Мақсаты: Оқушыларға адамның
адамгершілік қасиеттері туралы айта отырып, ішкі тыныштық
құндылығың мәнін ашу.
Міндеттері:
-
Білімділік: Оқушыларға өнерлі
адамдардың өміріндегі, істеріндегі шыдамдылық, табандылық
қасиеттері туралы түсінік беру.
-
Дамытушылық: Оқушыларға ұлы
адамдардың жақсы істерін үлгі ете отырып, олардың жағымды ойлау
қасиеттерін дамыту.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды ой
тыныштығында отырып үйренуге, жалқаулықты қадағалай білуге,
өзін-өзі алдамауға, өзіне-өзі сенімділікпен қарауға
тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
(материалдар,
дереккөздер)
-
u-s.kz
-
https://infourok.ru
|
Сабақтың
барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды
көңіл күй.
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық
сәтi. «Нұрға бөлену»
Сұрақ:
1. Жағымды көңіл күйге келе
алдыңыздар ма?
2. Кім өз ойымен бөліскісі
келеді?
|
|
3. Сабақтың
дәйексөзі.
(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге
жаздырту)
Егер тыныштықты өзіңнің
ішкі жан дүниеңнен таба алмасаң,
оны басқа жерден іздеу еш нәтиже
бермейді.
Франсуа де
Ларошфуко
|
|
-
Жаңа
ақпарат.
Жан тыныштығы – жақсы өмір сүрудің жаршысы.
Өйткені алаңсыз, уайымсыз өмір сүру – бұл сіздің жетістігіңіз. Ал
шынымен де жетістікке жетіп, бақытты өмір сүру формуласын
қалыптастырған болсаңыз сіз аталған жеті заңдылықты білуіңіз
керек.
Не ойласаң
соның іске айналуы – заңдылық.
Бұл бірініші заң. Сіз жаман ойдан арылмасаңыз
алдыңыздан келеңсіздіктер шыға береді. Сеніңіз. Бұл
ақиқат.
«Құмырадағы толып тұрған су,
тамшылардың жиынтығынан келген».
Бұл бір тәмсіл ғана болуымүмкін.
Бірақ берер мағынасы көп. Қазақ «жылқы құлыннан,
теңге тиыннан» деп бекер айтпайды. Әр нәрсеге
аз болса да қанағат танытып, сабырлы болу
сіздің алдағы уақыттағы ұлы
жеңісіңіздіңайнасы.
Кешірім – іште жатқан үлкен
ұлылық. Бірақ осынау ұлылықты сыртқа шығару үшін
тәкәппарлықтыңалдынан өту керек.
Нәпсіңізді тежей алсаңыз сіз бәрін
жеңесіз. Кешіре білу де
өнер.
«Айтылған сөз атылған оқпен
тең» деген бар. Ендеше сіздің әрбір
сөзіңіздің іске айналар кезі бар және оның
өзіне тән мәні мен мағынасы да жоқ емес. Сондықтан не
істесеңіз де ойланып барыпістеуге тырысыңыз.
«Жеті рет өлшеп бір рет кесіңіз»
Стефан Кови: «бірінші түсініп
көріңіз, содан кейін барып өзіңізді түсінгенін
қалаңыз». Бұл айтыласалған
тәмсіл емес, пайдасы бар дүние. Өйткені өзгелерді
түсіну арқылы сіз өзіңізді
де тани аласыз.
Дәл қазір сіз қандай
ой ойлап отырсаңыз сол ойдың жетегінде кетесіз.
Ал ойлаған ойға күш түсіріп, оны бақылай білсеңіз сіз әр
ісіңізге жауап бере аласыз.
Жан дүниенің
үйлесімділігін іштен іздеңіз. Ол сізге сырттан келмейді. Сырт
көздің не сырттың әңгімесі сіздің тыныштығыңызды қалыптастырмайды.
Өйткені олардың айтуымен сіздің жүрегіңіздің қалауы екі түрлі.
Сондықтан айтқанға еріп емес, қалаумен қалап күн кешіңіз. Ал
жан дүниенің үйлесімділігі дегеніміз – сіздің тыныштығыңыздың
кепілі.
|
|
5. Оқиға айту (Мұғалім
сыйы)
«Кішкентай
кісілер» («Ағайынды Гримм»
ертегісінен алынған).
Ертеде жандүниесі таза
бір етікшінің жұмысы жүрмей, аяқ киім тігуге былғарысы да қалмапты.
Ол ашуланбастан қалдық былғарыларды құрап кебіс тікпекші болады.
Кеш батқанда «қалғанын ертең тігермін» деп шеберханасын жауып кетіп
қалады. Келесі күні шеберханаға келсе, аяқталмаған кебіс тігіліп
дайын тұр екен. Ол әбден таңданады. Көшеде өтіп бара жатқан бір
кісі кебіске қызығып, ақшасын артығымен төлеп кебісті сатып алады.
Етікші ақшаға былғары сатып әкеліп, ертеңгі тігетін кебісті
пішіп, дем алуға кетеді. «Міне, ғажап!» Ол ерте тұрып келсе сондай
әдемі екі кебіс дайын тұр екен. - Мына кебістер сатыла ма? – деген
сұрақтан есін жиған етікші ойланбастан сатып алушы берген ақшаға
көбірек етіп былғары сатып алады. Осылайша қайталана береді.
Ол бірде әйелі екеуі көмек беріп жүргеннің кім екенін көруді
шешеді. Олар ұйықтамай перденің артында тығылып отырады. Түннің бір
уағында екі кішкентай адам пайда болды. Бұлар эльфтер еді. Олар
пішулі тұрған былғарыны әп-сәтте-ақ екеулеп тігіп болып, көзден
ғайып болды. Екеуі эльфтер тіккен аяқ киімдерге қарап бірде бір мін
таба алмады. Сонда әйелі – жақсылықты жақсылықпен қайтару керек.
Біз оларға киім тігіп берейік- деп, оларға арнап киім, кебіс
тігеді. Дайын болған киімдер мен аяқ киімдерді шеберханаға қойып,
былғарыларды тығып қояды. Әдет бойынша, түннің бір уағында екі эльф
келді. Былғары таппаған олар әдемі киімдерді киіп көре бастайды. Би
билеп, ән айтады: «Сұрасаңыз эльфтерміз, эльфтерміз әдемі, Енді
бізге керек емес былғарының әлегі». Эльфтер қайтып оралмады. Ал
етікшінің еңбегі жанып, адал еңбегінің арқасында мақсат-мұратына
жеткен екен.
Сұрақтар:
1. Етікші әйеліне қандай
ұсыныс айтты?
2. Етікшіге кішкентай
эльфтердің көмектесуіне не себеп болды?
3. Кішкентай эльфтер тігулі
тұрған киімдерді көргенде не істеді?
4. Егер сен етікші орнында
болсаң, саған кім көмектесіп жүргенін қалай білер
едің?
Түйін:Міне, балалар бұрынғы
кезде етікті осылай шыдамдылықпен қолмен тіккен. Ой тыныштығында
отырып, іске берілу арқылы күнделікті табысын тауып, қарапайым өмір
сүрген. Ал етікшіге көмек берген эльфтер сиқыршы әрі қайырымды
адамдар екен. Оларда ешқандай үлкен машина станоктары болмады. Олар
кішкене қалыпқа өлшеп тартып тіккен. Бірақ етікші өзін-өзі алдамай,
әйелінің асқақ ойына көңіл бөліп, кім көмектесіп жүргенін білді.
Өзінің маңдай терімен еңбектеніп, етіктерді тігуді жалғастырды. Бұл
ақиқат пен дұрыс әрекеттің сәулесі. Ақиқат пен дұрыс әрекет
жолындағы адам ішкі тыныштықта болады. Ойында тыныштық жоқ адам
үнемі қиындыққа тап болады. Тыныштықта адам бақытты, оның өмірінде
ешқандай қиындық болмайды. Ендеше әрдайым біз де өзіміздің
қиындыққа ұшырамауымызға жол бермеуіміз
керек.
|
|
-
Шығармашылық жұмыс, топпен
жұмыс.
Оқушылар адам боындағы жағымды
қасиеттер арқылы 4 топқа бөлінеді. (батыр тобы, ержүрек тобы,
тапқыр тобы, алғыр тобы)
1-топ.
Ішкі тыныштық ережелерін
жазу.
2-топ.
Ішкі тыныштықты жоғалту дегенді қалай
түсінесіңдер?
3-топ.
Ішкі тыныштыққа қол жеткізу
үшін не істеу керек? (кластер құрастыру)
4-топ.
ҚАДАҒАЛАҢЫЗ:
-
Сөзіңізді (шын сөйлеңіз,
көп сөйлемеңіз, өзгелерді жазғырып, сынап-мінемеңіз,
сүйспеншілікпен, ілтипатпен сөйлеңіз)
-
Іс-әрекетіңізді (ар-намысқа
сәйкес, ұят болмайтындай әрекет етіңіз, көмектесіңіз, зиян
келтірмеңіз, мемлекеттің заңына сәйкес әрекет
етіңіз)
-
Ой-ниетіңізді (тек жақсылық
ойлаңыз, өкпе-реніш, қызғаныштан аулақ
болыңыз)
-
Мінез-құлқыңызды (өзіңіздің
шынайы табиғатыңыз болып табылатын мейрімділік пен бақытты
көрсетіңіз)
- Жүрегіңізді (өзіңіздің шынайы рухани табиғатыңызды ұмытпаңыз)
ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ
|
|
7. Топпен ән
айту.
Құштармын
Сөзін жазған: Айсәуле
Бейсенхан
Әнін жазған: Данияр
Сағынтаев
Күлімдесе көкжиектен шыққан
күн
Қабағымды жадыратар қысқа
мұң.
Піспегіне қарай бергім
келеді,
Жылы жақтан келе жатқан
құстардың.
Шағаладай шаттық жырын
сыйлаған,
Бірін-бірі мұңайтуға
қимаған
Достарымды аялағым
келеді,
Жарық күннен тек жақсылық
жинаған.
Қайырмасы:
Әуеніне әуен қосып
құстардың,
Қанат байлап мен де биік
ұшқанмын.
Жанарынан жан сәулесі
төгілген,
Жүзі нұрлы адамдарға
құштармын,
Жүзі нұрлы адамдарға
құштармын.
Талаптанып үміттеніп бақ
қудым,
Қайырмасын айта берем
гәккудің.
Жер бетіне махаббатын
тілеймін,
Адалдықтан айнымайтын
аққудың.
Қайырмасы.
|
|
-
Ішкі тыныштық туралы
мақал-мәтел жазып келу
-
Мен ішкі тыныштыққа қол
жеткіземін тақырыбында эссе жазу
|
|
Оқушылар сабақ ұнағанын,
сабақтан алған әсері туралы бағдаршам түстері арқылы өз ойларын
айтады.
Егер сабақ ұнаса, сабақты
орындау барысында қиындықтар болмаса жасылды
белгіледі.
Егер сабақта тапсырмаларды
орындау барысында аздап қиындықтар болатын болса сарыны
белгіледі.
Егер сабақ қызықсыз,
тапсырмаларды орындау қиын болған болса қызылды
белгілейді.
|
|
Тыныс алуға зейін
қою.
Баяу музыка
қойылады.
Мұғалім: Сіздерден
аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір
тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде,
біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен
қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі
мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар.
Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге
қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р...
(жаймен 9-10 рет) немесе
1..................2 [3].
Рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы
қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге
сақтайық.
|
|