10, 11 сыныптар арасында
өткізілетін зияткерлік ойын
«Мен бәрін
білемін»
Іс-шара
түрі: ойын сайыс, топтық
жарыс.
Іс-шара
мақсаты:
-
Математикадан білімдерін
толықтыру, математика пәніне деген қызығушылықтарын
ояту
-
Оқушылардың ой-өрісін
кеңейтіп, шығармашылық қбілетін, белсенділіктерін, сөздік қорын,
сөйлей білу, өз тұжырымын дәлелдей білу іскерлігін
дамыту
-
Оқушыларды алғырлыққа,
тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, жаупкешілікке
тәрбиелеу
І. Ұйымдастыру
сәті:
Оқушыларды
екі топқа бөлу, топ басшылары сайлау, топтарын атау. (топ 6
оқушыдан түрады.)
І тур . «Ертегілер
әлемінен алынған есептер».
.«Күлшеқызға
көмектес»Күлшеқыз (Золушка)
сағат 12-де үйіне қайтуға асықты. Сатымен төмен қарай түсіп келе
жатып, туфлиының бір сыңарын түсіріп алды.
Сұрақ: Сатының 21 баспалдағы
бар. Туфлиының бір сыңары жоғарыдан санағанда 10-шы баспалдақта
түсіп қалды. Бұл баспалдаққа Күлшеқыз төменнен санағанда қандай
нөмір береді? (12)
«Қаршақызға көмектес»
Өгей
шешемнен қорықпас үшін үйді шарбақпен қоршағым келеді. Тік
төртбұрыш формалы қоршаудың ұзындығы 6,8 метр, ал ені 5,2 метрге
тең. Шарбақтың ұзындығын анықтаңдар? (24м)
Энштейін айтқан
екен: «басқа ғылымдарға
қарағанда математика ғылымы өзінің нақтылығымен құрметке ие, ал
басқа ғылымдар түп негізінде өзгеріп кетуі
ықтимал.»
ІІ тур. «сандар
арқылы сөздерді құрастыру».
а
|
ә
|
б
|
ғ
|
д
|
е
|
ж
|
з
|
й
|
қ
|
л
|
м
|
н
|
о
|
ө
|
п
|
р
|
с
|
т
|
ұ
|
і
|
ы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
2 11 6 12, 15 12 21 17,
18 1 12 1 19, 14 19 1 13, 1 12 1 11, 1 3 22 8, 5 14 12 3 22 17
1,
3 1 19 22 17, 10 14 3
22 8, 18 20 11 19 1 13, 5 2 17 6 7 6, 18 22 13 22 16, 4 22 11 22
12,
20 18 19 1 8, 10 1 9 17
1 19, 3 21 11 21 12
Әлем,өмір, азамат,
отан, амал, абыз, домбыра, батыр, қобыз, сұлтан, дәреже, сынып,
ғылым, ұстаз, қайрат, білім. ІІІ тур.
«үшбұрыштар»
ІV тур. «мүсіндер
сөйлейді»
1 топ- координаталық
жазықтықтағы парабола графигі, 2 топ- арифметикалық квадрат
түбірі.
Жанкүйерлерге
тапсырма.еутеңд
, ісжетп, сықым, нусим
артық сөзді табу.
Санайық: бір жолы мен
автобуста келе жатып, жолаушыларды санамақшы болдым. Олар 5
еді,бірінші аялдамада тағы 3 –і кірді, келесі аялдамада 2-і шықты
да 3-і кірді, ал келесі аялдамада 4-і шықты,бірақ ешкім кірген жоқ,
сосын бір аялдамада бір азамат үлкен бір қораппен кірді. Неше
аялдама бар еді? (4)
V тур.
«Қас-қағым сәт»
кезеңі. Барлық командаларға
қойылатын физика, математика, информатика пәндері бойынша сұрақтар
қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 балл
қойылады
Физика
-
Уақыт өтуіне қарай басқа
денелерге қатысты кеңістіктегі орнының өзгеруі
(мех.қозғалыс)
-
Денені құрайтын бөлшектердің
қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы.
(кинетикалық, потенциялдық)
-
Жылу берілу кезінде дененің
алған немесе жоғалтқан энергиясы ( жылу
мөлшері)
-
Линзаның сындыру қасиетін
сипаттайтын физикалық шама (сыну
көрсеткіші)
-
Өз сұйығымен динамикалық тепе
– теңдікте болатын бу. (қаныққан
бу)
Математика
-
Екі қабырғасы тең болатын
үшбұрыш (тең бұйірлі)
-
Санның жүзден бір бөлігі
(пайыз)
-
Бір үлкен үйде 100 пәтер бар.
Есіктің бетінде 9 цифры неше рет жазылуы мүмкін
(20)
-
Жазғы каникулдың үшінші айы
(тамыз)
-
Сұйық килограмм не?
(литр)
Информатика
-
Ақпаратты бейне бетке шығаруға
арналған құрылғы – бұл … (монитор)
-
Бір
килобайт … тең (1 024 байтқа)
-
Жадыны үнемдеу және қысылған
мәліметтерді бір ғана мұрағаттық файлда орналастыру мақсатында бір
немесе бірнеше файлды нығыздау – бүл
(Мұрағаттау)
-
Word бағдарламасының
құжатына дайын суреттер қандай әмірлер көмегімен кірістіріледі?
(Кірістіру – Сурет – Файлдан – қажетті суретті екі рет
шерту)
-
E
xcel-де
формула қандай символдан
басталады? (
=)
VІ
тур.
Кілемдегі жеті гүлді үш
түзумен бөлу керек. Сонда әр клеткада бір гүл қалу
қажет.
VІІ
Тур. «Қызықты
жұмбақтар»
1. Жердің жүзін
шарлайсың,
Онсыз еш жерге
бармайсың.
Көлікпен де жаяу
да,
Саралайсың,
таңдайсың.
(Жол)
2. Жылдамдықты
өзгертеді,
Қоғалысты
тездетеді.
Қарсы шықса
қоғалысқа,
Тоқтарына көз
жетеді.
(Үдеу)
3 Көп болса
асықпайсың,
Мезетте
қашықтайсың.
Асықсаң аз
болады,
Табасың мұны
қайсың? (Уақыт)
4. Қозғалысқа
келтіріп,
Жылдамдығын
береді.
Өлшемдерін
қарасаң,
Ньютонға ол
келеді. (Күш)
1. Бір бетшені аштым
да,
Мәтін жаза
бастадым
Бірақ тілін шет
елдің
Аудара алмай
тастадым
Тілді қалай
өзгертем
Көмектесші,достарым! ( Shift + Alt
)
2. Ұзынтұра
Жалқаубек,
Тұрмай ылғы
жатады.
Қозғала қалса
артынан,
Ешбір белгі
қалмайды. (бос
орын)
3. Биологияда бұл
паразит,
Көзге зорға
көрінер.
Информатикада өлшем
бірлік,
Ақпараттарды
өлшер (бит)
4. Тетігін бассаң
алаңсыз,
Жазады қалам,
қағазсыз. (пернетақта)
7.
Қорытынды:
Көңіл бөліп бұл
кеште
Қатысушыларға көп
рахмет!
Алдыңызда жайнаған жүздер
әлі
Сендермен кездесеміз біздер
әлі, - дей келе біз танымдық ойынымызды
аяқтаймыз.
Ендігі кезекте әділ – қазылар
алқасын тыңдайық.
Марапаттау,
мадақтау