Материалдар / Ислам дінінің пайда болуы және оның әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ислам дінінің пайда болуы және оның әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ислам діні пайда болуы, және оның әдет-ғұрыптары мен дәстүрі. Ислам дініндегі сенім негіздері, бес парыздың міндеттелуі мен жалпы ерекшеліктері және бүгінгі күнгі таралу деңгейі туралы түсінік беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
856
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Новенький ауылы.

Новенький ОЖББ мектебінің тарих пәні мұғалімі Утарова Ажаргүл Керейқызы


Сабақтың тақырыбы: Ислам дінінің пайда болуы және оның әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері
Сабақтың мақсаты: Ислам діні пайда болуы, және оның әдет-ғұрыптары мен дәстүрі. Ислам дініндегі сенім негіздері, бес парыздың міндеттелуі мен жалпы ерекшеліктері және бүгінгі күнгі таралу деңгейі туралы түсінік беру.
Күтілетін нәтиже:
- Тақырыптың маңыздылығын түсіну;
- Кітаппен жұмыс жасай отырып, өз пікірлерін білдіреді;
- Оқу материалын меңгеруде өмірмен байланыстырып, өз ойларымен тұжырым жасайды.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын тексеру
І.Қызығушылығын ояту

1.Қораптағы сұрақ

2.Категориялы топтастыру

ІІ.Мағынаны тану

1. Ислам дінінің пайда болуы.
2. Ислам ұғымы.
3. Ислам дінінің бес парызы.
4. Иман шарттары.
5.Ислам дінінің таралу аймағы.

ІІІ.Толғаныс

1.Алты қалпақ

2. Кері байланыс 2 жұлдыз, 1ұсыныс
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: қораптағы сұрақтар, топтастыру, «екі жұлдыз,бір ұсыныс», «алты қалпақ»
Көрнекілігі: суреттер, сызба, постер
Пән аралық байланыс: тарих, география
І «Қызығушылығын ояту».

1. қораптағы сұрақтар

1.Христиан діні қай ғасырда пайда болды? (1ғ).
2. Христиандық діни түсінікте Иисус кім?(хритиандықтың негізін салушы).
3. «Христос»сөзі мағынасы қандай?
( көне грек тілінен аударғанда «құтқарушы» деген мағынадан шығады).
4. Рим императоры Теодосиус қай жылы хритиан дінін Рим империясының ресми діні деп жариялады?( 380ж).
5. Христиандардың басты кітабы Інжіл кітабы неше бөлімнен тұрады?
( Екі бөлімнен: «Көне Өсиет» және «Жаңа Өсиет»).
6. Секулиризация дегенне?
(қоғамның әртүрлі салалары мен топтары, жеке адамдарының дін ықпалынан арылуы).
7.Католиктердің шіркеу мен мемлекетке қатысты позициясы қандай?
(олар шіркеу мен мемлекеттің қатынасын мақсат бірлігіне негізделген ымыраластықты құрады).
8. Қай елде христиандық мемлекеттік дін болып есептеледі?(мысалы, Англия).
9. Шіркеу дегеніміз не?(қоғамдық –организм).
10. Діннің қоғамдағы мәртебесі қандай?
(әлемде тепе-теңдікті сақтауда, бейбітшілік жолындағы күресте үлкен роль атқарады).

Өзектілік кезеңі.
Сонымен, оқушылар, біз әлемдік кең таралған діндердің бірі христиан діні туралы жалпы түсінікті қарастырдық.

2. категориялы топтастыру

Shape2 Shape1

Shape3

хShape6 Shape5 Shape4 ристиан


Shape8 Shape9 Shape7 Будда әлемдік діндер ислам

Мұғалім сөзі:

Олай болса біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Ислам.»
ІІ. «Мағынаны тану ». (Оқушылар оқулықтан 129 бетті ашып, мәтінмен танысып, тақырып түсіндіріледі. Жұптық әңгіме құрайды мысалы, А тыңдайды, ал Б сөйлейді, кейін керісінше). Екі жақты күнделікті жасаймыз, өзіңе керегін қалай қабылдайсың, керексіздігін қалай қабылдадың.

1. Исламға дейінгі Арабстандағы жағдай

Ислам діні келгенге дейінгі кезең Ислам шариғатында «Надандық дәуірі»:

- адамзаттың рухани азғындыққа ұшырауы;

- имансыздықтан тұншығуы;

Ислам тарихын зерттеушілер Ислам діні келмей тұрып, адамзаттың рухани азғындыққа ұшырағанын жазады. Әлсізді қанау, жарлы - жақыбайды қорлықта ұстау секілді

- Пұтқа табынушылықтың зорақысының жасалуы

   Алайда, Алладан аяттар («уақи») түсе бастағанда көпшілік Құранның жоғары екендігін мойындағаны шындық. 

2. Ислам дінінің пайда болуы

   Ислам дінінің де, басқа дүниежүзілік діндер сияқты өзінің ұзақ тарихы бар.

   Ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың әдет-ғұрпына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты, көңіл-күйіне, психологиясына қарай  өзіндік ерекшеліктері де бар. 

   Әлемдік діндердің ең жасы - Ислам діні біздің заманымыздың 609-632жж. аралығында (VII ғасыр) шығыс пен батыс өркениетінің тоғысып жатқан Араб түбегінде пайда болды. 

   Ислам діні ортағасырлық Араб халқын ұйыстыруға, жаңа саяси құрылым «халифаттың» орнығуына, біртұтас ел қалыптастыруға, әлемде «мұсылман үмбеті» деп аталатын жаңа қауымның түзілуінде маңызды факторға айналды. 

   Ислам дінінің негізгі ұстанымдары: Құран кітап пен Мұхаммед пайғамбардың өнеге етіп қалдырған іс-амалдары (суннеті). 

   Мәліметтер бойынша, Хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) пайғамбарлық  ақыл-ойы кемелденген 40 жасында қонған екен. Осы елшілік міндетті 610 жылы Рамазан айында Хира тауының басында Жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші Жәбрейіл періште жеткізген делінеді (алғашқы аяттардың түсірілгені туралы аңызбен толықтыру).   Ислам дінінің 622 жылы мұсылмандар Меккеден Мединаға көшіп келегеннен  кейін таралуы қарқынды күш алды. Медина қаласы Ислам дінінің бүкіл мұсылман әлемінің қасиетті мекеніне айналды. 

«Ислам» сөзі мағынасы?
Арабшада «бейбітшілік», «бағыну», «мойынсұну» деген мағыналарды білдіреді.
Ислам діні ортағасырлық араб халқын не алып келді?
- ортақ идеяға ұйымдастырды
- біртұтас ел қалыптастырды
- жаңа саяси құрылым «халифаттар» орнықты
- әлемде «мұсылман үмбеті» деп аталатын жаңа қауым түзілді.

І топ Ислам парыздары

ІІ топ Ислам шарттары (постер қорғайды)
1. Ислам дінінің бес парызы.
1.«Куәлік сөзін айту»
«Лә иләһа иллаллаһ Мұхаммад Расулуллаһ» деген сөз. Мағынасы: «Алладан
басқа жоқ тәңір, Мұхаммед оның елшісі».Бұл сөзді айту Исламды қабылдаған
әр адамға міндеттеледі.
2.«Намаз оқу»
Намаз-мұсылманның өмірінде күнделікті атқарылатын құлшылық түріне
жатады. Ол күн сайын бес мезгіл оқылады. Намаз «Енді намаздың аты-
салауат» -деген Абай Құнанбаев. Исламның екінші шарты-намаз оқу. Алла-
тағалаға шексіз сену-ең биік парыз.
3.«Ораза ұстау»
Мұсылманның бес парызының бірі. Ораза ұстауды 624 жылы Мұхаммед
белгілеген. Ораза шарты бойынша жасы 9-ға толған қыз, 12-ге толған ұлдан
бастап ауыз бекіткен адам отыз күн күндіз тамақ ішпейді, әдепсіз сөйлемейді,
қиянат етпейді. Таңертең күн шықпастан бұрын сәресі, күн батқан соң ауыз
ашады.
4.«Зекет беру»
Зекет сөзі-араб тілінде көбею, өсу, тазалық деген мағыналарды білдіреді.
Ислам дінінде зекет төлейтіндерге мынадай шарттар қойылады: балиғатқа
толуы, ақыл есте кемістік болмау, қарызы болмауы, белгілі бір байлығы
болуы. Зекет жылына бір рет беріледі. Зекетті мұсылмандар әлеуметтік
көмек, байлардың кедейлерге қарасуы, арадағы таптық алауыздықты
болдырмайды, қоғамдағы татулықтың, бауырластықтың ұйытқысы деп
түсіндіріледі.
5.«Қажыға бару».
Қасиетті жерге зиярат ету дегенді білдіреді. Мұсылмандар қажылық айлары
деп аталатын арнайы уақытта Мекке қаласына сапар шегеді. Қажылық
құлшылығын орындау барысында Арафат тауына шығу, Қағбаға тауап ету
секілді бірқатар діни амалдар атқарылады. Қажылыққа бару-қаражаты
көтеретін адамдарға міндеттеледі.
2. Иман шарттары.
1.«Алла тағалаға сену»
Ислам діні бойынша Жаратушы жалғыз болып табылады. Осы тұрғыда ол
монотеистік діндер қатарына жатады. Мұсылмандар өздігінен ешқандай
нәрсенің болмайтындығына, сондықтан қоршаған ортаның барлығын өте
құдыретті Жаратушы жаратқанына сенеді.
2.«Періштелерге сену»
Ислам сенімі бойынша, періштелердің нақты саны беймәлім. Алайда, төрт
үлкен періштенің бар екендігі айтылады
3.«Кітаптарға сену»
Тура жолды үйрету үшін пайғамбарлардың әрбіріне қасиетті парақтар мен
кітаптар түсіп отырған. Әлемдік діндердің қасиетті кітаптарына Зәбур,
Тәурат, Інжіл және Құран жатады.
4.«Пайғамбарларға сену»
Алла жіберген пайғамбарлардың баршасына сену керектігі жатады.
«Пайғамбар» сөзі парсы тілінде «хабаршы» деген ұғымды білдіреді.
5.«Ақырет күніне сенім»
Өлгеннен кейін қайта тірілу, мәңгілік өмірдің барлығы-барлық діндердегі
секілді Исламда да негізгі сенімдердің бірі. Құран кәрімнің шамамен үштен
бір бөлігінде осы сенім қуатталған.
6.«Тағдырға сену»
Иман шарттарының
алтыншысы –тағдырға иман. Тағдыр араб тіліндегі
«қадыр» деген сөзден шыққан. Тағдыр-осы әлемді және оның ішіндегі сан-
алуан түрлі жаратылыс иелерін белгілі бір жүйе мен тәртіп бойынша
басқаратын иләһи заңдылық.
3. Ислам дінінің таралу аймағы (мұғалім картадан көрсетіп, түсіндіреді).
Дүние жүзінде Ислам дінін ұстанушылардың саны шамамен 2 млрд-қа жуық. Олардың 90 пайызы сунниттер. Шиттер Иран мен Ирак аймағында кездеседі. Ислам діні әлемнің 120-дан астам елінде тараған. Әлемнің 28 елінде, атап айтсақ Сауд Арабиясы, Мысыр, Иран, және тағы басқа елдердің ресми діні болып жарияланған.

ІShape10

Ақ қалпақ Дүниежүзіндегі дәстүрлі діндердің ішіндегі ең жас дін. Негізін қалаушы Мұхаммед с.а.ғ. 609-632 ж аралығында Араб түбегңнде пайда болған.



ІІ. «Толғаныс» Алты қалпақ






Shape11

Қызыл қалпақ – Ислам ең таза дін. Адамды рухани азықтандырады. Адамгершілікке тәрбиелейді








Shape12

Сары қалпақ Тең құқылы дін, өзін –өзі танып рухани жетілуіне септігін тигізеді.

.

.







Shape13

Қара қалпақ – Ислам дінін жамылып, өз арам пиғылын жүзеге асырушы экстремистік сипаттағы топтар көп. Өз дінін өгей санап, өзге діни ағымдарға өтіп кетуі








Shape14

Жасыл қалпақ ислам діні туралы әрі де көп мағұламаттарды жинап оқыр едем









Shape15

Көк қалпақ – Ислам басқада дәстүрлі діндер сияқты адамгершілікке тәрбиелейтін дін. Оның бес парыз, алты амалы мен таныстым







Кері байланыс 2 жұлдыз, 1 ұсыныс.

Екі топ сабақ барысында орындаған постерлері бойынша өз ойларын білдіреді. Әр топ келесі топтың постерінің жақсы жағын айтып жетіспеген жерін ұсыныс арқылы пікірін айтады.(стикерлер жапсырады )

Мұғалім сөзі: Осымен бүгінгі ашық сабағымыз аяқталды, қатысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!


Үйге тапсырма: §11 оқу





























Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Новенький ауылы.

Новенький ОЖББ мектебі












Shape16











(панорамалық сабақ)





тарих пәні мұғалімі

Утарова Ажаргүл Керейқызы














2014-2015

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!