Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ислам тарихы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ жоспары
Оқытушы: Сманова Маулида
Пән: Ислам тарихы
Мамандық, топ: 0112000 - «Исламтану» І-курс, 13-11-71,72
Тақырыбы: Кіріспе. Ислам тарихы пәнінің мазмұны, маңыздылығы, мақсаты.
Күні:
Сабақ түрі, өткізу үлгісі: жаңа білім, дағды және біліктілік беру сабағы.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Ислам тарихының пәні, мазмұны, мақсаты және осы ілімнің қазіргі қоғамдағы маңыздылығы туралы ақпарат беру.
Дамытушылығы: Діннің түпкі мақсаты адамзатты билікке, мәдениеттілікке, өркениеттілікке, имандылыққа шақыру екендігін әңгімелей отырып тәрбилеу, рухани дүниесін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың бойында гуманистік дүниетаным негіздерін, рухани- адамгершілік құндылықтардың, жеке сенімнің жүйесін және белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру.
Әдістері: Түсіндіру,баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ жабдығы: Тақта, оқулық, дәптер.
Пәнаралық байланыс: пайғамбарлар қиссасы, сира, фиқһ, ақида.
Әдебиет:
Негізгі: Пайғамбарлар тарихы, Қ.Сейтұлы, Алматы, 2011.
1 Н. 9-бет. Адам атаның жаратылуы.
Қосымша:
-
Пайғамбарлар қиссасы, С.Ибадуллаев, Алматы, 2010.
-
Қисас ан-нәбийин лил атфал, ән-Нәдуи, Стамбул, 2010.
Сабақтың барысы және уақытының өлшемі
№ |
Сабақ кезеңдері |
Кезең мазмұны |
Уақыты |
1 |
Ұйымдастыру кезеңі |
Амандасу, студенттердің қатысуын және аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу, оқушыларды сабақтың мақсатымен, жоспарымен және болашақ мамандығындағы тақырыптың маңыздылығымен таныстыру. |
5 минут |
2 |
Білімдерін тексеру Білім бағалау өлшемі |
Жалпы сұрау Фронталды сұрақтар: 1. Әлемдік аса ірі діни жүйелерді атап бер (буддизм, христиан және ислам) 2. Діннің ең алғашқы түрі (фетишизм ,идол, тұмар ) 3. Діннің ең ежелгі түрі (анимизм -жан ) Сандық бағалау |
30минут |
3 |
Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі |
Ауызша, конспект арқылы баяндау пән мазмұны, маңыздылығы, мақсаты қысқаша баяндалады. |
25 минут |
4 |
Оқушылардың өздік жұмысы |
Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.
|
10 минут |
5 |
Тақырыпты бекіту |
Б.Ү.Ү. кестесі. Білгенім Үйренгенім Үйренгім келеді |
10 минут |
6 |
Сабақ қорытындысы |
Түсінік бере отырып, бағалау |
5 минут |
7 |
Үй тапсырмасы |
Пайғамбарлар тарихы, Қ.Сейтұлы, Алматы, 2011. 1 Н. 9-бет. Адам атаның жаратылуы. |
5 минут |
Оқытушының қолы ___________________________________
Кіріспе. Ислам тарихы пәнінің мазмұны, маңыздылығы, мақсаты.
Еліміз егемендік алып, ата-баба дініне қайта оралған тұста қандастарымызға қол үзіп қалған шариғат ілімдерін үйренуді, ана тілінде діни әдебиеттерді оқуды нәсіп еткен Құдіретті Жаратушымызға шексіз мадақтар болсын! Пайғамбарлардың абзалы әрі соңғысы Мұхаммедке Аллатың сансыз салауаты мен сәлемі болсын!
Ғасырға жуық атеистік тәрбиенің құрсауында материалистік сана улаған елімізде адамзаттың ежелгі тарихына қатысты көптеген қате де өрескел түсініктер қалыптасқан. Мысалы, көп бауырларымыз адамзат ақыл-ойы дамымаған жабайы адам түрінде тас дәуірін бастан кешіп, кемел адам дәрежесіне өмір сүру тәжірибесі арқылы қол жеткізді әрі бүгінгі ХХІ ғасырды адам санасының аса дамыған кезеңі деп ұғады. Сол сияқты Алла тағаланың ең ардақты пенделері – пайғамбарлар туралы да «Пайғамбарлар да шарап ішкен» деген жаңсақ түсініктер кездеседі. Ақиқатына келсек, Алла тағала әу бастан-ақ адамзаттың атасы – Адамды білімді, жалғыз Жаратушысына ғана құлшылық ететін саналы етіп жаратқан. Адам ата бұл білім мен Тәңірі тарабынан берілген сананы ұрпақтарына сіңіріп, адамзат біршама уақыт кемел сипатта өмір сүрді. Тек кейін ғана тура жолдан адасып, ата жауымыз – шайтанның азғыруымен Аллатан өзгеге табына бастаған. Сол үшін Алла тағала адамдар арасынан ең жақсыларын таңдап, оларға елді Аллақа ғана құлшылық етуге үндеу тапсырмасы мен пайғамбарлық міндет жүктеді.
Адамдардың пайғамбарларға мұқтаждығы
Пенделер үшін пайғамбарлардың қажеттілігі барша қажеттіліктерден жоғары тұрады. Әсілінде, пайғамбарлық – дүниенің рухы, нұры мен тыныс-тіршілігі. Рухсыз, нұрсыз және тыныс-тіршіліксіз дүние қалай түзелмек? Пайғамбарлық күн шықпаса, дүние қараңғы түнекте қалады. Егер пайғамбарлар болмаса, дүние мен ақырет бақытына жету, жақсы мен жаманды ажырату мүмкін емес. Ал рухсыз өмірдің мәні жоқ. Сондықтан Алла тағала Құранда: «(Мұхаммед!) Осылай Біз саған Өз әмірімізден бір Рухты уахи еттік. Сен Кітаптың да, иманның да не екенін білмейтін едің. Алайда Біз оны құлдарымыздан Өзіміз қалағанды тура жолға салатын нұр еттік»1, – деп пайғамбарлықты рухқа балаған.
Пайғамбарларға деген сенім иман тіректерінің бірі екендігі белгілі. Алла тағала: «Елші өзіне Раббысынан түсірілгенге иман келтірді және мүміндер де (осыған иман келтірді). Барлығы Аллақа әрі Оның періштелеріне, кітаптарына және елшілеріне иман келтірді», – дейді.
Бұл аят – барша пайғамбарларға сену керектігінің дәлелі. Яһудилер мен христиандар тәрізді кейбіріне нанып, кейбірін жоққа шығаруға болмайды.
Пайғамбарларға иман келтірудің мән-мағынасы
Ешбір серіксіз жалғыз Алла тағаланы танып, Оған құлшылық етуге шақыру үшін әр үмбетке пайғамбарлар жіберілгендігіне және олардың барлығының да ізгі, шыншыл, тақуа да аманатшыл екендігіне, сондай-ақ олардың өздеріне жүктелген міндетті өзгертпей, артық нәрсе қоспай жеткізгендігіне иман келтіру қажет. Алла тағала: «Ал елшіге анық түрде жеткізу ғана міндет»1, – деген.
Сондықтан барша пайғамбарлар ақиқатқа үндеген. Олардың барлығының дағуаты (шақыруы) бір таухид2 болған. Бұл жайында Алла тағала Өзінің ұлы кітабында: «Расында, әр үмбетке: «Аллақа құлшылық етіңдер, тағуттардан3 аулақ болыңдар», – дейтін елші жібердік»4, – деп баяндаған.
Тек шариғаттарында кейбір айырмашылықтар орын алғандықтан, Алла тағала: «Сендерден әрбір (үмбет) үшін шариғат және жол белгіледік»5, – деп ескерткен.
Пайғамбарларға иман келтіру төрт негізден тұрады:
Бірінші: Олардың пайғамбарлығы, шын мәнінде, Алла тағала тарабынан екендігіне иман келтіру. Бұл жердегі және бір басты жайт – бүкіл пайғамбарларға деген сенім. Кім олардың біреуіне иман келтірмесе, барша пайғамбарларға күпірлік танытқанмен барабар. Алла тағала Құран Кәрімде: «Нұхтың елі де елшілерді жалғанға шығарды»6, – деп ескертеді.
Нұх (аләйһис-сәләм) өз еліне жіберілген жалғыз пайғамбар еді. Аят мағынасы оған иман келтірмегендердің әрекеті барша пайғамбарларды да жоққа шығарғанмен бірдей дегенді меңзейді.
Екінші: Пайғамбарлардың ішінен есімдерін білетінімізге де, білмейтінімізге де иман келтіру – парыз. Алла тағала Құранда олардың жиырма бесінің есімін атаған. Олар: Адам, Идрис, Нұх, Һуд, Салих, Ибраһим, Исмаил, Исхақ, Лут, Шуғайб, Яғқуб, Юсуф, Айюб, Зулкифл, Юнус, Мұса, Һарун, Илияс, Әлясағ, Дәуіт, Сүлеймен, Зәкәрия, Яхия, Иса және Мұхаммед, оларға Аллатың сәлемі мен игілігі болғай.
Сондай-ақ олардан басқа есімдері аталмаған, бірақ Құранда қиссалары баян етілген пайғамбарлар да бар. Пайғамбардың (с.а.с.) хадистерінде де кейбір пайғамбарлардың есімдері кездеседі. Біз солардың барлығына иман келтіруге тиіспіз. Алла тағала Өзінің ардақты елшісі Мұхаммедке (с.а.с.): «Сонымен бірге, хабарын саған алдын баян еткен елшілерді және хабарын баян етпеген елшілерді де (жібердік)», – деген.
Пайғамбарлардың ішінде бесеуі ерекше орынға ие. Олар: Нұх, Ибраһим, Мұса, Иса және Мұхаммед, оларға Аллатың сәлемі мен амандығы болғай. Бұл бестік туралы Құран Кәрімнің екі жерінде кездеседі:
«(Мұхаммед!) Біз пайғамбарлардан, сенен, Нұхтан, Ибраһимнен, Мұсадан және Мәриямның ұлы Исадан серт алған едік. Біз олардан қатаң серт алдық»2;
«Алла сендерге діннен Нұхқа тапсырғанын, әрі саған уахи еткенімізді, Ибраһимге, Мұсаға және Исаға тапсырғанымызды түсіндірді (немесе заң етіп бекітті)»3.
Үшінші: Алла тағаланың кітабы Құранда пайғамбарларға қатысты баяндалғандарға және олар туралы Пайғамбарымыздан (с.а.с.) жеткен хабарларға сену.
Төртінші: Өзімізге жіберілген пайғамбардың шариғатымен жүруіміз керек. Ол пайғамбарлардың соңғысы әрі ең абзалы – Мұхаммед (с.а.с.).
Пайғамбарлардың сипаттары
Пайғамбарлар да – барлығымыз тәрізді кәдімгі қарапайым жандар. Олар да – біз сияқты ішіп-жеуге мұқтаж жаратылыс. Әрі басқалар секілді ауырады, дүние де салады. Оларда ешқандай тәңірлік сипат жоқ және оларға құлшылық етілмейді. Алла тағала оларды күнәдан сақтаған. Оларға бүкіл әлемдердің Раббысынан өзгелердің маңдайына бұйырмаған уахи нәсіп болған. Алла тағала Құран Кәрімде: «Шынында, мен де – сендер сияқты адаммын. Маған құдайларыңның бір ғана Құдай екендігі уахи етілуде...», – деп айт»1, – деген.
Олар Алла тағала жүктеген міндетті жеткізу жолында барша ауыртпалықтар мен қиындықтарға шыдап, үлкен сабырлылық көрсеткен. Мұның бірден-бір айғағы ретінде Алла тағаланың «(Мұхаммед!) Елшілерден табандылыққа ие болғандар сабыр еткендей сабыр ет»2 деген ұлы сөзін келтіруге болады. Пайғамбарлар тек ер адамдардан шықты. Алла тағала: «Біз сенен бұрын да тек ер кісілерді жіберіп, оларға уахи еттік»3, – дейді. Олардың ешқайсысы ғайыпты білмеген. Пайғамбарлардың ең ұлысы Мұхаммед (с.а.с.) туралы Алла тағала: «(Мұхаммед!) «Мен өзім үшін, Алла қаламаса, пайда да, зиян да (келтіру) билігіне ие емеспін. Егер де ғайыпты білетін болғанымда, жақсылықты көбейтіп алар едім және маған ешбір жамандық тимес еді. Мен тек қана иман келтіретін ел үшін ескертуші және қуанышты хабар жеткізушімін» – деп айт»4 – деп ескерткен. Демек, бұдан ұғатынымыз, барлық үмбетке ескертуші пайғамбар келген. Себебі Алла тағала: «Ішінде ескертуші өтпеген ешбір халық жоқ»1, – деген.
Пайғамбарлардың өзге адамдардан ерек-шелігі
1. Оларға Алла тағаланың адамзатқа арнаған жолдауларын жеткізу міндеті жүктелді.
2. Алла тағала оларға бұл жолдауды періштелер арқылы жіберді немесе тікелей дәнекерсіз тілдесті. Сондай-ақ олардың көрген түстері де уахи болып табылады.
3. Алла тағала оларды күнәлардан сақтаған.
4. Алла тағала оларды мұғжиза-кереметтермен қуаттады.
5. Алла тағала олардың дұға-тілектерін қабыл еткен.
6. Олардың жандары өздерінің рұқсатымен алынған.
7. Олар жан тапсырған орындарына жерленген.