Материалдар / Іс шара. "Біз мектепке барамыз"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Іс шара. "Біз мектепке барамыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобына арналған іс-шара. Тақырыбы: "Біз мектепке барамыз". Балалардың даярлық тоьында үйренгендерін ата-аналарға көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Тамыз 2021
735
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Біз мектепке барамыз!»

Мақсаты: Оқушылардың ой –өрісін кеңейту, тілдерін дамыту ата-аналармен бірге мерекелік көңіл-күй арқылы оқуға,білімге деген қызығушылық арттыру өз өнерлерін ата-аналарға көрсету.Білімге құштар болуға , адамгершілікке ұйымшылдыққа ,жинақылыққа ертеңгілік барысында өздерін дұрыс ұстай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік:оқу білім жайлы ұлағатты сөздер. шарлар,гүлдер Тәрбиеші:Құрметті ата-аналар , оқушылар, әріптестер сіздерді бүгінгі салтанатты мерекеміз – «Біз мектепке барамыз»атты ертеңгілігін тамашалауға қош келдіңіздер!Бүлдіршіндеріміздің алғаш осы мектеп табалдырығын аттағалы сәлемдесуді ,партада отыруды ,қалам ұстап сурет салуды ән айтып , би билеуді әріп танып жазуды , оқуды үйренді. Ізеттілік ,тәртіптілік және біліміне бұл болашаққа бастайтын сара жол. Аттаған қадамдары құтты болсын, болашақта елін қорғайтын, Отанын сүйетін біз мақтанатындай ұл-қыз болсын –деп шашу шашып тойламақпыз.

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын көңілмен құрметімізді көрсетіп.

Бүлдіршіндерді шақырайық

.Олай болса «Біз мектепке барамыз!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймын.

Өсті міне ойларың

Өсті міне бойларың.

Қуанышқа ортақпын.

Құтты болсын тойларың

Айналайын балалар

Алда мектеп ана бар

Өздеріңнен өседі.

Өнерпаздар данала

ҚР Гимні айтылады

« Сәлем –сөздің анасы »деп кезекті ізеттілік әліппесіне берейік

Нұрәлі Көшелерден біз өткен

Ата көрсем жақын кеп

Сәлем берем ізетпен

Ассалаумағалейкум –деп

Ильназ Кім кездесседе көшеден

Таныс емес демеймін.

Аға ,тәте ,көкеге

Сәлеметсізбе –деймін

Хормен Ұлкенгеде сіз

Кішігеде сіз

Барша жанды құрметпен

Бас иеміз біз.

Аңсар Оқимыз білім аламыз.

Болашақ жолын табамыз.

Дайындықпен қоштасып.

Біз мектепке барамыз.

Сардар Үлкендердей тап-таза.

Жазамыз бормен тақтаға.

Үлгілі бала боламыз.

Жүретіндей мақтана.

Ислам деген баламын .

Таудай биік талабым

Жақсы оқып сабақты.

Білімді адам боламын

Айару Біздің келер шамамыз.

5-тен 3-ті аламыз

4-ті қосып 2-ге

Жауабын тез табамыз.

Бекнұр Менде кітап аламын.

Менде оқуға барамын.

Жаман бала дегізбей.

Жақсы оқитын болам

Нұрдана Ана тілін ардақтап .

Ата салтын біз көрдік.

Сурет салып ән жаттап.

Оқып жазып үйрендік.

Айша Сауат ашудан әріп танып .

Алғаш рет оқимыз.

Тәрбиеден тәлім алып

Санамызға тоқимыз

Ерсұлтан «5» болсын алар бағамыз.

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер білім көп тоқып.

Өсе берсін санамыз.

Айназ Қолыма алып кітапты.

Үңілдім тұңғыш әріпке.

Қоңырау үні сыңғырлап

Тұрғандай маған қол бұлғап.



Санжар До свидания, предшкола!

Были мы с тобой весь год

А теперь мы расстаемся в школу нам идти пора

Но тебя мы не забудем в жизненном пути

( Есік қағылып, «5»-тік баға кіреді )

-Сәлеметсіңдер ме, балалар ! Мені сендерге «Білім ханшайымы » балалардың мектепке барардағы білімдерін тексер –деп жіберді.Білім ханшайымының беріп жіберген бірнеше тапсырмалары бар.Мен сендердің берген жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремін.

I тапсырма Тіл дамыту сабағынан

- Біздің еліміз қалай аталады?

- Қазақстан республикасы

- Біз қандай мемлекетпіз? Тәуелсіз мемлекет

-Елбасымыз кім ? Қ. Ж. Тоқаев

-Елордамыз қай қала? Нұр-Сұлтан.

- Рәміздерімізді атаңдар ? Ту, Елтаңба, Әнұран

-Неше жыл мезгілі бар ?4

- 1 аптада неше күн бар?

Ж а р а й с ы ң д а р б а л а л а р!



II тапсырма Сауат ашу пәнінен

-Әріп дегеніміз не ?

- Дыбыс дегеніміз ?

- Дыбыс нешеге бөлінеді ?

- Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?

- Дауыссыз дыбыстар ше?

- Сөздерді оқимыз( ата,әже,әке,ана,аға,апа, )

- Сөздерді буынға бөлеміз (қа-лам, қа-рын-даш, дәп-тер,кі-тап )

-Әріптердің ішінен бір әріпті алып 5сөз айту



III тапсырма Математика пәнінен

1.1-ден 20-ға дейін тура және кері санау

2. Санамақ айтып беру

3. Қандай геометриялық пішіндерді білесің?

4. Сандардың көршісің табу.

5.Ойын сандарды ретімен орналастыр. 3 2 5 7 6 9 4 10 8 1

6. Өректің мәнін табу 2+2 5-2 . 6-6 7+2 9-4

Жұмбақты есеп

Төрт қаз ұшып барады,

Биіктен төмен қарады.

Аяқ нешеу , бас нешеу?

Жауабын кім табады?( басы 4, аяқ 8)

Балапанын көгалда

Санай алмай тауық жүр.

Жетеуі жүр жүгіріп

Үшеуі жем тауып жүр.

Қанша барлық балапан ,

Санап берші балақан. 10

V Өнерлерін тамашалаймын.

Хор : «Жас дәуірдің түлегіміз

Би : Вальс

Ән: «Анашым»

Сүйікті балғын бала шақ

Сендердікі болашақ.

Озат болып оқыңдар,

Ойға білім тоқыңдар.

Қорытынды:

-Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар ! Бала сіздердің болашақтарыңыз, еліміздің ертеңі. Ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп ,бойына ізгілік нұрын себу сіз мен біздің міндетіміз.Міне , бүгін бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап , шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып , ата-аналардан ақ бата сұраймыз.











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!