Материалдар / "Іс әрекетті зерттеу» жобасында әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың жазылым дағдыларын қалай дамытуға болады
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Іс әрекетті зерттеу» жобасында әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың жазылым дағдыларын қалай дамытуға болады

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала «Іс-әрекетті» зерттеу жобасын қалай ұйымдастыруға, оның жұмыс кезеңдері мен зерттеу барысын қалай жүзеге асыруға болады деген сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ мақалада оқушыларға жазылым жұмыстарында сөздік қорларын молайтатын әртүрлі тәсілдердің және көркемдегіш құралдарды тиімді қолданып жаздырудың тың әдістері баяндалады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қырқүйек 2022
286
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Picture 2

Көкшетау қаласындағы физика- математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мұғалімі Ардак Набиевна Нурушева

Кембридж бағдарламасы бойынша мұғалімнің біліктілігін арттыру

бағдарламасы бойынша III (базалық )деңгей халықаралық сертификатты тренері


«Іс-әрекетті зерттеу» жобасында әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың жазылым дағдыларын қалай дамытуға болады?

Аңдатпа

Бұл мақала «Іс-әрекетті» зерттеу жобасын қалай ұйымдастыруға, оның жұмыс кезеңдері мен зерттеу барысын қалай жүзеге асыруға болады деген сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ мақалада оқушыларға жазылым жұмыстарында сөздік қорларын молайтатын әртүрлі тәсілдердің және көркемдегіш құралдарды тиімді қолданып жаздырудың тың әдістері баяндалады.

Annotation

In this article, the author makes an attempt to generalize the experience of research in action: how to organize a phased study and what methods were used. This article also describes work methods that develop students' written skills.

Аннотация

В данной статье автор делает попытку обобщения опыта работы исследования в действии: как организовать поэтапно исследование и какие методы были использованы. Также в данной статье описаны приёмы работы, развивающие письменные навыки учащихся.







Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен оқу жылында «Іс-әрекетті зерттеу» (Аction research) жобасы бойынша бір жылдық жұмыс нәтижесі бойынша ой бөліспекпін.

Жоба оқу жылының басында мектептегі әріптестерден құралған шығармашылық топ өздерінің жыл бойына зерттеу үшін таңдап алған кәсіби даму мақсаттарының ұқсастықтары бойынша бірікті. Осылайша, мен жетекшілік еткен топқа «Әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың жазылым дағдысын дамыту» деген ортақ тақырып таңдап алып және осы тақырып төңірегінде жыл бойы атқарылатын жұмыстың жоспарын бірлесе отырып құрдық. Бағдарлама екі кезеңге бөлінді.

Біріншісі – әріптестермен бірлесе жоспарлау кезеңі. Жоспарлау – оқыту барысында туындаған мәселелерді анықтау және оның шешу жолдарын (әдіс-тәсілдер) ойластыру, сондай-ақ оларды талқылау әрекеттеріне енеді.

Екінші кезең – іс-әрекеттер кезеңі, яғни ойластырған әдіс-тәсілдердің туындаған мәселелерді шешудегі рөлін сабаққа қатысу арқылы бақылау және оның (әдіс-тәсілдердің) ұтымды және тиімсіз жақтарын талқылау.

Ең соңында шығармашылық топтың өнімі ретінде жазылым дағдыларын дамытуға арналған үздік әдіс-тәсілдер таңдалып алынады. Бұл екі кезеңнен тұратын цикльды әр жартыжылдықта екі рет, не жыл бойы бір рет жүргізуге болады.

Өзімнің жеке таңдап алған кәсіби даму тақырыбым: «Әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың жазылым дағдысын дамыту» деп аталады. Мұндай тақырыпты таңдауыма өткен 2020-2021 оқу жылындағы негізгі мектепті бітіруші 10-сынып оқушыларының сыртқы жиынтық бағалау (СЖБ) емтихан тапсырмасының екінші компонентінде берілген «сипаттап жазу», «әңгіме» жазу тапсырмаларын орындауда сөздік қорларының аздығы мен кейіпкерлерді, қоршаған ортаны, табиғат пен түрлі оқиғаларды сипаттауда бағалау критерийлеріне сәйкес көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, метафора, метонимия, эпитет, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтел, т.б.) қолдану деңгейінің төмендігі себеп болды. Оқушылар бойындағы осы олқылықты жою үшін ең алдымен таңдап алған әдіс-тәсілдерім туралы шығармашылық топ алдында таныстырып, кейін сабақтарымда қолданып, шығармашылық топтың көмегімен бақылау жүргізе бастадым. Таңдап алған тақырыптарымның бірі – «Метафора» тәсілі. Мысалы: 7-сыныптың «Отбасы және отбасы құндылықтары» бөлімінде отбасы мүшелеріне түрлі метафоралар ойластыра астадық.

Бұл тапсырмада оқушылар алдымен отбасы кейіпкерлерінің бірін таңдап сипаттап жазуды үйренсе, мысалы «аппақ қардай сақалы бар атам», «айдай сұлу қарындасым», «әжемнің мінезі бұлтсыз ашық аспандай» деген тәрізді сөйлемдерін көркемдеп жаза алуына презентациядағы суреттер мен троп түрлері жазылған «күн», «ай», «жұлдыз», «бұлт» пішіндерінің де септігі тиді. Ал екінші таныстырылымда берілген сөздерді басқаша атап «метафора» жасады. Мысалы: «отбасы – шағын мемлекет», «бала – бәйшешек», «ана – шырақ», «әке – асқар тау», «әже - жұмақ», «ата - қазына» (үздік жауаптар таңдап алынды, З.Х.) Аталмыш, тапсырманы барлық оқушылар бірден игеріп кету қиын болды. Осы тәсіл бойынша бірнеше лексикалық тақырыптарды өткеннен кейін, деңгейі төмен балаларда талпыныс пайда бола бастады. «Метафора» тәсілі оқушыларға кез келген құбылыс пен затқа басқаша жағынан қарауға, басқаша терең, сыни тұрғыдан түсінуге көп септігі тиеді деп толық сеніммен айта аламын. «Қайырымдылық. Әлеуметтік қорғау мәселелері» тарауын өткен кезде оқушылар «қайырымдылық» сөзіне «жүрек жылуы», «жүректен жүрекке», «аялы алақан», «мейірімділік тамшысы», «жылулық», т.б. метафоралар тізбегін жасап берді. Әрине, мұндай сөздер оқушылардың есіне бірден түспеуі бек мүмкін. Осы сабақ бойы оқыған мәтіндер ішінен, тыңдаған аудио-бейне жазбалардан іріктеп жинап отырып топтастыру «кластер» түрінде толықтырып алуға болады. «Метафора» тәсілін тұрақты жүргізіп тұру оқушылардың сөздік қорын барынша толықтыра түсетініне көзіміз жетті.

Келесі тәсіл – «Сюжетті суреттер» деп аталады. Оқушылар суреттердің ретіне қарай әңгіме құрастырып, олардың бет әлпетіндегі түрлі эмоциялар мен белгілерге қарап көркемдегіш құралдарды қолданып жазып үйренеді. Тапсырма шартын төмендегідей беруге болады.

Тапсырма: Тірек сөздерді қатыстырып ертегіні жалғастырып жаз.

Тірек сөздер: күш, турник, секіргіш, бокс қолғабы.

Ерте, ерте, ертеде Айран, Сүт, Ақ ірімшік үшеуі дос болыпты. Бірақ олар Фастфудтардан үнемі таяқ жеп жүреді екен...

Мұндай сюжетті суреттерді беру арқылы әңгіме құрастыра алмайтын оқушыларға көмек көрсетуге болады. Сондай-ақ суреттердегі айранның арықтығы, ірімшіктің көзінің көгеруі, сүттің бойының аласалығы мен фастфуд тағамдарының қатулы, қаhарлы түрі сияқты түрлі эмоцияларды білдіретін белгілер әңгіме кейіпкерлерін бейнелеуге мүмкіндік береді. Оқушылардың жұмыстарынан мысал келтірсем, «Ыстық майға қуырылған фастфудтар күннен күнге бойын тіктеп, мұрын жарар иісі мен кетчуп пен майонезге де арқа сүйеп әлемді жаулап барады». Мұндай сюжетті суретті қазіргі құдіретті деген ғаламтордан таба қоюың қиынның қиыны, сондықтан мұғалімнің бұл тапсырмаған шығармашылықпен келіп, өз ойынан дамытып, монтаж, фотоколлаж жасауы қажет. Онсыз оқушыларыңыздың ойын ұштап, қиялын дамытып, аузсына бейнелі сөз сала алмайтыныңыз ақиқат.

Жазба жұмыстарында оқушылар өздерінің түрлі көңіл-күйін, эмоциясын, көзқарасын білдіруде «таңдандым», «жылап жібердім», «қатты қуандым», «ашуландым» тәрізді қарапайым лексиканы қолданады. Сондықтан «Көңіл-күй» картасын ойластырдым. Оқушы аталмыш картаны қолына ала отырып тыңдаған не оқыған мәтіндеріндегі авторлар мен кейіпкерлердің сөздеріне қарап, не түрлі әрекеттеріне лайықты тұрақты сөз тіркестерін белгілеп отырады. Оқушы көрген не естігенін қандай эмоцияда қабылдағанын «көңіл-күй картасындағы» тұрақты тіркестер арқылы анықтап, ойына қосып жеткізіп айтып дағдыланады. Ол үшін оқушылар кестедегі тұрақты тіркестердің мәні мен мағынасын терең түсіне алуы керек. Егер мағынасын жете түсінбесе, орынсыз қолдану немесе шамадан тыс қолдану орын алатынын өз іс-тәжірибемде де байқадым.

Қорыта келгенде, ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шығары сөзсіз. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім болмақ». Қазіргі ұстаздардың тынбай еңбек етіп жатқаны, Ұлы педагогтың айтқан мүддесін көздеп жатқаны анық.











Пайдаланған әдебиеттер

1. Оразбаева Ф.Ш. Тіл әлемі. Мақалалар, зерттеулер. - Алматы: Ан-Арыс, 2009.-278б.

2.Педагогикалық тәжірибе, 6-шығарылым. 2. Аймауытов Жүсіпбек “Ана тілін қалай оқыту керек?” мақаласы https://kitap.kz/books/maqalalar_zh_a/

3. Методические рекомендации по формированию креативного мышления обучающихся, Самара 2016ж

4. Teaching Reading in a Second Language by Beatrice S.Mikulecky, Ed.D. Эллиот Л.Джудд, Либуа Тан, Херберт Д. Уолберг. Қосымша тілдерді оқыту.

5. Роуди М. Визуальные заметки: иллюстрированное руководство по скетчноутингу/ М. Роуди: перевод с англ.К. Наумова – Иванов и Фербер, 2014 ж

7. Сергеев П. Искусство каллиграммы //callig.ru





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!