Жаңа сабақ
|
Исфижаб
ғұламалары: Қ.А.Иассауи, Мұхаммед ибн Ахмет Юсуф әл-Исфижаби,
Убайдуллаһ ибн Ибраһим ибн Ахмет әл-Махбуби
т.б.
Орта ғасыр аяғында,
Жібек жолының бойымен бейбіт керуен ағылып жатқан заманда, оның
байланысты кіндік тұсында орын тепкен Иасы (кейіннен
Түркістан), Исфижаб (кейіннен Сайрам) қалаларында
кітап ашып, жұлдыз саналған ғұламалар мен ақындар көптеп дүниеге
келді. Тарихшылардың айтуынша, берекелі, бірлікті елде сөзі уәлі,
айтқаны қате кетпейтін көсем кісілердің дүниеге көптеп келуі
Дәшті-қыпшақтың алтын ғасырын туғызған деседі. Осы ғұламалардың
өнері жағынан шоқтығы биік, бірегейі –
Қожа
Ахмет ақын. Ақынның «Иассауи» деген
анықтауыш есімі тұрған, ғұмыр кешкен тұрағына иасылық немесе сол
замандағы араб емлесімен жазылған Иассауи болып аталып кеткен
[
Ғұлама Қожа Ахмет
Иасауи шамамен 1093 жылы дүниеге келген, ал әкесі Исфиджабта даңққа
бөленген әулие болған. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш
ана). Кейбір деректерде Қожа Ахмет Иасауидің Ибраһим атты ұлы мен
Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы жайында
деректер айтылады. Ол – ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық
нұрын шашқан діни ағартушы, сопылардың пірі. 5 жасында дін жолына
түскен, 7 жасында Арыстанбабқа барып, оның шәкірті болған. 27
жасында Бұқараға барып, Юсуф Хамаданидан діни білім
алған.
1119-1120 жылдары
Түркістанға қайта оралады. 63 жасында Мұхаммед
Пайғамбардың жасынан артық сүруді жөн
көрмей, соңғы өмірін жер астында – қылуетте өткізеді. Қожа Ахмет Иасауидің
қанша жыл жасап, ғұмыр кешкені әлі де болса нақтылы емес. Бір
деректе 73 жас, бірде 85 жасты айтады. Халық аңыздарын негізге ала
отырып, Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Иасауиді 125 жыл өмір сүрді
дейді. Оны растайтын "Хикметте" мынандай өлең жолдары
бар:
Қожа Ахмет Иасауи
63-73 жас аралығында жазған шығармасы
«Даналық
хикмет» (Даналық кітабы) 109
хикметтен тұрады. Бұл құнды шығарма түрік тілінде араб әліпбиімен
жазылып, еңбек даналыққа, адалдыққа, кішіпейілдікке, имандылыққа
шақырады.
Осы тұста ислам ілімдерінің орталығына айналып, түрлі
салада көптеген ғалымдар танылған шаһардың бірі Исфиджаб мекенін
баса айту керек. Күні бүгінге дейін ханафи мәзһабының құқықтық
бағытының қазақ жерінде таралуына септігін тигізіп, бірнеше
еңбектер қалдырған ғалым ретінде Исфижаб өңірінің тумасы Мұхаммед
ибн Ахмет Юсуф әл-Исфижаби (-591 һ.ж.) саналады. Ол ерте жасынан-ақ
білімге ынтызар болып, шәкірттердің арасында белсенділік танытқан.
Өсе келе ханафи мәзһабын дәріптеген Исфижабтың көрнекті ғалымына
айналған. Ғалымның соңында Убайдуллаһ ибн Ибраһим ибн Ахмет
әл-Махбуби ( – 630 һ.ж.) деген шәкірт қалған. «Әл-уафи бил уафият»
кітабында әл-Махбуби Мәуереннаһр жерінде ханафи мәзһабын таратқан
соңғы ғалым деп
танылған.
әл-Исфижабидің қалдырған
еңбектері бүгінге дейін Түркия, Сауд Арабиясы секілді елдердің
кітапханаларында сақталған. Айталық, «әл-Хауи фи мұхтасар
ат-Тахауи» атты қолжазбаның мазмұнында Имам ат-Тахауи ақидасындағы
көптеген мәселелерді талқылаған. «Зәд әл-фуқаһа» еңбегінде автор
Ислам дініндегі құқықтық мәселелерді, атап айтқанда, талақ, неке,
сауда-саттық, аңшылық, мирасқорлық және т.б. тақырыптарды жан-жақты
баяндаған. Тек «Нисаб әл-фуқаһа» атты еңбегі туралы дерек
жоқ.
Сонымен қатар бүгінде
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы халқымызға рухани жол
көрсететін нақты қадам ретінде қарастыратын болсақ, онда аталмыш
ғалымдардың қалдырған еңбектерін жинап, оларға талдау жасау өте
маңызды. Себебі бұл бағдарлама аясында еліміздің дінтанушы
ғалымдары Қазақстан мұсылмандар діни басқармасымен бірігіп қазақ
ұлтына тән болған төл діни мектепті қалыптастыруды қолға алып отыр.
Мұндай мектеп өз кезегінде қазақ даласына нығайып орныққан исламның
ертедегі ұстанымын жаңғыртып, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды
саралап, қазақтың бойындағы құндылығы мен діни болмысын өскелең
ұрпаққа жеткізуде көпір болу арқылы қазіргі заманмен ұштастырып,
түрлі діни ағымдарға тойтарыс береді деп
білеміз.
Осындай рухани жаңғыру
тұрғысында бұрын соңды қолды болмаған Мұхаммед ибн Ахмет Юсуф
әл-Исфижаби және оның тың еңбектерін ортаға салып, талқылап, жаңа
діни идеяларды жарыққа шығару – кезек күттірмейтін мәселе. Бұл
елімізде төл діни мектепті қалыптастыру үшін де маңызды фактордың
бірі болары сөзсіз. Сондықтан аталмыш ғалымның қалдырған
туындыларына жіті көңіл бөліп, қоғамға қажетті тұстарын ерекшелеп,
жаңа бір әл-Исфижабидің дүниеге келуіне ықпал етуіміз
керек.
|
Презентация № 2-3 беттер
«Сайрамда бар сансыз баб, Отырарда отыз
баб,
Түркістанда түмен баб, баптардың бабы Арыстан
баб, ең үлкені Хален
баб»
|