Мұғалім тарапынан қолдау көрсету арқасында жағымды орта қалыптасты.

Мектебімізде - «Lesson study» циклін зерттеу жұмыстары жоспарланып «Ашық сұрақтар қою арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға бола ма?» деген зерттеу сұрағымен жұмыс жасалынды. Сол кезден аз ғана уақыт өтсе де, өзгерістердің бар екенін сабаққа қатысу барысында байқадым. Яғни әр оқушының мүмкіндігін, жас ерекшелігін ескеру керек екендігі әріптестерімнің сабақтарын жоспарлауда көрініп отырды.

Сабақтан кейінгі бақыланатын оқушылар да , сұрақтар да сабақ құрылымына өзгерістер енгізуге септігін тигізді. Жалпы айтқанда «Lesson study» тәсілімен жұмыс жасау қиындық тудырмады. Тәжірибедегі белсенді емес сыныптың мәселесі бірден шешілмейді, бірақ оқушыны топтық жұмысқа тарта отырып, ашық сөйлесу, пікірін тыңдау арқылы ортаға бейімдеуді және «оқушы-мұғалім», «оқушы-оқушы» үдерісін үнемі дағдыға айналдырсақ , үнемі оқушы пікірімен санаса отырып , оларға ұнайтындай әдістерді қолдана отырып сабағымызды жоспарласақ заманның талабына сай сындарлы ой айта алатын жеке тұлға тәрбиелей аламыз деген ойға келдік.

Мұғалім тек өз сабағында өз шәкірттерін жетелеуші ғана емес , кәсіби құзіретті , жан-жақты білімді , заман ағымына сай жаңашыл болса, өз идеялары мен мақсаттарын әріптестерінің санасына сіңіріп , еріксіз еліктіріп , соңынан ілестіріп көшбасшы бола алатындығына көзімізді жеткіздік.


«Lesson study» - кәсіби дамудың тиімді тәсілі оқушыға саналы білім беруді, көздеген бір мақсатқа жұмылдырылған ұстаздар ортасы десек артық айтқандық емес.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.08.2024
252
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі