Материалдар / Ислам Ғибадаты (ФИКҺ)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ислам Ғибадаты (ФИКҺ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр бір мұсылманға қажетті білім
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2020
482
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дәріс жоспары №1


Топ

23-9-91

23-9-92

23-9-93

23-9-94

Дәрістің өткізілетін күні






Пән аты: Фиқһ

Оқытушы: Сманова Хабиба

Дәріс хана: №_______________

Дәрістің түрі: Теориялық сабақ (Аралас сабақ)

Оқыту әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұхбаттасу, көрнекілік, сөздік

Дәрістің тақырыбы: Кіріспе. Фиқһ(Ислам құқығы) пәнінің мазмұны мен әдісі.

Дәрістің мақсаты: Фиқһ пәнінің маңыздылығы.

Білімділік: Мазхабымыз иесі болған Имам Ағзам (р.а) жайлы мәлімет үйрену, Имам Ағзам (р.а) тың өмір баянын білу, үйрену.

Дамытушылық: Имам Ағзам (р.а) салған мазһабпен жүру, адасушылыққа бой алдырмау, мазһаб ұстануға баулу.

Тәрбиелік: Мұсылмандармен жақсы қарым-қатынаста болуға, имандылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

1. Құран Кәрім пәні –

2. Хадис пәні –

3. Ақида пәні –

Дәріске қолданылатын көрнекі құралдар: Құран Кәрім, Ислам ғылымхалыоқулығы, әртүрлі саладағы діни мазмұндағы оқулықтар т.б.


Дәріс барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі (5мин): Оқушылармен сәлемдесу, дәрісхана тазалығын тексеру, оқушыларды түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аударту.

ІІ. Оқушыларды мына тақырып бойынша тексеру (25мин): Фиқһ пәнінің мазмұны мен әдісі.

Сұрақтар:

1. Фиқһ сөзінің тілдік мағынасы не?

2. Фиқһ сөзінің терминдік мағынасы қандай?

3. Мәзһаб қайдан шыққан?


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру жоспары (40мин):

1. Фиқһ сөзінің тілдік мағынасы не?

2. Фиқһ сөзінің терминдік мағынасы қандай?

3. Имам Ағзам мәзһабы.

ІV. Жаңа сабақты бекіту (10мин):

1. Фиқһтың маңыздылығы.

2. Мәзһаб ұстанудың қажеттілігі.

3. Мәзһабтар арсындағы айырмашылық.

V. Сабақты қорытындылау және бағалау (5мин):

Оқушыларды сұрақ-жауап арқылы қорытындылап, тапсырмаларды орындау дәрежесіне қарай білімдерін бағалау.

VI. Үй тапсырмасы (5мин): Мәзһабтар арсындағы айырмашылық себептері.


Қолданылатын әдебиеттер:


Әдебиеттер тізімі

1. Негізігі әдебиет:

  1. Ислам ғылымхалы, М.Исаұлы, Қ.Жолдыбайұлы, Алматы, 2011.

  2. Анарбаев Н., Қарақұлов Е. Ислам ғылымхалы (Ханафи мазхабы бойынша). – Алматы: «Дәуір» баспасы, 2015.

  3. Өзтүрк Хайреттин. Исламғылымхалы-І дәлел-дәйектерімен. Алматы: «Хикмет», 2010.

2. Қосымша әдебиет:

  1. Фатху баб әл-ғиная ли шархи китаб ан-ниқая, Али ибн Султан әл-Қари, Қаһира, 2012.

  2. Мухтасар ал-Уиқоя, Убайдулла ибн Масьуд , Бейрут 2013 .

  3. Ат-тасһил ад-дарури, Мухаммад Ғашиқ Иләһа әл-Барнә, Қарачи, 1990.



Оқытушының қолы:_________________________

Кафедра меңгерушісі:______________________

Әдіскер:___________________________


Кіріспе.

Біз қазақтар мазхабымыз ханафи дейміз. Бірақ бұл қандай мазхаб? Басқа мазхабтардан қандай артықшылығымен ерекшеленеді? Жалпы мазхаб деген не? Мазхабтың дін және ұлт тарихындағы орны не? Жалпы мазхаб керек пе? – деген сияқты сұрақтарды жауаптандырмастан, ақыл-ой таразысына салып, мәніне үңілместен қабылдай саламыз. Қазіргі жаханданған заманда дәстүрлі емес діни ағымдар мен таным өкілдері, қоғамның діни сауатының төмендігін айдаланып, өздерінің сенімі мен діндерін насихаттап жатыр.Олардың дінінің негізгі идеясы мен ұстанымдарын қабылдау немесе тану үшін, ең қарапайым әдіс салыстыру керек болса, бізде ол да жоқ.

Себебі, дінімізді білмейміз. Өз дінімізді білмей тұрып оны басқа дінмен қалай салыстырамыз. Біз мазхабымыздың не екеніне үңіле алмай жүргенде мазхабсыз мазхабтар – салафилер, уахабилер, таймияшылдар – өзінің ақидасын (діни сенім жүйесін) жастарымыздың санасына егіп үлгерген. Ал жастар біздікі, ақидасы бөлек, танымы бөтен, іштен шыққан жік болып дәстүрлі емес ағымдар ат ойнатып отыр. Нәтижеде отбасы, қоғам, мемлекет ішінде идеялық, танымдық, діни, психологиялық жаттану процесі жүріп жатыр. Бұл мәселенің бір жағы. Сондықтан жоғарыдағы сұрақтарға қайта оралғанымыз абзал.

Сонымен ханафи мазхабы туралы не білеміз. Әбу Ханифа 699 жылы (х.80) Куфада туды. Әке жолымен мата саудасымен айналысты, бір жағынан терең ислами білім алды. Калам,

фикх, қырағат салалары бойынша білімін жетілдірді. Кейіннен

ұстазының орнын басып, мектепте 30 жыл ұстаздық етті. Ирак,

Хорасан, Түркістан, Йеман, Арабстаннан келген шәкірттері 4000-нан

асатын. Өмірінің 52 жылы Омайадтар, ал 18 жылы да Аббасилер билік

құрған тұсқа сай келді. Омайа әулетіне қарсы Аббасилерді жақтады, ал

екеуіне қарсы да хз.Али әулетін жақтады. Мысалы, Омайа әулетінің

соңғы билеушісі Маруан бин Мұхаммедтің Ирактағы әкімі Йазид бин

Омар бин Хубайраның қазылық және қазына басшысы қызметінен бас

тартып, зынданға жабылды. Одан шығып Меккеге кетті. Аббасилер

билік басына келгенде (759) Мансұр дәуірінде Куфаға қайта оралды.

Ол жерде Аббаси әулеті мен Хз.Али әулеті арасында тақталаста

Хз.Алиді жақтағандықтан және қазылықтан бас тартқандықтан

зынданға атылды. Ауыр соққы жеп, уланып өлді. Кей деректерде

зынданнан шыққан соң дәріс оқудан, халықпен байланысуға тиым

салынып, х.150 (767) жылы үйінде қайтыс болады.

Әбу Ханифа сахабалардан дәріс алғандықтан «табиғин» мәртебесінде

танылды. Оның Әбу Ханифа лақабы туралы нақты мәлімет жоқ.

Ханифа атты ұлы да жоқ. Ибн Хажар ал-Хайсами, ол үнемі қолына

дәуіт ұстап жүретіндіктен оған «Әбу Ханифа» делінді [1] – дейді.

Пайғамбардан кейін пайда болған қайшылықтар мен мәселелерді

шешу үшін атақты ислам ғалымдарының шешімдеріне қажеттіліктер

туды. Ешкім өз үкімдерін қағазға түсірмеген еді. Алғашқы болып

исламға қатысты фиқхтық үкімдерді Әбу Ханифа өзінің «Фиқх әл-

акбар» атты еңбегінде түсіндірді. Негізінен бұл еңбек қалам, ақидаға

арналып жазылған. Осы еңбекке 15-тен астам түсіндірме (шарх)

жазылған. Мысалы, соның бірі «Али ал-Қаридың (1605) жазған «ал-

Манхаж-ул Азхар» атты еңбегі, 1900 ж. Ташкентте қайта басылған.

Сол дәуірде исламда шыққан алғашқы мәселелердің бірі көсем-басшы

төңірегінде болды. Яғни төрт халифаның бірінің бірінен ұлық

болғандығының немесе халифалық дәрежеге ие емес деген

пікірлердің төңірегінде болды. Одан кейінгі мәселе Құранның,

Пайғамбардың сүннеттерінің кейінгі мұсылмандар тарапынан

қолданылып, қолданылмауы мәселесі еді. Одан кейінгі тағы бір

мәселе Шиа мазхабының көзқарастары болды. Яғни олардың

сахабаларды күнәкар деп есептеуі, алғашқы үш көсем халифаларды

кәпір деп ойлауы секілді тұжырымдары. Бұдан басқа да харижиттер

және мутазила секілді мазхабтардың көзқарастары исламның

тоқырауына себеп болды. Әбу Ханифаның «Фиқх әл-Әкбар» еңбегінде

жоғарыда айтылған мәселелер қарастырылды. Бұл еңбектегі

тұжырымдар көптеген мұсылмандар тарапынан қолдау тапты.

Ұстазы Хаммад бин Әби Сулейман ал-Куфи, алғаш фиқх мектебінде

«рай» методын ұстанған ғұлама. Әбу Шибли Алкама бин Абдуллаһ ал-

Куфи де Ибн Масғұдтың шәкірті, Әбу ханифаның ұстаздарының бірі.

Алкама Ибн Масғұдтан басқа, Хз.Омар, Осман, Али, Айша, Салтан ал-

Фариси, Әбу-д Дарда, Хузайра, ал-Ашари сияқты сахабалардан хадис

жаттаған тұлға.

Әбу Ханифа Нұғман бин Сабит бин Фаруқ – ханафи ағымының негізін

қалаған, имам (тұлға) ретінде ислам тарихында фиқх (құқық)

мектебінің қалыптасуындағы қызметімен әйгілі [3]. Әбу Ханифа

жастайынан Құран, хадис, өлең, әдебиет, философияға зейін қойып,

калам және хитаба (риторика) ілімдерін меңгерген. Әбу Ханифа

туралы деректерде оның уақытының көпшілігін пікір таласпен өткізетіні

айтылады. Кейде харижиттердің ибадия, суфрия, харижия секілді

ағымдары өкілдерімен әрдайым тартысатын. Әбу Ханифаның

мұншалықты тартыс, пікірталастың ішінде болуы, оның логика және

философия ілімін жақсы меңгергендігін білдіреді. Ол кейінірек

исламдағы құқықтық (фиқх) мәселелер төңірегінде ақыл мен логиканы

керемет қолдана отарып тамаша тұжырымдар жасаған. Әбу Ханифа

фиқһтық мәселелерді зерттеумен шұғылданып, фиқһтық ұстанымдар

бойынша уағыздар айтып үкімдер шығаратын болған. Оның

қалыптастырған фиқхтық мазхабы ислам әлемінде қабылданып, қазіргі

таңда да миллиондаған адамдар осы мазхаб бойынша өмір сүруде.

қолдаған. Кейіннен қалыптасқан фиқхтың мазхабтар көзқарастарының

Әбу Ханифанікіне қарағанда кішкене өзгешіліктері бар. Бірақ

барлығының түп негізі осы Әбу Ханифаның салған ислам құқығы болды.




Дәріс жоспары №2


Топ

23-9-91

23-9-92

23-9-93

23-9-94

Дәрістің өткізілетін күні






Пән аты: Фиқһ

Оқытушы: Сманова Хабиба

Дәріс хана: №_______________

Дәрістің түрі: Теориялық сабақ (Аралас сабақ)

Оқыту әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұхбаттасу, көрнекілік, сөздік әдістер

Дәрістің тақырыбы:Кіші және үлкен дәрет.

Дәрістің мақсаты: Дәреттің маңыздылығы.

Білімділік:Студенттерге фиқһта айтылған мәселелерді толық түсінуге көмектесу, фиқһқа деген ынталарын арттыру.

Дамытушылық:Студенттерге фиқһ мәселелерін кеңінен түсіндіру, зейінділік пен белсенділік іс-қимыл қабілеттерін дамыту, шығармашылық іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуына жағдай жасау.

Тәрбиелік: Мұсылмандармен жақсы қарым-қатынаста болуға, имандылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

1. Құран Кәрім пәні –

2. Хадис пәні –

3. Ақида пәні –

Дәріске қолданылатын көрнекі құралдар: Құран Кәрім, Ислам ғылымхалыоқулығы, әртүрлі саладағы діни мазмұндағы оқулықтар т.б.


Дәріс барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі (5мин): Оқушылармен сәлемдесу, дәрісхана тазалығын тексеру, оқушыларды түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аударту.

ІІ. Оқушыларды мына тақырып бойынша тексеру (25мин): Фиқһ пәнінің мазмұны мен әдісі.

Сұрақтар:

1. Фиқһ сөзінің тілдік мағынасы не?

2. Фиқһ сөзінің терминдік мағынасы қандай?

3. Мәзһаб қайдан шыққан?


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру жоспары (40мин):

1. Дәретті қандай амалдар бұзады?

2. Дәреттің мүстахаб амалдары қандай?

3. Ғұсыл алудың үлгісі.

ІV. Жаңа сабақты бекіту (10мин):

1. Дәреттің маңыздылығы.

2. Құранда келген дәрет туралы аяттар.

3. Дәретсіз істеуге болмайтын амалдар.

V. Сабақты қорытындылау және бағалау (5мин):

Оқушыларды сұрақ-жауап арқылы қорытындылап, тапсырмаларды орындау дәрежесіне қарай білімдерін бағалау.

VI. Үй тапсырмасы (5мин): Мәзһабтар арсындағы айырмашылық себептері.


Қолданылатын әдебиеттер:


Әдебиеттер тізімі

1. Негізігі әдебиет:

  1. Ислам ғылымхалы, М.Исаұлы, Қ.Жолдыбайұлы, Алматы, 2011.

  2. Анарбаев Н., Қарақұлов Е. Ислам ғылымхалы (Ханафи мазхабы бойынша). – Алматы: «Дәуір» баспасы, 2015.

  3. Өзтүрк Хайреттин. Исламғылымхалы-І дәлел-дәйектерімен. Алматы: «Хикмет», 2010.

2. Қосымша әдебиет:

  1. Фатху баб әл-ғиная ли шархи китаб ан-ниқая, Али ибн Султан әл-Қари, Қаһира, 2012.

  2. Мухтасар ал-Уиқоя, Убайдулла ибн Масьуд , Бейрут 2013 .

  3. Ат-тасһил ад-дарури, Мухаммад Ғашиқ Иләһа әл-Барнә, Қарачи, 1990.



Оқытушының қолы:_________________________


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!