Материалдар / Іскерлік қарым қатынас этикасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Іскерлік қарым қатынас этикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал басқару психологиясы бойынша мақала үлгісінде жазылған.
Авторы:
19 Қараша 2023
293
36 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Іскерлік қарым қатынас этикасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - 89 жылдық тарихы бар Қазақстанның бетке ұстар жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Негізі қаланғаннан бері әртүрлі жоғары белестерді бағындырып, қазіргі таңда әлемдік оқу орындарының арасында өз дәрежесін нық орнықтырған білім және ғылым ордаларының алпауыты болып саналады.

Осындай алдыңғы қатарлы білім ордасында болашақ мамандардың тұтас педагогикалық үдерісті және басқару ісі бойынша кәсіптік-психологиялық құзіреттілігін қалыптастыру мен дамыту мақсатында "Басқару психологиясы" пәні оқытылады.

Басқару психологиясы іс-әрекетті арнайы басқарудың және психологиялық жағдайдың талдамалы модельдерін және еңбектің сапасын көтеруге бағытталған пәнаралық ғылым. Ұжым мен компанияны, мекеме мен қоғам мүшелерін тиімді басқару, ұжымда дұрыс қарым-қатынас құру көздерін қарастырады.

Аталған пәннен психология ғылымдарының кандидаты, профессор Жұбаназарова Назираш Сулейменовна 1 курс магистранттарына “Іскерлік қатынас және кәсіби қарым-қатынас психологиясы” тақырыбында дәріс оқыды. Семинар сабақтарында іскер адам психологиясы, кәсіби қарым-қатынас түрлері, іскерлік этикасы тақырыптарын талдап, пікір алмастық. Сабақ соңында дәріс пен семинарда айтылған ақпараттарды қорытып “Іскер адамның психологиясы және іскерлік этикасы” туралы психологиялық жоба құрастырдық.

Кең мағынада этика жалпыға ортақ және нақты моральдық талаптар мен қоғамдық өмір процесінде жүзеге асырылатын мінез-құлық нормаларының жүйесі. Тиісінше, іскерлік қатынастар этикасы қоғамдық өмірдің бір бағытын ерекшелейді.

Іскерлік қарым-қатынас (байланыс, коммуникация) дегеніміз қызмет саласында адамдар арасында байланысты дамытудың күрделі, көпжоспарлы үрдісі, яғни, бірлескен істе нақты нəтиже мен нақты мəселелерді шешетін іскерлік ақпарат пен тəжірибе алмасу үрдісі. Жалпыға бірдей адами нормалар мен мінез-құлық ережелеріне сүйене отырып, қызметтік қатынастардың этикалық стандарттарының өзіндік ерекшеліктері бар.

Іскерлік этика дегеніміз қоғамның лауазымды тұлғалары, қызметкерлері өз қызметінде басшылыққа алатын қызметтік мінез-құлық ережелері мен нормалар жиынтығы.  Іскерлік қарым-қатынастың моральдық және этикалық принциптері мен нормалары да іскерлік этикада қарастырылады.

Іскерлік этикасы жауапкершілік, өзгенің уақытын сыйлау, уақытты дұрыс басқару (тайм менеджмент), киіну мәдениеті, сыйластық, сөйлеу әдебі сияқты қарапайым дүниелерден бастау алады. Этикет одан әрі іскерлік қарым-қатынасқа ұласады. Оған әріптестерге сіз деп сөйлеу, “мырза”, “ханым” атауларын қолдану, сыпайы сөйлесу т.б. ережелер жатады. Сонымен, іскерлік этика мен іскерлік қарым-қатынас бір-бірімен тікелей байланысты ұғымдар. Кез келген ұжымда қызмет атқаратын адам іскерлік қарым-қатынас пен кәсіби этиканы білуі шарт.

Қорыта айтқанда, басқару психологиясы пәнін оқу арқылы білім ордасынан диплом алып шыққан мамандар қоғамда және кәсіби ортада коммуникативтік дағдыларды көрсетіп, топта ұжыммен еркін жұмыс істей алады, даулы жағдайларды оңай шешеді, өз пікірін ұжымның пікірімен салыстыруға қабілетті болады.

Жұбаназарова Н.С.

психология ғылымдарының кандидаты, профессор

Аман М.Ө

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!